Қаржылық менеджмент



жүктеу 1,45 Mb.
бет12/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Коэффициенттік әдіс. Негізделген қаржылық есептесулерді өткізу үшін табыстар мен шығындар шамасын анықтаудың коэффициенттік әдісі маңызды болып табылады. Өткен кезеңінің жетістіктерінде негізделген коэффициентердің көмегімен ұйғарылған табыстар мен шығындарды, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдерді есептейді.

Алдын ала белгіленген нормалар мен техникалық-экономикалық нормативтердің негізінде кәсіпорынның қаржы ресурстарында және олардың көздерінде қажеттілігін есептейді.

Нормалар мен нормативтер жүйесіне кіретіндер:

1. Заңды түрде белгіленіп, Қазақстан Республикасының барлық аумағында барлық шаруашылық жүргізетін субъектілер үшін біріңғай болып келетін мемлекеттік нормативтер: салықтар мөлшерлемелері, негізгі қорлардың топтары бойынша амортизациялық нормалары және т.б.

2. Қазақстан Республикасының жеке өңірлерінде әрекеттегі жергілікті билік органдарының нормативтері; жергілікті салықтардың, алымдардың мөлшерлемелері.

3. Кәсіпорындардың шаруашылық ішіндегі нормативтері. Бұндай нормативтерге айналым құрамдарда, өндірістік қорларда қажеттілік нормалары, технологиялық үдерістердің, өнім түрлердің шығындар баптары бойынша нормативтер жатады. Кәсіпорын нормативтерді белгіленген әдістеменің негізінде әзірлейді. Олар кәсіпорынды келешек бәсекелестікке бағдарлауға тиісті. Егер қолданыстағы нормативтер пайда әкелетін бизнесті іске асыруға кедергі жасап тұрса, кәсіпорын пайда болған мәселені талдап, неғұрлым пәрменді нормативтерді қабылдауға тиісті. Бірақ бәрінен де тәуір нормативтерді әзірлеу мүмкін емес. А. Тейлордың айтуы бойынша, ең тәуір нормативті іздеу кемпірқосақты қудалаумен (ізіне түсумен) тең.



Баланстық әдістің мәні – шығындарды жабу көздерімен келісуде, қаржылық және өндірістік көрсеткіштердің өзара байланысында. Бұл материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарын өзара байланыстырады. Қаржы ресурстары бір-бірімен теңдесуге тиісті. Бұл әдісті пайданы үлестіру, қаржылық қорларды жоспарлау барысында – жинақтауда, тұтынуда қолданады. Қаржылық қорлары бойынша баланстық байланыстың түрі:

Қб+ Т = Ш + Қа, (13.1)

Қб – жоспарлы кезеңнің басына қор құралдарының қалдығы;

Т – қорға қаражаттардың түсуі, теңге;

Ш – қор қаржыларын ұстау (шығын) , теңге;

Қа – қор қаражаттарының қалдығы жоспарлы кезеңнің аяғына (соңына), теңге.

Дисконтты ақша ағындары әдісін – уақыт бойынша бөлінген түсімдер мен ақша қаражаттардың төлемдер жиынтығын болжау үшін қаржылық жоспарларды әзірлеу барысында пайдаланады. Дисконттық ақша ағындарының тұжырымдамасы ақша қаржыларының күтілетін құйылулары мен жылыстауларының қазіргі (келтірілген) есептерінде негізделген.

(Ахуалдардың) көп нұсқалылық әдісі қаржылық жоспарлардың (мысалы, оптимистік, пессимистік және ең ықтимал) әзірлеуінде тұрады. Әр нұсқаға оның ықтималдық бағалауын жазады. Әр нұсқа үшін таңдау өлшемінің ықтималды маңызын, сонымен бірге орташа маңыздан оның ауытқулар бағалауларын есептейді. Таңдау өлшемдері: пайданың, табыстың сомалары және т.б. Әрі қарай алынған нәтижелердің ықтималды үлестірулерін талдайды. Таңдау өлшемінің және вариация (нұсқа) коэффициентінің ең аз стандартты ауытқуы бар қаржылық жоспар тәуекелі аздау деп саналады. Тәуекелдерге қатысты қаржы менеджері «егер...., онда...» талдауын қолданады.

Қазіргі заманғы жағдайларда бұл әдіс ЭЕМ мен кестелерді есептеу үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің (КБП) негізінде пайдаланады.

Экономикалық–математикалық модельдеу әдісі қаржылық көрсеткіштері мен оларды анықтайтын факторлар араларындағы өзара байланысты экономикалық – математикалық модель арқылы сандық түрде білдіруге мүмкіндік береді. Ол экономикалық үдерісін математикалық дәл сипаттайды (математикалық белгілер мен әдістер арқылы: теңеулер, кестелер, таблицалар және т.б.). Модельге (үлгіге) тек қана негізгі факторлар енгізіледі.

Қаржылық жоспарлауды әрекетте болу мерзімдері бойынша жіктейді:


  • стратегиялық;

  • келешек;

  • бизнес – жоспарлау;

  • ағымдағы (бюджеттеу);

  • жедел.

Стратегиялық жоспарлау - негізге алынатын қаржылық шешімдердің қабылдауында, мысалы, бизнесті қайта құру, тағы бір кәсіпорынды сатып алу, кәсіпорынды жабу және т.б. инвестициялық шешімдерін қабылдауында негізделген. Көптеген американдық компаниялар болжамдық жоспарды пайдаланады, Жапонияда – үшжылдық. Ал біздің елдегі экономиканың тұрақсыздығы жағдайларында стратегиялық жоспарлар әдетте 3-5 жылға әзірленеді.

Келешек қаржылық жоспар. (үш немесе одан көп жылдарға әзірленеді). Ол кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін, кеңейтілген үдемелі өндірістің маңызды көрсеткіштерін, үлестері мен қарқындарын анықтап, сыртқы ортамен өзара қатынастарын қолдап отырады. Келешек қаржылық жоспар болжам балансынан, пайдалар мен залалдар жоспарынан, ақша қаражаттары қозғалысының жоспарынан тұрады.

Болжамдық есеп беру – келешекте күтілетін әр түрлі шаруашылық оқиғаларын жинақтаудың жайлы түрі. Ол басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпарат береді:

- инвестициялық қаражаттарда қажеттіліктері туралы;

- осы инвестицияларды қаржыландыру тәсілдері туралы;

- таңдалған инвестициялық саясаттың кәсіпорын құнына тигізетін әсері туралы.



Келешек қаржылық жоспар – маңызды дәрежеде болжамды, оның есептері үдерістердің жалпы динамикасын (өсуін) көрсетеді. Жоспарлы кезең неғұрлым ұзақ, соғұрлым қаржылық жоспар индикативті сипатқа ие.

Бизнес – жоспарлау. 3жылдан 5 жылға дейін мерзімге құрады, оның уақыт аралығында белгіленген міндеттері шешілуге тиісті.

Ағымдағы қаржылық жоспарлау (бюджеттеу).

Кәсіпорынның ағымдағы (жылдық) бюджеті бизнес - жоспардың бөлігі ретінде ұзақмерзімді жоспар көрсеткіштерінің негізінде құрады. Бюджеттеудің мақсаты – берілген қорлар мен жұмыс ұйымдастыру барысында соңғы қаржылық нәтижелерін көбейту. Бюджеттеуде есептесудің дәлдеу әдістері қолданады. Бюджеттерде кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нақты цифрлік көрсеткіштері, бюджетті кезеңге операцияларды жасау кезеңдері анықталады (әдетте бір жыл). Негізгі бюджеттер – табыстар мен шығындар бюджетін, балансын ақша қаражаттарының қозғалыс бюджетін болжау. 4 бөлімде бюджеттеуді толық қараймыз.



Жедел қаржылық жоспарлау.

Толық жедел қаржылық жоспарлар стратегиялық және тактикалық шешімдерді іске асыру үшін, сонымен бірге кәсіпорынның барлық қызметтерінің тұрақты жұмысы үшін қажет. Жедел қаржылық жоспарлау – ақша қаражаттарын, өтімді бағалы қағаздарын, борышкердің қарыздарын, несие қарыздарын тиімді басқару. Төлем күнтізбесін әзірлеу барысында барлық есептесулердің дәйектілігі мен мерзімдерін анықтайды. Бұл төлемдерді бюджеттерге, бюджеттен тыс қорларға дер кезінде аударуға, ақша тапшылығын табуға мүмкіндік береді.Төлем күнтізбесін әдетте 1 айға (тоқсанға) әзірлейді (ұсақ мерзімдерге бөліп:15 күн, 5 күнге. Әрине, ұзақмерзімдіге қарағанда қысқамерзімді қаржылық шешімдерді қабылдау оңайлау.



13.2. Қаржылық жоспар. Көрсеткіштердің өткізу көлемінен тәуелділігі әдісінің негізінде қаржылық жоспарлау.
Қаржылық жоспарлау – ол сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін ескере отырып үнемі жетіліп, өсу үшін кәсіпорынға қажет мақсаттарын, қызмет нәтижелерін, қорларын болжау. Қаржылық жоспарлау үдерісін 5 кезеңге бөлуге болады:

1. Пайданың болжанған деңгейіне шұғыл жоспардың параметрлерінің өзгеріс ықпалын және қаржылық жағдайдың басқа көрсеткіштерінің маңыздарын талдау үшін пайдаланатын қаржылық есеп берулердің болжамдық нұсқалар жүйесін әзірлеу.

2. Жоспардың орындауын қамтамасыз ету үшін қажет компанияның қаржылық қаражаттарда нақты қажеттіліктерін анықтау. Олар: материалдық – техникалық базасын қолдауға, қорлардың көлемін қаржыландыруға, зерттеулер мен әзірлемелер бағдарламаларға, жарнама компанияларын өткізуге жіберілген қаражаттар.

3. Келесі бес жыл ішінде пайдалануы қажет қаржыландыру көздерінің құрылымын болжау (компания пайдасының есебінде қалыптасатын қаржы қорларының көлемін және қаржыландырудың сырты көздерін тарту есебінде іздестіруі қажет қорларды бағалау).

4. Компанияның ішіндегі қаржыларды орналастыруы мен пайдалануына жауапты басқару жүйесін жұмыс қалпында ұстап тұру.

5. Негізгі (басты) жоспарға өзгерістерді енгізу ресімдерін әзірлеу, егер экономикалық жағдайлар болжанғаннан өзгеріп кетсе.

Қаржылық жоспардың негізгі құрамдастары:

1) қаржылық есептердің негізінде фирманың ағымдағы қаржылық жағдайын талдау;

2) сату көлемдерін болжау;

3) инвестициялық саясат;

4) ақша қаражаттар бюджеті;

5) қаржылық есеп берудің болжамдық нұсқалар жиыны;

6) сыртқы қаржыландыру жоспары.

Келешек қаржылық жоспарлауға болжамдық есептілігін құруы кіреді. Өткізу көлемінің пайыздық өзгерістері негізінде болжамдарды құру – қаржылық есептілікті тәжірибеде қолданатын әдіс. Бұл әдістің әрекеті екі алдын ала болжауда негізделген:

1) активтің барлық баптарының және пассивтік кейбір баптарының өзгерісі. Сату көлемінің өзгеруіне сайма-сай.

2) көптеген баланстық баптардың маңыздары өткізудің ағымдағы көлемі үшін оңтайлы болып табылады. Өткізу көлемін болжау өткізу көлемінің мүмкін деңгейлерін мүмкін үлестіруінің күтілген маңызы болып келеді.

Тәжірибеде болжамдарды құрудың 4 әдісі пайдаланады:

1) қарапайым сызықтық регрессия

2) қисықсызықты регрессия

3) көптік регрессия

4) болжаудың арнайы әдістері.

Қарапайым сызықтық регрессия көбінесе активтерде қажеттіліктерді бағалау үшін қолданады. Фирмалар өз дерекқорларында қызметі туралы мәліметтерді жинақтайды: бөлімдер бойынша, өнімнің біркелкі топтары мен жеке түрлері бойынша. Сонымен бірге, оларда басқа фирмалар жөнінде мәліметтер бар. Бұл деректерді қазіргі заманғы статистикалық әдістерге негізделген компьютерлік бағдарламалардың көмегімен алуға болады. Оларды аналитикалық өңдейді: 1) осы көрсеткіштер байланысы қисық сызықты ма немесе тура сызықты ма және 2) қисықсызықты тәуелділік параметрлерін анықтау үшін. Көптік регрессия әдісі бойынша өткізу көлемінен көрсеткіштердің тәуелділік деңгейі және өнімнің әр түрлерінің саны ретіндегі қосымша фактор анықталады. Арнайы әдістің ерекшілігі - әр ауыспалы үшін жеке болжау моделін әзірлеу болып келеді.

Қаржыландырудың компьютерленген моделін пайдалану барысында модельдерді өткізудің әр түрлі көлемдеріндегі, өткізу көлемдері мен өндіріс ресурстары арасындағы әр түрлі тәуелділіктердегі және тіпті өткізілетін өнімге деген бағалар жөніндегі көптеген болжаулар мен өндіріс шығындар барысындағы нәтижелерді көрсетуін бағдарламалауға болады. Сонан соң жоспарлық шешім қабылданады: болашақ қаржылық қажеттіліктерді қандай көздерден қанағаттандыру керек – қысқамерзімді банктік несиелер, ұзақмерзімді облигациялардың эмиссиясы (ақшаның және бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналымы) немесе қарапайым немесе артықшылық берілген акциялар есебінен бе. Осындай қаржылық жоспарлардың әр түрлі нұсқалары бойынша болжамдық бухгалтерлік есептілігінің көрсеткіштері есептеліп, қарапайым акцияға есептегендегі таза пайданың деңгейі және тәуекел мен табыстылық деңгейін, атап айтқанда ағымдағы өтімділік коэффициентін, заем және жеке қаражаттардың ара қатысын, табыстардың пайыздық шығындарға қатысын, активтердің тиімділігін, жеке капиталдың табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштердің деңгейі болжанады.


13.3. Сыртқы қаржылануда қажеттілік деңгейін анықтайтын факторлар.
Фирманың сыртқы қаржылық көздерден қаржыларды тарту қажеттіліктеріне көп ықпал жасайтын бес фактор:

1) өткізу көлемінің жоспарланған өсу қарқыны;

2) негізгі құралдарды пайдаланудың бастапқы деңгейі;

3) капитал сыйымдылығы;

4) өнім тиімділігі;

5) дивидендтік саясат.

Сыртқы қаржыландыруда қажеттілікті есептеу формасы:

EFN = A/S* D S – L/S * D S – MS1 (1-d) (13.1)

мұнда:

EFN – сыртқы қаржыландыруда қажеттілік;



A/S* D S - активтердің өсуінде қажеттілік;

A/S – активтердің салыстырмалы өсімі немесе активтер сомасын көбейтуде қажеттілік;

L/S * D S – пасссивтердің өсімі;

L/S – пассивтердің салыстырмалы өсімі немесе қосымша қысқамерзімді несиелік қарызда қажеттілік;

MS1 (1-d) – бөлінбеген пайда өсімі;

SI – келесі жылға болжанған өткізудің жалпы көлемі;

∆S - өткізу көлемінің пайдалылығы немесе жеке таза пайда;

М - өткізген өнімнің пайдалылығы немесе жеке таза пайда;

d – дивидендтерді төлеуге жіберілетін пайда үлесі немесе дивидендті төлеу нормасы.

Фирманың өткізу көлемінің өсу қарқыны неғұрлым жоғары, соғұрлым сыртқы қаржыландыруда оның қажеттілігі көбірек және керісінше.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1. Кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлаудың орны.

2. Қаржылық болжаудың негізгі әдістері қандай?

3. Жоспарлау мен болжамдау жүйелерінің айырмашылық-тарын атап айтыңыз.

4. Қаржылық жоспарлаудың ішкі жүйелерін атап айтыңыз.

5. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары қандай?

6. Қаржылық жоспарлау жүйесінде бизнес – жоспарлаудың рөлін негіздеңіз.

7. Бизнес – жоспар бөлімдерін сипаттаңыз,

8. «Қаржылық жоспар» бөлімінде қандай қаржылық көрсеткіштер пайдаланады?

9. Көрсеткіштердің өткізу көлемінен тәуеділігі әдісінің негізінде жоспарлауға деген амалдың мәселесі қандай.



14 ТАҚЫРЫП. АЙНАЛЫМДАҒЫ АКТИВТЕРДІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ БАСҚАРУ.
14.1. Өтімділік;

14.2. Ақша қаражаттарының айналымдығы;

14.3. Айналымдағы құралдардың көлемдері және қаржы-ландыру саласындағы стратегиялар;

14.4. Қысқамерзімді қаржыландыру көздері;

14.5. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер үшін несиелік қарыз (сауда несиесі);

14.6. Қысқамерзімді банк несиелері. Банкті таңдау.



14.1. Өтімділік.
Қысқамерзімді қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті – фирма өтімділігін қамтамасыз ету және қолдау. Өтімділік – келісім шартпен қарастырылған көлемде және мерзімдерде ақша төлемдерін іске асыруға кәсіпорынның қабілеттілігі. Өтімді деп саналатын фирма өзінің ағымдағы қызметін атқаруға мүмкіндігі бар, яғни қызметкерлеріне, жеткізушілерге, инвесторларға қажет төлемдерді жасауға, салықтарын төлеуге жеткілікті қаражаты бар. Және керісінше, өтімді емес фирма осы төлемдер үшін қажет қаражат таба алмай, ағымдағы операциялар жасалмай қалады. Кейбір жағдайларда өтімділік уақытша болуы мүмкін, бірақ ол мәселелердің бар екендігінің белгілері, олар әрі қарай кәсіпорынды банкроттыққа әкелуі мүмкін. Өтімділікті анықтау үшін тәжірибеде кәсіпорынның өтімділік деңгейін сипаттайтын бірқатар коэффициенттер бар.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер құны қысқамерзімді міндеттемелер сомасына бөлу жолымен есептеледі. Бұл – фирманың өтімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Осы көрсеткіштің өсуі жағымды: коэффициенттің жоғары маңызы қажетті шығындарын жабу үшін фирмада жеткілікті ақша қаражаттары болатындығының кепілі емес екендігін ұмытпау керек. Егер тауар-материалдық қорлардың сатуы мүмкін емес болса немесе дебиторлық қарыздың керек уақытында талап етілуі мүмкін болмаса, онда осы ара қатыспен көрсетілген фирманың өтімділігі нақты ахуалды көрсете алмайды.

Тез өтімділігі коэффициенті – ол тауар – материалдық қорларды санамағанда айналымдағы активтер шамасын қысқамерзімді міндеттемелер сомасына бөлгенде көрінеді. Коэффициент айналымдағы қаражаттар шамасындағы тауар-материалдық қорлардың сомасын есептемейді, себебі бұл элементтің өтімділігі төмен. Ағымдағы өтімділікке сәйкес тез өтімділігі коэффициенті фирма өтімділігі дәрежесінің жалған бағасын беруі мүмкін.

Өтімді активтермен қамтамасыз ету коэффициенті.

Өтімділігі көптеу активтерді (ақша қаражаттарын, өтімді бағалы қағаздарды, дебиторлық қарыздар) болжамдалған күнделікті шығындар шамасына бөлумен есептеледі. Ол фирма өзінде осы сәтте бар өтімді активтердің есебінде жұмыс істей алатын күндер санын көрсетеді. Күнделікті операциялық шығындардың шамасын болжанған ақша қаражаттар бюджетінің деректер негізінде немесе сатылған өнімнің өндірісіне жылдық шығындардың жалпы сомасын бөлуімен (коммерциялық, әкімшілік және де басқа ақша шығындарын қоса) анықтайды. Жоғарыда қаралған коэффициенттермен салыстырғанда, өтімді активтермен қамтамасыз етілуі көрсеткіші шикізат пен материалдар қозғалысынан ғана емес, көбінесе ақша ағындарынан тәуелді, осыған дейін барлық назар ақша түсімдеріне емес, өтімді активтердің қозғалысына аударылған.



Абсолюттік өтімді активтермен қамтамасыз ету коэффициенті.

Ол күнделікті ақша операциялық шығындарға бөлінген ақша қаражаттары мен өтімді бағалы қағаздардың сомасына тең. Бұл коэффициент ақша қаражаттары мен өтімді бағалы қағаздарды тек қана жалғыз өтімді активтер ретінде қарайды. Фирманың өтімділік дәрежесін көрсететін толық және жан-жақты жағдайын алу үшін оның ақша қаражаттар бюджетінің талдауы қажет. Бұл құжатта фирманың ақша түсімдерін қалыптастыруының шынайы қабілетін есептеу негізінде ақша төлемдері мен түсімдерінің болжамы келтірілген. Өтімділікті басқаруға (дер) кезінде барлық өзінің қысқамерзімді міндеттемелері бойынша мүмкіндігі болатындай түсімдерді жоспарлау және өтімді қорларды пайдалануы кіреді. Өтімділікті талдай отыра қысқамерзімді міндеттемелердің екі түрін айыруға болады:

1. айналымдағы қаражаттарды жабу көзі ретіндегі қысқамерзімді несиелік қарыздар;

2. ағымдағы міндеттемелер немесе қысқамерзімді негізгі құрылысты қаржыландыру көздері, құрылыс біткеннен кейін олар ипотекалық несиеге айналады.

Міндеттемелердің бірінші санаты айналым капиталын, өтімділікті басқаруға, ал екіншісі – тек қана өтімділікті басқаруға жатады.

14.2. Ақша қаражаттарының айналымдығы.
Қаржы менеджерінің рөлі – салынған капиталды ұтымды орналастыру, яғни активтердің жалпы сомасы мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы оңтайлы ара қатысты табу. Ақша айналымы тұжырымдамасы қысқамерзімді қаржылық жоспарлау мақсаттары үшін маңызды. Тәжірибеде ақша қаражаттарының айналым кезеңінің моделі (үлгісі) пайдаланады, бұл кезеңде фирма айналым капиталымен қиындықтарды көреді. Бұл кезеңді келесі формуламен көрсетуге болады:

АҚАУ = ҚАУ + ДҚАУ – НҚАУ; (14.1)

мұнда:

ҚАУ – ақша қаражаттарының айналу уақыты;



ҚАУ – қорлардың айналу уақыты;

ДҚАУ – дебиторлық қарыздың айналу уақыты;

НҚАУ – несие қарыздың айналу уақыты.

1. Тауар – материалдық қорлардың айналу кезеңі – шикізаттың дайын өнімге айналуы үшін және оны өткізу үшін қажет уақыттың орташа ұзақтығы:
ҚАУ = __360_______ (14.2)

Өзіндік құн/ қорлар



2. Дебиторлық қарыздың айналу кезеңі - дебиторлық қарыздың ақша қаражаттарына айналу үшін қажет күндердің орташа саны. Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

АҚАУ = Дебиторлық қарыз

Өткізуден түсім/ 360 (14.3)
3. Несиелік қарыздың айналу кезеңі - материалдарды сатып алуы мен тиісті төлемдер араларындағы уақыттың орташа аралығы. мысалы, шикізатты алу үшін және еңбек төлемінің есептесулері бойынша төлемдердің мұрсаты (мерзімін ұзарту) 30 күн құрайды:

НҚАУ = Несиелік қарыз

Өзіндік құн: 360 (14.4)

Сонымен, ақша қаражаттарының айналу кезеңі жоғарыда қаралған 3 кезеңді біріктіреді, демек, фирманың өндірістік қорларға (материалдар мен жұмыс күшіне) шығындары мен өнімді сатудан алған түсім алу арасындағы (яғни, бұл шикізат пен жұмыс күшіне төлемдер мен дебиторлық қарызды өтеу арасындағы мерзім) уақыт аралығына тең.

Әр фирма ақша қаражаттарының айналым кезеңін қысқартуға тырысады. Бұл пайданың көбеюіне әкеледі.

Ақша қаражаттардың айналым кезеңін келесі жолдармен азайтады:

1) тауарларды тез өндіріп өткізу есебінде қорлардың айналу кезеңін қысқарту;

2) есептесулерді тездету есебінен дебиторлық қарыздың айналым кезеңін қысқарту;

3) сатып алынған қорлар үшін есептесулерді бояулату есебінен несиелік қарыздың айналу кезеңін ұзарту.

Бұл іс-қимылдарды өнімнің өзіндік құны жоғарылағанша немесе өткізуден түсім қысқарғанша жалғастыра беру керек. Өндірістік қорлар мен дебиторлық қарызды басқару саласындағы шешімдердің маңызы зор, себебі олар тек қана ақша қаражаттарының айналым кезеңінің ұзақтығына емес, сонымен бірге қаржыландырудың сыртқы көздеріне қатысты саясатқа да ықпал жасайды.


14.3. Айналым құралдарының көлемдері мен қаржыландыру саласындағы стратегиясы.
Мәні бойынша ұзақмерзімді қаржылық шешімдер қысқамерзімділермен ұқсас. Қаржыларды тарту көздердің таңдауын ұйғаратын қаржыландыру қағидасы барлық қаржылық шешімдер үшін бірдей: ұзақмерзімді үшін де, қысқамерзімді үшін де. Мысалы, капитал құрылымына қатысты шешімдер (меншік капиталын пайдалану және қарыздық капиталды тарту), сонымен бірге бюджетті құрау (ақша қаражаттарының түсімі мен жылысуы), қысқамерзімді қаржыландыру құралдарын таңдау сияқты тәуекел мен табыстылық арасында таңдауды ұйғарады.

Қаржыландырудың негізгі қағидасы – қысқамерзімді қаржыландыру құралдарын таңдау – баламалар арасында таңдауды ұйғарады. Ол келесі дилемма шеңберінде өтеді: тәуекел немесе табыстылық. Егер біз өз қаражаттарымызды тәуекелі жоғарылау активтерге салсақ, олардың жоғары табыстылығын күтуге құқығымыз бар.

Айналым құралдарын басқару саясатына екі негізгі сұрақ кіреді:

1) айналым құралдарының қандай деңгейін неғұрлым құптауға болатыны?

2) қандай көздердің есебінде оларды қаржыландыруға болады?

Айналым құралдар деңгейінің жалпы көлеміне байланысты тәжірибеде үш балама стратегия пайдаланады:


  • сақты (абайлағышты);

  • баяу;

  • шекті (шек қоятын).

Сақты саясатын ұстана отырып, фирма ақша қаражаттарының, тауар – материалдық қорлар мен өтімді бағалы қағаздардың жоғары деңгейін ұстап тұрады. Бұл кезде өткізу көлемі сатып алушыларға берілетін несиелер саясатымен ынталандырылады, бұл дебиторлық қарыздың жоғары деңгейіне әкеледі. Керісінше, шекті саясат қолма-қол ақшаның, бағалы қағаздардың, тауар – материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздардың аз болуын ұйғарады. Тапсырысты іске асыру мерзімі, төлемдер уақыты және т.б. белгілі болған жағдайда, кез келген фирма айналым қаражаттардың қажетті ең аз деңгейін қолдауға тырысады. Оның жоғарылатуы пайданың сәйкес жоғарылауынсыз айналым қаражаттарының сыртқы көздерінде қажеттіліктердің көбеюіне әкеледі.

Айналым қаражаттардың негізсіз қысқаруы жұмысшыларға төлемдердің бәсеңдеуіне, тауар-материалдық қорлардың жетпеу себебі бойынша өндірістің тиімсіздігі мен өткізу көлемінің түсуіне әкеледі, бұл-шамадан тыс шектеу саясатының нәтижесі. Белгісіздік факторы пайда болу барысында ахуал өзгереді. Бұл жағдайда фирмаға ақша қаражаттарының ең аз қажетті сомасы мен материалдық қорлар қажет (күтілген төлемдерден, өткізу көлемдерінен, тапсырысты іске асырудың күткен уақытынан тәуелді) және қосымша сома – күтілген шамалардан күтпеген ауытқулар жағдайына – сақтандыру қоры.

Дебиторлық қарыз деңгейі осылай берілетін несие мерзімдеріне байланысты, ал өткізудің осы көлемі үшін несиенің қатал мерзімдері дебиторлық қарыздың ең төмен деңгейін көрсетеді. Егер фирма айналым қаражаттарға қатысты шектеу стратегиясын ұстанса, ол ақша қаражаттарының сақтандыру қорларының және тауар-материалдық қорларының ең төмен деңгейін ұстап, қатал несие саясатын жүргізеді, бұндай саясат өткізу көлемінің төмендеуіне әкелуі мүмкін болса да. Айналым қаражаттарға қатысты шектеу стратегиясы қаржы ресурстарының салыстырмалы аз көлемінен пайда алуды ұйғарады, сонымен бірге ең үлкен тәуекелді де. Кері пікір абайлағыш (сақтық) стратегия үшін дұрыс. Тәуекелдің күтілген деңгейі мен табыстылығы ара қатысы тұрғысынан баяу стратегия – ортада.

Ақша қаражаттарының айналу мерзіміне әсер ету тұрғысынан алғанда шектеу стратегиясы тауар-материалдық қорлардың және дебиторлық қарыздың айналымдағы жылдамдығына әкеледі, демек, оның нәтижесі - ақша қаражаттарының қысқа айналым мерзімі болып табылады. Абайлағыш (сақтық) стратегиясының үрдісі қарама-қарсы, онда тауар-материалдық қорлардың және дебиторлық қарыздың жоғары деңгейлері байқалады, демек қорлардың, дебиторлық қарыздың және ақша қаражаттар айналымының ұзақмерзімді кезеңі болуы мүмкін.

Баяу стратегияны өткізу нәтижесінде ақша қаражаттар айналымы мерзімінің ұзақтығы жоғарыда сипатталған екеуінің арасындағы аралық деңгейде. Айналым қаражаттардың көлемі фирманың пайдасына маңызды ықпал жасайды, ал осы қаражаттарда қажеттілік, өз кезегінде оларды қаржыландыру жолдарына байланысты.

Экономикалық теория тұрғысынан алғанда тұрақты және ауыспалы айналым құралдарын қаржыландыруда үш амал бар:



  • баяу;

  • агрессивтік;

  • консервативтік(керітартпа).

Айналым активтері шартты түрде 2 бөлікке бөлінеді:

Тұрақты бөлігі – кәсіпорынның дұрыс қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ең аз тұрақты сақталатын деңгей.

Ауыспалы бөлігі – іскерлік белсенділіктің мерзімдік құбылу кезеңдерінде ғана қажеттілігі пайда болатын активтердің өсімі.

Баяу амалдың ерекшелігі – негізгі және тұрақты амалдардың көлемі ұзақмерзімді капиталдың көмегімен қаржыланады. Агрессивтік стратегияны өткізу барысында фирма негізгі құралдардың барлық көлемін және айналымдағы құралдардың тұрақты бөлігінің аз ғана үлесін қаржыландырады. Агрессивтік стратегия қысқамерзімді міндеттемелерді ең маңызды ауқымдарда пайдалануын ұйғарады. Жоғары агрессивтік стратегиясын өткізу барысында фирма пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауымен келісуге мәжбүр болады.



Қаржыландырудың консервативтік (керітартпа) стратегиясының мәні келесіде: айналымдағы қаражаттардың тұрақты бөлігінің және олардың ауыспалы бөлігінің аз ғана үлесін қаржыландыруы ұзақмерзімді міндеттемелердің өз капиталының және несиелік қарыздардың көмегімен іске асырылады. Тыныштық мерзімде резервтік қаражаттар жоғары өтімді бағалы қағаздар түрінде сақталады, олар қаржылық қажеттіліктер пайда болған жағдайда ақша қаражаттарына айналдырылады.

Ең жоғары дәрежедегі консервативтік (керітартпа) стратегиясы қаражаттарды тауар – материалдық қорларда сақтауын ұйғарады. Бұндай саясаттың тәуекелі ең төмен. Қайсыбір компания қандай компанияны ұстануы оның көлемінен, нарықтағы жағдайынан, сенімдігінен, осы компанияның жетекшілігімен тәуекелді қабылдау дәрежесінен тәуелді. Айналым несиелерін тарту туралы шешімді қабылдай отыра, қысқамерзімді несиенің негізгі сипаттамаларын ескеру қажет.

Қысқамерзімді несиенің сипаттамасы:

1) шапшаңдық (беру жылдамдығы);

2) икемділік;

3) баға;

4) тәуелділік.

Айналымдағы активтердің қаржыландыру стратегиясының негізгі айырмашылығы қысқармерзімді несиелердің көлемдерінде тұрады. Агрессивтік саясат осы көздің ең көп пайдалануын, ал керітартпа – ең аз пайдалануын ұйғарады. Қысқамерзімді несиенің пайдалануы негізінде тәуекелді ұзақмерзімдімен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

14.4. Қысқамерзімді қаржыландыру көздері.
Қысқамерзімді несие дегеніміз бір жыл шегіндегі мерзімі бар міндеттемелер. Ұзақмерзімдіге қарағанда, қысқамерзімді несиені алу тезірек. Ұзақмерзімді несиені беру алдында несие берушілер несие сұрап тұрған компанияның қаржылық жағдайын толық білгісі келеді, несие жөніндегі келісім де толық болуға тиісті, себебі 10-немесе 20-жылдық несиенің қолданылу мерзімі уақытында маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Демек, егер ақша шұғыл керек болса, компания қысқамерзімді несиені келесі себептер бойынша тартқаны пайдалы (егер ақша қаражаттарға фирмалық қажеттілігі маусымдық болса):

- біріншіден, ұзақмерзімді несиелердің алуымен байланысты шығындар, қысқамерзімді шығындармен салыстырғанда, әжептәуір жоғары;

- екіншіден, ұзақмерзімді қарыздық міндеттемелер бойынша келісім шарттарын орындамау үшін (олардың мерзімінен ерте өтелуі, жабылуы) үлкен айыппұл қарастырылады, қысқамерзімді несиемен салыстырсақ, сондықтан, егер фирма жақын болашақта оның қаражаттарға деген қажеттілігінің қысқаратынын ұйғарса, қысқамерзімді несиені таңдағаны дұрыс болар, жабу (өтеу) шарттары да икемділеу:

- үшіншіден, ұзақмерзімді несие келісімінің шарттарында қарыз алушы фирманың келешек іс-қимылдарын шектейтін тармақтары болады. Осыған қатысты қысқамерзімді несиенің шектеулері аздау, яғни көбірек икемділікпен сипатталады. Қысқамерзімді несиенің төмен бағасы ұзақмерзімді несиелердің бағасымен салыстырғанда, төмен пайызды білдіреді. Қысқамерзімді несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің секіріс тәрізді өсу үрдісі байқалса да, олар, ұзақмерзімді несиелермен салыстырғанда, төмен.

Артықшылықтарымен бірге қысқамерзімді несиенің кемшіліктері де бар:

- пайызы өте құбылмалы, кейде жоғары деңгейге жетіп қалады;

- кейде фирма қарызын дер кезінде төлей алмайды да, банкроттыққа ұшырауы мүмкін,

Несиені беру жылдамдығы, икемділігі, құны және тәуекелділігі оның көздері түрлерінен тәуелді.

Осындай несиенің төрт негізгі көзі бар:

1) сауда (коммерциялық) несие;

2) коммерциялық банктер мен қаржы компаниялардың несиелері мен займдары;

3) коммерциялық қағаздар.



Банктік несие – бұл қысқамерзімді несиелеудің ең маңызды көзі. Оның бағасы қарапайым, дисконттық немесе қосылған пайыз қағидасы бойынша анықталады. Дисконттық несие немесе қосылған пайызы бар несиенің тиімді мөлшерлемесі белгіленгеннен асады. Банк несиесі мақұлданғаннан кейін қарыздық міндеттемеге (несие шартына) қол қойылады. Онда келесілер көрсетіледі: несие сомасы, пайыз мөлшерлемесі, несиені қайтару шарттары, оның қамтамасыз етуі және т.б. Несие желісі – банктің қарызгер алдында оған белгілі бір кезең бойына келісілген несие лимиті шегінде несие беру туралы заң жүзінде ресімделген міндеттеме.

Коммерциялық қағаз – қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді міндеттеме (қарапайым вексель – міндеттеме қағаз). Оны қаржылық жағынан үлкен және қуатты компаниялар шығарады. Олардың құны 100 мың доллардан 1 млн. долларға дейін, пайыздық мөлшерлемесі «прайм-рейттен» (бірінші класты қарыз алушыларға берілетін несие бойынша мөлшерлеме) 1,5-2,5% төмен және мемлекеттік қазына вексельдері (міндеттеме қағазы) бойынша мөлшерлемелерден 0,5% жоғарылау. Коммерциялық қағаздың құны банктік қарыздар құнынан төмен болса да, олардың күшінде болу мерзімі 270 күнмен шектелген, АҚШ әдетте 6 күнге дейін, Ұлыбританияда – ұзақтау. Оларды тек қана ірі компаниялар (несиеқабілеттілігінің жоғары рейтингі бар) пайдалана алады. Коммерциялық қағаздардың көмегімен қаржыландыру жағдайында несие беруші мен несие алушыны тек қана іскер қатынастар байланыстырады. АҚШ бағалы қағаздардың рейтингтік бағалау жүйесі ХХ ғ. басында қалыптасты, Еуропада – айтарлықтай кештеу, мысалы, Ұлыбританияда - 1973 жылы. Компаниялар коммерциялық қағаздардың шығаруын сирек қолданғандықтан (тек қана нақты қаржылық қиындықтар жағдайында) рейтингті анықтаудағы негізгі сәт - өтімділік, яғни оларды шығарған фирма қағаздар бойынша қарызын уақытында өтей ала ма, жоқ па. Сатып алушылар АІ немесе РІ рейтингі бар компаниялардан сатып алуға тырысады. Басқа коммерциялық қағаздарды бағамы (бәсі) төмен белгіленген бағалы қағаздармен айналысатын арнайы мекемелер сатып алады.

Қамтамасыз етілген негізде қаржыландыру (мүліктің кепілдігіне: жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, жабдықтың, қорлардың және дебиторлық қарыздардың).

Мүлікті кепілге беріп қаржыландырудың негізгі әдістеріне келесілердің ресімдеуі кіреді:

1) қарыздары үшін несие алушының мүлігін пайдалануға тыйым салуы;

2) мүлікті сенімді басқаруға алу жөніндегі сенімхаттардың;

3) сақтауға алынған жүкке тауар түбіртектің.

Бұның барысында келесі келісім жасалады: несие беруші

несие алушының мүлігін бақылау үшін және сенімді тұлға ретінде оның мүдделерін қорғау үшін үшінші тұлғаны тартуға құқықты.


14.5. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер үшін несиелік қарыз.
Фирмалар әдетте басқа фирмалардан қарызға сатып алуларды жасайды. Бұл қарыз несиелік қарыз (немесе сауда несиесі) түрінде есептеледі.

Несиелік қарыз – орташа кәсіпорынның қысқамерзімді міндеттемелерінің 40% құрайтын қысқамерзімді қарызының ең қомақты бөлігі. Ірі фирмалар сияқты қаржыландырудың басқа көздерін пайдалануға мүмкіндігі жоқ шағын фирмаларда бұл үлес жоғарылау.

Сауда несиесі жинақталып сақталған төлемдер және несиелік қарыз түрінде болуы мүмкін:

а) сақталған төлемдер – жинақтар – үнемі жаңартылып отыратын қысқамерзімді міндеттемелер; баланста олар есептелген, бірақ әлі төленбеген жалақы мен салықтарды төлеу бойынша жиналып қалған қарыз ретінде көрсетіледі.

б) несиелік қарыз немесе (коммерциялық қарыз) – несиеге сату нәтижесінде пайда болған фирмааралық қарыз, оны сатушы - дебиторлық қарыз ретінде, ал сатып алушы – несиелік қарыз ретінде тіркейді.

Егер компанияның несиелік қарызы оның дебиторлық қарызынан асып түссе (әдетте шағын компанияларда), фирма таза коммерциялық несие алады деп саналады, ал дебиторлық қарыз несиелік қарыздан асып түссе, ол таза коммерциялық қарыз береді (әдетте ірілеу компаниялар).

Сауда (немесе коммерциялық несие) – ол жоспарланбаған қаржыландырудың көзі, қарапайым іскерлік қатынастардың нәтижесінде алынады. Сатып алулар көлемін көбейте отыра, төлем мерзімін ұзартып оларды басқаруға болады. Сауда несиесі екі бөлікке бөлінуі мүмкін:

1) ақысыз сауда несиесі - жеңілдік мерзім бойы алуға болатын коммерциялық несиенің бөлігі.

2) ақылы (қымбат тұратын) сауда несиесі - ақысыз несиеден асып түскен сомасына тең коммерциялық несиенің бөлігі. Қымбат тұратын несиенің бағасы жеңілдіктен бас тарту баға болып табылады.

Ақысыз несие мен қымбат тұратын несиенің ара қатысы «қарыз шарттарымен» анықталады. Мысалы, несие «2/10, брутто 30» шарттарында беріледі. Бұл несие 30 күнге берілетінін, бірақ алғашқы 10 күнде жабылса (төленсе), борышкер несиенің белгіленген бағасынан 2% мөлшерінде жеңілдік алады.

Қаржы менеджерлері барлық ақысыз коммерциялық несиені пайдалануы керек, ал қымбат тұратын коммерциялық несиені – қысқамерзімді міндеттемелердің басқа түрлерінен арзандау болған жағдайда ғана.
Коммерциялық несиелеудің дәстүрлі түрлеріне жататындар:


  • тауардың төлеміне пайдаланатын вексельдер (міндеттеме қағазы);

  • сатып алушының аванстары – алдын – ала төлемінің ерекше түрі ретінде;

  • банкте ашылған шот.

Коммерциялық несиелеудің ең кең таралған және болашағы бар түрлерінің бірі – қарапайым және аудару вексельдерін пайдалану.

(14.5) формула жылдық пайызда көрсетілген жеңілдіктен бас тарту бағасын анықтау үшін пайдаланады.


жеңілдік пайызы х ___________360_________

100 %пайызды жеңілдіктер несиені беру - жеңілдіктердің әрекетте болу мерзімі

(14.5)

Бірінші формуланың алымы несиенің әр теңгесінің бағасын көрсетеді; көбейткіш – жеңілдіктен бас тартып алуға болатын сомасын көрсетеді. Сонымен, бірінші формула тауар несиесінің кезеңдегі бағасы болып келеді. Екінші формула жыл бойы осы кезеңнің неше рет қайталанатынын көрсетеді. Өткізудің әр түрлі жағдайлары сауда несиенің немесе жеңілдіктен бас тарту бағасына ықпал жасайды. Жеңілдіктен бас тарту бағасы өте қомақты болуы мүмкін. Фирманың жеңілдікті пайдалану немесе пайдаланбау жөніндегі шешімі оның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін.



14.6. Қысқамерзімде банктік несиелер. Банкті таңдау.
Қысқамерзімді банктік несиелер маңыздылығы бойынша қысқамерзімді қаржыландырудың саудалық несиеден кейінгі екінші болып келеді.Фирманың қызметіне банктердің әсері маңызды болуы мүмкін, себебі банктік несиелер жай пайда болмайды. Егер фирманың қаржылық қажеттіліктері өсіп кетсе, ол банктен қосымша несие сұрайды. Банк теріс жауап берген жағдайда фирма пайда түсетін мәмілелерден бас тартуға мәжбүр болады.

Банктік несиенің негізгі сипаттамалары:



1. Жабу мерзімдері. Банктер ұзақмерзімді несиелерді берсе де, қысқамерзімді несиелерді ұнатады. Несиелердің 2/3 жабу мерзімдері бір жыл не одан да аз. Ең кең таралғаны - несиені 90 күнге беру (оларды ұзарту мүмкіндігімен).

2. Несие шарты. Ол келісімде несиенің сомасы, пайыз мөлшерлемесі, қайтару шарттары, несиенің қамтамасыз етілуі және т.б. шарттар жазылады. Шартқа қол қойылғаннан кейін, банк несие алушының ағымдағы шотына қажет соманы аударады.

3. Компенсациялық (орнын толтыру қалдығы) - несиені беру барысында банктер несие алушыға ағымдағы шотына несиенің көрсетілген сомасының 10-20% ұстауын талап етеді. Шоттағы қаражаттардың бұл қалдығы компенсациялық деп аталады.

4. Несие желісі – осы клиентке банк бере алатын несиенің ең жоғарғы шамасын анықтайтын банк пен қарыз алушы арасындағы заңды қалыптасқан тәртіпте немесе басқа түрдегі келісім. Әлеуетті қарыз алушы банктер арасында айтарлықтай айырмашылықтарды білуге тиісті.

Олардың ішінде негізгілері:



1. Өзіне тәуекелді алу даярлығы. Тәуекелге қатысты банктер әр түрлі саясатты ұстанады. Кейбір банктер несиені берудің (керітартпа) консервативтік саясатын таңдайды, екіншілері - керісінше. Таңдалған саясат жөнінде банктің депозиттік міндеттемелері сипаты мен қызметкерлер штаты айғақ болады. Сонымен, құбылмалы депозиттік міндеттемелері мен тұрақты штаты бар банк консервативтік (керітартпа) саясатына жақын. Ал депозиттік міндеттемелері аз ғана үзілістермен көбейіп жатқан банк «ымырашыл» саясатты ұстанады. Қызметі өңірлер немесе салалар бойынша кең әртараптанған банк тәуекел мен пайдасын түзетіп орташаландырады.

2. Консультациялық (кеңес беру) қызметтері. Кейбір банктерде инвестициялық несиелерді беру бойынша арнайы бөлімдері бар. Осындай бөлімдердің қызметкерлер құрамы әр түрлі кеңес беру қызметтерін ұсынады.

3. Клиенттерге қатысты түзу ниеттілік (жылы шырайлы көзқарас).

Банктерде өз клиенттеріне көзқарастары әр түрлі. Бұл көзқарас банктердің түзу ниеттілік деңгейін сипаттайды. Бір жағдайда банк қарыз алушыға қысым жасайды, екінші жағдайда банк оны қолдап, мәселелерін шешуге көмектеседі.



4. Банктің мамандануы. Ірі банктерде несиелердің әр түрлері бойынша маманданған бірнеше бөлімдері бар (ипотекалық, несиелеу, мүлік кепілдігіне берілетін несие, жалақы несиелері және т.б.).

5. Несиенің ең үлкен көлемі. Банктің көлемі маңызды фактордың бірі болып саналады.

6. Қосымша қызмет көрсетулер. Банктер ақша қаражаттарын басқару бойынша қызмет көрсетеді: төлемдерді электрондық аудару жүйесіне қосу, шетел валютасын сатып алуға көмек көрсету. Әр қарыз алушыда банктік несиені алуға шығындар әр түрлі. Несие мөлшерлемесі әдетте тәуекелі жоғары несие алушыда жоғарылау және де ұсақ займдар үшін. Соңғы жағдай несиені беру мен қызмет көрсету бойынша үнемі шығындардың бар болуымен ұйғарылған. Егер фирма (өзінің көлемі немесе қаржылық жағдайы себебінен) тәуекелі аз қарыз алушы беделіне ие болса, оған банктік несиелердің ең аз мөлшерлемесі бойынша қарыз берілуі мүмкін. Банктік мөлшерлемелер мемлекеттің саясаты мен экономикалық ахуалына байланысты уақыт өзгерген сайын тұрақсызданады.

Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар.

1. Активтердің құрылымы мен кәсіпорынның міндеттемелері қандай?

2. Айналым құралдарын қаржыландырудың сыртқы көздерінде қажеттілікті қалай анықтайды?

3. Айналым құралдарының көлемі мен қаржыландыру саласында стратегияны әзірлеу барысында қандай амалдар пайдаланады?

4. Қысқамерзімді қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

5. Қысқамерзімді қаржыландыру көздерін атап айтыңыз.

6. Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшін несиелік қарызды сипаттаңыз (саудалық несие).

7. Өндірісті қаржыландыру үшін банктік несиені тарту шарттарын атап айтыңыз.

8. Банктік несиенің бағасын анықтау әдістемесі қандай?

9. Несие алушының банкті таңдау өлшемдерін атап айтыңыз.

10. Қысқамерзімді несиені қаамтамасыз етудің қандай түрлерін білесіз?


15 ТАҚЫРЫП. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ.
15.1. Ақша қаражаттарын басқару мақсаттары;

15.2. Ақша қаражаттар бюджеті;

15.3. Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау;

15.4. Ақша қаражаттарын басқару әдістері.

15.5. Бағалы қағаздарын басқару.

15.1. Ақша қаражаттарын басқару мақсаттары.
Ақша қаражаттары (cash) – қолма-қол және аударым түрінде шоғырланған (жинақталған) ақша – кәсіпорынның кассасында, банктің есепшотында, бағалы қағаздарда және т.б., олар өтімділіктің ең жоғары деңгейіне ие. Қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ақша қаражаттары «қолма-қол ақша» деп аталады. Халықаралық практикада ақша құралдарының құрамына тез өтетін бағалы қағаздар сияқты ақша баламалары кіреді.

Ақша қаражаттарының бар болуы келесіні қамтамасыз етеді:

- кәсіпорынның әрі қарай дамуының мүмкіндіктері мен бағыттарын;

- кәсіпорынның сенімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін.

Алынған табыс сомасының түскен ақша қаражаттарының шамасынан айырмашылығы келесіде:

- пайда есептегі ақшалай және ақшалай емес табыстарды көрсетеді;

- пайда мәміле жасағаннан кейін есептеледі;

- пайданы есептеу барысындағы шығындар өнімді өткізгеннен кейін есепке алынады;

- ақша қаражаттарының көптеген ағындары пайданы есептеу барысында көрсетілмейді.

Сондықтан ақша қаражаттарының шамасын зерделеумен бірге олардың қозғалысы мен көздерін де зерделеу қажет. Ол үшін қаржылық есептіліктің міндетті түрі – ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есебі енгізілген. Бұл есептің негізінде:

- кәсіпорынның ағымдағы төлемқабілеттілігі жөнінде қорытындылар жасалады;

- ақша қаражаттарды басқару бойынша жедел шешімдер қабылданады;

- қаржылық нәтижелер мен ақша қаражаттарының өзгерістері арасындағы сәйкессіздіктер түсіндіріледі.

Ақша қаражаттарының ағыны (cash flow) – олардың пайда болу көздерінен тәуелсіз қаржы ресурстарының түсімі мен шығындарының бірлігі (шығындарды алып тастағанда ақша қаражаттарының түсім сомасы). Ақша ағындарын талдаудың негізгі міндеті – ақша қаражаттар жеткіліксіздігінің (молдығының, артығының) себептерін табу, олардың түсімдер көздерін және пайдалану бағыттарын анықтау. Ақша қаражаттар ағындарын зерттеу келесілердің талдауын өткізуге мүмкіндік береді:



  • өтімділігі мен банкроттық қаупін;

  • капитал салымдарын қаржыландыру тиімділігін;

- фирманың өндірістік және қаржылық тәуекелін және оның бағалы қағаздарының инвестициялық сипаттарын.

Ақша қаражаттарының түсімі дивидендтерді төлеу негізі ретінде инвесторларға керек, ал несие берушілерге – қарыздардың қайтаруын қамтамасыз етуі ретінде. Ақша қаражаттарын басқару мақсаты: фирманың (компанияның) дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды жеткілікті деңгейде ұстап тұру. Ақша қаражаттарын басқару саясаты тұрақты төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету және сақтау үдерісінде тиімді пайдалану мақсатында олардың қалдығының жиынтық мөлшерін оңтайландыруда тұрады.



жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау