Биогенетикалық және социогенетикалық бағыт түрлері
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи нақтылы жағдайында, оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады. Психология тарихын бүл мэселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағытта жеке тұлғаның дамуы биологиялы тұқым қуалау факторымен анықталады.Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша адам табиғатынан эмоциялық реакция жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар оларға белгілі түрткіле;жиынтығына бейімдік береді. Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімдеушілік қызметін ескереді.
Дамуында бұзылысы бар балалардың сезінуінің жалпы сипаттамасы
Айналаны тану – қабылдау мен сезіну сапасын жоғарылатудың негізгі жолы. Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді. Қабылдаудың заттық және құрылымдық түрлері жеткіліксіз болып келеді. Бұл балалар кез келген затты таныс емес ракурста немесе схемалық түрінде, контур түрінде тани алмайды.Ұқсас әріптер мен әріп элементтерін үнемі шатастырады.
Соқыр және нашар көретін балалар есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Әр түрлі әрекеттер мен кеңістікті бағдарлау қажеттігі олардың әртүрлі дыбыстарды, шуларды дифференциалдай білуін, дыбыстың шығу көзін оқшаулауды, дыбыс толқынының бағытын анықтай білуді талап етеді, сондықтан да олардың есту қабілеттері жетіле түседі.
Соқыр балаларда олардың жасына сәйкес дәм сезу қабілеті қалыптасады. Олардың дәм сезінуі дәм сезу анализаторына тамақтың әсер етуімен жүзеге асады
Достарыңызбен бөлісу: |