Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2014 жылғы «___» _____________
№____ бұйрығымен бекітілген
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі
қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көліктік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген сәттен бастап портал арқылы:
1) лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) қайта ресімделген лицензияны беру – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Егер көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны бермесе, не лицензияны беруден дәлелді бас тартуды бермеген жағдайда лицензия оны беру мерзімінің өткенінен кейін берілді деп есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші лицензияны беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға тиісті лицензияны береді.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке лицензия, лицензияны қайта ресімдеу (бұдан әрі - лицензия) электрондық лицензия нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негізде дәлелді бас тарту болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға, лицензияны қайта ресімдеуге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
1) лицензияны беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы алты еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі алым мөлшерлеменің 10% -ын.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем екінші денгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) лицензияны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат – электрондық көшірме нысанында (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат – электрондық көшірме нысанында (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат – электрондық көшірме нысанында (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).
Жеке басты куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы – көрсетілетін қызметті алушының жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісім алады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салған жағдайларда негіз болады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12) мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта немесе электрондық түрде не қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.
Шағымның қабылдағанын растау нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.
Портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады (жеткендігі, тіркелгендігі, орындалуы туралы белгілер, қаралғандығы немесе қараудан бас тартуы туралы жауап).
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ ниеті бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы керек.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz, интернет-ресурсында - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтаманы қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414. не көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz, интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде алу мүмкіндігі бар.
_______________________
«Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметке
лицензия беру, қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
__________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)
ӨТIНIШ
____________________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
Мекенжайы: _______________________________________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________________________________
көше атауы, үйдің / ғимарат (станционарлық үй-жай) нөмірі
Электрондық пошта _______________________________________________
Байланыс телефоны/факс ___________________________________________
Банктік есеп шоты _________________________________________________
(банктік есеп шот нөмірі, атауы және орналасу орны)
Қызметті жүзеге асыру мекен жайы _________________________________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді
_____________________________________________________________________________________________
мекен, көше атауы, үйдің / ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
Құжаттардың (сканирленген) көшірмесі қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға
сотпен тыйым салынбағаны;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні
және нақты болып табылатыны расталады.
____________________________________________
|
________________
|
(Т.А.Ә.)
|
(қолы)
|
Мөр орны
(болған жағдайда)
|
Өтінішті беру күні 20 __ жылғы ___________
|
_____________________
«Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметке
лицензия беру, қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының теміржол көлігімен жүкті
тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы
мәліметтер нысаны
1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:
1) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік активтердің, оның ішінде:
вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;
техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;
ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;
вагон жөндеу депосы;
кірме жолдары;
тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;
бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны), олар мыналарды қамтиды:
жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;
өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының нөмірі және қол қойған күні _______________________________________________;
вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу деполары және шеберханаларымен шарттардың нөмірі және қол қойған күні _________________________________________;
тиеу/түсіру машиналары және жабдықтарының, бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат ____________________________________________________;
2) қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам мыналарды қамтиды:
жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе) лизинг шарттарының нөмірі және қол қойған күні ____________________________;
жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні _________________________;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білікті қызметкерлердің штаты, мыналарды қамтиды:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________;
лауазымы ____________________________________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні _________;
мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______________________________;
білімі бойынша мамандығы _________________________________;
арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні __________;
дипломды берген оқу орнының атауы____________________________;
4) өндірістік активтерді күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
өндірістік активтерді күзетуге арналған шарттың нөмірі және қол қойылған күні _____________________________________________________;
шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне берілген лицензияның нөмірі және күні ______________________________;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүкті күзетуге арналған шарты, ол мыналарды қамтиды:
өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған күні __________________________________________________________________;
мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне арналған лицензиясының нөмірі және берілген күні _____________________________;
6) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:
бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні _______ __________________________________________________________________.
_________________________
«Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау жөніндегі қызметке
лицензия беру, қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
__________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)
ӨТIНIШ
____________________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгеруіне;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгеруіне;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуына;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын.
Мекенжайы: _______________________________________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен,
_____________________________________________________________________________________________
көше атауы, үйдің / ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
Электрондық пошта _______________________________________________
Байланыс телефоны/факс ___________________________________________
Банктік есеп шоты _________________________________________________
(банктік есеп шот нөмірі, атауы және орналасу орны)
Қызметті жүзеге асыру мекен жайы _________________________________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді
_____________________________________________________________________________________________
мекен, көше атауы, үйдің / ғимарат (станционарлық үй-жай) нөмірі
Құжаттардың (сканирленген) көшірмесі қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша
кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға
сотпен тыйым салынбағаны;
барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні
және нақты болып табылатыны расталады.
____________________________________________
|
________________
|
(Т.А.Ә.)
|
(қолы)
|
Мөр орны
(болған жағдайда)
|
Өтінішті беру күні 20 __ жылғы ___________
|
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |