Об утверждении методик расчета показателей социально-трудовой сферы, включенных в документы Системы государственного планирования



жүктеу 281,26 Kb.
Дата17.12.2017
өлшемі281,26 Kb.
#4442


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

1-қосымша




Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтама қолданылады:

1) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

2) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

3) жұмыссыздық – жұмыс күшінің бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында қажет болмауынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

4) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

5) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

6) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – табыс алу үшін тауарлар өндірумен (өткізумен), жұмыстар мен қызметтер көрсетумен дара айналысатындар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілердің еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері қатарындағы жеке тұлғалар.

3. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

- жұмыссыздық деңгейі;

- халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылғандардың үлесі;

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар үлесі;

- жұмыссыздарды, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту;

- мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатындағы жұмыссыз мүгедектер санынан мемлекет субсидиялайтын арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі;

- бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген ізденушілердің үлесі.

4. Мыналар:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ЕРДО» АҚ) «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдардың жалпы саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) деректері;

жұмыссыздық деңгейі – Комитеттің деректері;

өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар саны – Комитеттің деректері;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің ккешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмысссыз азаматтардың саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

жұмыссыз халық саны – Комитеттің деректері;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық саны – Комитеттің деректері;

мемлекет субсидиялайтын арнаулы жұмыс орындарына орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдар саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

осы санаттағы жұмысқа орналасуға мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жалпы саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері;

бірыңғай цифрлік алаң арқылы жұмысқа орналасқан адамдардың саны – «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері;

«Еңбек биржасы» – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасының жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталының «жеке кабинетінде» жеке ақпаратты жариялаған ізденушілердің жалпы саны – «ЕРДО» АҚ «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасының деректері.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген халықты жұмыспен қамту жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)
5. «Жұмыссыздық деңгейі» көрсеткіші – Комитеттің ресми статистикалық деректері негізінде қалыптасады: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Еңбек» бөлімі, «Еңбек нарығының негізгі индикаторлары».

6. «Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы

А – халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлес салмағы;



В – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар саны;

С – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 арналған бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын.

7. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы


А – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі;

В – нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың саны;

С – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.

8. «Жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамту» көрсеткіші мынадай формуламен есептеледі:

мұндағы

А – жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыздардың үлесі;



В – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған жұмыссыз азаматтардың саны;

С – жұмыссыз халық саны (Комитеттің есептік кезеңге арналған статистикалық деректері).

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын.

9. «Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларымен қамту» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы


А – жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың үлесі;

В – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылған өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны;

С – өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық саны (Комитеттің есептік кезеңге арналған статистикалық деректері).

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.

10. «Мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатындағы жұмыссыз мүгедектер санынан мемлекет субсидиялайтын арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы

А – мемлекет субсидиялайтын арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі;



В – мемлекет субсидиялайтын арнаулы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саны;

С – мүмкіндіктері шектеулі адамдар санатынан жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын.

10. «Бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген ізденушілердің үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы


А – бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген ізденушілердің үлесі;

В – бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналасқан адамдардың саны;

С – «Еңбек биржасы» – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасының жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталының «жеке кабинетінде» жеке ақпаратты жариялаған ізденушілердің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын.


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

2-қосымша




Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту,

сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі

көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға, филиал, шетелдік заңды тұлғаның өкілдігі;

2) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді, жұмысқа өз бетінше орналасатын жұмыскерлерді, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

3) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

4) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген (келгендер) және Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

3. Есепке алу және талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

- жұмысқа орналастырылған оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандар қатарындағы), %;

- жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, кемінде (ШЖК тартуға арналған квота бойынша), %.

4. Мыналар:

жұмысқа орналасқан және қоғамдық жұмысқа қатысқан оралмандардың саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «ЕРДО» АҚ базасынан ресми деректері, еңбек делдалдылығына жүгінген оралмандардың саны туралы мәлімет;

жұмыспен қамту органдарына жүгінген оралмандардың саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «ЕРДО» АҚ базасынан ресми деректері, еңбек делдалдылығына жүгінген оралмандардың саны туралы мәлімет;

тартылатын шетелдік білікті мамандардың саны (тартылатын шетелдік жұмыс күшінің бірінші, екінші және үшінші санаттары бойынша) – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «ЕРДО» АҚ базасынан ресми деректері, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және шетелдік қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша есеп;

тартылатын шетелдік жұмыс күшінің жалпы саны – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «ЕРДО» АҚ базасынан ресми деректері, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және шетелдік қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша есеп.



2- тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген шетелдік жұмыс күшін тарту,

сондай-ақ оралмандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)
5. «Жұмысқа орналасқан оралмандардың үлес салмағы (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандардың қатарынан)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы


А – жұмысқа орналасқан оралмандардың үлесі (халықты жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін жүгінген оралмандар қатарынан);

В – жұмысқа орналасқан және қоғамдық жұмысқа қатысқан оралмандардың саны;

С – жұмыспен қамту органдарына жүгінген оралмандардың саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын.

6. «Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы, кемінде (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы

А – тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесі салмағы;



В – тартылатын шетелдік білікті мамандардың саны (тартылатын шетелдік жұмыс күшінің бірінші, екінші және үшінші санаттары бойынша);

С – тартылатын шетелдік жұмыс күшінің жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – ай сайын.





Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

3-қосымша



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.

2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті (бұдан әрі – жК) – коэффициент, белгілі бір уақыт кезеңі үшін 1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың санын сипаттайды;

2) ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт.

3. Есепке алу мен талдау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:


  • өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмыскерге шаққанда жК);

  • ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы, %.

4. Мыналар:

белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккен адамдардың жалпы саны – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларының деректері;

жалдамалы жұмысшылар саны – Комитеттің деректері;

ірі және орта кәсіпорындардың саны – Комитеттің деректері;

жасалған ұжымдық шарттар саны – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларының деректері ақпарат көздері болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген еңбек жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)


  1. «Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 жұмыскерге шаққанда жК)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

жК = Т х 1000/Р, мұндағы

жК – 1000 жұмыскерге шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті;

Т – белгілі бір уақыт кезеңінде зардап шеккендердің жалпы саны;

Р – осы уақыт кезеңіне жалдамалы жұмыскерлердің саны.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.


  1. «Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың (ірі және орта кәсіпорындар арасында) үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

ұшҮС=жұшС х 100%/іріортаКС, мұндағы

ұшҮС – ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағы;

жұшС жасалған ұжымдық шарттардың саны;

іріортаКС – Ірі және орта кәсіпорындардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Көрсеткіш кезеңділігі – ай сайын.





Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

4-қосымша


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелері

  1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

  2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

зейнетақы төлемдерi:

  1. еңбек сіңірген жылдары үшін – әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін ақша төлемі;

  2. жасына байланысты – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемі;

  3. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – МБЗТ) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уәкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.

  1. Әлеуметтік қамсыздандырудың ағымдағы деңгейі бойынша объективтік баға алу үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

  • табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті (жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда), %;

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесімен (бұдан әрі – ЖЗЖ) қамтылған жұмыспен қамтылған халық (ЖЗЖ қатыспайтындарды қоспағанда) үлесі , %.

4. Мыналар:

зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» дирекциясынан алынатын жедел деректер;

жалдамалы қызметкерлердің алдыңғы жылғы орташа айлық номиналды жалақысы – жалпы мемлекеттік статистика: Комитеттің интернет-ресурсынан ресми статистикалық деректер: «Ресми жедел статистикалық ақпарат» қосымша беті, «Еңбек» бөлімі, «Қазақстан Республикасындағы еңбек жөніндегі негізгі көрсеткіштер»;

есепті кезеңде олар үшін аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны – әкімшілік есепке алу (сұрау салу бойынша алынатын «ЕРДО» АҚ ақпараттық жүйесінің мәліметтері);

жұмыспен қамтылған халықтың саны – Комитеттің интернет-ресурсынынан ресми статистикалық (жедел) деректер «Ресми статистикалық ақпарат (сала бойынша)» қосымша беті, «Еңбек», «Жұмыспен қамту» бөлімі.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру)


  1. «Жинақталған зейнетақыны есепке алмағанда, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастырудың коэффициенті» көрсеткіші (ЖЗ ескермегенде) жиынтық зейнетақының (мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемі) алдыңғы жылғы орташа айлық номиналды жалақыға арақатынасы ретінде есептеледі.

Алмастыру коэффициенті (ЖЗ ескермегенде) = МБЗТ ескергенде зейнетақының орташа мөлшері / экономика бойынша алдыңғы жылға орташа айлық номиналды жалақы,

мұндағы:

Коэффициент (ЖЗ ескермегенде) – Жинақтаушы зейнетақыны ескермегенде, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициенті;

МБЗТ – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

Зейнетақының орташа мөлшері – есепті кезеңге жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері;

Экономика бойынша орташа айлық номиналды жалақы – алдыңғы жылға бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жартыжылдық.



  1. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі» көрсеткіші (ЖЗЖ қатыспайтындарды қоспағанда) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

ЖЗЖ-да жұмыспен қамтылған халық үлесі = МЗЖ/ЖҚХ саны х 100%

мұндағы:


ЖЗЖ-да жұмыспен қамтылған халық үлесі – жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың үлесі (ЖЗЖ қатыспайтындарды қоспағанда);

МЗЖ салымшылардың саны – олар үшін есепті жылы аударымдар жүргізілген міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының саны;

ЖХ саны – жұмыспен қамтылған халықтың саны (ЖЗЖ қатыспайтындарды қоспағанда);

ЖЗЖ – жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жыл сайын.





Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

5-қосымша



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген осы Әлеуметтік қолдау жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленген.

  2. Осы Әдістемеде мындай анықтамалар қолданылады:

  1. арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

  2. мүгедек – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiлiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;

  3. мүгедектердi әлеуметтiк оңалту – мүгедектердiң тiршiлiк-тынысының шектелуiн жеңiп шығуы үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және ортаға бейiмделуiне бағытталған шаралар кешенi.

  1. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін объективті бағалау үшін мындай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

  • арнаулы әлеуметтiк қызметтер алуға мұқтаж адамдар қатарынан оны көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы, %;

  • мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының (бұдан әрі – ОЖБ) іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезеңінде әзiрленген ОЖБ қатарынан), %.

  1. Мыналар:

арнаулы әлеуметтік көмек көрсетумен қамтылған адамдардың саны – «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

арнаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж адамдардың саны – «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

өткен жылдың тиісті есептік кезеңінде әзірленген ОЖБ-ның әлеуметтік бөліктерінің саны – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері енгізген мәліметтер бойынша МОДҚ деректері;

ОЖБ-ның орындалған әлеуметтік бөліктерінің саны (оның ішінде жартылай) – облыстар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері, Комитеттің ресми статистикалық деректері, «Е-Собес» ақпараттық жүйесімен интеграцияланған «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқоры» (бұдан әрі – МОДҚ) ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер (ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін орындау жөніндегі мәліметтер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының қызметкерлері «Е-Собес» ақпараттық жүйесіне енгізіп, ол «МОДҚ» ақпараттық жүйесінде көрініс табады).



2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)


  1. «Арнаулы әлеуметтiк қызмет алуға мұқтаж адамдардың қатарында оларды көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы

А – арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуімен қамтылған адамдардың үлес салмағы;

В – арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуімен қамтылған адамдардың саны;

С – арнаулы әлеуметтiк қызметтерді алуға кезекте тұрған адамдардын саны;

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.



  1. «Мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесi (өткен жылдың есепті кезеңі үшін әзiрленген ОЖБ қатарынан)» көрсеткіші мындай формула бойынша жүргізіледі:

мұндағы

А – ОЖБ-ның іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесі;

В – ОЖБ-ның орындалған (оның ішінде ішінара) әлеуметтік бөліктерінің саны;

С – өткен жылдың ұқсас есепті кезеңі үшін ОЖБ-ның әзірленген әлеуметтік бөліктерінің саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жылына бір рет.




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау

министрінің

2017 жылғы «_____»___________

№________бұйрығына

6-қосымша


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйесі көрсеткіштерін есептеу (қалыптастыру)

әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген осы Әлеуметтік көмек көрсеткіштерін есептеудің (қалыптастыру) әдістемесі мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік статистика жүйесін синхрондау мақсатында әзірленді.

  2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:

  1. ең төмен күнкөрiс деңгейi – мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

  2. ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады;

  3. атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

  4. шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрі.

  5. балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – БМЖ) – отбасының табысы жан басына шаққанда азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалып, төленетін жәрдемақы түрі.

  1. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін объективтік бағалау үшін мынадай көрсеткіштердің мәндерін есептеу жүргізіледі:

  • әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған табысы аз отбасылардан шыққан (балалардың жалпы санына қатысты) 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы, %;

  • табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі;

  • АӘК алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы, %;

  • еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың үлесі, %;

4. Мыналар:

әкімшілік және ведомстволық деректер, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жедел деректері, Комитеттің статистикалық ресми деректері;

есептік кезеңде 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны – Комитеттің статистикалық деректері;

есептік кезеңде 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны – «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №345-ө бұйрығымен бекітілген әкімшілік деректер;

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – Комитетінің деректері;

атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен еңбекке жарамды халық саны – аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жедел деректері;

атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны – «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №345-ө бұйрығымен бекітілген әкімшілік деректер (ай сайын);

ШАК алушылар қатарынан еңбекке жарамды азаматтардың саны – «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 15016 тіркелген) жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері (ай сайын).


2-тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілген әлеуметтік көмек жүйелерін жетілдіру жөніндегі көрсеткіштерді есептеу (қалыптастыру)
5. «Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған 18 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы (балалардың жалпы санына қатысты)» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы


А – әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған күнкөрісі төмен отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларының үлес салмағы;

В – есептік кезеңде жергілікті бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны;

С – есептік кезеңдегі балалардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз;

Кезеңділігі – жыл сайын.

6. «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі» көрсеткіші – Комитеттің ресми статистикалық деректері негізінде қалыптасады: «Ресми статистикалық ақпарат» қосымшасы, «Халықтың өмір сүру деңгейі» бөлімі, «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі».

7. «АӘК алушылардың құрамындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлес салмағы» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы


А – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлес салмағы;

В – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбек етуге қабілетті халықтың саны;

С – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – тоқсан сайын.

8. «Еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың үлесі» көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы

А – еңбек етуге қабілетті ШАК алушылардың жалпы санынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың үлесі;



В – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне тартылған ШАК алушылардың жалпы саны;

С – ШАК алушылардың қатарындағы еңбек етуге қабілетті азаматтардың саны.

Өлшем бірлігі – пайыз.

Кезеңділігі – жыл сайын.





жүктеу 281,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау