Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің тұрғындар алдындағы есебі Жаңа кезең – жаңа міндеттер



жүктеу 368,08 Kb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата27.12.2019
өлшемі368,08 Kb.
#25173
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет ƏБДІБЕКОВТІҢ тұрғындар 

алдындағы есебі 

 

 

Жаңа кезең – жаңа міндеттер 

 

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! 

 

Біздің  аймақтың  атқарушы  органдарының  есепті  кезеңдегі  барлық  қызметі 



ел 

Президенті 

Н.Ə.Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050» 

Стратегиясы, 

инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» мемлекеттік 

бағдарламасы жəне Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында алға 

қойған міндеттерін орнықты шешуге бағытталды. 

Мемлекет  басшысы  бастамашы  болған  экономикалық  саясатты  жүзеге 

асыру, жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламалары жəне дағдарысқа 

қарсы  басқа  да  шаралар  облыс  экономикасын  дамытуда  жағымды  жетістіктерге 

қол жеткізуге мүмкіндік берді.  

 

Экономика 



Өткен  жылы  экономикалық  өсім 1,8%-ға  қамтамасыз  етілді.  Аймақтың 

жалпы ішкі өнімі 3 трлн. теңгеге жуықтады, бұл – ел бойынша 4 орын.  

Өндірісте,  ауыл  шаруашылығында,  шағын  жəне  орта  бизнесте,  тұрғын 

үйлерді  пайдалануға  беру  жəне  басқа  да  бірқатар  көрсеткіштер  бойынша 

жағымды серпін қамтамасыз етілді.  

Орташа айлық жалақы көлемі 4,8%-ға ұлғайып, 110 349 теңгені құрады.  

Облыстың  бюджеті  үнемдеу  режимінде  қалыптасқанына  қарамастан, 

жалақы,  жəрдемақы,  шəкіртақылар  жəне  басқа  əлеуметтік  төлемдер  толық 

көлемде орындалды.  

 

Өнеркəсіп, инвестициялар 



2015  жылдан  Индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасының  екінші 

бесжылдығын жүзеге асыру басталды.  

Өнеркəсіп өнімінің көлемі 6,8%-ға артып, 1,4 трлн. теңгені құрады.  

Өңдеу  өнеркəсібінің  өндірісі 10,4% өсіммен  алғаш  рет  триллион  теңгеге 

жетті.  Өңдеу  өнеркəсібіндегі  еңбек  өнімділігі  əр  адамға  шаққанда 60 мың  АҚШ 

долларына жуықтады. Бұл – республика аумағындағы ең жоғарғы көрсеткіш.  

Нəтижесінде,  индустриялық  жəне  технологиялық  дамуға  қатысты  біздің 

облыс көптеген көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бел ортасында тұр.  

Өндірістік  кəсіпорындарды  қолдау  жоспары  аясында  Үкіметтің  нақты 

жұмыстар  жүргізіп  отырғанын  атап  өту  қажет.  Облыста  онымен  алты  ірі 

кəсіпорын қамтылған, олардың түйткілді мəселелері шешімін тапқан. 

Бұл – теміржол  тасымалы  тарифтері  жəне  электр  қуаты  бойынша  шегеру 

коэфициенттерін қолдану, ҚҚС-ты қайтару, өнімдерді өткізу нарығын кеңейту.  

Аталған жұмыс биылғы 2016 жылы да жалғасатын болады.  

2010  жылдан  бастап,  Индустрияландыру  картасына  енгізілген 94 жобаның 

ішінен,  жалпы  құны 141,9 млрд.  теңге  болатын 68 индустриялық  жоба  жүзеге 




асырылды. Кəсіпорындарда 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды.  

Олардың арасынан 2015 жылы сомасы 18,9 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба 

жүзеге  асырылып, 649 жұмыс  орны  құрылды.  Олардың  ішінде  «Евразия  Инвест 

Ltd» ЖШС «Табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру», «Karazhal Operating» ЖШС 

«Барит» кенін өңдеу жөніндегі өнеркəсіптік кешен», «Қоңырат мыс компаниясы» 

ЖШС «Катод Мысын өндіру жөніндегі завод», «Қарағанды фармацевтика кешені» 

ЖШС  «Фармацевтика  заводы  үшінші  кезегінің  құрылысы»  жəне  басқалары 

секілді барынша тартымды жобалар бар.  

Индустрияландыру  картасының  жаңа  өндірістерімен  сомасы 291,1 млрд. 

теңгенің  өнеркəсіп  өнімдері  шығарылды,  оның  ішінде, 2015 жылы – 91,2 млрд. 

теңге.  

Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында 6,5 мыңнан аса жаңа жұмыс 

орындарын құра отырып, 1,2 триллион теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарлануда. 

Оның  ішінде, 800 жаңа  жұмыс  орындары  құрылатын 101,1 млрд.  теңгенің 10 

жобасы – 2016 жылдың үлесінде.  

Өткен жылы негізгі капиталға 355,1 млрд. теңге инвестиция құйылды, оның 

24%-ы өңдеу өнеркəсібіне тиесілі.  

«Сарыарқа»  арнайы  экономикалық  аймағы  инфрақұрылымы  негізгі 

нысандарының құрылысы аяқталды, бұл жайт АЭА-ның қазіргі қатысушыларына 

тиісінше  қызмет  түрлерін  ұсынуға  (электр  қуаты,  теміржол  қызметтері,  сумен 

қамтамасыз ету жəне тағы басқалары) мүмкіндік береді.  

АЭА  аумағына 3 жаңа  компания  тартылды.  Жаңа  жобалар  бойынша 

инвестициялар сомасы 21 млрд. теңге шамасында, 224 жұмыс орыны құрылады.  

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестиция тарту 

жəне  инвестициялық  ахуалды  жақсарту  жөніндегі  Кеңес  құрылды.  Кеңес 

құрамына  инвесторлар,  ірі  бизнес,  даму  институттары  жəне  мемлекеттік 

органдардың өкілдері енгізілді.  

Қазақстан-Қытай  ынтымақтастығы  аясында  индустрияландыру  жəне 

инвестиция  саласындағы  жобаларды  жүзеге  асыру  жөніндегі  жұмыстар 

жалғасуда.  Оған  Қарағанды  облысынан 2 жоба: «Қазақстан  Республикасында 

көмір  өңдеу  жөніндегі  кешен  құрылысы»  жəне  «Сарыарқа»  АЭА  аумағында 

кешенді балқытулар заводы құрылысы» жобалары енгізілген.  

Облыстағы  кəсіпкерлік  пен  өнеркəсіптің  дамуына  жүйені  құрушы 

кəсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді отандық тауар 

өндірушілерден  сатып  алулары  айтарлықтай  əсер  етіп  отыр.  Бұл  мəселеде 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  бүгінгі  күні  Қарағанды  облысы 

көшбасшылық орында тұр.  

Жүйені  құрушы  кəсіпорындардың  сатып  алуларында  тауарлар,  жұмыстар 

жəне  қызмет  көрсетулер  бойынша  қазақстандық  мазмұн 74,4%-ды (221,4 млрд. 

теңге) құрады.  

Облыс  бойынша  жер  қойнауын  пайдалану  саласында  жалпы  таралымдағы 

пайдалы қазбаларға қатысты 64 келісім-шарт іс үстінде. Құрылыс, автокөлік жəне 

теміржолдар,  гидроқондырғылар  үшін  жер  қойнауын  пайдалануға 24 жазбаша 

рұқсат берілген.  

 

Агроөнеркəсіп кешені 




жүктеу 368,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау