«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



жүктеу 3,54 Mb.
бет8/10
Дата20.05.2018
өлшемі3,54 Mb.
#14518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Монтессори балаларды тәрбиелеу мен дамытуда олардың жоғары қабылдағыштығы мен сезімталдық кезеңдеріне көп бағытталған(сензитивті кезеңдер). Егер оларды баланы тәрбиелеу мен оқытуда қолданбаса, олар мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ сензитивті кезеңдер жеке болып табылады. Олар әртүрлі балаларда, әр кезде жүреді. М.Монтессори әртүрлі сензитивті кезеңдердің шегін көрсетуге тырысқан. Олардың әрқайсысының өтуі өте баяу бастаумен, жоғары интенсивтілік этапымен және әрдайым сезімталдықтың төмендігімен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады:



  • сөйлеудің даму кезеңі (туғаннан 6 жасқа дейін);

  • тәртіпті қабылдау кезеңі (туғаннан 3 жасқа дейін);

  • сенсорлық даму кезеңі (туғаннан 5,5 жасқа дейін);

  • кішкентай заттарды қабылдау кезеңі (1,5 жастан 2,5 жасқа дейін);

  • қозғалыс пен әрекеттің даму кезеңі (1 жастан 4 жасқа дейін);

  • әлеуметтік дағдының даму кезеңі (2,5 жастан 6 жасқа дейін).

Бала өміріндегі сензитивтік кезеңдермен қатар Монтессори жасерекшелік бойынша дамуды атап көрсеткен. Олар мыналар:

  • туғаннан 3 жасқа дейін – заттық-сезімдік бағдар;

  • 3 жастан 6 жасқа дейін – сөйлеуге деген сензитивтілік, тілді меңгеру, көрнекі-бейнелі ойлау;

  • 6 жастан 9 жасқа дейін – абстрактілі әрекеттерді меңгеру;

  • 9 жастан 12 жасқа дейін – оқытудың бастапқы кезеңінің аяқталуы;

  • 12 жастан 18 жасқа дейін – жоғары және гимназиялық деңгей.

М.Монтессори бала-бақша мен мектептегі іс-әрекеттің негізгі түрі етіп «еркін жұмысты» есептеген. Онда арнайы оқу бағдарламасы болған емес. Ұжымдық оқыту формасы – сабақты, ол қосалқы деп санады. Сабақтың негізгі өзіне тән сипаттары, Мария Монтессоридің пікірінше, қысқа сөйлеу, қарапайымдылық және обьектівтілік. Мұғалім қысқа сөйлеуі керек және осы айтылған сөздері қарапайым болуы керек. Мұғалімнің өзінің тұлғасы жойылуы тиіс. Балалар педагог зейін аудартқысы келетін пәнді тереңірек оқулары тиіс. Қысқа әрі қарапайым сабақ, пәнді түсіндірудің көп бөлігі ретінде қызмет атқарады.

М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істейтін мектептерде күн шеңберден басталады. Осыдан кейін барлығы таңдаған пәндермен(математикамен, ән-күймен, әдебиетпен, химиямен ...) айналысуға кіріседі. Жұмыс аяқталғаннан кейін әрқайсысы мұғалімге қандай жұмыспен айналысқандығын көрсетеді. Бұл өздік жұмыстың нәтижелері бірге талқыланады. Балаларды тақтаға сабақ сұрауға шығармайды, оларға үй тапсырмалары берілмейді. Жұмыс күнінің ортасына қарай қандай да бір пән бойынша 10-20 минуттық ортақ сабақ болады. Осы ұжымдық сабақта балалардың білімі жүйеге келтіріледі, оларға жаңа дидактикалық материал беріледі және жаңа терминологиямен таныстырады. Мұғалім оқу дәптерлерінде сабақ материалын өздік, логикалық ретпен құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп жаттығуы үшін құрастырады және сипаттайды. Оқушыларда 3 пәннен дәптерлері болады. Олар:ана тілі, математика, ғарыштық тәрбиелеу.

М.Монтессори адам – жануарлар, өсімдіктер сияқты әлемдік ғарыштық дамуға сәйкес құрылған және әрекет етеді деп есептеген. Сондықтан ол өзінің құрушы қызметін атқара отырып, өзінің ғарыштық міндетін түсінуі қажет. Дәптерлерде тек потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектесетін тапсырмалар болуы тиіс.

Көптеген балалар зұлымдық көріністерін, агрессияларын, қызғаныштық, өзімшілдік, қатыгездік танытады. Осындай ауытқу мінез-құлқының пайда болудың негізгі себебін М.Монитессори ақыл-ой үшін жетімсіз тағамда деп біледі. Сондықтан 3 және 6 жас аралығындағы балаларға өздерінің таңдауы бойынша материалдармен еркін жұмыс, оларда зейіннің шоғырлануын дамытады. Олар сыртқы әсерлерге көңіл бөлмей, тағңдалған әрекетепн шұғылданады. Зейіннің мұндай концентрациясы Монтессоридің ойынша балада үлкен өзгерістердің бастамасын, яғни мінез-құлықтың қалпына келуін білдіреді. Демек, балада біртіндеп шоғырлана алу дағдысы, өз бетімен жұмыс атқару, басқа балаларға достық таныту, тәртіптік, көмекке дайындық дамиды деген сөз.





3.2 Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту

Бала “өзінің қолдарымен” заттарды тануға үйренеді. Мысалыға, оларға сырты тегіс емес немесе бұдыр-бұдыр нәрселермен қапталған заттарды тану жатады.

Балалар үш түрлі ереже арқылы қолмен қандай заттарды сезінгенін түсіну қажет:


  • Тақтайшаның үстін сипап отырып, балалар мұғалімге сол затты атау керек;

  • Мұғалімнің басшылығымен тақтайшалардың үстіндегі әр түрлі бейнелерді тауып көрсету;

  • Оқытушының негізгі сұрағы бойынша балалар тақтайшалардың үстін анықтау керек.

  • Әр түрлі түстерді ажыратуға үйрету үшін түрлі түсті жіптер оралған катушка пайдаланылған. Ең алдымен балаларға қарама-қарсы түстерді таңдатады. Сонымен бірге осы жіптерді жақсылап қарайды, ұстап түстерін ажыратады. Кейін балаларды бірдей түсті жіптермен таныстырады. Мысалы, екі катушка қызыл жіппен, тағы екеуін көк және бір сары түсті бар катушкалар таңдалады. Ең алдымен балаларға түсті атап көрсетеді, кейіннен түстері бірдей катушкаларды көрсетеді. Бекітуден кейін осы бес катушкаларды араластырады да оқытушының сұрауымен атап отырады. Қызықты құбылыс, түстерді тануды оқытудан кейін оларды жекелей жұмыс істеуі үшін жалғыз қалдырады.

Көп жылдық тәжірибеден кейін М.Монтессори балаларға катушкамен жұмыс істеген ұнағанын байқайды. Соған байланысты сегіз түрлі түсті катушкаларды екі данадан жасады.

  • Балалардың жылу мен суықты түйсіну үшін олардың саусақтарын ыдыстағы әр түрлі температурадағы суға салады.

  • Ауырлылықты түйсіну үшін бірдей өлшемді, бірақ әр түрлі тақтайшаларды пайдаланған. Ұлдар мен қыздар тақтайшаларды қолына алып тұрып, ауырлылықты сезінумен қатар қандай ағаштан жасалғанын атауы қажет.

Естуін дамыту үшін “үндемес” ойынын қолданады. Бұл баланың зейінін де дамытады. Терезедегі перделер жабылады. Балалар көзін жұмып бастарын қолына қояды. Осы уақытта оқытушы алыстағы бұрышқа тұрып, сыбырлап қана балалардың есімдерін атайды. Өз есімдерін естіген балалар мұғалімге қарай барлығынан бұрын жетуі тиіс. естімей қалған балаларға қаттырақ тағы бір қайталап айтылуы керек.

Осы ойын арқылы М.Монтессоридің бақылауы бойынша оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арта түседі.



3.3 М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету

Монтессори мектебінде оқу мен жазу жазуды үйретуге аса көп көңіл бөлген. Оның ойынша, баланы ерте жастан оқып және жазу жазуды үйретудің қажеті жоқ. Ең қолайлы уақыт 6 жас деп есептеген. Бірақ кей жағдайда Монтессори, бұл ережені бұзып, балаға 4 жастан әріп танытып, 5 жастан оқытуды үйреткен.

Монтессори балалардың сыртынан бақылап, жазудағы ең қиын элемент ол таяқша салу деп есептеген. Сондықтан бұны, бала өзі дайын болмағанша үйретудің қажжеті жоқ деп есептеген.

Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде балаларға әріп үйретіледі. Бұл үшін тегіс қолданылады, үстіне тегіс емес әріптің графикалық түріне келтірілген қағаз қойылады. Қағаз бетін сипап, бала әріптің графикалық түрін елестетеді. Егер бала қай әріп екекнін айта алмаса, онда бала саусақтарымен сипап әріптерді таниды.

Әріптерді үйретудің үш тәсілін қолдануға болады:


  • Әріптерді таныстыру, мұғалімнің көмегімен бала әріптерді саусақтарымен сипап жүргізеді.

  • Мұғалім балаға әріп бейнеленген әріп көрсетіледі. Егер бала қателессе, онда баламен жұмыс тоқтатылады. Себебі, бала қабылдауға әлі дайын емес.

  • Мұғалім алфавит ішінен әріп таңдайды, ал бала оны тануы қажет.

М.Монтессори болашақта баланың жазуын дамыту үшін, баланың қолына бор берген. Бормен жұмыс балаларға жағымды әсер ететін. Алдымен бір бала, артынан барлық балалар әріп жазуды үйреніп, олардың қызығушылығына айналған.

Қорыта айтқанда, өз беттілік пен тәуелсіздік балаға еркіндік береді.

Монтессоридің балабақшасында ойыншықтар ең басты емес. Олардың орнын кубиктер, пластинкалар, моншақтар, жіптер сияқты әр түрлі нәрселер ауыстырады. Бұндағы ең басты міндет – қол моторикасын, тактильді есте сақтау іскерліктерін оқыту. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын емес, “еркін жұмыс”, заттармен өзбетімен жұмыс істеу болып табылады. Педагог әлсіз енді ғана өмір жолына тұрып келе жатқан балаларға өз беттілікке, өзіндік жауапкершілікке тәрбиелеуі тиіс. Соған сәйкес, бала өзін-өзі дамытады.
3.4 Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер
Үрейді жеңуге байланысты тренингтер

     


Мақсаты: үрей сезімімен танысып, үрей кейіпінің мимика және пантомимика арқылы бейнелеу және үрейді жеңу.

     №1. "Сәлем, қоян!".


     Жүргізуші: " Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге қонаққа жаңа кейіпкеріміз келді, бірақ ол қорқақ екен. Қорыққаны соншалқты тіпті тығылып қалды. Қазір мен, сендерге сол кейіпкердің түрін келтіремін сендер табуларың керек, жарай ма?"

Жүргізуші қоянның түрін келтіреді. Балалар кейіпкерді таниды, ал жүргізуші, қоянның қалай секіретінін, қалай сәбізді жейтінін, қалай қорқатынын (құйрықтары мен алдыңғы аяқтарын дірілдетіп) балаларға келтіруін сұрайды.

    

 №2. "Қорқақ қоян".


     Жүргізуші сұрайды: "Қоян неден қорқады ?"
    Бір күні қоян алғаш рет қарды көргенде, оны ұстағысы келіп кетеді, бірақ ол одан қорықты. Қорқақ қарды қалай ұстап көреді? Балалар ақырын ғана "қарды" (ақ қағаздан жасалған ұсақтатылған қағаздарды) ұстап көреді: қолдарын созып, қайта тартып алады.

     


№3. "Өжет қоян".
     Қоян қорқудан шаршап кетті. Алға бір қадам аттап "Қасқырдан қорықпаймын! Түлкіден қорықпаймын (тағы бір адам)! Қардан да қорықпаймын!"

№4. "Мейірімді мысық, ызалы мысық".


    Енді мен қолыма сиқырлы қоңырауды аламын. Ол сыңғырлаған кезде, біз мысыққа айналып кетеміз. Қол-аяғымызбен жерге тұрып, мысықты келтіреміз. Ең алдымен мейірімді мысықты, содан кейін ызалы мысықты келтіреміз. Жаттығуды бірнеше рез қайталауға болады.

     


№5. "Үрей туралы ертегі".
     Қағаз бен қарындашты дайындаймыз.

Жүргізуші ертегіні баяндайды: " Ерте, ерте, ертеде – үрей өмір сүріпті. Барлығы одан қорқып, ешкім онымен ойнағысы келмепті. Іші пысып, жалғыз қалған үрей , достарды іздеуге аттанады. Бірақ, ешкімді кездестірмейді. Өйткені, барлығы одан қорқатын. Ал енді үрейді салып көрейік. Ол қандай? Балалар үрейдің суретін салып, бір-біріне көрсетеді.


Жүргізуші ары қарай жалғастырады: үрей, барлығын қорқытудан жалығып кетіпті де, күлкілі, қуанышты болып кетіпті. Сонда үрей не істеді? Балалар өз жауап нұсқаларын айтады.



1



«Түрпіленген қосарлы бейнелер»

 


Ойын қораптан және 10 түрпіленген бейнелері бар карточкадан тұрады.Олар қосарланған бірдей түстен, әр түрлі құрылымнан, бірақ қалпы ұқсас болып келеді. Карточкалардың өлшемі 12смx12см

2 жастан 5 жасқа дейін

Мақсаты: қолымен ұстап көрсетілген суретті, түсін атап, оның екінші жұп суретін табу. Ойынның қызметі әр түрлі.

2



Түрпіленген

алфавит

 

 



Ойын 33 түрпіленген әріптен тұратын, ағаштан жасалған карточкаларды құрайды. Әріптер ашық көк түсті және қызыл түстермен боялған. Ашық көк түсті әріптер дауыссыз дыбыстарды, ал қызыл түсті әріптер дауысты дыбыстарды білдіреді.Ағаш карточкалардың өлшемі 9смx9см.

3 жастан 7 жасқа дейін

Нақты мақсаты:

·        Әріптерді атап қызығушылығын дамыту.

·         Оқытуға үйрету.

·         Сөйлеуді дамыту.



Жанама мақсаты:

·         ұсақ моториканы дамыту.



 



















3



Бүлдіршін кітап

 


Ойын үш нұсқалы ағаштан жасалған кітапшалардан тұрады: «ойыншықтар», «жеміс пен көкөністер», «аңдар». Ағаш тақташалары баумен бекітілген. Көлемі 12смx12см.

1,5 жастан 3 жасқа дейін

Мақсаты: кітапта салынған бейнелерді қарап, оларды бір сөзбен айту. Бейнелер бойынша шағын әңгіме құрау.

           4



Математикалық қорапша

 


Көлемі 15смx15смx10см, ағаш қорапшадан тұрады. Қорапша екі бөлімге бөлінген(қызыл және көк) және 10 ағаш шариктерден, жылжытып ашатын қақпағынан тұрады. Қақпағы тез ашылу үшін тұтқасы да бар.

4 жастан – 7 жасқа дейін

Мақсаты: онға дейінгі сандарды үйрету. Яғни, шариктерді қорапшаның қақпағына қойып лезде тартып ашып қалу керек. Шариктер екі нұсқаға бөлініп шашылады(мысалы: 2және8),соны санап бірнеше рет қайталау керек.

5



«Неден құралған


Түрлі бояумен боялған ағаш тақтайшалар ойыны. Олар көк түсті және төртке бөлінген. Тақтайшада сурет бақаның кішкенесінен ересегіне дейін бейнеленген. Соларды құрастыру қажет.

3 жастан – 7 жасқа дейін

Мақсаты: логикалық ойлауын дамыту, сарғыш түстермен танысу, көру жеделдігін дамыту





    1. Бекітуге арналған сұрақтар:




  1. М.Монтессори идеясы бойынша психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың даму жүйесінің негізі неде?

  2. Монтессоридің әдістемесін қазіргі кездегі балалардың қабылдауы мен сезгіштігін дамытуға қолдануға бола ма?

  3. Монтессори балалардың еркіндік пен тәуелсіз болуды дамытуға қандай тәсілдер қолданылады?

  4. М.Монтессори бөлген жас ерекшеліктер неше кезеңнен тұрады?

  5. М.Монтессоридің еңбектері қалай аталады?

  6. Түйсікті дамытуда балалардың іс-әрекеті қалай сипатталады?




    1. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі тақырыбы бойынша

Тест


  1. М.Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі неше жас аралығын қамтиды?

  1. 2-6 жас

  2. 3-6 жас

  3. 3-7 жас+

  4. 5-7 жас

  5. 4-7 жас

  1. Монтессоридің тәрбиелеу дамыту жүйесі қалай аталады?

  1. Білім, дағды, іскерлік;

  2. Еркіндік, тәуелсіздік, сүйіспеншілік

  3. Сүйіспеншілік, білім, іскерлік

  4. Еркіндік, білім, сүйіспеншілік+

  5. Дағды, іскерлік, икем

  1. М.Монтессоридің қабылдау органдарын тәрбиелеу кезеңдерін нешеге бөлді?

  1. 5

  2. 6+

  3. 7

  4. 8

  5. 9

  1. Сырты тегіс емес, бұдыр нәрселер мен қапталған заттарды тану арқылы балалардың қай танымдық процесі дамиды?

  1. Ойлау

  2. Сөйлеу

  3. Қабылдау

  4. Түйсік+

  5. Зейіні

  1. Монтессори бойынша, балалардың оқыту және жазуды қай жаста үйреткен жөн?

  1. 5

  2. 6+

  3. 7

  4. 4

  5. 5,5

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Буторина М, Хилтунен Е. Монтессори – материал. – М.: Мастер, 1992.

  2. Корнетов Г. Метод Монтессори // Частная школа. – 1995 - № 4.

  3. Кукушин В.С. Коррекционная педагогика. – М.- Ростов-на-Дону, 2004. 71-82б.

  4. Кузнецова Е.К. Разработка мим-тренинга (для детей дошкольного возраста), - М. 2005.

  5. Монтессори М. Руководство моему методу. – М, 1916.

  6. Селевко Г.К. Современные технологии педагогики. – М, 1995. 176-179б.

  7. www.google.kz



9- дәріс. Тақырыбы: Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция

Балалардың мектепке даярлығы. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу (2 сағат)


Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция

Жоспары:

    1. Балалардың мектепке даярлығы

    2. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар

    3. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі

    4. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу

    5. Коррекциялық бағдарлама үлгісі

    6. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар

    7. Бекітуге арналған сұрақтар

    8. Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция тақырыбы бойынша тест

4.1 Балалардың мектепке даярлығы

Бала мектепке келгенде физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ақыл-ой және эмоционалдық-еріктік дамуы белгілі бір дәрежеге жеткен болуы керек. Оқу іс-әрекеті қоршаған орта туралы белгілі бір білімнің болуын, қарапайым түсініктердің қалыптасқандығын талап етеді. Балада ойлау операциялары болуы керек, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын жалпылай және жекелей білуі керек, өз іс-әрекетін жоспарлап, өзін-өзі басқара білуі керек. Баланың оқуға деген жағымды қатынасы, мінез-құлқын өзі реттеуі және берілген тапсырманы шешуде ерік күшін көрсете білу қабілеті маңызды болып келеді. Сонымен қатар вербальды қарым-қатынас жасау іскерлігі, қол моторикаларының дамуы да маңызды болып келеді. Сондықтан «баланың мектепке даярлығы» деген түсінік – кешенді, кең ауқымды және бала өмірінің барлық сферасын қамтиды.

Баланың оқуға даярлығының мәнін, құрылымын және компоненттерін түсінуге байланысты оның негізгі критерилері мен параметрлері анықталады. Бірақ мектепке келген балалардың әрқайсысының қабілеттері мен даму деңгейлері әр түрлі, бұл дегеніміз мектепте оқуға дайын балалармен қатар мектепте оқуға әлі де дайын емес балалар да келеді. Олар өз іс-әрекеттерін жоспарлай және бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен, басқа адамды тыңдай алмайды және ұғым формасындағы логикалық операцияларды орындай алмайды. Көп жағдайларда мұндай мектепке дайын болмау педагогикалық босаңсуға әкеліп соғады да, мұғалімдерге олармен жұмыс істеу қиынға соғады.

Мектеп табалдырығын аттау – бала өміріндегі дағдарысты кезең. Оқушының басты ерекшелігі оның оқуы - міндетті және қоғамдық маңызы бар іс-әрекет. Оқушының өмірі қатаң, әрі барлық оқушылар үшін бірдей ережелер жүйесіне бағынышты. Оның негізгі құрылымы білімді игеру болып табылады. Жаңа қарым-қатынас типі, яғни оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Баланың сабақ барысында алған бағасы мұғалімнің оқушыға деген тұлғалық қатынасы емес, оның білімінің объективті өлшемі болып табылады. Сыныптағы балалардың қарым-қатынасы ойын барысында қалыптасатын қарым-қатынастан өзгеше болады. Мұғалімнің қойған бағасы мен оқудағы жетістіктерді негізгі өлшем ретінде қабылдайды. Сонымен қоса, міндетті іс-әрекетке бірлесіп қатысу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас типін туғызады. Бірінші сынып оқушыларының қол моторикасын дамыту үшін «көркем жазу» дәптері пайдаланылады. Бала әріптерді жазуды үйренбестен бұрын әр түрлі өрнек сызықтарды жазып үйренеді. Мысалы өрнек жазулар мынадай формада болуы мүмкін:





Балалардың мектепте алатын білімі ғылыми сипатта болады. Егер бұрындары бастауыш сыныптағы оқыту - ғылымдарды жүйелік меңгеруге дайындық сатысы ретінде болса, қазір бірінші сыныптан бастап ғылымды меңгерудің негізі болып саналады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ барысында барлық оқушылар басқа іспен айналыспай, мұғалімнің айтқанын орындауы керек. Бұл талаптар тұлғаның жан-жақты дамуына, психикалық қасиеттеріне, білімдері мен іскерліктеріне қатысты. Оқулары жемісті болу үшін балаларда ең бастысы танымдық қызығушылық болуы керек.

Баланың мектепке психологиялық даярлығын тексеруде баланың ерік сапаларының даму деңгейіне басты назар аударылады. Алты-жеті жасар балалар өз мінез-құлықтарын басқара алып, мектеп пен мұғалім қойған талаптар жүйесін қабылдауы керек. Сонымен қатар баланың ақыл-ой даму деңгейін тексеру де маңызды болып келеді. Балада қоршаған дүние туралы белгілі бір білім қоры болуы тиіс: заттар мен олардың қасиеттер, тірі және өлі табиғат құбылыстары, адамдар және олардың еңбегі мен басқа да қоғамдық өмір туралы. Мектепке даярлықта баланың тұлғалық қасиеттері де ерекше орын алады, яғни баланың сынып ұжымына еніп, өз орнын табуы, бірлескен іс-әрекетке қосылуы.


жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау