Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет85/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126

Экономист



Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорынның өндірістің тиімділігін және ұтымдылығын, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және жаңа түрлерін игеруге материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде түпкілікті жоғары нәтижелерге жетуге бағытталған экономикалық қызметті жүзеге асыру бойынша жұмысты орындайды. Өнімді өткізу көлемінің өсуін және пайданы ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызметін (бизнес-жоспарын) жасауға арналған негізгі деректерді дайындайды. Өнім өндіру және шығарылған өнімді сату, өнімнің жаңа түрлерін игеру, прогрессивтік техника және технология үшін қажетті материалдық, еңбек және қаржылық шығындар бойынша есептерді орындайды. Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметін экономикалық талдауды жүзеге асырады, өндіріс резервтерін анықтайды, үнем режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабелділігін арттыру, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, өнім өндіру және сату шығындарын төмендету, шығындар мен өндірістік емес шығыстарды жою, сондай-ақ қосымша өнім шығару мүмкіндіктерін анықтау жөніндегі шараларды әзірлейді. Еңбекті және өндірісті ұйымдастырудың, жаңа техника мен технологияны ендірудің, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін айқындайды. Әзірленген өндірістік-шаруашылық жоспарларды қарауға, ресурстарды жинау бойынша жұмыстарды жүргізуге, ішкі шаруашылық есептерді ендіру және жетілдіруге, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын, сондай-ақ жоспарлық және есеп құжаттамасын жетілдіруге қатысады. Шарттарды жасауға арналған материалдарды ресімдейді, шарттық міндеттемелерді орындау мерзімдерін қадағалайды. Кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындау барысын, ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Маркетингтік зерттеулерді жүргізуге және өндірістің дамуын болжауға қатысады. Реттелмейтін есептерге және есеп айырысу операцияларын дұрыс жүзеге асыруды бақылауға байланысты жұмысты орындайды. Кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерінің есебін, сондай-ақ жасалған шарттардың есебін жүргізеді. Белгіленген мерзімдерде кезеңдік есептер дайындайды. Экономикалық ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді. Есептеу техникасының көмегімен шешілетін міндеттерді не олардың жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды қалыптастыруға қатысады, экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерін пайдалану мүмкіндіктерін айқындайды.

Білуге тиіс: заңнамалық және нормативтік актілер, кәсіпорын қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау жөніндегі әдістемелік материалдар; жоспарлы жұмысты ұйымдастыру; кәсіпорынның шаруашылық-қаржы және өндірістік қызметінің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу тәртібі; бизнес-жоспарлар әзірлеу тәртібі; жоспарлау-есепке алу құжаттамасы; материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібі; кәсіпорын мен оның бөлімшелері қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау және есепке алу әдістері; жаңа техника мен технологияны ендірудің, еңбекті ұйымдастырудың, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың экономикалық тиімділігін айқындау әдістері;есептеу жұмыстарын жүргізу әдістері мен құралдары; шарттар жасауға арналған материалдарды ресімдеу ережелері; жедел және статистикалық есепті ұйымдастыру; есептілік жасау тәртібі және мерзімдері; кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық қызметін ұтымды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесі; экономика, өндіріс, еңбекті ұйымдастыру және басқару; шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері; техникалық-экономикалық есептерді жүзеге асыру және кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін есептеу техникасын қолдану мүмкіндіктері, оны пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар :

І санаттағы экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және II санаттағы экономист лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ІІ санаттағы экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және II санаттағы экономист лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және I санаттағы экономист лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Есептеу (ақпараттық есептеу) орталығының экономисі
Лауазымдық міндеттері. Есептеу орталығының (ақпараттық-есептеу орталығының) (бұдан әрі – ЕО (АТО) қызметіне экономикалық талдау жүргізеді, есептеу техникасының құралдарын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу үшін деректерді дайындайды және белгіленген мерзімде тиiстi нысандар бойынша мерзімді есептілікті жасайды. Перспективалы және жылдық жоспар, заттық және шығынның еңбек нормативтерін өңдеуге қатысады, қызметтегi жұмыстарды бағалайды. Құжаттардағы барлық қажеттi мәлiметтердi ұсыну мерзiмi және ақпарат өңдеуді, дұрыс толтырылуын және әзiрленуін тексередi. Әр түрлi есептер бойынша механикаландыру және автоматты ақпарат өңдеу жобаларын құрастыруға жәрдемдеседі. Экономикалық есептiң қойылуын немесе жеке олардың кезеңдерiн құрастырады, дайын жобалар, алгоритмдер және бағдарламаларды қолдану мүмкiндiгiн зерттейдi. Анықтама және нормативтiк мәлiметтер картотекаларын жасауға және кезеңдік жаңарту бойынша жұмысты басқарады. Ақпаратты өңдеу және жұмыс жасау мерзiмдерiн қадағалайды. Бухгалтерлiк есептiң жеке түрлерi бойынша бастапқы құжаттардың жұмыс iстейтiн формалары және есеп берудi үйренiп талдайды, жоспарлауға, заттық-техникалық жабдықтауға, техникалық-экономикалық, шығындарға заттық және еңбек өткiзу бойынша есептеулерді дайындайды. Тапсырысты қабылдайды, iлеспе тағы басқа құжаттаманы, тапсырма берушiлерi бар есептеулердiң жұмыс жасауды шұғыл есептеуді және бақылауды жүзеге асырады. Құжат өңдеудiң реті туралы операторларға нұсқау бередi, жұмысты қабылдайды, өндiрудiң есепке алу жөнiндегi құжаттарын ресiмдейдi.

Білуге тиіс: (АЕО) ЕО тың қызметiн жоспарлауға, есепке алуға және талдауы бойынша нұсқаулық материалдар; олардың орындауы туралы перспективалы және жылғы жоспар жұмысқа өңдеудiң әдiстерi, есеп берудi құрастыру реті, мерзiмдер және олардың ұсыныс формасы; тапсырма берушiлермен шарт жасасу үшiн материалдарды ресiмдеу ретін; жиынтық, берiлу және ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары; механикаланған ақпаратты өңдеу технологиясы; техникалық мүмкiндiктер және жабдықты қолдану ережесi; механикаланған ақпаратты өңдеу және бағдарламалау негiздерi; техникалық ақпарат көздерiнiң түрлерi; классификациялар және мәлiметтерді техникалық-экономикалық кодтау жүйесi; ақпаратты өңдеу бойынша нұсқаушы материалдар, тағы басқа жұмыс бағдарламалары, нұсқау, макеттер; алғашқы және шығыс құжаттар, оларды ресiмдеу реті, формалары; орындалған жұмыс көлемін есептеу әдiстерi; жұмыс iстейтiн формалар және (АЕО) ЕО қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру жүйесi және қолданыстағы нысандары; есептеу құнын және есептеу жұмыстары айқындау әдістері; экономика және өндiрiсті ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру негiздерi; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар.

I санаттағы (АЕО) ЕО экономист: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және II санаттағы (АЕО) ЕО экономист лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санаттағы (АЕО) ЕО экономисті: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және санатсыз (АЕО) ЕО экономист лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

(АЕО) ЕО экономисті: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiмі және жұмыс стажына талап қойылмайды.





жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау