Ќаржы тјуекелін басќару



жүктеу 342 Kb.
бет1/2
Дата15.04.2020
өлшемі342 Kb.
#29511
  1   2



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық факультет

«Қаржы» кафедрасы
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қаржы тәуекелін басқару

Орындаған: Ф-41к тобының

Студенті Базарбаева Ж.А.

Жетекші: Бұлақбай Ж.М.

АСТАНА 2006ж.
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................3

1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы

1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...........................................................5

1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.........10

1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны...............................................15

1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері...................................................19


2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау........................................................23

2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................31
3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру......................37
Қорытынды..........................................................................................................41

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................42

Қосымшалар

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.

Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.

Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.

Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.

Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы алынып, қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.

Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.

1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы

1.1.Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.

Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.

Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).

Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.

Курстық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.



Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.

Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.

Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:

1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;

2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.

Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:

1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;

2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.

Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.

Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.

Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.

Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.

Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.



Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.

Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі болуы мүмкін.

Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік тәуекел.

Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т.б.

Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау) –инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.

Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.

Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының қатынасы өсуде /9,64б./.

Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.

Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.

Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет.

Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.




    1. . Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері

Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.

Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына – салынған капиталдан табыс алуға – тәуекелді анықтау сәйкес келеді.

Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.

Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация).

Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

σ²==(x-x²)/n,

мұндағы σ² - дисперсия;

x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).

Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

v=σ/x·100,

мұндағы v – вариация коэффициенті;

σ – орташа квадраттық ауытқу;

x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.

Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған – несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.

Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.

Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады.

Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.

Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:

Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,

мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

З – запастар мен шығыстар;

Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыздар және басқа активтер;

Ис – меншікті қаражаттар көздері;

Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық қаражаттар;

К – қысқа мерзімді несиелер;

Р – кредиторлық қарыздыр.

Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.

Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға, болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.

Қаржы тәуекелніің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:

- тәуекел факторларын анықтау;

- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;

- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.

Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет. Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.

Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының құрылымдық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.

Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары бар:

- тәуекелсіз зона;

- минималды тәуекел облысы;

- жоғары тәуекел облысы;

- критикалық тәуекел облысы;

- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.


1.3.Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны
Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар сферасымен түсіндіріледі.

Тәуекел-менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару жүйесі болып табылады.

Тәуекел-менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан тұрады.

Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға жету үшін қаражаттарды пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл әдіске шешімді қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.

Тактика – нақты жағдайларда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті ең оптималды шешім және берілген шаруашылық жағдайда оптималды басқару әдістері мен тәсілдерін таңдау болып табылады.

Тәуекел менеджменті басқару жүйесі ретінде екі ішікіжүйеден тұрады: басқарылатын ішкіжүйе (басқару объектісі) және басқаратын ішкіжүйе (басқару субъектісі).

Тәуекел менеджментінде басқару объектісі болып капиталдың тәуекелді салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық қатынастар табылады. Бұл экономикалық қатынастарға сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші, кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және т.с.с.

Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері, сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).

Субъектінің басқару объектісіне әсер еті процессі, яғни басқару процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір ақпаратты айналдыру жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады. Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәуекел менеджментінің қызмет етуінде ақпараттық қамтамасыз ету ақпараттың түрлі типтерінен тұрады: статистикалық, экономикалық, коммерциялық, қаржылық және т.б.

Бұл ақпарат белгілі бір ықтималдылық туралы сақтық жағдайдың тауарларға және капиталға сұраныстың бар-жоқтығы және сұраныс мөлшері, өздерінің клиенттері, серіктестері, бәсекелестерінің қаржылық тұрақтылығы және төлемқабілеттілігі,бағалар, бағамдар және тарифтер, сонымен қатар сақтандырушылар шарттары жөнініде, дивидендтер және пайыздар туралы мәліметтерден тұрады /3,78б./.

Кез келген шешім ақпаратқа негізделеді. Ақпараттың сапасы өте маңызды. Ақпарат қаншалықты аутқыған болса, соншалықты шешім анықты емес болады. Ақпарат сапасы оны алған кезде бағалануы тиіс. Ақпарат жылдам ескіреді, сондықтан ол жедел қолданылуы қажет.

Тәуекел менеджменті белгілі бір қызметтер атқарады.

Тәуекел менеджментінің қызметтерінің екі типі бар:



  • басқару объектісінің қызметтері;

  • басқару субъектісінің қызметтері.

Тәуекел менеджментінде басқару объектісінің қызметтеріне келесілерді ұйымдастыру жатады:

– тәуекелді шешу;



  • тәуекелді капитал салымдарын;

  • тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстарын;

  • тәуекелді сақтандыруды; шаруашылық процесс субъектілері арасында экономикалық байланыстар мен қатынастарды.

Тәуекел менеджментінің басқару субъектінің қызметтеріне келесілер жатады:

– болжамдау;

– ұйымдастыру;

– координациялау;

– ынталандыру;

– бақылау.

Тәуекел менеджментіндегі болжамдау объектінің толықтай немесе оның бөлшектерінің қаржылық жағдайын келешекте өзгерістерін қалыптастырумен түсіндіріледі. Болжамдау – белгілі жағдайды алдын ала көру.

Болжамдау жасалған болжамдарды тәжірибеде бұлжытпай жүзеге асыру міндетті емес. Болжамдау ерекшелігі бағыталған беталыстар негізінде басқару объектісінің қаржылық жағдайын дамуының түрлерін анықтайтын қаржылық көрсеткіштерді құрудағы баламалылық (альтернативтілік) болып табылады. Тәуекел динамикасында болжамдау өзгеріс беталысын эксперттік бағалау есебімен өткенді болашаққа экстраполяциялау негізінде де, өзгерісті тікелей елестете көру негізінде де жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер күтпеген кезде болуы мүмкін. Бұл өзгерістерді алдын ала елестете көру негізінде басқару менеджердің нарықтық механизм бойынша сезгіштік болуын және жедел шешім қолдануды талап етеді.

Тәуекел менеджментінде ұйымдастыру белгілі бір ережелер мен процедуралардың негізінде тәуекелді капитал салымының бағдарламасын өткізетін адамдардың бірігуімен түсіндіріледі. Бұл ережелер мен процедураларға басқару органдарын құру, басқару аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқарушылық бөлімшелердің арасында арабайланысты бекіту, нормалар, нормативтер, әдістемелерді жасау және т.с.с.

Тәуекел менеджментінде реттеу арқылы берілген параметрлерден ауытқу жағдайында басқару объектісінің тұрақтылық жағдайына жету іске асырылады. Реттеу ең алдымен туындаған ауытқуларды жою бойынша жасалып жатқан шараларды қамтиды.

Тәуекел менеджментінде координациялау тәуекелді басқару жүйесінің барлық буындарының, басқару аппараты және мамандардың барлығының жұмысының келусішілігімен түсіндіріледі.

Координациялау басқару объектісінің, басқару субъектісінің, басқару аппаратының және бөлек жұмысшының бірлігін қамтамасыз етеді.

Тәуекел менеджментінде ынталандыру қаржы менеджерлерін, басқа мамандарды өз еңбектерінің нәтижесіне қызығушылықпен түсіндіріледі.

Тәуекел менеджментіндегі бақылау тәуекел деңгейін төмендету бойынша жұмысты ұйымдастыруды тексерумен түсіндіріледі. Бақылау арқылы тәуекелді капитал салымының табыстылығы, пайда мен тәуекелдің арақатынасы туралы, қызмет етудің бағытталған бағдарламасын іске асыру деңгейі туралы ақпарат жиналады. Осы ақпарат негізінде қаржылық бағдарламаларға, қаржылық жұмысты ұйымдастыруда, тәуекел менеджментін ұйымдастыруда өзгерістер енгізіледі.

Тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар нәтижесін талдауды ұсынады.

1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері


Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.

Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:


  • меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;

  • тәуекелдің соңын ойлау керек;

  • аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын тиіс:

  • берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;

  • оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;

  • олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.

Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:

Кр = У / С,

мұндағы Кр – тәуекел коэффициенті;

У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;

С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі.


Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді

Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:


  • диверсификациялау;

  • таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;

  • шектеу;

  • сақтандыру;

  • жабу;

  • хеджирлеу және т.б.

Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді.

Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.

Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады /7,181б./.

Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.

Сақтандыру үшін құрылып жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.

Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.

2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау

Батыс Қазақстандық облыстық телекоммуникациялық басқарма «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акйционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.

Қоғам ҚР барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың банкроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.

Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.

Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:

ТЛ = ( А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ), (1.1)

мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

Перспективалық өтімділік – бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:

ПЛ = А3 – П3, (1.2)

мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары/10,134б./.

№1 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының өтімділігін талдау



Активтер


2004ж.


2005ж


Міндеттемелер



2004ж.


2005ж.


Төлемдік артықшылық(+). Жеткіліксіздік(-)

2004ж.

2005ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ең өтімді активтер, А1

9841

1861

Жедел міндеттемелер,

П1



918120

904030

-908279

-902169

Тез өтімді активтер,

A2



151381

142034

Қысқа мерзімді міндеттемелер,

П2



0

0

+151381

+142034

Баяу өтімді активтер,

A3



119729

82793

Ұзақ мерзімді міндеттемелер,

П3



0

0

+119729

+82793

Қиын өтімді активтер,

A4



2099281

2277002

Тұрақты міндеттемелер,

П4



1462112

1599660

+637169

+677342

БАЛАНС

2380232

2503690

БАЛАНС

2380232

2503690

-

-

Баланс өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы есептелінеді.

ТЛ2004 = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге

ТЛ2005 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге

ПЛ2004 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге

ПЛ2005 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.

Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер мен міндеттемлер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.


№2 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен



Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні


Өзгеріс


2004 ж.

2005ж.

Абсолюттік

%-бен

1. Өзіндік қаражаттар көздері

1462112

1599660

+137548

+9,41

2. Ұзақ мерзімді активтер

2103175

2279897

+176722

+8,4

3.Меншікті айналым қаражаттары

-641063

-680237

-39174

+6,11

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

-

-

5. Запастар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы

-641063

-680237

-39174

+6,11

6. Қысқа мерзімді міндеттемелер

918120

904030

-14090

-1,53

7. Запастар мен шығыстардың құрылуының негізгі көздерінің жалпы көлемі

277057

223793

-53264

-19,22

8.Запастар мен шығыстар көлемі

115835

79898

-35937

-31,02

9. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі)

-756898

-760135

-3237

+0,43

10. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі)

+161222

+143895

-17327

-10,75

«Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2004 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:

- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;

- кәсіпрын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.


№3 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау


Бап атауы

01.01.05

01.01.04

Ауытқу(+,-)

Сома,

Мың тг



Үлес салмақ



Сома, мың тг


Үлес салмақ


Алынуға тиісті шоттар

138051

91,19

1332342

93,18

-5709

Басқа дебиторлық қарыз

13330

8,81

9692

6,82

-3638

Барлығы

151381

100

142034

100

-9347

Дебиторлық қарыз кәсіпорын активтерінің негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау №3 кестеде көрсетілген.

Кесте мәліметтері бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырусулар негізгі бөлікті құрайды. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан 01.01.2004 жылға 91,19% және 01.01.2005 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың 9347 теңгеге немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.

Кез келген кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап беруге көмек береді: алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.


№4 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржылық нәтижелерінің динамикасы мен деңгейін талдау, мың теңгемен


Көрсеткіш

2004ж.

2005ж.

Абсолютті өзгеріс

Өсім қарқыны,%

1

2

3

4

5

1. Өткізуден түскен табыс

1937586

2120816

183230

9,46

2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны

910665

998420

87755

9,64

3. Жалпы табыс

1026921

1122396

95475

9,3

4. Кезең шығыстары

172804

212703

39899

23,09

4.1. Жалпы және ұйымдаст. Шығындары

159343

207803

48460

30,41

4.2. %-рді төлеу шығындары

13461

4900

-8561

-63,6

5. Негізгі қызметтен табыс(шығыс)

854117

909693

55576

-6,51

6. Салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс(шығыс)

863314

917776

54462

6,31

7.Табыс салығы

112663

-

-112663

-100

8. Салық салудан кейін қарапайым қызметтен табыс(шығыс)

750651

917776

167125

22,26

9. төтенше жағдайлардан табыс(шығыс)

-

-

-

-

10.таза табыс(шығыс)

750651

917776

167125

22,26

11.таза табысты дұрыстау

29718

37928

8210

27,63

12. дұрыстау есебімен таза табыс

780369

955704

175335

22,47

Ең алдымен, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық нәтижелердің деңгейі мен динамикасын талдау жүргізіледі. (№4 кесте)

Талданған кезеңде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті. Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.

Өткізуден түскен табыс өсімі нәтижесінде жалпы табыс 95475 теңгеге немесе 9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде шығындар 23,09% өсті, сның ішінде жалпы және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен.

Негізгі қызметтен табыс 854117 теңгеден 909693 теңгеге немесе 6,5%-

ға өсті. Талданған кезеңде кәсіпорында негізгі емес қызметтен табыс 12,11%-

ға төмендеді. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан салық салуға дейін 917776 теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2004 жылы 750651 мың теңге және 2005 жылы 917776 мың теңге құрады.

Есеп беру кезеңінде төтенше жағдайлар бойынша шығыстар болмаған жағдайларынан таза табыс өзгеріссіз қалды, бірақ негізгі құралдарды қайта бағалау бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті.


№5 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері


Көрсеткіш атауы

Есептеу

Көрсеткіш мәні

Өзгеріс мәні

2004ж

2005ж


1. Өнім рентабельділігі

(Таза табыс/өткізуден табыс)*100

40,28

45,06

+4,78

2.Жалпы рентабельділік

(салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс/өткізуден түскен табыс)*100

44,56

43,27

-1,29

3.меншік капитал рентабельділігі

(таза табыс/меншікті капитал)*100

53,37

59,74

+6,37

4.Экономикалық рентабельділік

(таза табыс/баланс)*100

32,79

38,17

+5,38

5.Қор рентабельділігі

(таза табыс/ұзақ мерзімді активтер)*100

37,1

41,92

+20,87

6.Негізгі қызмет рентабельділігі

(негізгі қызметтен табы/өткізілген өнімнің өзіндік құны)*100

93,79

91,11

-2,68

Рентабельділік көрсеткіштерін талдау №5 кестеде көрсетілген.

«Қазақтелеком» АҚ филиалының рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен, таза табыс бойынша өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 4,7% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 1,29%-ға төмендеген.

Меншікті капитал рентабельділігін есептеу 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы «Қазақтелеком» АҚ иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 6,37%-ға көбірек тапқан.

Экономикалық рентабельділікті есептеу кезінде келесі анықталды: 2004 жылмен салыстырғанда 2004 жылы кәсіпорынға қаражаттарды табу кезіне тәуелсіз табыстың 1 ақшалай бірлігін алу үшін ақшалай қаражаттар 5,38%-ға көбірек қажет.

Қор рентабельділігін есептеу кезінде анықталатын негізгі құралдар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді пайдалану тиімділігі 20,87%-ға өсті.

Негізгі қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2004 жылмен салыстырғанда 2,68%-ға төмен.

Өткізілген талдау негізінде кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады.

«Қазақтелеком» АҚ филиалының қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:

- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;

- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;

- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;

- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.

Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:

- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады.

2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау

Тәуекелді бағалау тәуекелді басқарудың жалпы жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не саналық әдіспен анықтау процесін білдіреді.

Тәуекелді сандық бағалау нақты шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.



«Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелдерін бағалау қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі. №6 кестеде «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.
№6 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін экспресс-талдау



Көрсеткіш атауы

Есептеу тәсілі

Нормативті мәні

Көрсеткіш мәні

Өзгеріс

2004ж.

2005ж.

Абсолютті

Есептіліктің базистікке % түрі

1

2

3

4

5

6

7

1. Мүліктік жағдайды бағалау

1.1.Кәсіпорында бар шаруашылық құралдар сомасы

Баланс барлығы

-

2380232

2503690

+123458

+5,19

1.2. Негізгі құралдардың модернизация коэффициенті

есептелген амортизация/ негізгі капиталдың бастапқы құны

-

0,474

0,449

-0,025

-5,27

2. Өтімділікті бағалау

2.1.Өзіндік айналым капитал көлемі

Меншік капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді активтер

-

-641063

-680237

-39174

+6,11

2.2.абсолютті өтімділік коэффициенті

Ақшалай қаражаттар/ ағымдағы міндеттемелер

>0,2-0,7

0,01

0,002

-0,008

-80,00

2.3.Критикалық өтімділік коэффициенті

(ақшалай қаражаттар+қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар+дебиторлық қарыз)/ағымдағы міндеттемелер

≈1

0,18

0,16

-0,02

-11,11

2.4.Ағымдағы өтімділік коэффициенті

Ағымдағы активтер/ағымдағы міндеттемелер

1,5-2

0,3

0,25

-0,05

-16,67

2.5.запастарды жабудағы меншік капитал үлесі

Меншікті айналым қаражаттары/(ТМЗ+алдағы кезең шығыстары)

>0,1

-5,51

-8,41

-2,9

+52,63

3. Қаржылық тұрақтылықты бағалау

3.1. Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті

Меншік капитал/шаруашылық қаражаттар барлығы

>0,5

0,61

0,64

+0,03

+4,92

3.2. Меншік капиталдың ептілік коэффициенті

Меншік айналым қаражаттары/меншік капитал

~0,5

-0,44

-0,43

+0,01

-2,27

3.3.қарыз жә-не меншік ка-питал қаты-насы коэф-фициенті

Қарыз капитал/меншік капитал

≤1

0,63

0,57

-0,06

-9,52

3.4.Тұрақты қаржыландыру коэффициенті

(меншік капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)/ шаруашылық қаражаттар барлығы

>0,8

0,61

0,64

+0,03

+4,92

4. Іскерлік белсенділікті бағалау

4.1. Өткізуден түскен табыс




-

1937586

2120816

+183230

+9,46

4.2. Салық салудан бұрын негізгі қызметтен табыс




-

863314

917776

+54462

+6,31

4.3. Қорқайтармдылығы

Өткізуден түскен табыс/негізгі құралдарды орташа құны

-

0,92

0,93

+0,01

+1,09

4.4.Дебиторлық қарыз айналымдылығы

Өткізуден түскен табыс/орташа дебиторлық қарыз

-

12,48

14,63

+2,15

17,23

4.5.Қаражаттарайналымы-ның ұзақты-ғы(күн)

360 күн/ 4.4 көрсеткіші

-

29

25

-4

-13,79

4.6.Кредиторлық қарыз айналымының ұзақтығы(күн)




-

363

326

-37

-10,19

4.7. Операциялық цикл ұзақтығы




-

75

54

-21

-25

5. Рентабельділікті бағалау

5.1.Таза табыс

-

-

780369

955704

+175335

+22,47

5.2.Негізгі қызметтен табыс




-

854117

909693

+55576

+6,51

5.3 Өнім рентабельділігі

Негізгі қызметтен табыс/ Өткізуден түскен табыс

-

1,09

0,95

-0,14

-12,84

5.4 меншік капитал рентабельділігі

Таза табыс/меншік капитал

-

0,53

0,6

+0,07

+13,21

5.5 Негізгі капитал рентабельділігі

Таза табыс/баланс валбтасы

-

0,33

0,38

+0,05

+15,15

жүктеу 342 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау