Ойлауды дамытуға арналған ойындар
Матадағы менің орным
Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.
Ойлан да аяқта
- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...
- екі, бірден көп, ал бір...
-пышақ та, әйнек те...(өткір)
Ойлан да аяқта
- Ат шабады, ал қарлығаш...
- Ит үреді, ал қарға...
- Жылан жорғалайды, балық...
Қарама-қарсы сөзді ата
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.
Қара –
Күн –
Аласа –
Ойын: «Суреттерді құрастыр»
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады.
Ойын: «Кім тығылды?»
Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту.
Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды.
Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды.
Ойын : «Не артық?»
Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұрайды.
1.7 Бекітуге арналған сұрақтары:
Коррекциялық педагогика дегеніміз не?
Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері?
В.П. Кащенконың коррекциялық педагогика пәнінің дамуына қосқан үлесі қандай?
О.Н. Усанова ұсынған ауытқушылығы бар балалар классификациясын атаңыз?
Бала дамуының бұзылуына қандай факторлар әсер етеді?
Ауытқушылығы бар балаларға қолданылатын қандай жаттығу тренингтер бар?
1.8 Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері тақырыбы бойынша
Тест
Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын педагогиканың бір саласы
А) Логопедия
В)Дефектология
С) Коррекциялық педагогика+
Д) Этнопедагогика
Е) Психологиялық педагогика
1918 жылы Кащенконың мектеп санаторийі қандай жүйеге енді?
А) Наркомпросса+
В) Кредиттік
С) Педагогикалық
Д) Коррекциялық
Е)Психологиялық
Ең алғаш дефектісі бар балаларға арналған мектеп санаторий қайда және кім ашқан?
А) Германияда, З.Фрейд
В) Ресейде, Кукушин
С) Ресейде, В.П.Кащенко+
Д) Ресейде, Л.С.Выготский
Е) Ресейде, Селевко
Бала дамуындағы дағдарыс түрлерін бөліп көрсеткен ғалым?
А) В.П.Кащенко
В) А.Т.Леонтьев
С) Д.Б.Давыдов
Д) А.Ф.Никитин
Е) Л.С.Выготский+
Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс дамуына жауапты....
А) Ата – ана+
В) Мұғалім
С) Қоғам
Д) Мектеп
Е) Қоршаған орта
Пайдаланылған әдебитеттер:
Под.ред. В.С. Кукушина Коррекционная педагогика. Москва – Ростов – на- Дону.- 2004. – 12- 20 ст.
Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. М., 1973. – 18- 62 ст.
Особенности психофизического развития детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. \Под. ред. Власовой Т.А., \ М., 1985. – 50- 58 ст.
Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Б.П.\ М., Академия 1998.
Актуальные проблемы диагностики ЗПР» под.ред. К.С.Лебединский М.,1982. – 44-63 ст.
Леонтьев А.Н: «Принципы психического развития ребенка и проблема умственной недостаточности» /Проблемы развития психики/ М., 1972. – 320- 330 ст.
Игротека для всех! Игры для детей с различными заболеваниями. М, 1999. Детский орден милосердия.
7- дәріс. Тақырыбы: Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция
Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары (2 сағат)
Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция
Жоспар:
. Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары
Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы
Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары
Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар
Бекітуге арналған сұрақтар
Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест
2.1 Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары
Баланың агрессивті іс - әрекетін ерте балалық шақтан байқауға болады. Өмірінің алғашқы жылдарында олар импульсивті көрінеді. Бұл қырсықтық, ашуланшақтықпен қоса айғаймен, жылаумен, тістенумен,төбелесумен де бірге жүреді. Әдетте, егер 1 жастағы бала анасына қолын сілтеп ұрса, онда анасының жағымсыз іс-әрекетіне баланың қалыпты реакциясы деп есептеледі.
Өмірінің 2-ші жылдарында баланың белсенді дамуы мен өсуі кезінде іс-әрекетіндегі тәуелсіздік пайда болады. Ол өзінің өзбеттілігін үлкендердің қажеттілігіне және тілектеріне қарсы тұруымен көрсетеді.
Бала үш жасында қырсықтығын таныта түседі. Кикілжіңдер, әдеттегідей ойыншық үшін туындайды. Ата – аналарының жауап қайтару реакциясы да салмақты болатын уақыт келеді. Егер бұрын қырсықтық, еркелікке ата – аналары көніп, еркелікпен жауап қайтарса, енді баланың іс-әрекетіне шыдамсыздық танытып, ашық агрессияға әкеледі. Нәтижесінде оның психикасына әсер ететін белгілік агрессия формалары пайда болуы мүмкін.
Зерттеушілер бала өскен сайын көптеген тыйым салулармен кездеседі. Оның қызығушылықтары мен ата–аналарының «болмайды» деген сөздерінен конфликттік жағдайлар пайда болады. Баланың қызығушылығына ата – аналарының қарсы тұруы балада жағымсыз агрессивті жағдайлар туғызады. Балада өкпе мен ашудың пайда болуына әсер етеді. Егер жағдайды баланың қорғансыздығын түсіну жағынан, оның қоршаған ортаны қабылдай алмауынан, оған көмек көрсету жағынан қарастырса, ата – аналар мен ересектер баланы тыныштандырудың әдістерін табуы мүмкін. Осыдан кейін ғана бала үлкендер талап ететін өнегелі мінез – құлық нормалары жайлы түсініктерін тыңдай алады.
Ересек пен баланың арасындағы конфликттілік жағдай, әрине үлкендердің пайдасына шешіледі. Жасына байланысты үлкен балаға өзінің қысымымен талаптарды орындатуға тырысады. Ал бала ше? Ол тәуелсіз болғысы келеді, үлкендер сияқты өз қалауларын қанағаттандырғысы келеді, соған тырысады, бірақ үлкендер тарапынан белсенді қарсыласуға тап болады.
Балада өзін қорғау үшін, қарсы тұру үшін күші де, тәжірибесі де жоқ. Үрей сезімі де өседі. Зигмунд Фрейдтің пікірінше, үрейдің үш түрін айыруға болады:
Шынайы үрей – қауіп – қатерге және сыртқы өмірдің шынайы қаупіне эмоционалды жауап(мысалы: балаға үлкен ит, ал жеткіншекке – мектептегі сыныптан сыныпқа көшу емтиханы); шынайы үрей өз - өзін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі және жойылады.
Жүйкелік үрей – бұл белгілі инстинкттер нақты болу қауіпіне эмоционалды жауап. Ол, бала инстинктінің туындауын бақылай алмай, артынан ауыр салдары болу мүмкіндігінен қорқумен аңықталады. Жүйкелік үрей көбіне шынайы үрей сияқты әсер етеді, өйткені жазалау сыртқы көздерден шығады, содан соң ғана инстинкттік импульстар өзін - өзі басқарудан өту қаупі болады, жүйкелік үрей пайда болады.
Рухани үрей – төменгі инстинкттер әдепсіз ойлар мен іс - әрекеттер формасында белсенді көрінгенде, ал баланы ұят, өзін - өзі алдау, өзін кінәлі сезіну сезімдері билегенде үнемі пайда болады. Үрей өткен немесе қазіргі күнәларын өтеуді тосу мен өлім қорқынышына өседі.
Хорнидың пікірінше, балалық шақ үшін 2 қажеттілік тән: қанағаттану және қауіпсіздікке қажеттіліктері. Қанағаттану барлық негізгі биологиялық қажеттіліктерді қамтиды – тамақ, ұйқы. Жылу және т.б. Бірақ сонда да негізгісі қауіпсіздікке деген қажеттілік. Бұл қажеттілкті қанағаттандыруда бала түгелдей өз ата –анасына тәуелді. Егер ата- ана балаға деген қарым – қатынасында шынайы махабаты мен жылуын білдірсе, оның қауіпсіздікке деген қажеттілігі қанағаттанып, сонымен бірге дені сау жеке тұлға қалыптасады. Ал, керісінше болған жағдайда, Хорнидың пікірінше, жеке тұлғаның потологиялық дамуы да мүмкін. Көп уақытта ата – аналардың іс - әрекеті баланың қауіпсіздікке деген қажеттілігін фрустрациялауы мүмкін, яғни тұрақсыз іс - әрекеттері, мысқыл, орындалмаған уәделер, шамадан тыс қамқорлық , сонымен қатар оның ағалары мен апайларының аңық қалауларының әсер етуі. Бірақ ата – ана тарапынан осындай жаман, жат үндеулеріңің негізгі нәтижесі балада базалық өшпенділік пен базалық үрей сезімдерінің қалыптасуы болып табылады.
Базалық үрей – жағыздық сезімі мен өшпенділік әлемінде оқшаулану.
Базалық өшпенділік – баланың, яғни оған теріс айналғандар (ата - ана)
немесе онымен жаман сөйлескендерге байланысты ашу,ыза сезімдері. Бала екі оттың ортасында қалады: ол ата – анасына тәуелді сонымен қатар оларға деген реніш пен наразылық сезімдерін сезінеді.
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым – қатынастан, қорытып үркітуден пайда болады.
Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресситі әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы, ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады? Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.
Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э.Фромм екі түрлі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз».
Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады.
Зиянды агрессия: қатігездік пен қауіпке толы болады.
Ал, З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.
Ал, А.Басс пен А.Дарки мына үлгіні ұсынады:
Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады.
Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуына немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты болуы мүмкін.
Бүгінгі кино, бейнефльмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.
Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей, ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтіндігіне кепіл бола алмайды.
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді.
Ата – ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істеймін » деген агрессивті әрекет туғызады.
Сондықтан, агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:
Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету.
Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін - өзі ұстау, өзін - өзі басқару әдістеріне үйрету.
Шиеленіскен жағдаяттарда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Агрессивті балалармен жұмыс істеу ережелері:
1.Баланың сұранысы мен қажеттілігіне мұқият болу;
2. Агрессивті емес мінез – құлықтың үлгісін көрсету;
3.Баланы жазалауда бірізді болу, тек нақты іс - әрекеті үшін жазалау керек;
4. Жазалау баланың абыройына нұқсан келтірмеуі шарт;
5. Ашу – ыза кезінде оны тарқата білу тәсілдерін үйрету;
6. Белгілі бір себепті жағдайдан кейін балаға өз ашу – ызасын білдіруге мүмкіндік беру;
7.Айналасындағы адамдардың және өзінің жеке басының эмоционалдық жағдайын танып білуге үйрету;
8. Эмпатияға деген қабілеттілігін дамыту;
9. Баланың міңез – құлқы аясын кеңейту;
10. Дау – жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу дағдыларын пысықтау;
11. Өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге үйрету;
Достарыңызбен бөлісу: |