Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің тұрғындар алдындағы есебі Жаңа кезең – жаңа міндеттер



жүктеу 368,08 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата27.12.2019
өлшемі368,08 Kb.
#25173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

нысандары  мекен-жайын  тіркеу  мен  оларға  құжат  беру  жұмыстары  жалғасты 

болады.  

 

Көлік инфрақұрылымы жəне көлік 



Көліктік инфрақұрылымды дамыту жəне жетілдіру саласының жұмысы жол 

қауіпсіздігін  арттыруға,  аймақта  жүк  жəне  жолаушытасымалын  көбейтуге, 

тұрғындардың жұмыспен қамтылуына бағытталған.  

Қарағанды  облысы  көлік  инфрақұрылымын  дамыту  бағдарламасының 

аясында  жол  жөндеудің  жол  картасы  жасалды. 2015 жылы  жалпы  қолданыстағы 

502 шақырым көлік жолдары жөнделді. Жолдардың жақсы жəне қанағаттанарлық 

жағдайдағы үлесі 74% жетті. Сөйтіп, мұнда 2 000 жұмыс орны пайда болды.  

Жол  құрылысына  жергілікті  өндіріс  материалдарын  қолдануға  баса  назар 

аударылуда.  Ол 90% құрайды.  Ол – қиыршық  тас,  құм,  цемент,  темірбетон 

бұйымдары, жол белгілері жəне т.б.  

2013 жылдан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге 

асыру  барысында  Орталық-Оңтүстік  көлік  дəлізіне  қайта  жөндеу  жүргізілуде. 

Құрылыс  жұмыстары  жолдың  Анар-Теміртау  бөлігінде  жалпы  ұзындығы 93 

шақырымдық учаскеде.  

Биылғы  жылдың  соңында  аталған  учаскеде  жұмыс  аяқталады  жəне 

төртжолақты  автобан  Астананы  Қарағанды  аймағымен  жалғайтын  болады. 

Көліктік  дəліз  аймақ  экономикасының  күретамырына  айналып,  Астанамен  қатар 

Қарағанды облысының, бүтіндей ел экономикасының өсімін арттыруға мүмкіндік 

береді.  

2016  жылы  Қарағанды  облысында 2 мың  жұмыс  орнын  ашатын  жалпы 

пайдаланыстағы 510 шақырым  автокөлік  жолын  жөндеу  жоспарлануда.  Сонда 

жолдардың жақсы жəне қанағаттанарлық үлесі 75% жетеді.  

Көлік  саласында 241 автобустық  маршрут  қызмет  жасайды,  олар  арқылы 

автокөлік қатынасымен 235 елді мекен қамтылған.  

Теміржолда 12 əлеуметтік-маңызды  облысішіндегі  бағыт  бойынша 

жолаушылар тасымалданады.  

Қарағанды  қаласы  əуежайынан  əуетасымалы  бойынша  Мəскеу,  Новосібір, 

Алматы, Өскемен, Қызылорда секілді қалаларға рейстер жүзеге асырылады.  

Сондай-ақ,  əлеуметтік  маңызды  болып  табылатын  жəне  облыстық 

бюджеттен субсидияланатын облысішіндегі əуетасымалы «Қарағанды-Жезқазған» 

бағытында  жолаушы  тасымалы  ұйымдастырылған.  Əуетасымалының  шығынын 

жабуға  бағытталған  бюджеттік  қаражаттың  сомасы 2015 жылы 232 млн.теңгені 

құрады. 2016 жылы  бұл  мақсаттарға  да  сəйкес  шығындар  ескерілген.  Ұшу 

аптасына 2 рет жүзеге асады.  

Сонымен қатар, Жезқазған қаласының əуежайынан Жезқазған-Алматы жəне 

Жезқазған-Астана облысаралық əуеқатынасы аптасына 3 рет ұйымдастырылған. 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 



Жергілікті  атқарушы  билік  органдарының  жұмысында  тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық мəселелеріне баса назар аударылады.  

2015  жылы  «Нұрлы  Жол-болашаққа  бастар  жол»  бағдарламасымен 

Қарағанды қаласында 2 млрд.теңге көлеміндегі Ұлттық қор қаражаты есебінен 8 




шақырым жылу желісі қайта жөндеуден өтті.  

Желілерді қайта жөндеу облыс орталығындағы 385 тұрғын үйді сенімді əрі 

сапалы  жылумен  жабдықтауды  молайтып,  жылу  қуатының  кемшіліктері  мен 

ысырабын  кемітуге  мүмкіндік  берді.  Жылу  беру  маусымының  қорытындысы 

бойынша  жобаны  жүзеге  асырудың  экономикалық  тиімділігі 100 млн.теңге 

шамасында. 

Биылғы  жылы  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасымен  жылумен  жабдықтауда 

Саран қаласы Ақтас кентінің қуаттылығы 11,2 Гкал болатын қазандық құрылысы 

жобасын,  Қарағанды  қаласының  жылу  желісін  жаңғырту  жəне  сумен 

жабдықтаудың екі жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.  

Бұл  Ақтас  кентіндегі 20 тұрғын  үйге  жəне 2 əлеуметтік  мəдени  нысанға 

үздіксіз  жылу  беруге  мүмкіндік  береді.  Облыс  орталығындағы 31 тұрғын  үйді 

жылумен  жабдықтау  сенімділігі  мен  сапасы  күшейіп,  Қарағанды  қаласының  су 

құбырлары мен кəріз желілерінде апатты төмендетеді.  

Есепті  кезеңде  «Жұмыспен  қамту  жол  картасы-2020»  бағдарламасымен 

Осакаров  ауданы  Молодежный  кентінің 8,2 шақырымдық  жылу  желісін  жөндеу 

бойынша 2013 жылы жүзеге асырылған жоба мəреге жетті. Ол болса, өз кезегінде, 

жылумен  жабдықтаудың  сапасын  арттырып  қана  қоймай,  орталықтандырылған 

жылу көзіне қосылған тұтынушылар санын көбейтті.  

2015-2016 жылдың жылу беру маусымына дайындық барысында облыстың 

жылуэлектрстансаларындағы 21 қазандық  агрегатқа, 16 турбинаға  жөндеу 

жұмыстары  жасалды.  Барлық 57 дербес  қазандық  пен 622 автоматтандырылған 

жылу жүйесінің құрал-жабдықтары, сонымен бірге, 116,3 шақырым жылу желісі, 

159,2 шақырым су құбырлары мен кəріз желілері, 5195,2 шақырым жарық желісі, 

799 шағын станса жөнделді. 

Облыстың  энергетикалық  кешеніне 132 млрд.  теңге  инвестиция  құйылды. 

Бұл  қаражатқа  Қарағанды  ЖЭС-3,  Жезқазған  ЖЭС  жəне  Балқаш  ЖЭС  құрал-

жабдықтары қайта жөндеуден өтті, суқұбырлары, жылу жəне электр желілері мен 

шағын станса құрылысы жəне қайта жөндеу жүргізілді.  

Нəтижесінде  жылу  желілерінің  тозығы 70%-дан 61%-ға;  электр  желілері 

68%-дан 61,2%-ға; су құбырлары желілері 78%-дан 76,6%-ға төмендеді.  

2015  жылы  электр  энергиясын  өндіру 13,7 млрд.  сағ/кВт-тан 15,0 млрд. 

сағ/кВт-қа өсті, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 9,2%. 

2015  жылы  «Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасымен  Қарағанды,  Жезқазған, 

Сəтбаев,  Приозерск  қаласының,  Бұқар  жырау  жəне  Ұлытау  аудандарының  сумен 

жабдықтау  жəне  су  бұрудың 12 нысанында  құрылыс-монтаждау  жұмыстары 

жалғасты.  Жыл  қорытындысы  бойынша 5 нысан  пайдалануға  берілді.  Оның 

ішінде 2 нысан  Қарағанды  қаласында,  Жезқазған  қаласы  мен  Бұқар  жырау, 

Ұлытау аудандарында бір нысаннан.  

Ұзындығы 9 шақырым  №2  су  тартқышты  қайта  жөндеу  аяқталды,  сондай-

ақ,  Қарағанды  қаласының  солжағалаулық  кəріз  коллекторы  қайта  жөнделді. 

Жезқазғанда  Қостангелді  жəне  Бекболат  шағынаудандарындағы 42 шақырымдық 

суқұбырларының желісі жаңғыртылды.  

Бұқар  жырау  ауданы  Петровка  ауылы  жəне  Ұлытау  ауданы  Алғабас 

ауылында жалпы ұзындығы 24 шақырым жəне 10 шақырым суқұбырлары желісі 

пайдалануа  берілді.  Ауылдықтар  орталықтандырылған  сумен  жабдықтауға  қол 

жеткізді.  



жүктеу 368,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау