Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің тұрғындар алдындағы есебі Жаңа кезең – жаңа міндеттер



жүктеу 368,08 Kb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата27.12.2019
өлшемі368,08 Kb.
#25173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Жаңа  Қазақстанның  жастары – еліміздің  ХХІ  ғасырдағы  əлеуетін 

нығайтатын  жаңа  толқын.  Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаев  өзінің  əрбір 

стратегиялық  құжатында  жастардың  елді  дамытудағы  рөлін  ерекше  атап 

көрсетеді.  

Облыстағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 345 мың адамды 

құрайды.  Бұл – тұрғындардың  жалпы  санының 25,2%-ы.  Жастардың  өзін-өзі 

серпінді дамытуы мен əлеуетін арттыруы үшін облыстық жəне 18 өңірлік жастар 

ресурстық орталығы, жастардың мемлекеттік емес 83 ұйымы жұмыс істейді. 

Бос  жұмыс  орындарының  жəрмеңкесі,  жастар  мүддесін  көздеген 

мемлекеттік 

жəне 

үкіметтік 



бағдарламаларды, 

жобаларды 

түсіндіру 

жұмыстарының  белсенді  жүргізілуі, «Жасыл  ел»  студенттердің  құрылыс  жəне 

еңбек  жасақтарының  жұмысы,  балалар  үйлері  түлектерін  əлеуметтік  бейімдеу 

қызметі  жастар  саясаты  бағытының  негізгі  бір  бағыты – жастарды  еңбекке 

орналастыру, жұмыспен қамту ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

Өткен жылы 17 мыңнан астам жас еңбекке орналастырылды. «Дипломмен – 

ауылға!»  жобасы  арқылы  ауылды  мекендерге 121 жас  маман  жолдама  алып, 

қызметке кірісті.  

Жетім  балаларды  жұмыспен  қамту,  оларға  əлеуметтік  көмек  көрсету 

мəселесі үнемі бақылауда. Былтыр бұл санаттағыларға 114 пəтер бөлінді.  

Биылғы  жылы  облыстың  əлеуметтік-экономикалық  дамуына  жастарды 

көптеп  жұмылдыру  мақсатындағы  жұмыстарды  күшейту  жоспарланған.  Оның 

ішінде,  жастардың  жұмысқа  орналасуына,  жұмысшы,  ауылдық,  шығармашыл, 

қызметші  жəне  өзге  саладағы  жастардың  өзін-өзі  жан-жақты  дамытуына, 

əлеуметтік  бастамаларына  қолдау  көрсетіледі.  Қазақстан  Тəуелсіздігінің 25 

жылдығына орай, еліміздің даңқын паш ететін іс-шаралар ұйымдастырылады.  

 

Мəдениет 



Мəдениет саласында оң нəтижелерге қол жеткізілді. 

Тарихи мұраның 14 нысаны қайта жөндеуден өтті, мəдени мұраға арналған 

5  басылым  жарық  көрді,  археологиялық  жəне  тарихи  тақырыптардағы 12 

ескерткіш  зерттелді.  Бұл  зерттеулер  барысында  туған  өлкеміздің  тарихын 

танудағы маңызы зор, айтулы тарихи жаңалықтар ашылды.  

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Қазақстан жəне Ресейдің 

ірі  ғалымдардың,  мұражай  мамандарының  жəне  тарихшыларының  қатысуымен 

«Ұлытау – ұлт  ұясы»  халықаралық  ғылыми-тəжірибелік  конференция,  Ұлытау 

ауданында  облыстық  деңгейдегі  іс-шаралар  өткізілді.  Шығармашыл  ұжымдар 

Астана жəне Тараз қалаларындағы республикалық іс-шараларға қатысты.  

Тарихи  тұлғалар – Қазыбек  би,  Бұқар  жыраудан  бастап,  кейінгі  əдебиет 

өкілдеріне  дейінгі  Сарыарқа  жерінен  шыққан  мəдениет  жəне  өнер 

қайраткерлерінің  шығармашылық  еңбектері  енген  «Сарыарқа  кітапханасы» 100 

томдық жинағы жарық көрді.  

Бұл – қарағандылықтардың жас буын бойындағы патриоттық сезімді, туған 

жерге  деген  сүйіспеншілікті  қалыптастыруға  қосқан  үлесі.  Ұлт  көшбасшысы 

Н.Назарбаев  жария  еткен  «Мəңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыруға  бағытталған 

қарқынды жұмысымыздың айғағы.  

Жұлдыздар  гүлзарында  ҚР  халық  əртісі  Мақпал  Жүнісованың  ескерткіш 



белгісінің ашылу рəсімі де айтулы жаңалықтың бірі болды.  

Жалпы, 2015 жылы  театрлық-көрсетілімдік  мекемелер 1292,5 мың 

көрерменнің  басын  қосып, 1663 спектакль  мен 1206 концерттің  шымылдығын 

түрді. 


Театрлық  жəне  концерттік  ұжымдарымыз  Қазақстанның  түпкір-түпкірімен 

қатар, алыс жəне жақын шетелдерге гастрольдік сапарға шықты. 

 

Тілдерді дамыту  



Облыста  мемлекеттік  тіл  саясатын  жүзеге  асыруға  арналған  мақсатты 

жұмыстар жүргізілуде. 

Жыл бойы мемлекеттік тілді оқытатын орталықтарда 2298 адам білім алса, 

ағылшын тілі бойынша 594 адам тəлім алған.  

Бүгінгі  күні  халықтың 61%-ы  мемлекеттік  тілді  меңгерген.  Облыс 

тұрғындарының (үлкен жастағы) 92,3%-ы – орыс тілін, 7,6%-ы – ағылшын тілін, 

4%-ы үш тілді меңгерген.  

 

Спорт 



Жоғары  санатты  спортшыларды  дайындау,  бұқаралық  жəне  балалар  мен 

жасөспірімдер спортын дамыту мақсатындағы жұмыстар жүйелі жолға қойылған.  

Есептік  мерзімде  облыстың 67 мыңнан  спортшысы  түрлі  деңгейдегі 766 

жарысқа  қатысты.  Нəтижесінде,  спортшылар 8 мыңнан  астам  медальді  жеңіп 

алды.  

Өткен  жылдың  алғашқы  сөресі  ретінде  Қазақстан  Республикасының  ІV 



Жазғы  спартакиадасын  атап  өтуге  болады.  Бұл  Спартакиадада  облыс 

спортшылары 130 медальді – 33 алтын, 41 күміс  жəне 56 қола  медальді  жеңіп 

алды.  Қарағанды  облысының  командасы  жалпы  есепте 5 жалпыкомандалық 

орынға ие болды.  

«Сарыарқа»  хоккей  клубы  жоғары  хоккей  лигасының  чемпионатында 

жеңімпаз атанды. 

2015  жылдың  тамыз  айында  құрамында 48 спортшысы  бар  облыстық 

команда Қазақстан Республикасы ІV Параолимпиадалық ойындарына қатысып, 36 

алтын, 15 күміс жəне 4 қол медальді қанжығасына байлады.  

Жалпы,  облыс  бойынша 6089 спорттық-бұқаралық  іс-шаралар  өткізіліп, 

оларға 348813 адам қатысты. Оның ішінде, 45 мыңнан астам адамды қамтыған 8 

облыстық спартакиада өткізілді.  

Спорттық нысандармен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жалғасын 

тапты.  


Бизнестің  əлеуметтік  жауапкершілігі  негізінде  кəсіпорындар  қаражаты 

арқылы Қарқаралы ауданы, Шарықты селолық округінде жүзу бассейні (25 м.) бар 

спорт кешені («Алтай полиметаллы» ЖШС), Нұра ауданы, Шахтерское селосында 

жабық жүзу бассейні («Шахтерское» ЖШС) іске қосылды.  

22 спорттық алаң мен 3 көпфункционалды хоккей корты орнатылды. 

Ұлытау  ауданында,  Қарағанды  қаласында  дене  шынықтыру-сауықтыру 

кешендерінің, Абай қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы жалғасуда. 

Мемлекеттік-жеке  меншік  əріптестік  механизмі  аясында  Нұра  ауданының 

Шахтерское  селосында  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешенінің  құрылысы 



жүктеу 368,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау