Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет46/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126

Қауіпсіздік қызметінің бастығы

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның объектілерін ұрлықтан, талан-тараждан және басқа қылмыстық қол сұғушылықтан, өрттен, авариядан, вандализм актілерінен, табиғат апаттарынан, қоғамдық тәртіпсіздіктерден сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Компанияның басқарушысымен бірлесіп күзетке қабылданған объектіні тексереді және тексеру актісіне немесе объектінің күзетке қабылданатын мүлкінің тізіміне қол қояды. Объектілердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады. Қауіп-қатерге қарсы келетін қорғау құралдарын және күзет режимдерінің түрлерін әзірлейді. Күзетілетін объектіге рұқсатсыз кіру әрекеттерінің алдын алады. Қауіп-қатерді тойтарады және күзетілетін объектіге тікелей жасалған шабуылдың зиянды салдарын жоюға мүмкіндік жасайды. Үміткерлерді қауіпсіздік қызметіндегі бос лауазымдарға қызметке орналасу үшін кәсіби жарамдылығына сынақтан өткізеді және әкімшілікке өзінің қорытындысын ұсынады. Күзетілетін объект қызметкерлерінің адалдығын тексеруді және бағалауды жүзеге асырады. Тасымалданатын материалдық құндылықтарды рұқсатсыз пайдалану әрекеттерін тойтара отырып, оларға қол сұқпауын қамтамасыз етеді. Күзетілетін объектіде объектінің күзет қызметінің базалық органымен, ал жолда көлік және аумақтық ішкі істер органдарымен байланысты жүзеге асырады. Жеке қорғаныш, суық және оқ-дәрі қаруларын меңгереді. Компанияның басқа бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ҚҚ-ін қажетті үй-жайлармен, жабдықпен, киім-кешекпен, арнайы құралдармен, шығыс материалдарымен және құжаттамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың есебін жүргізуді және ҚҚ-де сақталуын ұйымдастырады. Күзетілетін объектідегі әртүрлі байланыс түрлерін пайдаланады. Күзетілетін объектінің сигнализация және байланыс жүйелеріндегі күрделі емес ақауларды анықтайды және жояды. Профилактикалық, жөндеу және басқа жұмысты жүзеге асыру кезінде бақылау-өткізу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарға күзетілетін объектідегі қылмыстық қол сұғушылық жағдайларын тексеруге жан-жақты көмек көрсетуді жүзеге асырады. Жараланған, жарақат алған кезде жедел дәрігерлік көмек көрсетеді. Тікелей қарамағындағы қызметкерлерді басқарады.

Білуге тиіс: ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен өзге нормативтік құқықтық актілері; құқықтық қызмет бойынша әдістемелік және басқа да материалдар; азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік, қылмыстық құқық; Қазақстан Республикасының салық заңнамасы; ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп жүргізу және жүргізу тәртібі; шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды жасау және ресімдеу тәртібі, заманауи ақпараттық технологияны пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу; экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; ұйымның қызмет саласы және экономикалық қызметтің түрі; қолданылатын техника мен технология; өндірісті ұйымдастыру (қызмет көрсету) және жабдықтау; есептеу техникасының, коммуникация және байланыс құралдары; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Арнайы талаптар: мықты денсаулық, психологиялық тұрақтылық, жақсы спорттық дайындық, өзін өзі қорғау мен қорғанудың арнайы тәсілдерін білуі керек.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс стажы немесе тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Жұмыс өндіруші (прораб)



Лауазымдық міндеттері. Учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Жұмыс өндірісінің жобаларын сақтай отырып барлық сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша объектілерді белгілеген мерзімде пайдалануға беру және құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын орындау жөніндегі өндірістік тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жобалау құжаттамасына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, техникалық талаптарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісін ұйымдастырады. Учаскедегі құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің технологиялық сабақтастығының сақталын қамтамасыз етеді. Жұмысты механикаландыру деңгейін арттыру, жаңа техниканы ендіру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының құнын төмендету, материалды үнемдеп жұмсау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Еңбектің алдыңғы қатардағы тәсілдері мен әдістерін тарату бойынша жұмысты жүргізеді. Объектілерді салуға арналған техникалық құжаттаманы алуды қамтамасыз етеді. Құрылыс машиналарына, көлікке, механизация құралдарына, материалдарға, құрылғыларға, тетіктерге, құралдарға, керек-жараққа өтінімдер жасайды, олардың тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Орындалған жұмыстардың есебін жүргізеді, техникалық құжаттаманы ресімдейді. Құрылысы аяқталған объектілерді, жекелеген кезеңдерді және қатарға енгізілген объектілер бойынша жұмыс кешендерін тапсырыс берушілерге тапсыруға қатысады. Қосалқы мердігерлік (мамандандырылған) ұйымдар үшін жұмыс шебін дайындайды және олардан орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады. Күзетілетін аймақтарда жұмыс жүргізу құқығына рұқсаттарды ресімдейді. Мастерлерге құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының көлемі бойынша өндірістік тапсырмаларды белгілейді, олардың орындалуын бақылайды. Жұмысшыларға тікелей жұмыс орындарында жұмысты қауіпсіз орындау әдістері бойынша нұсқау береді. Технологиялық жарақты (ағаштар, төсеніштер, қорғаныш құрылғыларын, қазан шұңқырлар мен траншеялардың бекіткіштерін, тіреуіштер, кондукторларды және басқа құрылғыларды), құрылыс машиналарын, энергетикалық қондырғыларды, көлік қолдану құралдарын және жұмысшыларды қорғау құралдарын қамтамасыз етеді. Ауыр заттарды тасу, жұмыс орындарындағы, өту және келу жолдарындағы тазалық және тәртіп нормаларының сақталуын, кран жолдарын дұрыс ұстау және пайдалануды, жұмыс орындарын қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етуді қадағалайды. Объект жанындағы қойма шаруашылығын және материалдық құндылықтары күзетуді ұйымдастырады. Қауіпсіздік техникасының жай-күйін бақылайды және анықталған кемшіліктерді, өндірістік санитария ережелерінің бұзылуын жою, жұмысшылардың еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтауы үшін шаралар қабылдайды. Қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді, оларды бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді. Рационализаторларға көмек көрсетеді. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және ұжымдағы тәрбие жұмысын жүргізеді.

Білуге тиіс: жоғары тұрған және басқа органдардың учаскенің (объектінің) өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты ұйымдық-басқару, нормативтік материалдары; құрылыс өндірісін ұйымдастыру және технологиясы; салынып жатқан объектідегі жобалау-сметалық құжаттама; құрылыс нормалары мен ережелері, құрылыс-монтаждау және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарының өндірісіне және қабылдауға қойылатын техникалық талаптар; учаскедегі (объектідегі) өндірістік-шаруашылық қызметтің нысандары мен әдістері; орындалатын жұмыстың нормалары мен бағалары; еңбекке ақы төлеу жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер; мердігерлік ұйымның тапсырыс берушілермен және қосалқы мердігерлермен шаруашылық және қаржылық өзара қарым-қатынас жасау тәртібі; құрылыс ұйымының өндірістік-технологиялық жиынтықталуын және диспетчерлеу жүйесі; құрылыс өндірісін ұйымдастырудың ғылыми-техникалық жетістіктері мен тәжірибесі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; еңбек заңдары; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; Қазақстан Республикасында еңбек туралы заңнаманың негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құрылыстағы тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және құрылыстағы тиісті мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау