Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда шаруашылық қаражаттардың сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.
Кәсіпорынның өтімділігін талдау меншікті айналым капиталы көлемінің 6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.
Кәсіпорын қаражаттарының тәуелсіздік (автономия) коэффициенті кәсіпорын иелерінің қаражаттардың жалпы сомасындағы қызметке авансталатын меншік үлесін сипаттайды. Қаржылық автономия коэффициентін есептеу қаржыландыру көздерінің жалпы сомасындағы меншікті қаражаттар үлесі 4,92% өскенін көрсетеді. Бұл кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан тәуекелділігінің төмендеуін көрсетеді, бұл жақсы беталыс, нормативті мәнге де сәйкес келеді.
Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.
Қарыздық және меншікті капитал қатынасының көрсеткіші 9,52%-ға төмендеуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артуын және кәсіпорынның кредиторлардан тәуелділігінің төмендеуін куәландырады.
Экспресс-талдау негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жаағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді.
Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.
Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.
Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.
Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.
Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.
Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.
Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.
Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.
Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.
Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
- қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;
- фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;
- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.
Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.
Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.
Тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың кез келген арнайы бағдарламасын жасаудың мақсаты кәсіпорынның тәуекелділік жағдайларында сәтті қызмет етуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендету мәселесін шешу мысалға келесідей жүргізілуі мүмкін: бар тәуекелді жою, мүмкін тәуекелдің алдын алу, мүмкін болатын зиянның тікелей алдын алу, мүмкін болатын зиянның жанама алдын алу.
Мұндай бағдарламаны талдауда тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасының мазмұны мен мақсаттары анықталады.
Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.
Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауда негізге алатын принциптер кәсіпорынның стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып табылады.
Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел – менджментінің талаптарына сәйкес келу.
Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден, мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер жүргізілуі тиіс.
Қорытынды
Берілген курстық жұмыста қаржылық тәуекелді басқару мәселесі қарастырылған. Курстық жұмыстың қойылған мақсаты орындалды, яғни қаржылық тәуекелді басқару бойынша жан-жақты теориялық зерттеулер жүргізіліп, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық жағдайына талдау, тәуекелді бағалау, оларды басқару, кәсіпорында тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.
Жұмыстың теориялық бөлімінде тәуекел мәні және түрлері, тәуекелді бағалау әдістері зерттелді. Сонымен қатар тәуекел менеджментінің мазмұны ашылып, қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ұсынылған.
Жұмыстың талдау бөлімінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының бухгалтерлік баланс негізінде қаржылық жағдайы талданып, балдау негізінде тәуекелдерді басқару жүйесіне баға берілді. Жалпы қорыта келгенде, бұл кәсіпорынның тәуекел облысы минималды тәуекел облысына сәйкес келеді.
Жұмыстың соңғы бөлімінде қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Мысалы ұсыныстар ішінде кәсіпорында тәуекелдерді басқару бөлімшесін құру, оның құрылымында мамандар тізімі берілген.
Сонымен, тәуекелдерді басқару ролінің маңыздылығын нығайту және оны маманды қызмет сферасына шығару бүгінгі таңда қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жетудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қолданылған әдібиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.
Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами. – Киев: ИТЕМлтд, АДЕФ-Украина, 1996.
Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами. – М.: Финансы и статистика, 1996.
Вишняков Я. Д., Колосов А. В., Шемякин В. Л. Оценка и анализ финансовых рисков предприятия в условиях враждебной окружающей среды бизнеса // Менеджмент в России и за рубежом – 2000 г. №3, с. 15-17.
Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. – С.-Петербург: Специальная литература, 1995.
Грабовой П. Г. . Риски в современном бизнесе. – М.: Аланс, 1994. - 240c
Градов А. П. и др. Стратегия и тактика антикризисного управления фирмой. – Спб.: Специальная литература. -1996. -510с.
Лапуста М.Г., Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности. – М.: Финансы и статистика, 1998.
Станиславчик Е. Н. Риск-менеджмент на предприятии. Теория и практика. М.: «Ось-89», 2002. – 80 с.
Стоянова Е.С Финансовый менеджмент. Российская практика. – М.: Перспектива, 1995.
Чернова Г. В. Практика управления рисками на уровне предприятия. – СПб: Питер, 2000. – 176с
Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа М: ИНФРА, 1995.
http://www.telecom.kz/
http://www.zona.kz/
Қосымша
«Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы бухгалтерлік балансы.
Бап атауы
|
01.01.2004ж.
|
01.01.2005ж.
|
Активтер
|
|
|
1
|
2
|
3
|
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР:
Материалды емес активтер
Негізгі құралдар:
Жер
Құрылыстар мен ғимараттар
Машиналар мен жабдықтар
Көлік құралдары
Басқа негізгі құралдар
Негізгі құралдар амортизациясы
Аяқталмаған құрылыс
Дебиторлық қарыз
Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қарызы
Басқа дебиторлық қарыз
|
51
3147215
8792
1040634
1978982
83743
35064
1490461
442476
3894
3894
|
100
3838334
8421
1172572
2498416
105332
53593
1724930
163498
2895
2166
729
|
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР БАРЛЫҒЫ
|
2103175
|
2279897
|
АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР:
Тауарлы-материалдық запастар
Материалдар
Тауарлар
Дебиторлық қарыз
Авансталған төлемдер
Болашақтағы шығындар
Алуға тиісті шоттар
Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың қарызы
Басқа дебиторлық қарыз
Ақша қаражаттары
|
115835
112353
3482
151381
9403
611
138051
1639
1677
9841
|
79898
77245
2653
142034
4801
991
132342
2135
1765
1861
|
Ағымдағы активтер барлығы
|
277057
|
223793
|
Баланс
|
2380232
|
2503690
|
Меншік капитал және міндеттемелер
|
|
|
Меншікті капитал:
Жарғылық капитал
Төленбеген капитал
бөліндеген табыс(шығыс), оның ішінде:
Есеп беру жылына
|
395059
286684
780369
|
395059
248897
955704
955704
|
Меншікті капитал барлығы
|
1462112
|
1599660
|
Ағымдағы міндеттемелер:
Қысқа мерзімді несиелер
Несиелік қарыз
Төленуге тиіс шоттар мен вексельдер
Алынған аванстар
Салықтар бойынша қарыз
Негізгі және оның филиалдары арасындағы ішкі топтық қарыздар
Басқа дебиторлық қарыздар
Төленуге тиіс шығыстар
Болашақтағы табыстар
|
0
918120
15955
25901
13198
813262
13135
31897
4772
|
0
904030
11114
22519
10120
825736
5280
29261
|
АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР БАРЛЫҒЫ
|
918120
|
904030
|
БАЛАНС
|
2380232
|
2503690
|
Достарыңызбен бөлісу: |