Сабақтың тақырыбы: Акварельдік кескіндеме. Сабақтың мақсаты: Білімділігі



жүктеу 272 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі272 Kb.
#13943
түріСабақ

Алматы облысы Қарасай ауданы

Еңбекші ауылындағы орта мектебі



Тақырыбы: «Табиғат пен кескіндемедегі көк – жасыл түсті танып білейік.

Сызу,бейнелеу өнері пән мұғалімі

Алиханова С Б


2017 жыл

22.02.2016 жыл Бекітемін:__________

Сыныбы: 5 а ә сынып

Пәні: Бейнелеу өнері.

Сабақтың тақырыбы: Акварельдік кескіндеме.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Оқушыға акварельдік кескіндеме туралы мағлұмат беру.



Дамытушылығы:

Оқушыларға өтілген сабақты салыстыру арқылы теориялық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін жеткізу.



Тәрбиелігі:

Оқушыларға өз бетінше шығармашылық пен жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық ойлауын сурет салу арқылы жеткізе білуге тәрбиелеу.



Құрал -жабдықтар: Кітап, суреттер, сулы бояулар.

Сабақ түрі: аралас сабақ әдебиет, тарих.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, тірек сызба, іздену, сөзжұмбақ, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін және зейіндерін мұғалімге аудару.

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

  • Сабаққа дайындық

  • Оқушы және бөлменің тазалығына көңіл бөлу.

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Өтілген сабақ бойынша сұрақ қоя отырып, парта аралап салған суреттеріне баға қоямын.



  • Кескіндеме қанша түрге бөлінеді?

  • Майлы бояу кескіндемесі қай ғасырды қолданылы бастады?

  • Өнер әлеміне мәшһур болған Альтамира үңгірінде ненің бейнесі салынған?

Білімді тексеру кезеңі.

Салған суреттерін тақтаға шығарып мадақтау арқылы бағалаймын.



Қызығушылықты ояту.

Ал оқушылар бүгінгі сабағымызды көңілді тілектер мен бастайық.

Бір – бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанмын менде, қуанасың сенде

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге дей отырып көңіл күйіміз жақсы болса барлық қиындықтарды оңай жеңеміз.


III.Өз бетінше тақтада оқулық пен жұмыс:

Тақтамен жұмыс: Сөзжұмбақ.




А

























К

























В






















А




























Р



















Е



















Л






















ь





  1. Суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен салынған шығармалар (Акварель)

  2. Бейнелеу өнерінің заттарды және өмір құбылыстарын бояулармен бейнелейтін түрі (кескіндеме)

  3. Мөлдір бояулармен шыны бетіне салынған кескіндеме немесе түрлі түсті шыны сынықтарынан құрастырылған картина (витраж)

  4. Бейнелеу өнеріндегі жансыз қозғалмайтын заттар бейнеленетін жанр (Натюрморт)

  5. Бейнелеу өнеріндегі басты кейіпкер адам болатын жанр(портрет)

  6. Табиғат көрінісін бейнелейтін өнер жанры (Пейзаж)

  7. Заттың бетіндегі ең жарық нүкте (Блик)

  8. Ішіне ақ сұр қосылған, күңгірт әрі қою жағылатын бояу(гуашь)



IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Оқулық пен жұмыс: Кіріспе



Кескіндеме - бейнелеу өнерінің ең кең таралған түрі.Суретшілер алуан түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді. Кескіндеме шығармалары өмірдің таңғажайып сырларын, өзімізді қоршаған әлемге дұрыс қарап, оның мәнін түсінуге көмектеседі.

«Акварель» сөзі латынның адна – «су» деген сөзінен шыққан. Акварельдік кескіндеме. Бұл кескіндеме көбінесе қағазға ғана салынады. Акварель бояулары суға өте ерігіш, күмістей таза мөлдірлігімен ерекшеленеді. Акварельмен «дымқыл» тәсілде жазған кезде суретшіден шапшаңдық талап етіледі, өйткені бояу кеппей тұрып бір – бірімен араласуы керек, сол араласуы арқылы өзімізге керекті түстерді табамыз. Акварель негізінен екі тәсілде: дымқыл немесе бояу дақтары арқылы жазылады.

Акварельдік кескіндеме сонау перғауындар дәуірінен белгілі. Египетте өте ерте кезде осы бояумен паирусқа сурет сызған. Ал орта ғасырларда акварельмен салынған суреттермен кітаптарды көркемдеген. Бұл техникамен Қайта өрлеу дәуірі суретшілері айналысқан. Акварельдің кең етек жайып дамыған жер Голландия мен Финляндия болады.(XVII ғ.).

Майлы бояудан немесе темперадан айырмашылығы, акварель қайта жасау немесе түзетуге келмейді – бұрын жағылған бояудың үстіне жаңадан бояу жағу арқылы тек қарайтуға ғана болады, ал қарайған жерді ағарта түсуге болмайды.

Құрдастарың салған суреттерге қарап, сендер де сурет салып көріңдер.

Акварельмен жазылған жұмыстарды жарық көп түсетін жерге немесе күнге қоюға болмайды, себебі оның бояулары оңып, бастапқы қалпын жоғалтады.

Практикалық жұмыс:

Оқушылардан суреттерге қарап сөз құрасатырып өздерінің ой – пікірлерін сұрап содан өздеріне ұнаған суреттерін салғызу.



Мағынасын тану:

Салған суреттерін өздерінің түсініктермен айта отырып қорғайды.



V.Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақтар қою арқылы сабақты аяқтаймын.



  • Кескіндеме қандай түрге бөлінеді?

  • Қазақ суретшілерінің атақты кескіндемелерін ата?

  • Акварель сөзі қай тілде алынған?

VI.Сабақты қортындылау: Көрме жасау

  • Оқушылардың жұмыстарынан көрме жасау.

  • Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

  • Сабақ ұнадыма?

  • Сендерге бұл тақырыпта не қиын болды?

VII. Үйге тапсырма:

Үйге тапсырма салған суреттерін аяқтау.Күнделікке жазып алу.



VIII.Бағалау.
жүктеу 272 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау