«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»



жүктеу 59,26 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі59,26 Kb.
#4069

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты





1.

Билік органы

Аудан және Петропавл қ.білім бөлімдері

2.

Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру

1.Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2."электрондық үкіметтің" веб-порталы



3.

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлға

4.

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

Күнтізбелік 15 күн

5.

Төлем

Тегін

6.

Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

-

7.

Құжаттар тізбесі

      Көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда);

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі;

      4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

      5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда);

      6) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

      2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

      4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (бала бар болғанда);

      5) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі


8.

Өтініштер үлгісі




9.

Корсетілетін қызмет нәтижелері

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды




10.

Бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп тануы;

      3) соттың ерлi-зайыптылардың біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулі деп тануы;

      4) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттету;

      6) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы;

      7) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;

      9) көрсетілетін қызметті алушының дәстүрлi емес жыныстық бағдарды ұстануы;

      10) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 15) тармақшасында аталған адамдар;

      11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;

      12) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

      13) көрсетілетін қызметті алушының баланы асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;

      14) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;



      15) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда)

11.

Шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі

12.

Консультация

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

жүктеу 59,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау