Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің тұрғындар алдындағы есебі Жаңа кезең – жаңа міндеттер



жүктеу 368,08 Kb.
Pdf просмотр
бет8/13
Дата27.12.2019
өлшемі368,08 Kb.
#25173
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

жүргізілуде.  

2016 жылы дене шынықтыру жəне спортпен шұғылданатын барлық жастағы 

халықтың үлесін – 29,5%-ға дейін, оның ішінде, 7-18 жас аралығындағы балалар 

мен  жасөспірімдердің  үлесін 14,8%-ға  дейін  арттыру  міндеті  тұр.  Халықаралық 

санаттағы  спорт  шеберлерінің  үлесін – 18,7%-ға  жеткізіп, 2016 жылы  Рио-де-

Жанейрода  өтетін  ХХХІ  Жазғы  олимпиадалық  жəне  ХV  параолимпиадалық 

ойындарға  лицензия  жеңіп  алу,  ҚР  Параолимпиадалық  ойындарға  қатысуды 

(Атырау қ., тамыз) қамтамасыз ету жоспары бар. 

 

Мемлекеттік қызметтер 



Мемлекеттің жекелеген міндеттерін жүзеге асырудың бір тетігі ретінде сапа, 

ашықтық жəне қолжетімділікке негізделген мемлекеттік қызмет көрсету ісін алып 

қарауға болады.  

Облыста  мемлекеттік  қызметтің 175 түрі  көрсетіледі. 2015 жылы 4,5 

миллионнан  астам  қызмет,  оның  ішінде, 135 мыңнан  астам  қызмет – ХҚКО-лар 

арқылы көрсетілген. 

Электрондық нұрсқаға көшірілген қызметтер саны – 69. Электронды үкімет 

порталы арқылы 37321 рет электрондық қызмет көрсетілді.  

Бүгінгі  күні  облыста  Халыққа  қызмет  көрсету  орталығының 31 бөлімі 

жұмыс  істейді.  Пошта  байланысының 3 селолық  округінде  (Дубовка,  Ақтас, 

Жəйрем  кенттерінде)  ХҚКО-лардың  өкілдіктері  бар.  Шалғай  елді  мекендердегі 

азаматтарға  қолайлы  болуы  үшін,  шалғай  елді  мекендерге  шығып,  қызмет 

көрсететін жеті мобильдік ХҚКО құрылды. 

Мемлекеттік  қызмет  көрсетуші  мамандарға  кеңес  беріп,  тəжірибелік  көмек 

көрсету мақсатында 38 іс-шара өткізілді.  

Мемлекеттік  қызметті  пайдалану  реті  туралы  қызметті  тұтынушыларды 

құлағдар ету деңгейін арттыру үшін 408 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, семинар-

кеңестер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференциялар жəне тағы басқа. 

Сондай-ақ, 2013 жылдан бері Қарағанды облысының Электронды қызметтер 

порталында халықты компьютерлік сауаттылық негіздеріне оқытатын қызмет түрі 

ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында бұл қызмет түрі 67 мыңнан астам, 2015 

жылы – 23 мың рет пайдаланылған.  

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мерзімін  бұзу  деректерінің  саны  едəуір 

төмендеді. Егер, 2014 жылы қызмет көрсету мерзімін бұзу дерегі 733 рет тіркелсе, 

өткен  жылғы  бұл  көрсеткіш – 65. Бұған  қоса,  жүргізілген  жұмыстар  көрсетілген 

қызметтерге  байланысты  арыз-шағымдар  көрсеткішін  төмендетуге  де  əсер  етіп, 

былтырғы жылы бұл мазмұндағы арыз-шағымдар тіркелмеген.  

 

Құқықтық тəртіп 



Құқықтық  тəртіпті  нығайту  мақсатында  тиімді  əрі  жоспарлы  жұмыстар 

жүргізілуде. 

Есепті  мерзім  ішінде  ішкі  істер  органдарының  жұмысын  жақсарту, 

материалдық-техникалық  базасын  нығайту  мақсатында 10 млрд.  теңгеден  астам 

қаражат  бөлінді.  Құқықтық  тəртіпті  нығайту  мақсатындағы  тиімді  əрі  жоспарлы 

жұмысты  жүргізу  үшін  қылмыстың,  жемқорлықтың,  есірткі  бизнесінің, 

жасөспірімдер  арасындағы  құқықбұзушылықтың,  экстремизм  мен  терроризмнің, 



алдын  алу  жəне  онымен  күрестің,  жол  қозғалысы  қауіпсіздігінің  өңірлік 

бағдарламалары жүзеге асырылуда.  

«Қауіпсіз  аула»,  құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар  желісін 

кеңейту, өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алу, тəртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа 

«нөлдік  шыдамдылық»  принципімен  қарауды  қамтамасыз  ету  сияқты  бірлескен 

жобалар əзірленді. 

Жыл сайын облыс аумағындағы қоғамдық тəртіпті 154 жаяу наряд пен 118 

автопатруль  қадағалап,  əсіресе,  қылмыс  жиі  болатын  орындар  анықталады.  ҚР 

Ұлттық гвардиясының 520 əскери қызметшісі күнделікті қызмет атқарады.  

Автожолдардың  апатты-қауіпті  учаскелеріндегі  нарядтардың  жиілігі 

қамтамасыз  етілді.  Балқаш,  Қарқаралы  қалалары  жəне  Топар  кенті  бағытында 

жол-патрульдік полициясының қосымша 4 экипажы жасақталды.  

Қаланың  көше-жол  желілерінде  «зияткер  қиылыс» 5 жүйесін  енгізу 

бойынша жоба іске асты.  

Қолданылған  іс-шаралар  қарақшылық  санын – 8,1%-ға,  пəтер  тонау 

көрсеткішін – 4,6%-ға,  тəртіпсіздік  көрсеткішін 8,2%-ға  төмендетуге  мүмкіндік 

берді. 

Облыстың  автожолдарындағы  жол-көлік  оқиғаларының  саны – 6%-ға, 



апаттан көз жұмғандар саны – 17,6%-ға, жол-көлік оқиғасында жарақаттанғандар 

саны 1,9%-ға  төмендеді.  Көлікті  мас  күйінде  тізгіндеген  жүргізушілердің 

қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының саны 22,5%-ға азайды.  

 

Ішкі саясат 



Елдің 2015 жылғы қоғамдық-саяси күнтізбесі мерейлі күндерге толы болды: 

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, 

Қазақстан 

Республикасы 

Конституцясының 

жəне 


Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясының 20 жылдығы.  

Сондай-ақ,  өткен  жылдың  басты  саяси  жаңалығының  бірі – Ұлт 

көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқының  жаппай  қолдауы 

арқылы  айқын  жеңіске  жеткен  күні – 26 сəуір  күнгі  Президенттік  сайлау  күні. 

Саяси науқанда біздің өңір халқы да белсенділік танытты. Еуропарламент, ЕҚЫҰ, 

ТМД,  ШЫҰ,  ОИС,  ОДКБ  сияқты  халықаралық  ұйымдардың  бақылаушылары 

өткен  сайлаудың  ұйымдастырылуына,  ашықтығына  жəне  əділдігіне  оң  бағасын 

берді. 


Ішкі саясат саласындағы жұмыстар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, ел 

Президентінің  Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы  Жолдауларын  жүзеге  асыру 

тетіктерін түсіндіруге бағытталды. 

Есептік  мерзімде  мерейтойлы  күндерге  орай,  қоғамдық  маңызы  бар 2 

мыңнан астам тақырыптық іс-шаралар өткізілді. 

Бұқаралық  ақпараттық  құралдар  арқылы  пікір  тудырған  өзекті  мəселелерді 

анықтап, дер кезінде түйінін шешу мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылды. 

Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен қала, аудан əкімдеріне 98 

тапсырма жүктелді. 

Біздің  облыс – елдің  көпэтносты  өңірлерінің  бірі.  Қарағанды  облысының 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 40 түрлі  этнос  өкілдері  өзара  ынтымақтастық 

танытқан  жəне  қоғамдық  маңызы  бар  іс-шаралардың  бел  ортасында  жүретін 75 




жүктеу 368,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау