Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті



жүктеу 328,28 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата22.05.2018
өлшемі328,28 Kb.
#15885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

      6) МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында 

тіркеуді;

      7) МО-ны немесе ЖАО-ны ақпараттандыру туралы мәліметтерді, БҚ эталондық көшірмелерін, 

бастапқы бағдарламалық кодтарды (олар болған кезде), лицензияланған БҚ-ның теңшеу кешенін, "

электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық 

көшірмелерін "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастыруды, 

өзектілендіруді және олардың сақталуын бақылауды;

      8) МО архитектурасын құрған және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асырған 

кезде сервистік интегратормен, оператормен, МО-мен, ЖАО-мен және ұйымдармен ақпараттандыру 

саласындағы жобаларды іске асыру бөлігінде өзара іс-қимыл жасауды;

      9) АҚ жөніндегі талаптарды орындауды жүзеге асыратын ақпараттық технологиялар 

бөлімшесі қамтамасыз етеді. 

      15. МО-дағы және ЖАО-дағы жұмыс кеңістігі 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы

және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 

 6-

144-бабының



тармағына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 

саламаттылығын қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұрғын және басқа үй-жайларды, 

қоғамдық ғимараттарды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық 

талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

      16. МО және ЖАО қызметшісінің жұмыс орны оның функционалдық міндеттеріне байланысты 

жабдықталады және мыналарды қамтиды: 

      1) МО немесе ЖАО ішкі шеңберінің ЛЖ-сы қосылған жұмыс станциясы немесе үйлестірілген 

жұмыс орны не терминалды жүйе. Қажет болған кезде жұмыс орнын қосымша монитормен жабдықтауға

жол беріледі;

      2) қажет болған кезде мультимедиялық ЭАР немесе бейне-конференциялық байланыс 

жүйесімен жұмыс істеуге арналған мультимедиялық жабдық (құлаққаптар, микрофон мен веб-камера

) жиынтығы; 

      3) телефон байланысы немесе IP-телефония аппараты.

      17. МО-ның және ЖАО-ның үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне 

қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

      18. Жұмыс станцияларының сатып алынатын үлгілерін таңдау кезінде мынадай ережелерді 

басшылыққа алу қажет:

      1) жұмыс станцияларының аппараттық сипаттамалары пайдаланатын БҚ әзірлеуші (өндіруші) 

ұсынатын жүйелік талаптарға сәйкес не олардан артық;

      2) көрсетілетін қызметтердің жалпы деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыс станцияларының 

конфигурациялары біріздендіріледі;

      3) жұмыс станциялары үшін БҚ жаңартуларын орталықтандырылып автоматтандырылған тарату 

ұйымдастырылады;

      4) әкімшілендірудің сапасы мен жылдамдығын арттыру үшін жұмыс станцияларының әртүрлі 

аппараттық-бағдарламалық конфигурацияларының саны үш түрімен шектеледі:

      қолданбалы БҚ-мен жұмыс істеуге арналған жұмыс станциясы;

      графикалық пакеттермен, үлгілеудің БҚ пакеттерімен және өзгелермен жұмыс істеуге 

арналған қуаты жоғары жұмыс станциясы. Графикасы дамыған, процессордың өнімділігіне, жедел 

жады және кіші бейнежүйелерінің көлеміне қойылатын талаптары жоғары қосымшалар үшін 

қолданылады;

      мобильдік пайдаланушылардың жұмысына арналған ноутбук.

      19. Техникалық талаптардың ерекшелігі үшін жұмыс станцияларының мынадай басты 

параметрлері бөлінеді:

      1) мыналарды қамтитын өнімділік:

      процессордың тез әрекет ету параметрлері;

      жедел жадының қажетті көлемі;

      деректер таратудың ішкі шиналарының жылдамдығы;

      графикалық кіші жүйенің тез әрекет етуі;

      енгізу/шығару құрылғыларының тез әрекет етуі;

      монитор матрицасының параметрлері;

      2) тұрақты бас тартылған аппараттық құралдар мен БҚ пайдалану есебінен қамтамасыз 

етілетін және үздіксіз жұмыс істеуінің орташа уақытын ескере отырып анықталатын сенімділік;

      3) мыналарды:

      процессорлардың саны мен өнімділігін;




      жедел және сыртқы жады көлемін;

      кіріктірілген жинақтағыштардың сыйымдылығын арттыру мүмкіндігі есебінен дербес 

компьютердің архитектурасымен және құрылымымен қамтамасыз етілетін ауқымдау.

      20. АҚ-ны қамтамасыз ету үшін:

      1) АҚ ТҚ-да:

      МО немесе ЖАО қызметшілерінің жұмыс станцияларын орнату тәсілдері;

      электрмен жабдықтау жүйесіндегі істен шығулардан және коммуналдық қызметтер 

жұмысындағы кідірулерден туындайтын басқа да бұзылулардан жұмыс станцияларын қорғау 

тәсілдері;

      үздіксіз қолжетімділігін және тұтастығын қамтамасыз ету үшін жұмыс станцияларына 

техникалық қызмет көрсету рәсімдері мен мерзімділігі; 

      түрлі сыртқы тәуекелдерді ескере отырып, МО-дан немесе ЖАО-дан тыс орналасқан 

мобильдік пайдаланушылардың жұмыс станцияларын қорғау тәсілдері;

      жұмыс станцияларын екінші рет пайдаланған немесе ақпаратты тасығыштарды пайдаланудан 

шығарған кезде ақпаратты кепілдікті жою тәсілдері;

      жұмыс станцияларын жұмыс орнынан тыс шығару қағидалары айқындалады;

      2) тұрақты негізде конфигурацияларын тексере отырып, жұмыс станцияларын есепке алу 

жүргізіледі;

      3) жұмыс станцияларында ішкі шеңбердің ЛЖ-сында сырттан қашықтықтан басқарудың 

бағдарламалық немесе аппараттық құралдарын орнатуға және қолдануға жол берілмейді. Ішкі 

шеңбердің ЛЖ-сында қашықтықтан ішкі басқаруға МО немесе ЖАО құқықтық актісінде тікелей 

көзделген жағдайларда жол беріледі;

      4) АҚ бөлімшелері қызметшілерінің жұмыс станцияларын қоспағанда, МО және ЖАО 

қызметшілерінің жұмыс станциялары мен мобильдік компьютерлеріндегі қолданылмайтын 

енгізу-шығару порттары ажыратылады немесе бұғатталады.

      21. МО және ЖАО қызметшілерінің жұмыс станцияларындағы сыртқы электрондық тасығыштарды

қолдану арқылы ақпаратты енгізу-шығару операциялары мәселесі МО немесе ЖАО қабылдаған АҚ 

саясатына сәйкес реттеледі.

      22. МО және ЖАО қызметшісінің жұмыс орнындағы жабдықты орналастыруды оңтайландыру 

мақсатында бірнеше жұмыс станциясы үшін желілік интерфейстерді қолданусыз монитордың, қол 

манипуляторы (тінтуір) мен клавиатураның бір бірлігін пайдалануды қамтамасыз ететін арнайы 

жабдықты пайдалануға жол беріледі. 

      23. ЭҮ АКП сервистерін пайдалану үшін МО немесе ЖАО ішкі шеңберінің ЛЖ-сына қосылған 

жұмыс станциясы ЭҮ АКП инфрақұрылымына желілік қосылумен қамтамасыз етіледі. 

      24. МО және ЖАО қызметтік ақпаратын өңдеу мен сақтау МО немесе ЖАО ішкі шеңберінің 

ЛЖ-сына қосылған және Интернетке қосылмаған жұмыс станцияларында жүзеге асырылады.

      25. МО және ЖАО қызметшілеріне МО және ЖАО сыртқы шеңберінің ЛЖ-сына қосылған, 

Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 

айқындалатын режимдік үй-жайлардан тыс орналасқан жұмыс станцияларынан Интернетке қол 

жеткізуге рұқсат беріледі. 

      26. Телефон байланысының сервисі:

      1) ортақ пайдаланудағы цифрлық телефон желілерінің базасымен қатар IP-телефония 

технологияларын пайдаланумен де іске асырылады;

      2) пайдаланушыны:

      абоненттерді ішкі және сыртқы шеңбердің қолданыстағы локальдық есептеу желісі мен 

ведомстволық деректерді беру желісі арқылы қосуды қолдану;

      ортақ пайдаланудағы телефон байланысы операторының байланыс қызметтерін Е1 ағыны 

бойынша пайдалану;

      ұялы байланыс операторларын пайдалану;

      қалааралық және халықаралық қоңырау шалу қызметін пайдалану арналары арқылы телефон 

желісі абоненттерімен қосуды қамтамасыз етеді. 

      27. Конференциялар, тұсаукесерлер, мәжілістер, телекөпірлер өткізу үшін МО және ЖАО 

конференц-залы:

      1) қатысушы орнында микрофон, дауыс күшейткіш және сұрау салу мен қатысушының сөз 

сөйлеуінің жарық индикаторын орналастыруды қамтитын дауыс күшейткіш конференц-жүйесімен;

      2) ақпаратты жүктеу-көшіру құрылғысымен жарақталады.

      Басқа қалалардағы немесе елдердегі географиялық бөлінген қатысушылармен "телекөпір" 

ұйымдастыру үшін конференц-жүйе қажеттілігіне байланысты ЭҮ АКИ операторының аудио және 




жүктеу 328,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау