Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агент



жүктеу 7,88 Mb.
бет92/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126

Жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агент



Лауазымдық міндеттері. Жылжымайтын мүлікті клиенттердің тапсырысы бойынша сатып алу, сату және жалға алу-беру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Сатылатын немесе жалға берілетін мүлік туралы және әлеуетті сатып алушылар немесе жалға алушылардың талаптары туралы ақпаратты алады. Жылжымайтын мүлік нарығындағы сұраныс пен ұсынысты зерттейді. Сатуға немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлік объектілері бойынша келіп түсетін ұсыныстарды тіркейді, олардың таныстыру байқауын жүргізеді. Жекелеген жағдайларда меншік иелері мен агенттік арасында эксклюзивті шарттар жасайды. Әлеуетті сатып алушылар мен жалға алушыларды іздестіруді жүзеге асырады, олармен іскерлік байланыс орнатады. Сатып алушыларды немесе жалға алушыларды сатылатын немесе жылжымайтын мүлік объектілерімен таныстыру ұйымдастырады. Сатып алушылардың өтінімін ресімдейді, сату немесе жалға беру нұсқаларын таңдайды немесе ұсынады. Шарттық талаптарды келіседі, жылжымайтын мүлікпен операцияларды ресімдейді. Клиенттерге қажетті құжаттарды жинауға және мәмілені рәсімдеуге көмек көрсетеді. Мәмілелер аяқталысымен төлем құжаттарын уақытылы алуды қамтамасыз етеді. Келіп түскен қолайлы ұсыныстар туралы клиенттерді ақпараттандырады, қарастырылатын жылжымайтын мүлік объектілерінің сипаттамаларына қатысты мәселелер бойынша және олардың белгілі бір талаптарға сәйкестік деңгейі бойынша кеңес береді. Сатып алу-сату шартына қол қоюды немесе жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беруді ұйымдастырады. Клиенттерге мәмілені жасасу үшін қажетті құжаттардың уақытылы рәсімделуіне ықпал етеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мәмілені рәсімдеуге қатысатын агенттіктің және басқа ұйымдардың басқа да мамандарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырған кезде клиенттердің мүддесін білдіреді. Орындалған жұмыс туралы белгіленген есепті құрастырады.

Білуге тиіс: жылжымайтын мүлікпен операцияларды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және өзге де нормативті құқықтық актілер, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды реттейтін әдістемелік және басқа да материалдар; жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін агенттік және олар көрсететін қызмет түрлері; нарықтық экономика негіздері; іскерлік байланысты орнату ережелері; заңды және жеке тұлғаларға салық салу жағдайлары; жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастыру; сатып алу-сату және жылжымайтын мүлікті жалға беру мен байланысты шарт жасасу және қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібі мен ережелері; жылжымайтын мүлік нарығы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және беру мен талдаудың әдістері мен тәртібі; жылжымайтын мүлік конъюнктурасы; жылжымайтын мүлік объектілеріне қойылатын стандарттардың, техникалық, сапалы және басқа да сипаттамаларының негізгі талаптары; қарауды жүргізу тәртібі мен сатып алу-сату және жалға беру объектілерін бағалау әдістері; қолданыстағы бағалар мен прейскурант; жарнамалық жұмысты ұйымдастыру; іскерлік қарым-қатынастың, келіссөздер жүргізудің амалдары мен әдістері; жер және тұрғын үй заңдылығының негіздері; экономика, психология негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек тәртібінің ішкі ережелерін; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.


Жабдықтау жөніндегі агент

Лауазымдық міндеттері. Шарттар, берілген тапсырма және басқа құжаттар бойынша тауарлы-материалдық құндылықтарды (шикізатты, материалдарды, жабдықты, жинақтаушы бұйымдарды, аспапты, кеңсе құралдарын және т.б.) алады. Алынатын және жөнелтілетін жүктерге құжаттарды ресімдейді, оларды жеткізу үшін контейнерлерге, басқа ыдыстарға, сондай-ақ көлік құралдарына тапсырыс береді. Материалдарды жоспардан тыс сатып алуды жүзеге асырады. Тауарлы-материалдық құндылықтарды кәсіпорын атына жөнелтеді немесе жүктерді жолда алып жүреді, сақталуын қамтамасыз етеді және олардың уақытылы жеткізілуіне жәрдемдеседі. Жүктің жағдайын тексереді, сыртқы ақауы айқындалған кезде материалдық құндылықтың ауыстырылуы бойынша шаралар қабылдайды. Тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау режимін белгілейді, ыдыстарының тасымалданатын жүктерге сай болуын, тасымалдау кезінде жүктердің орналасуын қадағалайды, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізеді. Оларды сатып алумен, жеткізумен және сақтаумен байланысты шығындарды кеміту арқылы материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды.


Білуге тиіс: Материалдық ресурстарды пайдалану мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелер мен басқа да материалдар; материалдық-техникалық жабдықтаудың және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру негіздері; жүктерді қабылдау және жөнелту, контейнерлерге және көлік құралдарына тапсырыс беру, алынатын және жөнелтілетін жүктерге құжаттарды ресімдеу ережелері мен тәртібі; шикізаттың, материалдардың және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың номенклатурасы және шығын нормалары, оларды сақтау және тасымалдау шарттары; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек тәртібінің ішкі ережелерін; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.




Жарнама агенті



Лауазымдық міндеттері. Делдал ретінде тауарларды, қызметтерді, коммерциялық ой-пікірлерді ұсыну және жылжыту, олардың сатылуына жәрдемдесуіне бағытталған шаралар кешенін орындау немесе тауарларды, қызметтерді жарнамалаудың қолданылып жүрген этикалық нормаларын сақтай отырып, басқа маркетингтік мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмысты орындайды.

Сенімхат беруші мен делдал арасында сенімхат берушінің есебінен және атынан орындалуы қажет жұмыстардың сипаты мен көлемі, сондай-ақ қолданылып жүрген тарифтер немесе шарттың (келісімнің) талаптарына сәйкес ақысы белгіленетін шарттар немесе келісімдер жасайды. Әлеуетті сатып алушыларды және тұтынушыларды жаңа тауарлар, қызметтер, ой-пікірлер туралы, олардың ерекшеліктерін (басқаларға тән емес) аша отырып, дәл осы тауардың (қызметтің, ой-пікірдің) қажет екендігіне оларды сендіре отырып, жарнама объектісінің тәжірибелік пайдалануы туралы хабардар етеді. Жарнама жұмыстарын жүргізу кезінде беделді сатып алушының немесе тұтынушының пікіріне жүгінеді, тұрғындардың түрлі топтарының төлем қабілеттілігін ескереді. Белгіленген мерзімдерде есептілікті даярлайды және береді. Сатып алушыны тауарды қайта сатып алуға немесе қызмет алу үшін өтініш білдіруге ынталандырады. Жарнама объектісін бұқаралық ақпарат құралдарындағы айналатын ақпараттар массасынан бөлектейді, сұраныс туғызып және сатып алушы мен тұтынушыны келісім жасауға ынталандыра отырып, жарнама объектісін қосымша ерекшеленетін тұтынушылық қасиеттерімен, тауар және қызметтер нарығындағы артықшылығын сипаттайды. Әлеуетті сатып алушылардың және тұтынушылардың тауарлар мен қызметтердің таныстыруларына, сондай-ақ өткізілген жәрмеңкелерге, көрмелерге, жарнама өнімдерін даярлайтын кәсіпорындарға экскурсияларға қатысуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Өндіруші кәсіпорынды, оның коммерциялық байланыстарын, сатып алушылардың және тұтынушылардың адал ниетті қарым-қатынастары және жарнама берушінің беделінің қалыптасуына бағытталған өндіруші кәсіпорын қызметінің негізіне салынған принциптерді жалпыға танымал ету бойынша жұмысты жүзеге асырады. Тауар сатып алушылар және тұтынушылар арасында кепілдіктер, құқықтары және олардың мүдделерін қорғау тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тауарға (қызмет көрсетуге) сұраныстың (қалыпты немесе маусымдық) сипатын ескере отырып, жарнама ұйымдастыру мен орналастырудың перспективалық жоспарларын іске асыруға, оны жүргізу әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ тиімділікті арттыру және жарнамаға қатысты шығындарды төмендету жұмысына қатысады. Жарнаманы орналастыруға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатады. Жарнама жұмысын ұйымдастырудың, тауар мен қызметтердің ішкі және сыртқы нарығында жарнамаланатын объектінің бөлінуі мен жылжуын қамтамасыз ететін жарнаманың жаңа түрлерін игерудің отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерделейді.Жарнама жөніндегі басқа агенттермен қарым-қатынастарды жүзеге асырады.



Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының сауда қызметіне қатысты заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері, ережелер, басқа материалдар; жарнама түрлері және жарнама қызметін ұйымдастыру негіздері; жарнамаланатын өнімді өндіретін және қызмет көрсететін мекеменің экономикалық қызмет түрінің даму перспективасы; өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің номенклатурасы және ассортименті, олардың негізгі сипаттамалары; өндірілетін өнімді әлеуетті сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) көрсетілетін қызметтерге қоятын талаптары; қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және прейскуранттар; бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты ұйымдастырудың негіздері, іскерлік қарым-қатынастың және келіссөздер жүргізудің әдістері мен тәсілдері; психология негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.

жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау