асырап алуға патронаттыққа алуға ұсынылған балалар үйінің тəрбиленушілері
туралы бейнебаяндар көрсетіледі.
Тəрбиеленушілерді отбасына орналастыру арқылы балалар үйінің іріленуіне
баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта 2015 жылы елімізде бірінші рет 7
балалар үйінде «Асырап алушы ата-ана мектебі» құрылды. Нəтижесінде 2015
жылы балалар үйінің 66 тəрбиленушісі отбасына орналастырылды.
Облыстың техникалық жəне кəсіби білім беру ұйымдарында дуальды білім
беру жүйесін енгізу жалғасуда. Соңғы жылдары бұл бағыттағы колледждердің
саны 17-ден 29-ға көбейіп, оқу орындарының жалпы санының 40% құрады.
Отандық кəсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін ескере
отырып, 2016 жылы жастар кəсіпкерлігін дамыту жобасы іске қосылды. Жоба
факультатив енгізу арқылы кəсіпкерлік негіздерін бизнес-жаттықтырушылардың
қатысуымен студенттердің кəсіпкерлігін қалыптастыруға кешенді қадам жасауды
болжайды. Сонымен қатар, жастар кəсіпкерлігін дамыту бойынша Ұлыбритания
жəне біздің облыс оқытушыларымен бірлескен шараларды өткізетін Британ
кеңесімен меморандум жасауды жоспарлайды.
Білімді жаңарту мазмұнында басты шарт оқытудың тиімділігі мен заманауи
тəрбиедегі педагогтардың жоғары құзыреттілігі болып табылады.
2012 жылы облыс педагогтары үшін үшдеңгейлі бағдарлама бойынша
біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Өз біліктіліктерін 17,7% педагог
арттырды, бұл білімге жаңаша тиімді қадамдар жасауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер лауазымдық жалақысына 30-дан 70%-ға
дейін үстеме ақы алады. Оның жалпы сомасы 2015 жылы 915,6 млн.теңгені
құрады.
2016 жылы ҚР БҒМ болжамды жоспары бойынша деңгейлік курстар
бойынша біліктілігін арттырудан 434 педагог өтеді.
Денсаулық сақтау
Азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды
басымдығы болып қала бермек.
2015 жылы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
мəреге жетті. Онда Қарағанды облысы негізгі индикаторы бойынша оң
көрсеткіштерге қол жеткізді.
Балалар өлімі 5%-ға, туберкулезбен ауыру жəне өлім 10,0-ден 3,5%-ға,
онкологиялық аурулардан өлім 9,9%-ға төмендеді. Бұл жай ғана сан емес, оның
соңында адам өмірін құтқару тұр.
Ең негізгі мақсат орындалды – облыста адам өмірінің ұзақтығы 70,3 жас
болды.
Денсаулық сақтау саласының 2015 жылға қойған міндеттерді табысты
орындауы мақсатында медициналық ұйымдарды қаржыландыру 2,2%-ға артып,
55,1 млрд.теңгені құрады.
Облыстың жедел жəрдем қызметін қамтамасыз ету үшін 125 млн.теңгеге 37
көлік алынды.
Тегін дəрі-дəрмекпен қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 36 ауру түрі
бойынша амбулоториялық науқастарға бөлінген қаржы 2,7 млрд.теңге.
Облыс тұрғындарының дəріге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік медициналық мекемелерде төменгі бағамен дəрі-дəрмек босатылатын
25 əлеуметтік дəріхана ашылды.
Облыста диагностиканың жəне емдеудің қазіргі заманғы технологиясы
қолданылады.
Жоғары мамандандырылған көмек 130 технология бойынша 11
медициналық ұйымда көрсетіледі.
Медициналық қызмет көрсетуді кеңейту үшін жеке меншік бизнес
құралдары тартылуда. МЖƏ аясында 2015 жылы облыста мемлекеттік ұйымдарда
308 млн.теңгеге 2 офтальмологиялық кеңестік-диагностикалық орталық жəне
томография компьютерлік кабинеті ашылды. Бұл жұмыс 2016 жылы да жалғасып,
сала жобаларын іске асыру үшін 1 млрд.теңгеден артық қаржы тарту көзделуде.
2016 жылы Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласында басты бағыт
– медициналық қызмет көрсету аясын жетілдіріп, аурудың алдын алуға баса назар
аудара отырып, медика-санитарлық қызметті дамыту, саламатты өмір салтын
насихаттау болмақ.
Жұмыспен қамту
Əлеуметтік-экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі –
еңбекке қабілетті халықты өңір экономикасын дамытуға жұмылдыру.
Халықты еңбекпен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сəйкес, есептік
мерзімде 52908 адам қамтылып, олардың арасында 37786 адам жұмысқа
орналастырылды.
Отыз бес мыңдай адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»
бағдарламасы арқылы (2011 жылдан бері), оның арасында, 12333 адам –
былтырғы жылы еңбекке орналастырылды.
Есепті мерзім ішінде 47 инфрақұрылымдық жоба арқылы 795 адам жұмысқа
орналасты, 224 адам кəсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бағдарламаға
қатысушы 360 адамға 867,6 млн. теңге шағын несие берілді.
Кəсіптік білім алуға 292 адам жолдама алып, кəсіптік білім беру
мекемелерінің 614 түлегі жастар тəжірибесі арқылы жұмысқа орналасты. 804 адам
əлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.
Осы бағыттағы ауқымды жұмыстар нəтижесінде, еңбек нарығында
жұмыссыздықтың едəуір төмен көрсеткіші – 4,9% көлемінде сақталуда.
Жүйеқұрушы кəсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының
еңбекақысы көлемін сақтау мəселесі шешімін тапты.
2015 жылдың қаңтар, тамыз айларында компания əкімшілігі еңбекақының
көлемін 25%-ға төмендету туралы бұйрық шығарған болатын.
Бұл бұйрықтарды жою үшін тиісті нұсқаулықтар беріп, айыппұл түріндегі
əкімшілік жауапкершілікке тарту нəтижесінде, кəсіпорынның жəне еншілес
компаниялардың 30 мыңнан астам жұмысшысының еңбек келісім-шарттарына
сəйкес – еңбекақысы, ұжымдық келісім-шарттар негізіндегі қосымша
төлемақылары сақталды.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмыстар биылғы
жылы да жалғасын табады.
Жастар саясаты