Электрондық еңбек биржасы порталында түйіндемені енгізу бойынша нұсқаулық
1. Порталға тіркелу
Порталға тіркелу үшін www.enbek.kz сілтемесі арқылы өту керек және басты беттің
жоғары оң жағындағы «Кіру» батырмасын басу қажет. Жаңадан терезе ашылады, оның ішінен
«Тіркелу» батырмасын таңдау қажет. Басқаннан кейін өрістерді толтыруға арналған тіркелу
нысаны ашылады.
Тіркелу нысанында:
«Кім болып тіркелесіз» өрісінде «Жұмыс іздеуші» нұсқасына қарама-қарсы белгіні
таңдау және орнату қажет;
қолданушының атын (логин) еңгізу қажет, ол одан әрі Жеке кабинетке кіру үшін
пайдаланылатын болады;
қолданыстағы e-mail адресі (электрондық пошта);
құпия сөзді енгізу және оны тиісті өрісте қайталау;
«Мен қолданушылардың келісім шартымен келісемін» (пайдаланушылық келісіммен
танысу) тармақта қанатбелгі қою қажет;
Тіркелуші робот емес екендігін растау: сұрауларға тиісті суреттерді таңдау;
«Тіркелу» батырмасын басу.
Осыдан кейін экранда «Сіздің e-mail-ге профильді іске қосатын сілтемесі бар хат
жолданды» деген хабарлама пайда болады.
Әрі қарай тіркелу барысында көрсетілген электрондық пошта жәшігін тексеру және хатта
көрсетілген сілтеме арқылы өту қажет. «Сіздің профиліңіз іске қосылды!» деген хабармен
келесі бет ашылады
Әрі қарай порталға тіркелген есеп жазбасымен кіру қажет, ол үшін бастапқы беттің
жоғары оң жақ бұрышындағы «Кіру» сілтемесін басасыз. Пайда болған терезеде логин мен
құпия сөзді енгізіп, «Кіру» батырмасын басу қажет:
Егерде қандай да бір әлеуметтік желіде Facebook, Vkontakte, OK, MailAgent, тіркелген
аккаунт болса, тіркелу рәсімін орындамай-ақ, тиісті батырмалар арқылы порталға кіруге
(авторлануға) болады.
Ол үшін қандай да бір әлеуметтік желінің логотипін басу қажет. Келесі ашылған терезеде
авторизациялану қажет, яғни электрондық адрес пен әлеуметтік желі аккаунтының құпия сөзін
енгізіп (қазіргі жағдайда Facebook), «Кіру» батырмасын басу қажет:
Пайда болған жаңа терезеде «Жұмыс іздеуші» нұсқасына карама-қарсы белгіні таңдап,
«Кіру» батырмасын басу қажет.
2. Түйіндемені қосу
Жеке кабинетке түйіндемені қосу үшін «Жаңа түйіндеме қосасыз ба?» сілтемесін немесе
«Қосу» батырмасын басуға болады.
Түйіндемелерді қосу үшін өрістерді толтыратын нысан ашылады, онда келесі өрістерді
толтыру қажет. * жұлдызшамен белгіленген өрістерді міндетті түрде толтыру қажет:
«ЖСН», «Тегі», «Аты», «Әкесінің аты» (толтырылуы міндетті емес өріс), «Жынысы»,
«Туған күні».
«Азаматтығы» - ізденуші анықтамадан, қай елдің азаматы екенін таңдауы қажет.
«Қала немесе аудан» - жұмыс іздеуші аймақ анықтамасынан қай қалада немесе ауданда
түратының таңдауы қажет.
«Мекен-жайы» - бұл өрісте жұмыс іздеуші нақты тұратын мекен-жайын енгізуі қажет.
«Электрондық пошта». Тіркеу кезінде көрсетілген е-mail автоматты түрде қойылады.
«Телефон» (болған жағдайда), «Ұялы телефон», «Mail.ru агент логині» (болған
жағдайда), «Skype логині» (болған жағдайда) – байланыс деректері мен әр түрлі байланыс
тәсілдерін енгізу.
«Әлеуметтік желілердегі жеке парақшалардың адресі» - егер жұмыс іздеушінің жеке
сайты немесе әлеуметтік желіде жеке парақшасы бар болса, онда оны осы өріске қосуға болады.
«Фото» - Бұл өрісте түйіндемеге суретті жүктеуге мүмкіндік бар. Суретті қосу үшін
«Файлды таңдап алу» батырмасын басу қажет. Суретке қойылатын талаптар: сурет сапалы,
адамның жүзі анық көрініп тұруы, суретте бір ғана адам болуы қажет. Қандай да бір коллаж,
графикалық редакциялауда өзгертілген, сондай-ақ адамның бейнесі жоқ, жұмыс іздеушінің өзі
болмайтын суреттерді қоюға тыйым салынады.
«Қалайтын лауазым» - мамандық ( лауазым) ҚР Ұлттық жіктеуішінен таңдалады. Бұл
өрісте контексттік іздеу жұмыс істейді және пернетақтадан енгізілген деректерге қарай
анықтамалықтан шыққан мамандықтар тізімінен, қажеттісін тандап алу қажет.
«Қалайтын лауазымды айқындау» өрісінде, мысалы, мамандығын, жұмыстың қызмет
саласын, бөлімшенің/департаменттің атауын, жақша және басқа да бөлетін белгілерді
пайдаланбай қосуға болады. Айқындаудағы барлық сөзді бас әріппен жазуға және
қысқартуларға тыйым салынады, «Кез келген», «Әр түрлі», «Бәрі бір» деген сөздерді, еңбек
ақысын, еңбек дағдыларын және басқа да артық ақпараттарды көрсетуге тыйым салынады.
«Қалайтын лауазымдағы еңбек өтілі (жыл)» - жұмыс іздеуші еңбек өтілінің қанша
жыл болған санын көрсетуі қажет. Әдепкі бойынша бұл өрісте «Еңбек өтілі жоқ» өтілдік
мағынасы анықталады.
«Ең төменгі қалайтын жалақы (теңге)» - жұмыс іздеуші қалайтын лауазымынан
күтетін жалақы мөлшерін көрсетуі қажет.
«Жұмыс тәртібі» - анықтамалықтан жұмыс тәртібін таңдау: «толық жұмыс күні»,
«толық емес жұмыс күні», «толық емес жұмыс апта», «вахталық әдіс», «үй жұмысы»,
«ауысымды», «басқа спецификалық жұмыстар».
«Жұмыстың сипаты» - анықтамалықтан жұмыстың сипатын таңдау: «тұрақты»,
«уақытша», «маусымдық».
«Басқа қалаға немесе ауданға көшу». «Иә» немесе «Жоқ» нұсқасын таңдау қажет.
«Иә» нұсқасын таңдаған жағдайда, жұмыс іздеушінің түйіндемесін басқа аймақтағы жұмыс
берушілердің қарастыруы мүмкін.
«Жұмыс тәжірибесі» - жұмыс іздеушінің жұмыс тәжірибесі болған жағдайда «Жұмыс
тәжірибесін қосу» батырмасын басып, ашылған нысанның өрістерін толтыру қажет.
«Білімі» - анықтамадан жұмыс іздеушінің білім деңгейін таңдау қажет. «Білім қосу»
батырмасы арқылы жұмыс іздеушінің білімі туралы толық мәліметті енгізуге болатын нысана
ашылады.
«Кәсіби біліктілігі, икемділігі, дағдылары, сертификаттары» - ізденушінің кәсіби
білімі мен біліктілігі, икемділігі, дағдылары туралы ақпараттарды енгізу.
«Компьютерлік дағдылары» - жұмыс іздеушінің компьютерлік дағдысын енгізу.
«Жеке дағдылары» - тізімнен жұмыс іздеушінің жалпы дағдысын таңдау.
«Жүргізуші куәлігі (санаттар)» - жұмыс іздеушіде жүргізуші куәлігі болған жағдайда
тізімнен санатты таңдау.
«Хобби» - жұмыс іздеушінің әуес істері туралы ақпарат қосу.
«Тілдерді білуі» - жұмыс іздеушінің білетін тілдері мен сол тілдерді меңгеру деңгейін
анықтамалықтан таңдау.
«Порталда түйіндемені жариялау мерзімі» - порталда түйіндеменің сақталу мерзімін
тізімнен таңдау. Таңдалған сақтау мерзімі аяқталған соң, порталда түйіндеме бейнеленбейді
және ол мұрағатқа түседі. Кез келген уақытта мұрағаттан қалпына келтіруге болады.
«Файлдағы түйіндеме». Аталған өрісте «Файлды таңдау» батырмасын басып,
түйіндемесі бар файлды жүктеуге болады. Рұқсат етілген файлдардың түрлері pdf, doc, docx,
zip, jpg, png. Жүктелетін файлдың көлемі 8 Mb аспауы тиіс.
«Сақтау» батырмасын басқанда құрылған түйіндеме жұмыс іздеушінің Жеке кабинетінде
және порталда бейнеленіп көрінеді.
Жеке кабинет:
Порталда:
Жұмыс іздеуші басқа да қалайтын лауазымдары үшін де түйіндемелерді қоса алады, ол
үшін Ізденушінің қалаған басқа ұқсас лауазымға түйіндемесін қосуға мүмкіндігі бар, ол үшін
«Түйіндемелер» қосымша бетіндегі «Қосу» батырмасын басу қажет.
Жұмыс іздеуші кез келген уақытта жарияланған түйіндемені өзгертуге немесе мұрағатқа
тасымалдауға мүмкіндігі бар, «Түйіндеме» қосымша бетіндегі «Қолдану» ашылмалы
мәзіріндегі тиісті сілтемеге басу қажет.
3. Бос жұмыс орнын таңдау
Түйіндемені қосқаннан кейін бос жұмыс орнын іріктеу функциясын пайдалануға болады.
Ол үшін Жеке кабинеттегі «Түйіндемелер» қосымша бетінен түйіндемені таңдап алып,
«Қолдану» ашылмалы мәзірінен «Бос жұмыс орынды таңдау» сілтемесін басу қажет.
Портал автоматты түрде жұмыс іздеушінің талаптарына сай келетін бос жұмыс
орындарын іріктеп, тізімін шығарып береді.
4. Жұмыс берушіге түйіндемені жіберу
Жұмыс берушіге түйіндемені әр бос жұмыс орны карточкасының төменгі жағында
орналасқан «Өз түйіндемеңізді жіберу» батырмасы арқылы жіберуге болады.
Әрі қарай түйіндемені таңдап «Жіберу» батырмасын басу қажет
Түйіндеме жіберілген бос жұмыс орындардың тізімін жеке кабинеттегі «Жіберілген
түйіндемелер» қосымша бетінен көруге болады.
5. Сұхбаттасуға шақыру
Жұмыс берушілерден келген сұхбаттасуға шақырулар Жеке кабинеттегі «Келген
шақырулар» қосымша бетінде болады. Шақыруларды қарастырып, сұхбаттасуды қабыл
алуына және жұмыс берушіге сұхбаттасуға бара алатындығы жөнінде хат жолдауына немесе
портал арқылы сұхбаттасудан бас тартуына болады.
Шақыру мәтінін көру үшін «Жаңалары» қосымша бетіндегі шақыруға қарама-қарсы
орналасқан «Хабарламалар» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі шақыру мәтіні бар парақша
ашылады.
Сұхбаттасуға шақыруды қабылдау немесе одан бас тарту үшін ашылмалы «Қолдану»
мәзірінен «Келісу» немесе «Бас тарту» әрекеттерін таңдау қажет.
Ашылған терезеде порталда автоматты түрде құрылған шақыру мәтіні бейнеленеді. Осы
мәтінді қалауыңыз бойынша өзгертуге болады.
«Жіберу» батырмасын басқан соң, жұмыс берушінің шақыруына берген жауаптың
жіберілгендігі туралы хабарлама пайда болады.
6. Кәсіптік бейімделу
Әрбір ізденуші порталда Кәсіби бағдарлау тестін өтіп, қандай мамандықта өзін іске асыру
оңай екенін анықтауына мүмкіндігі бар. Тестті өту үшін сайт мәзіріндегі немесе Жеке
кабинеттегі «Кәсіби бағдар» сілтемесі арқылы өту қажет.
Өткен тест нәтижелері бойынша ізденушіге мамандықтардың тізімі ұсынылады. Тесттің
өткен нәтижелері Жеке кабинетте сақталады. Оны кез келген уақытта көруге және *pdf
форматында сақтауға болады.
7. Мұрағатқа түйіндемені көшіру
Түйіндемені мұрағатқа тасымалдау үшін Жеке кабинетте түйіндемеге қарама-қарсы
орналасқан «Қолдану» ашылатын мәзірінен «Мұрағатқа көшіру» батырмасын басу қажет.
Әрі қарай «Сізге жұмысқа орналасуға портал көмектесті ме?» деген сұраққа міндетті
түрде «Иә, көмектесті» немесе «Жоқ, көмектескен жоқ» батырмасын таңдап, жауап беру
қажет:
Сұраққа жауап берген соң, түйіндеме мұрағатқа енгізіледі және әрекеттің сәтті
аяқталғандығы туралы хабарлама пайда болады.
8. Мұрағаттан түйіндемені қалпына келтіру
Егер мұрағаттағы түйіндемені қалпына келтіру қажет болса, Жеке кабинеттегі
«Түйіндеме мұрағаты» қосымша бетінде түйіндемеге қарама-қарсы орналасқан «Қолдану»
ашылмалы мәзірінен «Мұрағаттан қалпына келтіру» сілтемесін таңдау қажет. Мұрағаттағы
түйіндемені қалпына келтіру үшін алдымен оның өзектілігіне көз жеткізу қажет. Түйіндемені
редакциялау үшін нысан ашылады, онда кез келген деректерді өзгертуге болады. Порталда
түйіндеменің сақтау мерзімін таңдап, оны қалпына келтіріп, «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Кейін түйіндеме қалпына келтірілген соң «Түйіндеме қалпына келтірілді!» деген
хабарлама пайда болады да, түйіндеме ізденушінің Жеке кабинетінде және порталда
бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |