5 кесте - «РЗА» АҚ-ның қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер
Көрсеткіштер
|
2008 ж
|
2009 ж
|
Өзгеріс (+ ; -)
|
мың тг.
|
үлес салмағы, %
|
Сатудан түскен түсім
|
3058685
|
2487431
|
-571254
|
-18,7
|
Өзіндік құн
|
2710081
|
2350838
|
-359243
|
-13,3
|
Жалпы табыс
|
348604
|
136593
|
-212011
|
-60,8
|
Таза табыс (шығын)
|
196746
|
24000
|
-194346
|
-87,8
|
Ескерту - «РЗА» АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
|
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 18,7%-ға, яғни 571254 мың теңгеге кемігенін көреміз. Кәсіпорынның жалпы табысы 60,8%-ға немесе 212011 мың теңгеге азайған және де шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 194346 мың теңгеге азайған және ол 24000 мың теңгені құрады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шы-ғындардың өсуін білдіреді.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
2008ж Д= 0,393
2009ж Д=0,046
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кә-сіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсе-теді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді : Д= Д/ Т
Мұнда: Т- ағымдағы активтер.
Д- таза табыс.
Д- ағымдағы активтердің табыстылығы.
2008ж Д=0,41
2009ж Д= 0,05
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады: Д= Д/ С
Мұнда: Д- меншікті капиталдың табыстылығы;
Д- таза табыс;
С- меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табы-лады.
Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.
2008ж Д=0,393
2009ж Д=0,046
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсет-кіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кә-сіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді : Д = Д/ Т
Мұнда: Т- ұзақ мерзімді активтер;
Д- таза табыс;
Д- ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
2008ж Д=0,46
2009ж Д=0,04
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді: Д= Д/ З
Мұнда: Д- Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д- Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
2008ж Д=0,6
2009ж Д=0,04
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д= Д/ Д
Мұнда: Д- Сату көлемінің табыстылығы;
Д- Жалпы табыс;
Д- Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
2008ж Д=0,06
2009ж Д=0,01
Жоғарыда жүргізілген есептеулерден көріп отырғанымыздай кәсіпорын қыз-меті шығынды болып табылады, алайда оның қызметі жыл соңына қарай кішке-не болса да жақсаруда.
2.6 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражат-тың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген ша-руашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқты-рады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайда-ланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кә-сіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету ер-кіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кә-сіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бір-дей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өн-дірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициент-тер жатады:
1. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылы-ғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайда-ланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептей-ді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық дең-гейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің тө-мен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
Біздің кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті 2008 жылы – 9,37
2009 жылы – 4,10
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында негізгі құ-ралдардың әрбір бірлігі 9 теңге 37 тиын келтірсе, 2009 жылы 4 теңге 10 тиын келтірді.
2. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады: К= Д/ С
Мұнда: К- меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С- меншікті капиталдың шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудығ артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі
2008ж К=6,11
2009ж К=4,74
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 6 теңге 11 тиын, ал 2009 жылы 4 теңге 74 тиын келтірді.
3. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэф-фициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағым-дағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады: К= Д/ Т
Мұнда: К- ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т- ағымдағы активтер.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффи-циенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық ай-налым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айна-лымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық эле-менттері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өнді-рісті істеу аз қажет болады, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағ-дайы жақсарады.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі
2008ж К= 6,44
2009ж К= 5,18 болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер 2008 жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 6 теңге 44 тиын, ал жыл соңында 5 теңге 18 тиын келтірді.
4. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кә-сіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көр-сетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азы-рақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айна-лым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады: К= S/ З
Мұнда: К- материалдық айналым құралдарының айналымдылық
коэффициенті;
S- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З- өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қор-лар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті 2008ж К=15,53
2009ж К=7,89
5. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады: К= Д/ Д
Мұнда: К- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д- дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті
2008ж К= 34,01
2009ж К= 8,17 болды.
Достарыңызбен бөлісу: |