материалдарын жасауды;
МО немесе ЖАО үшінші сыныптағы АЖ персоналы үшін анықтама жүйесін және (немесе)
пайдалану жөнінде нұсқаулық жасауды жүзеге асырады.
85. МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын тәжірибелік пайдалану мыналарды қамтиды:
тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттау;
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтан өткізу;
анықталған ақаулар мен кемшіліктерді оларды кейіннен түзете отырып оңтайландыру және
жою;
АЖ тәжірибелік пайдалануды аяқтау актісін ресімдеу.
86. АЖ-ны МО-да, ЖАО-да немесе ұйымда өнеркәсіптік пайдалануға енгізу алдында құрылған
АЖ немесе АЖ-ның жаңа нұсқалары мен жаңартуларын қабылдау өлшемшарттары айқындалады,
келісіледі, құжат жүзінде ресімделеді.
87. МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу АЖ тәжірибелік
пайдаланудың оң аяқталуы, АҚ талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтан өткізудің оң
нәтижелері көрсетілген актінің, АҚ талаптарына сәйкестік аттестатының болуы және уәкілетті
органның, мүдделі МО, ЖАО және ұйымдардың өкілдері қатысатын қабылдау комиссиясы АЖ-ны
өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы актісіне қол қойған жағдайда техникалық құжаттама
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
88. Әзірленген БҚ-ны, бастапқы бағдарламалық кодтарды (болған кезде), МО-ның немесе
ЖАО-ның АЖ-сының лицензияланған БҚ-ның теңшеу кешенін есепке алу және сақтау үшін "
электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына ұсыну міндетті болып табылады және уәкілетті
орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді және БҚ түрлендіру, жариялау
және (немесе) пайдалану оның иесінің рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
89. МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) ақаулық немесе бұзылған жағдайда ЭАР-ды сақтау, қорғау, оны қайта қалпына келтіру;
2) ЭАР резервті көшіру және уақтылы өзектілендіруді бақылау;
3) МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сына жүгіну туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке
алу, сақтау және мерзімді архивтеу;
4) МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сындағы АҚ оқиғаларының мониторингі және оның нәтижелерін
мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі
жүйесіне беру;
5) БҚ, серверлік және телекоммуникациялық жабдықтың конфигурациялық теңшеулеріндегі
өзгерістерді тіркеу;
6) өнімділіктің функционалдық сипаттамаларын бақылау және реттеу;
7) АЖ сүйемелдеу;
8) АЖ-ның пайдаланылатын лицензиялық БҚ-сын техникалық қолдау;
9) кепілді мерзім кезеңінде анықталған АЖ қателері мен кемшіліктерін жоюды қамтитын
әзірлеушінің АЖ-ға кепілдікті қызмет көрсетуі қамтамасыз етіледі. Кепілдікті қызмет көрсету
АЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз
етіледі;
10) пайдаланушыларды АЖ-ға қосу, сондай-ақ АЖ-мен өзара іс-қимылы домендік атауларды
пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
90. МО-ның және ЖАО-ның АЖ-сын, оның ішінде МО-ның немесе ЖАО-ның тәжірибелік
пайдалануға енгізілген АЖ-сымен интеграциялау Заңның
айқындалған талаптарға
43-бабында
сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік емес АЖ-ны МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сымен интеграциялау Заңның
44-бабында
айқындалған талаптарға сәйкес жүзеге асыралады.
91. Бөгде ұйымдарды тарта отырып, өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде АЖ-ға кепілдікті
қызмет көрсету:
кепілдікті қызмет көрсетуге арналған келісімдерде АҚ мәселелерін регламенттеуді;
кепілдікті қызмет көрсету процесінде АКТ тәуекелдерін басқаруды талап етеді.
92. МО-ның және ЖАО-ның АЖ-сының бағдарламалық-аппараттық қамтылымын басқару АЖ
иеленушісінің ішкі локальдық желісінен жүзеге асырылады.
МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сының және МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сымен интеграцияланатын
мемлекеттік емес АЖ-ның бағдарламалық-аппараттық қамтылымы Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттардың шеңберінде ұлттық шлюзді пайдалана отырып жүзеге
асырылатын мемлекетаралық ақпарат алмасуға байланысты жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының аумағында орналастырылады.
93. МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ меншік иесі немесе иесі АЖ-ны бұдан әрі пайдаланудың
қажеттілігі болмаған жағдайда оны пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын пайдалануды тоқтату туралы сервистік интеграторды, "
электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында жариялау арқылы АЖ-лары МО-ның немесе
ЖАО-ның пайдалануынан алынатын АЖ-сымен интеграцияланған ақпараттандыру субъектілерін және
осы АЖ-ны пайдаланушы болып табылатын ГО-ны немесе ЖАО-ны хабардар ету қажет.
94. МО немесе ЖАО МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын пайдаланудан алу жоспарын құрады және
оны МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сының пайдаланушысы болып табылатын МО-мен немесе ЖАО-мен
келіседі.
95. АЖ пайдаланудан шығарғаннан кейін МО немесе ЖАО "Ұлттық архив қоры және архивтер
туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
2-4)
18-бабының
тармақшасына сәйкес мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ұлттық архив қорының
құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке меншік архивтердің
қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына сәйкес пайдаланудан шығарылған
МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сының электрондық құжаттарын, техникалық құжаттамасын, журналдары
мен архивтелген дерекқорын ведомстволық архивке тапсырады.
96. МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын пайдаланудан алуға өтінім келіп түскен кезде
сервистік интегратор МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын тіркеу туралы электрондық куәлікті жояды
және "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталына тиісті мәліметтер орналастырады.
97. МО-ның немесе ЖАО-ның пайдаланудан алынған АЖ-сын есептен шығару және (немесе)
кәдеге жарату Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сын пайдалану тоқтатылған, бірақ МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сы
белгіленген тәртіппен есептен шығарылмаған жағдайда, МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сы
консервациялауда деп саналады.
МО-ның немесе ЖАО-ның АЖ-сы есептен шығарылғаннан кейін пайдаланылмайды.
98. АҚ-ны қамтамасыз ету үшін:
1) стендтік, қабылдау-тапсыру сынақтары мен тестілік пайдалану кезеңдерінде:
бағдарламалардың нақты сыныптарына арналып әзірленген тестілер кешені негізінде АЖ-ның
БҚ-сын тестілеу;
белсенді ақаулардың әсеріне ұқсата отырып, бағдарламаларға экстремалды жүктемелер
кезінде (стрес-тестілеу) табиғи сынақтар жүргізу;
ықтимал ақауларды айқындау мақсатында АЖ-ның БҚ-сын тестілеу;
жобалаудағы абайсызда жасалған бағдарламалық қателерді айқындау, өнімділіктің ықтимал
проблемаларын айқындау үшін АЖ-ның БҚ-сына стендтік сынақтар жүргізу;
бағдарламалық және аппараттық қамтылымның осалдықтарын айқындау және жою;
қорғау құралдарын заңсыз әсерлерден пысықтау жүзеге асырылады;
2) АЖ-ны тәжірибелік пайдалануға енгізу алдында:
жұмыс істеп тұрған АЖ-ларға және ЭҮ АКИ компоненттеріне жаңа
АЖ-ның, әсіресе ең жоғары жүктемелер уақытындағы жағымсыз әсерін бақылауды;
ЭҮ АКИ АҚ-сының жай-күйіне жаңа АЖ-ның әсерін талдауды;
персоналды жаңа АЖ-ны пайдалануға дайындауды ұйымдастыруды көздеу талап етіледі;
3) АЖ-ны тәжірибелік немесе өнеркәсіптік пайдалану орталары мен әзірлеу, тестілеу
немесе стендтік сынақтан өткізу орталарының аражігін ажырату жүзеге асырылады. Бұл ретте
мынадай талаптар іске асырылады:
АЖ-ны әзірлеу фазасынан тестілеу фазасына ауыстыру тіркеледі және құжат жүзінде
ресімделеді;
АЖ-ны тестілеу фазасынан тәжірибелік пайдалану фазасына ауыстыру тіркеледі және құжат
жүзінде ресімделеді;
АЖ-ны тәжірибелік пайдалану фазасынан өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне ауыстыру
тіркеледі және құжат жүзінде ресімделеді;
аспаптық әзірлеу құралдары мен АЖ-ның сынақтан өткізу үстіндегі БҚ-сы әртүрлі
домендерде орналастырылады;
комиляторлар, редакторлар және басқа аспаптық әзірлеу құралдары пайдалану ортасына
орналастырылмайды немесе пайдалану ортасынан пайдалану үшін қолжетімсіз болады;
АЖ-ны сынақтан өткізу ортасы аппараттық-бағдарламалық қамтылым мен архитектурасы
бөлігінде пайдалану ортасына сәйкес келеді;