Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің тұрғындар алдындағы есебі Жаңа кезең – жаңа міндеттер



жүктеу 368,08 Kb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата27.12.2019
өлшемі368,08 Kb.
#25173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Облыстың  агроөнеркəсіп  кешеніндегі  жағдай  өндірістің  тиімділігінің 

өсуімен сипатталады.  

2014  жылмен  салыстырғанда,  жалпы  ішкі  өнім 162,9 млрд.  теңгеге 

шығарылып, өсім 7,3%-ды құрады.  

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мал жəне құс басының өсу үрдісі 

сақталуда.  

«Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша 5515 бас  мал  сатып  алынып,  сыртқары 

елдер  селекциясынан 1055 бас  əкелінді,  Бұқар  жырау  ауданында («Жəке»  ШҚ) 

жəне  Абай  ауданында («Сарыарқа  АӨШ»  ЖШС) 6 мың  басқа  арналған 

бордақылау алаңдарының құрылысы жүргізілуде.  

Шалғайдағы  мал  шаруашылығын  дамыту  мақсатында  мал  суару  үшін 40 

ұңғыма бұрғыланды.  

Президенттің 

Қазақстан 

халқына 

арнаған 


Жолдауында 

ауыл 


шаруашылығының  алдына  қойылған  міндеттерді  орындай  отырып,  өсімдік 

шаруашылығында  тиімділігі  төмен,  суды  қажетсінетін  дақылдарды  өсіру  көлемі 

шектеліп, оларды көкөністік, майлы жəне жемдік өнімдерге ауыстыру жұмыстары 

жүргізілуде.  

Егістік 

алқаптарды 

диверсификациялау 

аясында 2011 жылмен 

салыстырғанда бидай алқаптары 69 мың гектарға азайып, ал, мал азығы, бұршақ 

тұқымдас  жəне  жарма  дақылдары  алқаптарының  көлемі 79 мың  гектарға  арта 

түсті.  

2015  жылы  ауыл  шаруашылығы  дақылдары  егістік  алқабының  жалпы 

аумағы 995 мың  гектарды  құрады,  оның  ішінде,  дəнді  жəне  дəнді  бұршақ 

тұқымдас дақылдар алқабы – 680 мың гектар. 

Ылғал ресурстарын үнемдейтін технология қолданылатын алқаптар аумағы 

2015 жылы 550 мың гектардан асып түсті, бұл алдыңғы жылдан 80 мың гектарға 

немесе 17%-ға артық.  

Тамшылатып  суарылатын  алқаптар 877 гектарды  құрады,  немесе 2014 

жылдың деңгейінен 1,8 есе көп.  

Азық-түлік  өнімдерін  өндіру  көлемі 7,1%-ға  ұлғайып, 86,4 млрд.  теңгені 

құрады.  

Шетелдік  инвестордың  (чехтың  «Бауэр»  компаниясы)  қатысуымен 

«Өркендеу ШҚ» ЖШС-імен бірге инвестиция көлемі 43,6 млн. еуроны құрайтын, 

жылына 31250 бас шошқа торайын өсіретін «Генетикалық селекциялы-гибридтік 

орталық» (шошқа  шаруашылығы)  ірі  жобасы  жүзеге  асырылуда.  Бұл  жоба 

индустрияландыру жөніндегі институционалдық реформаларға енгізілген.  

Агроөнеркəсіп кешені саласында құны 32 млрд. теңге тұратын, 1155 жұмыс 

орыны бар 25 инвестициялық жоба іске асырылуда.  

Өткен  жылы  инвестиция  көлемі 2,1 млрд.  теңгені  құраған 3 жоба 

қолданысқа берілді.  

Инновациялық  өнеркəсіп  құру  мақсатындағы  бəсекеге  қабілетті,  қауіпсіз 

жəне  тұрғындар  үшін  қолжетімді  отандық  өнім  шығаратын  осы  жобалардың 

барлығы  тұрғындардың  экономикалық  əл-ауқатын  арттыруға,  жаңа  жұмыс 

орындарын ашуға жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.  

 

Баға ахуалы 




2015  жылдың  желтоқсан  айында  облыстағы  тұтыну  бағаларының  индексі 

2014 жылдың желтоқсан айына шаққанда 111,6% деңгейінде (оның ішінде, азық-

түлік  тауарларына – 112,5%, азық-түлік  емес  тауарларға – 118,5%, ақылы 

қызметтерге – 104,8%) түзілді, бұл – облыстар арасындағы ең төменгі көрсеткіш. 

Əлеуметтік  маңызды  азық-түлік  тауарларына  сауда  үстемесін  мейлінше  аз 

қосу,  негізгі  азық-түлік  түрлерін  үздіксіз  жеткізу  жəне  жалға  беру  ақысының 

мөлшерін ұлғайтпау туралы 3 мыңнан аса меморандум қолданыс үстінде.  

30  əлеуметтік  павильондарда  əлеуметтік  маңызды  азық-түліктің  барлық 

түрлері  нарықтағы  бағадан 15-20%-ға  арзандатылған  бағамен  сатылуда.  Ауыл 

шаруашылығы  жəрмеңкелері  əр  апта  сайын  өткізіледі,  өткен  жылы 500-ге  жуық 

жəрмеңке ұйымдастырылды.  

Сауда базарлары мен ірі дүкендерде саяжай өнімдерін саудалау үшін 400-ге 

жуық сауда орыны жеңілдетілген жағдайда ұсынылып, берілді.  

Бағаның  негізсіз  өсімін  анықтау  үшін  қалалар  мен  аудандардың 

супермаркеттері  мен  ірі  сауда  нүктелерінде  əлеуметтік  маңызды  азық-түлік 

түрлерінің  бағасына  күн  сайын  мониторинг  жүргізіледі,  көтерме  сауда 

қоймаларында азық-түліктің бар екендігі тексеріледі.  

Тұрақтандыру  қоры  құрылған.  Тауарлар  көлемі  бойынша  жеміс-көкөніс – 

1325 тоннаны, ал, бакалея өнімдері 1070 тоннаны құрайды. 

 

Жерді тиімді пайдалану 



Шағын  жəне  орта  бизнесті  қолдау  жəне  дамыту,  инвестициялар  тарту, 

жұмыс  орындарын  құру  жəне  облыстың  əлеуметтік  дамуы  үшін 2015 жылы 

келісім-шарттар  негізінде  барлау  жəне  пайдалы  қазбаларды  өндіру  мақсатында 

913,6 гектар жер берілді.  

2012-2013  жылдары  анықталған 1835,2 мың  гектар  пайдаланылмайтын 

жерден: 


–1406,3  мың  гектар  жер  мəселесі  шешілді  (игеру  жөніндегі  жұмыстар 

жаңғыртылды жəне мемлекетке қайтарылды); 

– жалпы аумағы 428,9 мың гектар болатын жердің қайтарылуын қамтамасыз 

ету жəне айналымға тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.  

 

Бизнес 


Кəсіпкерлікке  қолдау  көрсету  аймақтағы  басым  міндеттердің  бірі  болып 

қалуда. 


Облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» – бизнесті қолдау мен дамытудың 

бірыңғай  бағдарламасы  аясында  жалпы  сомасы 101,6 млрд.  теңге  болатын 888 

жоба  қолдау  тапты,  бұл – республика  бойынша  үшінші  нəтиже. 2015 жылы 

бағдарламаға  қатысушылардың  саны 268 кəсіпкерді  құрады,  өткен  жылмен 

салыстырғанда өсімі – 12,6%. 

Нəтижесінде  бұрыннан  бар 50 мыңнан  аса  жұмыс  орындары  сақталып, 17 

мыңнан  аса  жаңа  жұмыс орны құрылды. Бюджет кірісіне 15 млрд. теңгеге  жуық 

салық төлемдері түсті.  

Өткен  жылы  қаржылық  емес  қолдау  бағдарламасы  аясында 1500 адам 

оқытылды.  Кешенді  қызмет  көрсетулерді  ұсынудың  үшдеңгейлі  жұмысының 

арқасында 9 мыңнан аса кəсіпкерлерге 26 мың кеңес берілді.  



жүктеу 368,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау