1 кесте - БЕС - 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс
Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп бо-луы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.
6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді.
Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік баға-сын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем бас-қаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.
7.Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ фактор-лардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйым-дастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржы-лық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономи-калық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.
Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көр-сеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсет-кіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сома-сын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шы-ғындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нә-тижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпо-рынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын та-быс немесе зиян (шығын) әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның кызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжі-рибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп карастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық бе-рілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтірі-леді. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс ба-тыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сон-дықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырыса-ды.
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде занды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтен-ше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиян-ды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.
Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмы-сының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі ту-ралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі мүмкін.
Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражатта-рының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру ны-сандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп беруде-гі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.
Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын ке-шенді түрде талдауға мүмкіндік береді.
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.
Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік си-патты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-ратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-тылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-тикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кә-сіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бө-лігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контра-генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорын-ның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондық-тан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-теуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсет-кіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек тарал-ған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке бапта-рының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыс-тарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылы-ғы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдау-дың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі олар-дың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табыл-майды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдер-ді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз бо-луы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің ше-телдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себе-бі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмай-ды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау ба-рысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржы-лық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирма-лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есе-бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда эко-номикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ эконо-микалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстыр-малы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегін-де жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсы-ныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі автор-лардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін тал-даудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қар-жылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
О.В.Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегін-де талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның кұрылымын баға-лаудан бастайды.
И.М.Лоханина мен 3.К.Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың са-пасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорын-ның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілетті-гіне тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кә-сіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпо-рынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақты-лықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қар-жылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бас-тапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А. Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көр-некті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінің қар-жылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзі-нің ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі ке-шенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылы-тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |