«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп»



жүктеу 3,12 Mb.
бет16/16
Дата07.12.2017
өлшемі3,12 Mb.
#3389
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



  • Инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білімі бар кадр дайындау қамтамасыз етілді;

  • Жұмыссыздарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жалдамалы жұмысшыларды қашықтықтан кәсіби оқыту жүргізілді;

  • Жергілікті атқарушы органдар тұрғындарды негізгі компьютерлік біліктілікке үйрету жұмыстарын жүргізді;

  • Мектептерде электронды оқыту жүйесін еңгізу аясында электронды күнделік жобасын іске қосу жұмыстары жалғасуда;

  • 2016 жылы «Зерде» Холдингі» АҚ пилоттық жоғарғы оқу орындарымен бірігіп АКТ мамандықтары бойынша оқыту жоспарының жобасы жасалынды, ҚР БҒМ Республикалық оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды;

  • 01.01.2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдарында «Медико-әлеуметтік сараптамаға бағыттау» формасын электронды түрде жүргізу еңгізілді;

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы эннерго-тиімді жобаларды жасау және сынақтан өткізу тетіктерін қаржылық қолдау жұмыстары жүргізілді;

  • ТКШ саласының жұмысшыларының компьютерлік біліктілігін жоғарылату мәселесі бойынша жұмыстар жүргізді;

  • Халық арасында салауатты өмір салтын тарату және дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілді. (Қазіргі таңда республика бойынша 34,8 мың спортты-көпшілік іс-шаралар 5,1 милион адамдар қатысқан, сонымен қатар ауылды мекендерде 20,2 мың іс-шаралар 2,8 миллион адамды қамтыды);

  • Туризм индустриясы объектілерін құру және жабдықтау кезінде «жасыл», энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды және құралдарды еңгізу АКТ қолдану мәселесі пысықталды, Әр аймақтың туризм объектілерін БАҚ арқылы және интернет ресурсы арқылы жарықтандыру мәселесі пысықталды;

  • «Мәдени мұра» веб-порталын және «Қазақстан Кітапханасы» электронды мемлекеттік кітапхана қорын ақпаратты-танымдық контенпен толтыру жұмыстарын жүргізу;

  • Біріңғай электронды архив ТЭН ақпаратты жүйелер әзірленді және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстандық орталық» АҚ келісілген.

"Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту" бағыты бойынша 14 іс-шараны жүзеге асыру қарастырылған, оның ішінде:

Орындалған 1 іс-шара және орындалудағы 13 іс-шара бойынша:

- «Қазмедиаорталығы» телерадиокешенінің өндірістік инфрақұрылымын дамыту іс-шаралар өткізілді;

Сондай-ақ іске асыру мерзіміне қарай жылсайын келесі іс-шаралар бойынша жұмыс атқарылды:

- 20 цифлік эфирлік радио телевизиялық станциялары құрылды. 2016 жылдың қорытындысымен жалпы сан 356 РТС құрады, цифрлі таратумен 12,4 милион адам немесе 77,5% қамтылған;

- интернетке көшу бойынша баспа БАҚ-қа көмек көрсетілді, сонымен қатар 200 баспа басылымдарына редизайн жүргізілді;

- «Отандық БАҚ-тың сұранысын білу» тақырыбында 14 облыстарды және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында әлеуметтік зерттеу жүргізілді;

- жаңа отандық сериалдар, құжаттық фильмдер, ток-шоу, ақпартты және түсіндірмелі бағдарламалар шығарылды;

- жеке телеарналармен біріге 17 жобалар іске асырылды;

- Қазақстан Республикасы аумағында көптіарналы хабар тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарналар тізбесі бекітілді;

- «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу мәселелерін әдістемелік қамтамасыз ету» тармағын іске асыру шеңберінде 56 мәліметтер байындалған.


Қорытындылар мен ұсыныстар
Тұтастай алғанда, "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды оң сипаттауға болады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 83 нысаналы индикатордан 38 нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

Іс-шаралар негізінен уақытында орындалады. Іс-шаралардың көп бөлігі орындалу үстінде. Кейбір іс-шаралар объективті себептер бойынша анағұрлым кешірек мерзімде орындалуда.

Соңғы жылдары бағдарламада қарастырылған барлық көрсеткіштер халықаралық ұйымдардың бағалауларымен дәлелденетін өңірлік және халықаралық деңгейде АКТ-ның тұрақты дамуын көрсете отырып, оң динамикасын көрсетті.

Дегенмен, Қазақстанның АКТ секторын дамыту үшін қойылған мақсаттарға қол жеткізу АКТ секторының экожүйесінің барлық элементтерінің қатысуымен кешенді әдісті талап етеді, оның ішінде: Республикада Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету арқылы инфрақұрылымды қамтамасыз ету, еншілес қаржыландыруды дамыту және ынталандыру арқылы қаржыға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп партасынан бастап жұмыс орындарында біліктілікті арттыру және т.б. арқылы цифрлық сауаттылыққа бағытталудан адамдық капиталды дамыту.

Бұл тезистердің әлемдік бірлестіктерде (ЕЭО, БСҰ) Қазақстанның экономикалық интеграция бойынша белсенді процестер және әлемдік экономикада дағдарыс жағдайында маңыздылығы күшейеді. Бүгінде елдің экономикасын диферсификациялау және әлемдік алаңда оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша міндеттердің өзектілігі артуда. Интеграция және жаһандық талаптар білім мен технологияға құрылған жылдамдатылған жаңа цифрлық экономиканы құруды талап етеді.

Алдыңғы елдердің (Канада, Австралия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Малайзя, Сингапур, Үндістан және т.б.) тәжірбесі экономика салаларын цифрландыру және АКТ таралымын ұлғайту айтарлық экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Мысалы, McKinsey компаниясынан халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша 10 пайыздық пунктке халықты Интернетпен қамтуды ұлғайту дамушы елдерде ІЖӨ-ді 1% жуық ұлғайтуға алып келетіндігін көрсетті.

Осыған орай, 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету және басқа да перспективалы бағыттарды ескеріп, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берілді.

Осыған байланысты, «Цифрлық Қазақстан» МБ ең алдымен цифрлық экожүйелерді сапалы дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын көтеруге және отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін өсіруге бағытталатын болады. Мембағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жобалар мен бастамалардың қатары іске асырылатын болады: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту («Цифрлық жібек жолы») және адами дағдылар («Креативті қоғам»). Сонымен бірге, осы ресурстардың негізінде проактивті мемлекеттке өту және экономиканың барлық салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту іске асырылатын болады. Жалпы, 2020 жылға қарай Мембағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша:

- Интернет пайдаланушылардың үлесін 81%-ға дейін өсіру;

- Халықтың цифрлық сауаттылығын 81,5%-ға дейін көтеру;

- Елдің ЖІӨ-де ақпараттық-коммуникациялық технология секторының өсімі 4,9%;

- Осы сферада еңбек өнімділігін (2015 жылмен салыстырғанда) 43,1 %-ға өсіру;

- Электрондық нысанда өзбетінше алынған қазметтің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 84%-дан кем емес.

Мемлекеттік бағдарлама «Ақпаратты Қазақстан-2020» қатысты айтатын болсақ, жоғарыда аталғандай, оның күшін жою жоспарлануда.
Мемлекеттік бағдарламаның іске асыру кезеңінде жасалған жұмысты ескере отырып Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері мен бағыттарын «Цифрлық Қазақстан» МБ жобасына кіріктіруге қатысты келесі қорытындылар жасалды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама жобасына БҰҰ және Дүниежүзілік банк сарапшыларының ұсынымдары бойынша «ҚР е-қатысу индексі» (БҰҰ әдістемесі бойынша) және «Электрондық үкімет» индексі» (БҰҰ әдістемесі бойынша) рейтингтік индикаторлары кірмеді, өйткені бұл индикаторлар жеке мемлекеттің экономикасының салаларының даму деңгейін толыққанды көрсетпейді.

Сонымен қатар, АКТ саласының даму үшін «АКТ секторының ЖІӨ-дегі үлесі» индикаторының маңыздылығын ескере отырып, аталған индикатор «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама жобасына «ІЖӨ-нің толық көлемінде АКТ секторы тауарларын (қызметтерін) өндіру және өткізу көлемі үлесі 2021 жылы – 4,9%» индикаторы ретінде көшірілді. Бұл индикатор жаңа Мемлекеттік бағдарламаның 5 индикаторларының біреуі болып табылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламада «халықтың компьютерлік салауаттылық дағдысына үйрету бойынша курстарды жүргізу», «электрондық үкімет» шеңберінде халықты оқыту бойынша қызметтер» және т.б. бірқатар іс-шаралар орындалуы компьютерлік салауаттылық деңгейі индикаторына әсер етеді.



Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес компьютерлік салауаттылық деңгейі 2017 жылы 65% болып жоспарланған (2020 жылы 80%). ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2016 жылы аталған көрсеткіш 76,2% құраған болатын. Оң өзгерістерге қарамастан E-gov, e-commerce, e-learning, Smart City сияқты электрондық қызмет көрсететін платформалар, цифрлық технологиялар беретін артықшылықты қолдану арқылы өзіміздің әлеуметтік маңыздылығымызды жоғарылату мүмкіндігі болатын халықтың басым бөлігін компьютерлік салауаттылыққа үйретуді жалғастыру қажет. Осыған орай, әзірленіп жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына әлеуметтік теңсіздікті азайту мақсатында және мемлекеттің экономикасының әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін мамандардың біліктілігін арттыру және қайта оқыту үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз етеуін ұйымдастыру мақсаттары үшін «Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі» мақсатты индикаторы қосылған. Осылай, «Креативті қоғамның дамуы» мақсаты шеңберінде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылымының активті құруға байланысты халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралардың бірқатар кешенінің іске асырылуы, сонымен қатар ІТ саласының оқыту жүйесін жаңарту және жетілдіру арқылы ақпаратты технологиялар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау жалғастырылады. Аңықтама үшін: 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 1-бабы 56-тармағына сәйкес «Цифрлық сауаттылық» түсінігі қолданылады. Цифрлық сауаттылық - адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі және оларды күнделікті әрі кәсіптік қызметінде пайдалана білуі.
«Цифрлық Қазақстан» МБ бойынша «Экономика салаларындағы цифрлық өзгерістер» міндеті шеңберінде экономиканың түрлі саласында ақпараттық жүйелерді құру бойынша іс-шаралар жалғасуы жоспарлануда, көбіне МЖӘ арқылы. Бұл бизнес-процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді және отандық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Электрондық сауда саласының әрмен қарай дамуына үлкен назар бөлінеді. Денсаулық сақтауды цифрлау бойынша әрмен қарай іс-шаралар қарастырылатын болады.
Телекоммуникация саласында орындалу барысындағы маңызды салалық көрсеткіштертер қатары бар. Аталған көрсеткіштердің маңыздылығына байланысты, Қазақстан Республикасын әлеуметтік тұрақтылықпен және экономикалық өсіммен қамтамасыз ету үшін «Цифрлық Қазақстан» БП «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» бөліміне көшіру жоспарланған:
1) 2020 жылы Интернет желісін пайдаланушылар саны – 75%.

Қазіргі уақытта, телекоммуникация саласын дамытудағы негізгі міндет – Қазақстан Республикасының халқын замануи технологиялар бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету болып табылады. Аталған міндеттің орындалу нәтижесі –мемлекеттегі Интернет пайдаланушылар санын арттыру. Сондай-ақ, 2020 жылы көрсеткішті 80% дейін арттыру ұсынылуда.
2) Қазақстан халқын Эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту 2015 жылы – 95% құрайды.

РБК 2013-2015 жылдарға бекітілген бюджетіне сәйкес, Республикалық Бюджеттен жыл сайынғы қаржыландыру арқылы ЦЭТВ жобасын 2015 жылы 95% қолжеткізумен аяқтау жоспарланған. Республикалық бюджеттен қаражатты көшіруге байланысты, Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту бойынша 95% жоспарланған мәніне қолжеткізу 2018 жылдың соңына дейін ауыстырылды.
3) Интернет желісіне қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының үлесі: 2017 жылы – 65 %; 2020 жылы – 80 %.

Телекоммуникация саласын дамытудағы негізгі міндет – Қазақстан Республикасының халқын замануи технологиялар бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету болғандығына байланысты, аталған көрсеткішті «Цифрлық Қазақстан» БП көшіру қажет. Аталған міндетті орындау нәтижесі – үй шаруашылықтарын Интернетке КЖҚ қолжетімділікпен қамтамасыз ету болып табылады.
4) Қазақстан Республикасының аудан орталықтарына 4G желісін пайданалуды енгізу.

Интернетке қолжетімділіктің жаңа технологияларын енгізудің маңыздылығына байланысты, жобаны жүзеге асыру жалғасуда. 2017 жылдың соңына дейін республиканың барлық аудан орталықтары аталған желілермен қамтылатын болады. Қазіргі таңда, 4G желілері 160 аудан орталықтарының 109-ында орнатылған, қалған 51 4G желілеріне ағымдағы жылдың соңына дейін қосылатын болады.
5) Қазақстан Республикасы аумағына эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу.

РБК 2013-2015 жылдарға бекітілген бюджетіне сәйкес, Республикалық Бюджеттен жыл сайынғы қаржыландыру арқылы жобаны 2015 жылы 95% қолжеткізумен аяқтау жоспарланған. Республикалық бюджеттен қаражатты көшіруге байланысты, Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту бойынша 95% жоспарланған мәніне қолжеткізу 2018 жылдың соңына дейін ауыстырылған. Сондай-ақ, аталған тармақты жаңа редакцияға «2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының аумағына эфирлік цифрлық хабар таратуды 827 радиотелевизиялық станциялар құру арқылы енгізуді» баяндау ұсынылуда.
6) Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуды ынталандыру:

Мемлекетті цифрландыруға бағытталған жаңа стратегия мақсатының бірі – транзиттік әуелетті арттыру болып табылады. Бағдарламада 2020 жылға қарай секундына 200 Гбит Еуропа-Азия бағыты бойынша телекоммуникациялық трафикпен қамтамасыз етуге қабілетті телекоммуникациялық заманауи, өнімді және ауқымды көліктік инфрақұрылым құру арқылы көршілес мемлекеттердің байланыс операторларымен көпжақты әріптестікті дамыту қарастырылған. Сондай-ақ, аталған «Қазақстан Республикасы арқылы телекоммуникация трафигінің транзиті (Еуропа/Азия)» тармағын өзгерту ұсынылуда.

Осылайша, «Ақпаратты Қазақстан» МБ бойынша «Цифрлық Жібек жолын іске қосу» міндеті шеңберінде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін кеңейту ауылды елді мекендерде талшықты-оптикалық технология желі байланысы және ұялы байланыс төртінші 4G. буыны арқылы жоспарланып отыр. Елдің транзиттік әлеуетін жан-жақты әріптестікті көрші елдердің байланыс операторларымен (Рессей, Қытай, Орталық Азия елдері) дамыту арқылы жоспарлануда. Сонымен, «Ақпаратты Қазақстан» МБ-ның «Цифрлық Қазақстан» МБ жобасына көшіруге орындылығы жоқ көрсеткіштері бар.

2017 жылы тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі 80 %; 2020 жылы - 100 %. Қазіргі уақытта тіркелген телефон байланысы қысқарылуда – бұл пайдаланушылардың әлемдік үрдістерге сай тіркелген телефон қызметінен ұялы байланыс және Интернеттің пайдасына бас тартуына байланысты.

Бұдан басқа, «Цифрлық Қазақстан» МБ шеңберінде «электронды үкіметтің» веб-порталын дамыту іс-шаралары, деректор қорының өзектілігін, ақпараттық жүйелердің интеграциялары мен мемлекеттік органдардың бизнес процестерін оңтайландыру арқылы проактивті үкіметке негізделген «электрондық үкімет» веб-порталын дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Осылайша, Мембағдарлама «Цифрлық Қазақстан» жобасына «Тұрғындардың өз бетімен электронды нышанда алған қызметтермен қанағаттану деңгейі» нысаналы индикаторы өтті, бұл ретте бір шама іс-шаралар карастырылған: «Электронды нышанда көрсетілген қызметтердің жалпы санынан электронды нышанда өз бетімен алынған қызметтер үлесі», «Бірыңғай байланыс орталығы операторларының мемлекеттік қызмет көрсетуі мәселелері бойынша кеңес беру сапасына азаматтардың қанағаттануы», «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ қызметкерлері өткізген кеңес беру нәтижелері бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы өз бетімен алынған қызметтер саны».


Осылай, «Цифрлық Қазақстан» МБ бойынша «Белсенді мемлекетке көшу» міндеті шеңберінде «электрондық үкіметті» ақпараттандырудың қолданыстағы және ақпараттың жаңа объектілерін енгізу, белсенді және композициялық қызметтерді дамыту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің қызметіне архитектуралық тәсілдемені енгізу бойынша жұмыс жалғастырылады.

Осылайша, Мембағдарламаның басты бағыттары бойынша міндеттердің «Цифрлық Қазақстан» МБ-на сабақастығы қамтамасыз етілуде.

Сонымен бірге, «Ақпаратты Қазақстан–2020» мемлекеттік бағдарламасының отандық БАҚ-ты модернизациялау бөлігінде 18 мақсатты индикаторлар көзделген. Олардың 16 индикаторы (89%) орындалды, 2 (11%) индикаторы орындалуда.

Алдағы уақытта отандық БАҚ-ты модернизациялау бойынша жұмыс Министрліктің 2017-2021 жж Стратегиялық жоспары, ҚР Премьер-министрі және Ақпарат және коммуникациялар министрі арасындағы меморандум, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспары», 2016-2020 жж. отандық БАҚ-ты дамыту және модернизациялау бойынша жоспар, Елбасының аж. 31 желтоқсандағы жолдауы және т.б. шеңберінде жалғасатын болады.





жүктеу 3,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау