Договор № нб



жүктеу 157 Kb.
Дата08.01.2020
өлшемі157 Kb.
#26073

Сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруға

2 қосымша



"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару" бағдарламалық өнім базасындағы кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдау қызметін сатып алу туралы
2019 жылғы «___»________ ОД/_________ № ___________ ШАРТ

(ОД тіркелген күні) (ОД нөмірі) / (Жеткізуші нөмірі)


Алматы қ. 2019 жылғы «____» ____________

(қол қою/Жеткізушіні тіркеу күні)


"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы, бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталады, Жарғы негізінде әрекет ететін Президент Б.Х. Капышев арқылы бірінші жақтан және Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес болып табылатын _______________________________, бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталады, ________________________ негізінде әрекет ететін ______________________ арқылы екінші жақтан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) _______ тармағына және __________________ (хаттамаға немесе шартты жасауға өзге негіздемені көрсету) сәйкес төмендегілер туралы "1С: Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару" бағдарламалық өнім базасындағы кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдау қызметін сатып алу жөніндегі осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ МЕН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

1.1. Жеткізуші Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес, Шартта қарастырылған бағаға, мерзім мен талапқа сәйкес "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару" бағдарламалық өнім базасындағы кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдау қызметін (бұдан әрі - Қызмет) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті тиісті ретпен қабылдауға және Шарттың талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.




  1. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ (БАҒАСЫ) ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

2.1. Шарттың жалпы сомасы (бұдан әрі - Шарттың жалпы сомасы) Тапсырыс беруші Жеткізушіге Шартқа № 2 қосымшада көзделген және Тараптардың жауапты тұлғалары Көрсетілген қызмет актісіне қол қойған (бұдан әрі – Акті) бағаға сәйкес Тапсырыс берушінің жазбаша сұратуы бойынша нақты көрсетілген Қызмет үшін төлеген жалпы ақша сомасын құрайды. Бұл ретте Шарттың жалпы сомасы ҚҚС-ті есептегенде/ҚҚС-ті есептемегенде, ________________ (________________) теңгеден аспайды. Жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылады/табылмайды.

2.2. Тапсырыс беруші Жеткізушіден орындалған жұмыс туралы есепті алғаннан және Тараптардың жауапты тұлғалары Актіге қол қойғаннан кейін Жеткізушіден Шартқа № 2 қосымшада көзделген бағаға сәйкес төлем шотын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару жолымен Тапсырыс берушінің тиісті жазбаша сұратуы бойынша Жеткізуші тиісті ретпен көрсеткен Қызмет құнын төлейді. 2.3. Жеткізушінің төлемге қажетті құжаттарды уақытында тапсырмауы Тапсырыс берушіні уақытында төлем жасау жауапкершілігінен босатпайды.

2.4. Барлық салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес төленеді.

2.5. Шарттың жалпы сомасына сақтандыруды, салықты, бажды және өзге төлемдерді қоса алғанда, Қызметті көрсетуге байланысты барлық тәуекелдер мен шығындар кіреді.



3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

1) Шарт талаптарына сәйкес Актінің негізінде тиісті сапада көрсетілген Қызметті қабылдауға;

2) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген Қызмет үшін уақытында және толық мөлшерде төлем жүргізуге.

3.2. Тапсырыс беруші құқылы:

1) Жеткізушіден Шартта белгіленген мерзімде және толық көлемде Қызметті тиісті көрсетуді талап етуге;

2) Шартта белгіленген тәртіп пен жағдайда кез келген кезеңде Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға;

3) Қызметті көрсету барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті жауапты тұлғаны тағайындауға;

4) Шарттың талабына сәйкес Жеткізушіге төлеуге жататын сомадан Шарттың 5-бөліміне сәйкес есептелген өсімпұл (тұрақсыздық айыбы, айыппұл) сомасын ұстауға;

5) Резидент болып табылмайтын Жеткізуші резидент емес-Жеткізушінің резиденттігін растайтын сертификатты тапсырмаған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеу үшін Шарт талабына сәйкес Жеткізушіге төлеуге жататын сомадан 20 % (жиырма процент) ұстауға;

6) көрсетілген Қызметте кемшіліктер, ескертеплер, сәйкессіздіктер, қателер (бұдан әрі - ақаулықтар) анықталған жағдайда, Жеткізушіден оларды Шартта белгіленген мерзімде жоюды талап етуге немесе Жеткізушіге негізді жазбаша бас тартуды жолдай отырып, Актіге қол қоймауға және төлемнен ішінара немесе толықтай бас тартуға;

7) Қызметті тиісті көрсетпеген жағдайда, Жеткізуші келтірген залалды өтеуді талап етуге.



3.3. Жеткізуші міндеттенеді:

1) Қызметті толық көлемде, Шартта көзделген мерзімде және талаптарда көрсетуге;

2) Қызметті Шартқа № 1 қосымшада көзделген талаптарға сәйкес қажетті дағдылары, біліктілігі мен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандардың көрсетуін қамтамасыз етуге;

3) Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына байланысты бір жақты тәртіппен Тапсырыс берушінің талабы бойынша Шарт бұзылған жағдайда, Шарт бойынша алған соманы қайтаруға және Шарттың 5-бөлімінде белгіленген көлемде тұрақсыздық айыбын төлеуге;

4) егер Шартты орындау кезеңінде Жеткізуші кез келген сәтте Шартты уақтылы орындауға кедергі келтіретін жағдайлармен кездессе, Жеткізуші жедел Тапсырыс берушіге кешігу фактісі, оның болжамдық ұзақтығы және себебі (себептері) туралы жазбаша хабарламаны жібереді;

5) Тапсырыс беруші Қызметтегі ақаулықты анықтаған жағдайда, оларды Тапсырыс берушіден тиісті талап алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде немесе Тараптармен келісілген, алайда 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоюға;

6) Тапсырыс берушіге уақытында тиісті ретпен ресімделген Актілерді, төлем шотын және шот-фактураларды беруге;

7) Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін кімде-кімге толық не ішінара бермеуге;

8) Қызмет көрсету бойынша қызметтерді үйлестіру үшін байланыс жасайтын тұлғаны анықтауға;

9) егер Жеткізуші резидент емес болып табылса, Шарт күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге резидент емес-Жеткізушінің резиденттігін растайтын тиісті ретпен ресімделген құжатты тапсыруға;

10) Шарт бойынша өзінің басқа міндеттемелерін орындауға.

3.4. Жеткізуші Шарттың талабына сәйкес көрсетілген Қызмет үшін төлем алуға құқылы.
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ

4.1. Жеткізуші Қызметті Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша Шарт күшіне енген күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін көрсетеді.

4.2. Қызметті олардың сапасына шағым болмаған кезде Тапсырыс берушінің әрбір жазбаша сұратуы бойынша қабылдау-беру Тараптардың тиісті айда Қызмет көрсеткеннен кейін тиісінше айға Актіге қол қоюы арқылы ай сайын жүзеге асырылады. Актінің бір данасы Тапсырыс берушіде, ал екіншісі Жеткізушіде болады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

5.2. Тосын жағдайды қоспағанда, Қызметті көрсету мерзімі Жеткізушінің кінәсінен бұзылған немесе Жеткізушінің кінәсінен Қызметті көрсетуде үзілістер туындаған не Қызметтегі ақауларды жою мерзімі бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Шарт аясында өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Жеткізушіден өндіруге құқылы, ал Жеткізуші Тапсырыс берушіге Қызмет көрсету күнін/Қызметтегі ақаулықтарды жою күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір процент), алайда Шарттың жалпы сомасынан 5% (бес процент) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.

5.3. Тосын жағдайды қоспағанда, Шарт бойынша төлем мерзімі бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіге төлем күнін қоса алғанда, әрбір кешіктірілген операциялық күн үшін төлеуге жататын сомадан 0,1% (нөл бүтін оннан бір процент), алайда Шарттың жалпы сомасынан 5% (бес процент) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлейді.

5.4. Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау себебінен Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен бұзылған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 10% (он процент) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді.

5.5. Құпия ақпаратты таратқан жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 10% (он процент) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді.

5.6. Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушінің келісімінсіз төлемді жүзеге асыру кезінде өздігінен тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын ұстауға құқылы.

5.7. Тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.


6. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

6.1. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз Шарттың мәнін немесе Тапсырыс беруші немесе Жеткізуші Шартты орындау үшін тартқан қызметкерді қоспағанда, оның атынан басқа тұлғалар берген қандай-да бір оның ережелерін, сондай-ақ техникалық құжаттамаларды, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпараттарды ашпайды. Көзделген ақпараттар тартылған қызметкерлерге бұл шарттық міндеттемелерді орындауға қаншалықты қажет болса, сол деңгейдегі құпиялылықта беріледі.

6.2. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз қандай-да бір жоғарыда тізбеленген құжаттарды немесе ақпараттарды Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбайды.

6.3. Құпия ақпаратты жариялаған жағдайда, Тараптар Шарттың 5-бөліміне сәйкес жауапкершілік көтереді.


7. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ (форс-мАжор)

7.1. Тараптар алдын ала болжауға дәрменсіз және Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына тікелей ықпал еткен еңсерілмейтін күш жағдайлары: су тасқыны, жер сілкінісі және өзге табиғат апаттары, экологиялық апаттар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық соғыс, халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе көтерілістер, Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілерінің қабылдануының салдарынан Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күштің ықпалына ұшыраған Тараптың міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлардың орын алу кезеңіне ұзартылады.

7.2. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың 7.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтағаны туралы оның себептерін көрсетіп хабарлайды, сондай-ақ тиісінше уәкілетті органның растайтын құжатын ұсынады. Жалпыға мәлім болып табылатын фактілер растауды талап етпейді.

7.3. Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Жеткізуші бұл қаншалықты орынды болса, Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және көзделген міндеттемелерге байланысты емес Шартты орындаудың балама әдістерін іздейді.


8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ШАРТТАРЫ

8.1. Тапсырыс беруші мен Жеткізуші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындаған барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөз жолымен шешу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайды.

8.2. Егер Тараптар келісімге келмесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

8.3. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және даулар туындаған жағдайда, олар Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралады.


9. ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ШАРТЫ

9.1.Шартқа барлық өзгерістер Тараптардың Шартта көзделген орналасқан жерінің және (немесе) деректемелерінің өзгерген жағдайын қоспағанда, жазбаша түрде ресімделеді және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды, олар туралы Тараптар бір-біріне тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.

9.2. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді, оған Тараптар қол қояды және Тараптың мөрімен (болған кезде) бекітіледі.

9.3. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда Шартты бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы:

1) Тапсырыс беруші Қағиданың 14-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартқан жағдайда;

2) Жеткізуші тапсырған мәліметтерден анық емес ақпарат анықталған жағдайда;

3) Тапсырыс беруші Жеткізушіге Қағидада қарастырылмаған көмек көрсеткенде;

4) сатып алуды өткізу кезінде сатып алу қорытындысына әсер ететін Қағидада және/немесе сатып алу талабында бұзушылықтар анықталғанда;

5) егер Жеткізуші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, сондай-ақ тиісті сот процесіне тартылса. Бұл жағдайда бұзу кешіктірмей жүзеге асырылады және Тапсырыс беруші Жеткізуге қатысты ешқандай қаржылық жауапкершілік көтермейді;

6) Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда. Бұл ретте Жеткізуші Шарттың 6-бөліміне сәйкес жауапкершілік көтереді;

7) өзге жағдайларда.

9.4. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, оны бұзуға бастамашы болған Тарап басқа Тарапқа Шартты бұзудың болжанған күніне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді, оның аяқталуы бойынша Шарт бұзылды деп саналады. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетілуі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шартты бұзу күні келісілуі тиіс. Шарт бұзылған жағдайда, Жеткізуші Шартты бұзған күні растаушы құжаттар негізінде нақты көрсетілген Қызмет үшін ғана төлем талап етуге құқылы.

9.5. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Тараптар Шарт бұзылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Шартты бұзу күнінің алдындағы күні іс жүзінде көрсетілген Қызмет үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді.
10. ШАРТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНУ ТАЛАПТАРЫ

10.1. Шарт оған Тапсырыс беруші мен Жеткізуші қол қойған күннен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін, ал Тараптар арасындағы өзара есеп айырысуға қатысты – оларды толық орындағанға дейін қолданылады.


11. ШАРТТЫҢ ТІЛІ МЕН ӨЗГЕ ТАЛАПТАР

11.1. Шарт екі заңдық күші бірдей әрбір данасы мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

11.2. Шарт Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заңына сәйкес жасалды.

11.3. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Қызметті үздіксіз, сапалы және уақытында көрсетуге кепілдік береді.

11.4. Шартқа қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

11.5. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мұрагеріне көшеді.

11.6. Тараптар осы арқылы осы Шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғалардың дербес деректерін оларды жинау және өндеу мақсатында берудің, сондай-ақ оларды трансшекаралық берудің заңдылығын растайды.

12. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ


Жеткізуші

Лауазымы
_______________ Басшының аты-жөні

М.О.

Тапсырыс беруші

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Самал-1 ы/а, 28

БСН 970740000154

БСК HSBKKZKX

ЖСК KZ706010131000043597

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ

Тел.: +7 (727) 262 08 46


Президент
________________Б.Х. Капышев

М.О.







ОД/ _______ № ____ Шартқа

(ОД нөмірі) (Жеткізушінің нөмірі)



2019 жылғы «_______» _________

(ОД тіркеу күні)



2019 жылғы «______» ____________

(Жеткізушінің қол қойған/тіркеген күні)

1 ҚОСЫМША
"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару" бағдарламалық өнім базасындағы кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдау қызметінің техникалық ерекшелігі
1. 1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару" бағдарламалық өнім базасындағы кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдау қызметінің (бұдан әрі – Қызметтер) және оның құрамдас бөліктерінің сипаттамасы.

Қызмет мыналарды қамтиды:

1) бір күнтізбелік жылдан кем емес мерзімде өндіруші шығаратын "1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорындарды басқару" бағдарламалық өнімін стандарттық жаңартуға жазылымды ұйымдастыру;

2) тапсырыс беруші өкілдеріне телефон және электронды пошта бойынша деректер базасын талдаусыз БҚ-ны дұрыс пайдалану жөнінде консультация беру;

3) өндіруші ("1С" фирмасы) жеткізуші қызметкерлерінің Алматы қаласының шегінде тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша шығуы және шықпауы бойынша шығаратын БҚ-ны стандартты жаңартуды орнату;

4) тапсырыс берушіге БҚ-ны тапсырыс берушіден жазбаша түрде Алматы қаласының шегінде тиісті сұрату болған кезде жаңғырту аясындағы жеткізуді жүзеге асыру;

5) қолда бар БҚ функционалын өзгерту және жеткізуші қызметкерлерінің тапсырыс берушінің Алматы қаласының шегінде орналасқан жеріне шығуы және шықпауы арқылы оның жаңа функционалын жетілдіру;

6) жеткізуші мамандарының тапсырыс берушінің Алматы қаласының шегінде орналасқан жеріне шығуы және шықпауы арқылы БҚ-ның қалыпты жағдайын және жұмыс істеуін диагностикалау және қалпына келтіру.

2. Қызмет көрсету мерзімі.




Қызмет түрінің атауы

Қызмет түрін көрсету мерзімі

1

Өндіруші шығаратын БҚ-ға стандарттық жаңартуларға кемінде бір күнтізбелік жыл мерзіміне жазылуды ұйымдастыру.

Сатып алулар туралы шарт күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

2

Тапсырыс беруші өкілдеріне телефон және электронды почта бойынша БҚ-ны дұрыс пайдалану жөнінде консультация беру.

Аталған Қызметтер, егер жеткізуші консультантына бизнес процесс пен Тапсырыс беруші БҚ деректер базасын талдау талап етілмесе, тегін көрсетіледі; бұл ретте тапсырыс беруші пайдаланушыларынан түсетін бір қоңыраудың ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.



Жеткізуші тапсырыс беруші өкілі қол қойған жазбаша сұратуды алған сәттен бастап 24 жұмыс сағатынан кешікпейтін мерзімде немесе осы Техникалық ерекшеліктің 3-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес, алайда 24 жұмыс сағатынан кешіктірмей.


3

Өндіруші ("1С" фирмасы) шығаратын БҚ-ны стандарттық жаңартуды орнату.

тараптармен жазбаша келісілген мерзімде.

4

Тапсырыс берушіге БҚ-ны Тапсырыс берушіден жазбаша түрде тиісті сұрату болған кезде жаңғырту аясында жеткізу.

тараптармен жазбаша келісілген мерзімде.

5

Қолда бар БҚ функционалын өзгерту және жаңасын әзірлеу.

тараптармен жазбаша келісілген мерзімде.

6

БҚ-ның қалыпты жағдайы мен жұмыс істеуін диагностикалау және қалпына келтіру.


Әсер ету уақыты: 1 басымдық – жұмыс күндері 8 жұмыс сағаты ішінде.

Әсер ету уақыты: 2 басымдық – жұмыс күндері 16 жұмыс сағаты ішінде.

Әсер ету уақыты: 3 басымдық – жұмыс күндері 48 жұмыс сағаты ішінде.

Әсер ету уақыты: 4 басымдық – жұмыс күндері 72 жұмыс сағаты ішінде.

3. Қызметтер көрсету бойынша тапсырыс беруші сұратуларын топтастыру

Тапсырыс берушінің пайдаланушылары сұратуларының басымдығын сұратуды жеткізуші өтінімдерінің журналына тіркеген кезде тапсырыс берушінің жауапты өкілі белгілейді. Сұратуды қабылдаған кезде басымдықты Тапсырыс беруші келіскен жағдайда, жеткізішінің жауапты өкілі өзгертуі мүмкін. Сұрату басымдығына тапсырыс беруші пайдаланушысының сұратуында сипатталған сындарлық (ағымдық кезеңдегі проблемалар) түсініледі. Сөйтіп, проблеманы уақытша шешуді ұсынғаннан немесе оның сындарлығын төмендету бойынша басқа шараларды қабылдағаннан кейін 1 Басымдық немесе 2 Басымдық бар сұрату пайда болған жағдайда, Басымдық 3 Басымдыққа немесе 4 Басымдыққа өзгеруі мүмкін. Басымдық деңгейінің өзгеруі тараптардың келісімі бойынша оның түсуі бойынша сұратуға жауап қайтаруға белгіленген мерзімде және бұдан әрі сұрату топтамасын белгілейтін төмендегі кестеге сәйкес БҚ ақаулықтарының сындарлығын төмендету шарасы бойынша жүргізіледі:




Басымдық

Маңызы

Сипаттамасы

Мысал

Сұратуға жеткізушінің жауап беру мерзімі

1 Басымдық

Сындарлы

БҚ жұмысының сындарлы тоқтап қалуы, ол жалпы БҚ жұмысының тоқтауына алып келеді немесе тапсырыс беруші бизнес-процесінің белгілі негізгі бөлімін тоқтатады.


БҚ жұмысының – тапсырыс берушінің бір немесе бірнеше бизнес-процесінің тоқтап қалуы болған.


Жұмыс уақытында телефон бойынша сұратуды алған сәттен бастап 8 жұмыс сағат ішінде. Тапсырыс берушінің жауапты өкілі қол қойған жазбаша сұрату 1 сағат ішінде факс бойынша қайталанады. Сондай-ақ тапсырыс берушінің жауапты өкілі қол қойған жазбаша сұратудың сканерленген көшірмесі электронды почтамен жіберілуі мүмкін. Міндеттерді орындау мерзімі оның күрделілігі мен тапсырыс беруші белгілеген Басымдыққа байланысты.

2 Басымдық

Жоғары

БҚ-ның бар мүмкіндіктерін, қауіпсіздік деңгейін немесе БҚ жұмысының тұрақтылығын төмендетуге алып келетін елеулі ақаулықтар.


БҚ-ның бар мүмкіндіктерін шектейтін елеулі проблемалар немесе тапсырыс берушінің негізгі бизнес-процесі жұмысының тоқтап қалуына алып келетін қауіптің болуы.


Жұмыс уақытында факс бойынша тапсырыс берушіден тапсырыс беруші өкілі қол қойған жазбаша сұратуды алған сәттен бастап 16 жұмыс сағат ішінде. Сондай-ақ қол қойылған өтінімнің сканерленген көшірмесі электронды поштамен жіберілуі мүмкін. Міндеттерді орындау мерзімі оның күрделілігі мен тапсырыс беруші белгілеген Басымдыққа байланысты.

3 Басымдық

Орта

Жүйенің бар мүмкіндіктерін шектейтін және тапсырыс берушінің негізгі бизнес-процесінің жұмысына әсер етпейтін елеулі емес ақаулықтар.

БҚ-ның жұмыс қабілетіне елеулі әсер көрсетпейтін сындарлы емес проблемалар.


Жұмыс уақытында факс бойынша тапсырыс берушіден тапсырыс беруші өкілі қол қойған жазбаша сұратуды алған сәттен бастап 48 жұмыс сағат ішінде. Сондай-ақ қол қойылған өтінімнің сканерленген көшірмесі электронды поштамен жіберілуі мүмкін. Міндеттерді орындау мерзімі оның күрделілігі мен тапсырыс беруші белгілеген Басымдыққа байланысты.

4 Басымдық

Төмен

Барлық қалғаны

Қосымша құжаттаманы беруге, БҚ технологиялық платформасын жаңартуды орнатуға, оңтайландыру бойынша реттелген рәсімдерді жүргізуге арналған сауалдар.

Жұмыс уақытында факс бойынша тапсырыс берушіден тапсырыс беруші өкілі қол қойған жазбаша сұратуды алған сәттен бастап 72 жұмыс сағат ішінде. Сондай-ақ қол қойылған өтінімнің сканерленген көшірмесі электронды поштамен жіберілуі мүмкін. Міндеттерді орындау мерзімі оның күрделілігі мен тапсырыс беруші белгілеген Басымдыққа байланысты.

4. Кепілдік мерзімі

Жеткізуші тапсырыс берушіге көрсететін қызметтер сапасына кепілдік мерзімі тапсырыс беруші мен жеткізушінің уәкілетті өкілдері көрсетілген қызметтерді қабылдау-берудің қорытынды актісіне қол қойған күннен бастап 1 (бір) күнтізбелік жылды құрауы тиіс.

Қызметтер сапасына кепілдіктің қолданылу мерзімінің ішінде жеткізуші көрсетілген Қызметтердегі анықталған кемшіліктерді тапсырыс берушіден жазбаша хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе тараптармен келісілген мерзімде жоюға (Қызметтер сапасына арналған кепілдіктің бүкіл мерзімінің бойында өзінің есебінен) міндеттенеді.


5. Қызмет көрсету сапасы.

Қызметті:

1) төмендегідей бағыттар бойынша "1С" фирмасы мақұлдаған сертификаттаудың арнайы орталықтарында "1С:Профессионалда" аттестациядан өткен Жеткізушінің кемінде төрт маманы:

1-1) Қазақстан үшін шектелген шешімдер бойынша:

- 1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия;

- 1С: Қазақстанға арналған Жалақы және Қызметкерлерді Басқару 8;

- 1С: Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару;

2) төмендегідей бағыттар бойынша "1С" фирмасы мақұлдаған сертификаттаудың арнайы орталықтарында "1С:Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді конфигурациялау жөніндегі маманды" аттестациядан өткен Жеткізушінің кемінде екі маманы:



  1. қолданбалы шешімдерді "1С: Кәсіпорын 8,2" бағдарламасы жүйесінің технологиялық платформасында әзірлеу және түрлендіру бойынша;

  2. бухгалтерлік шағын жүйелерді "1С:Қазақстан үшін Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдерде конфигурациялау және енгізу бойынша;

  3. жалақыны есептеудің және қызметкерлерді басқарудың шағын жүйесін "1С:Қазақстан үшін Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдерінде конфигурациялау және енгізу бойынша;

3) төмендегідей бағыттар бойынша "1С" фирмасы мақұлдаған сертификаттаудың арнайы орталықтарында "1С:Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша маман-консультантта" аттестациядан өткен Жеткізушінің кемінде екі маманы:



  1. "1С:Қазақстан үшін Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімді енгізу бойынша;

  2. жалақыны есептеудің және қызметкерлерді басқарудың шағын жүйесін "1С:Қазақстан үшін Кәсіпорын 8" қолданбалы шешімдерінде конфигурациялау және енгізу бойынша көрсетуі тиіс.

Жеткізуші жоғарыда көзделген аттестациядан өткен жоғарыда аталған сандағы мамандардың болуын растау үшін Жеткізушінің мөрімен бекітілген (болған кезде) әрбір маманның жоғарыда аталған бағыттар бойынша тиісті аттестациядан өткендігі туралы сертификаттардың көшірмесін беруі тиіс.





Жеткізушіден:

Лауазымы
_______________ Басшының аты-жөні

М.О.

Тапсырыс берушіден:

Президент
_______________ Б.Х. Капышев

М.О.


ОД/ _______ № ____ Шартқа

(ОД нөмірі) (Жеткізушінің нөмірі)



2019 жылғы «_______» _________

(ОД тіркеу күні)



2019 жылғы «______» ____________

(Жеткізушінің қол қойған/тіркеген күні)

2 ҚОСЫМША
"1С:Кәсіпорын 8. Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару"

бағдарламалық өнім базасындағы кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдау қызметінің тарифтері


р/н

Қызметтің атауы

ҚҚС-ті есептегендегі/ҚҚС-ті есептемегендегі бағасы

1

Өндіруші шығаратын БҚ-ға стандарттық жаңартуларға кемінде бір күнтізбелік жыл мерзіміне жазылуды ұйымдастыру.

Бағаны Жеткізуші көрсетуі тиіс

2

Тапсырыс беруші өкілдеріне телефон және электронды почта бойынша БҚ-ны дұрыс пайдалану жөнінде консультация беру.

Аталған Қызметтер, егер жеткізуші консультантына бизнес процесс пен тапсырыс беруші БҚ деректер базасын талдау талап етілмесе, тегін көрсетіледі; бұл ретте Тапсырыс беруші пайдаланушыларынан түсетін бір қоңыраудың ұзақтығы 15 минуттан аспауы тиіс.



Бағаны Жеткізуші көрсетуі тиіс

3

Өндіруші ("1С" фирмасы) шығаратын БҚ-ны стандарттық жаңартуды орнату.

Бағаны Жеткізуші көрсетуі тиіс

4

Тапсырыс берушіге БҚ-ны Тапсырыс берушіден жазбаша түрде тиісті сұрату болған кезде жаңғырту аясында жеткізу.

Бағаны Жеткізуші көрсетуі тиіс

5

Қолда бар БҚ функционалын өзгерту және жаңасын әзірлеу.

Бағаны Жеткізуші көрсетуі тиіс

6

БҚ-ның қалыпты жағдайы мен жұмыс істеуін диагностикалау және қалпына келтіру.

Бағаны Жеткізуші көрсетуі тиіс



Жеткізушіден:

Лауазымы
_______________ Басшының аты-жөні

М.О.

Тапсырыс берушіден:

Президент
_______________ Б.Х. Капышев

М.О.

жүктеу 157 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау