Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Инвесторлармен байланыс жөніндегі маман



жүктеу 7,88 Mb.
бет75/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126

Инвесторлармен байланыс жөніндегі маман

Лауазымдық міндеттері. Инвесторлармен байланыс саласында ұжымның саясатын және оның бөлек кезеңдерін жүзеге асыру жөнінде жұмыстарды орындайды. Ақпаратты ашу жүйесін жүзеге асыру, жариялылық (транспаренттілік) саясатына, инвесторлармен байланыс саласында ұжымның жұмыс жоспарына қатысу. Инвесторлармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимылдарының нысандары мен әдістерін таңдауды жүзеге асырады, оларды ұжым басшыларының ресми шешімдері және бұйрықтарымен таныстырады, ресми сауалдарға жауап әзірлейді, ұжым қызметі туралы ақпараттық материалдардың уақытылы таратылуын қадағалайды. Брифинг, баспасөз мәслихаты, басқа іс-шаралар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізілетін ақпараттық-жарнама сипатындағы акцияларды, акционерлердің жылдық жиналысын дайындау және өткізуге қатысады, оларды кешенді ақпаратпен және ұйымдастырумен қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баспасөз хабарламасын және басқа ақпараттық материалдарды дайындайды, электрондық және бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, ішкі қолданыс үшін ақпараттық-талдамалық материалдарды әзірлеуге қатысады. Ақпараттық-жарнама материалдарды әзірлейді, бірлескен басылым, ұжымның ресми интернет-ресурс үшін мәтін әзірлейді. Техникалық тапсырманы зерттеу үшін әзірлеуге және ақпараттық-жарнама сипатындағы іс-шаралар жүргізу нәтижелері бойынша жиынтық есеп құрастыруға қатысады. Талдау - есеп айырысу операциясы және ақпараттық материалдарды тіркеу, ресімдеу, жинау, сақтау, пайдалану және тарату бойынша жұмыстарды орындайды. Бекітілген номенклатураға сәйкес іс құрастырады, тізімдеме жасайды. Басшылықтың шешімін орындауды қамтамасыз етеді, уақытылы ағымдағы жұмыс барсы және оның нәтижесі туралы басшылықты хабардар етеді.

Білуге тиіс: инвесторлармен байланысты ұйымдастыру мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілері, инвестициялық заңнама; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнаманың негізі; корпоративтік басқару, инвесторлармен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидат кодексі; мамандану, ұжым қызметінің ерекшелігі және ұйымның даму стратгеиясы; инвестициялық және қаржы нарығының құрылымы мен ағымдағы жай-күйі; саясаттану, әлеуметтану, психология негіздері; сапалы және сандық зерттеу жүргізудің негізгі әдісі (социологиялық және т.б.); бұқаралық ақпарат құралдары мониторингін өткізу әдістемесі; жарнамалық хабарлама, мақала, өтініштердің стилі мен композиция заңдары; статистикалық және қаржылық ақпараттарды талдау әдісі; ұжымның меншікті деректер қорын қалыптастыру мен пайдалану құралдары мен әдісі; қазіргі заманғы байланыс құралдарын, аппараттық-техникалық құралдарды және компьютерлік технологияны қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдісі; ақпаратты бейнелеу және беру техникалық құралдарының түрі; инвесторлармен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, кәсіпкерлік және инвестициялық менеджмент, инвестициялық маркетинг негіздері; іс-қағаздарын жүргізу негізі; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және инвесторлармен байланыс саласында қосымша дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды.




Көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігінің маманы

Лауазымдық міндеттері. Көтергіш құралдарының (лифттер, эскалаторлар, жарымжандарға арналған көтергіш платформалары және басқа да техникалық жабдықтар) маманы өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптауға байланысты жұмыстарды атқарады. Көтергіш құралдары орнатылған қауіпті өндірістік объектілердің техникалық тексерулерін жүргізеді. Эксплуатациялық құжаттарды, құрылыстың, кеңейтулердің, қайта құрудың, техникалық өзгертулердің, консервациялаудың жоба құжаттары мен қауіпті өндірістік объектілерді жабу құжаттарын сараптаулардан өткізеді. Көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау қорытындыларын, техникалық шешімдер мен оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша ұсыныстарды бекітуге ұсынады. Нормативті эксплуатациялық мерзімнен өткен көтергіш құралдарының қалған қорын анықтауға қажетті инженерлік есеп-қисаптарды орындайды, сараптау объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестілігі жөнінде сараптау қорытындыларының жобаларын құрайды. Көтергіш құралдарындағы авариялар мен бақытсыз жағдайларды тексеру бойынша, авариялар мен бақытсыз жағдайларды алдын ала ескерту бойынша іс-шараларды жасайтын комиссия жұмыстарына қатысады.


Білуге тиіс: заңдар, қаулылар, үкімдер, бұйрықтар және басқа нормативтік құқықтық актілер, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік және техникалық құжаттар; көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттар; жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету және техникалық жағдайы бойынша талаптар, сонымен қатар сараптауға арналған көтергіш құралдарының эксплуатациялық мерзімін ұзарту; көтергіш құралдары мен олардың элементтерін тексеру тәсілдері мен технологиялары; көтергіш құралдарының құрылысы, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері қауіпсіз пайдалану ережелері, олардың техникалық диагностикаларын өткізу реті және ұйымдастыру техникалық шешімдер қабылдауға байланысты сынақтарды өткізу реті; көтергіш құралдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау кезінде қолданатын техникалық құралдарды пайдалану ережелері; нормативтік пайдалану мерзімінен өткен көтергіш құралдарының қалған қорын есептеу тәсілдері; көтергіш құралдары мен олардың элементтерінің қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзарту бойынша техникалық ұсыныстар; қауіпті өндірістік объектілерді тексерулерден өткізу реті; еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы (біліктілігі) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.





жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау