Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Тәжірибелі өндірістің цех бастығы



жүктеу 7,88 Mb.
бет45/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126

Тәжірибелі өндірістің цех бастығы




Лауазымдық міндеттері. Жаңа немесе жетілдірілетін (модернизацияланатын) өнімді сынау және әзірлеу бойынша, сондай-ақ сериялық немесе массалық өндірісті әрі қарай ұйымдастыру үшін жаңа технологиялық процестерді зерттеу бойынша цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады. Зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың келешектегі және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге, тақырыптық жоспарлар мен олардың кезең –кезеңмен орындалуының кестесін құруға, сынаулар бағдарламаларын және тәжірибелі үлгілердің сынауларын әзірлеуге, доводтық жұмыстарды орындауға, техникалық құжаттаманың (жұмыс сызбалары, технологиялық нұсқаулар, техникалық шарттар, сынаулар жөніндегі әдістемелер және т.б.) апробациясына, жүргізілген сынаулар кесімдерін ресімдеуге қатысады. Жаңа өнім мен технологиялық процестерді меңгеруде өндірістік цехтарға (учаскелерге) техникалық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Негізгі және айналым қаражатын тиімді пайдалану кезінде белгіленген мерзімдерде тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өндірістің ұйымдастырылуын, оның технологиясының, өндіріс процестерінің механизациясы мен автоматизациясын жетілдіру, ақаулықтың алдын алу мен өнім сапасын жоғарылату, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын аттестациялау және рационалдау (ұтымды ету), еңбекті ұйымдастырудың озық түрлерін енгізу, еңбек өнімділігін жоғарылатудың резервтерін пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді. Өндірістік-шаруашылық қызмет туралы есептілікті құруды, есебін жүргізуді және жоспарлауды, шаруашылық етудің жаңа формаларын енгізуді, еңбектің нормалануын жақсартуды, материалдық ынталандыру мен еңбек ақы жүйелері мен формаларының дұрыс қолданылуын, еңбектің озық әдістері мен тәсілдерін тарату мен жинақтауды, ұқсас өнімдер өндірісінің технологиясы мен құрылымдалуының озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеуді, өнертапқыштық пен рационалдауды дамытуды ұйымдастыру. Жабдық және басқа да негізгі құралдардың техникалық түрде дұрыс пайдалануын, оларды жөндеу кестелерінің орындалуын, еңбектің қауіпсіз шарттарын, сондай-ақ жұмысшыларға ұйымда қарастырылған еңбек шарты бойынша жеңілдіктердің уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді. Цех қызметтері мен шеберлерді жұмысын үйлестіреді. Кадрлардың іріктелуін, олардың орналастырылуы мен мақсатқа лайық пайдаланылуын жүзеге асырады. Жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылайды. Цех жұмысшыларының біліктілігін жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастырады. Цех бойынша орнатылған есептіліктің уақытылы ұсынылуы мен жасалуын қамтамасыз етеді.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және басқа материалдар; цех және ұйымның техникалық даму келешегі; жұмыстың принциптері, құрылымы, құрамы мен мақсаты, цех өнімін монтаждау шарттары, оның өндірісінің технологиясы; цех жабдықтарын және оның техникалық пайдалану ережелері; техникалық-экономикалық және өндірістік жоспарлаудың әдістері мен нысандары; еңбек ақы жөніндегі ережелер мен материалдық ынталандыру нысандары; ұқсас өнімді өндіру технологиялары мен құрылымдары саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері; Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және тиісті маман лауазымында өндірістің құрылымдық және технологиялық дайындығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Заң бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорын қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттар мен басқа құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады. Қолданылып жүрген заңнаманы бұза отырып шығарылған құқықтық актілерді өзгерту немесе жою жөніндегі шаралар қолданады. Кәсіпорынның қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, сондай-ақ кәсіпорын қайтарып алған нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Кәсіпорындағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылық жасауды, қолданылып жүрген заңнаманы түсіндіруді және оны қолдану тәртібін, құрылымдық бөлімшелерге наразылық білдіру жұмысы бойынша құқықтық көмек көрсетуді, сот және төрелік сот органдарына қажетті материалдар дайындауды және беруді қамтамасыз етеді. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде кәсіпорынның соттағы, төрелік соттағы, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы мүдделерін білдіреді, сот және төрелік сот істерін жүргізуді жүзеге асырады. Ұжымдық шарттарды, салалық тарифтік келісімдерді дайындауға және жасауға, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, кәсіпорындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысады. Наразылықтарды, сот және төрелік сот істерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ шаруашылық шарттарын жасау және орындау практикасын талдау және қорыту бойынша жұмысты басқарады, өнім жеткізу жөніндегі шарттық тәртіптің сақталуын бақылауды жақсарту, анықталған кемшіліктерді жою және кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Талан-тараж, ысырап, кем шығу, сапасыз өнім шығару, стандартты емес және толық жиынтықталмаған өнім шығару, экологиялық заңнамаларды бұзу және өзге құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу және сот органдарына өткізу үшін әзірлеуге басшылық жасайды, кәсіпорынға келтірілген шығынды өтеу жөнінде шаралар қолданады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Кәсіпорынның қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындайды. Мәжбүрлеп өндіру талап етілетін борыштарды анықтау мақсатында дебиторлық берешектің жай-күйі туралы материалдарды қарауға қатысады, үмітсіз берешектерді есептен шығару туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорында өнімді сертификаттаудың, тауарларды және өнімді саны және сапасы бойынша қабылдаудың заңнамада белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпорынға келіп түскен, сондай-ақ оның басшысы шығарған заңнамалық және нормативтік актілердің жүйелендірілген есебін, сақталуын, қабылданған өзгерістерді енгізуді ұйымдастырады, оларға қазіргі заманғы технологияларды, есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын қолдану негізінде пайдаланушыларға рұқсат етілуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қызметкерлерін қолданылып жүрген заңнама туралы хабардар етуді, сондай-ақ кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеуі бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қоғамдық ұйымдарына заң жөнінде көмек көрсетуді, қызметкерлерге құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруді ұйымдастырады. Бөлімнің қызметкерлеріне басшылық жасайды.

Білуге тиіс: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық актілер; құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және нормативтік материалдар; азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқық; салық заңнамасы; экологиялық заңнама; кәсіпорынның есеп жүргізу және шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есептілік жасау тәртібі; шаруашылық шарттары, ұжымдық шарттар, тарифтік келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері; есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау