Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Ұйымдағы директордың көмекшісі (бас директордың, атқарушы директордың, президенттің, басқарма төрағасының, басқарушының)



жүктеу 7,88 Mb.
бет73/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




Ұйымдағы директордың көмекшісі (бас директордың, атқарушы директордың, президенттің, басқарма төрағасының, басқарушының)

және басқа бірінші басшылардың (референт, кеңесші)

Лауазымдық міндеттері. Бірінші басшының тапсырмасы бойынша ақпарат, анықтама, реферат және ұйым қызметінің келешектегі мәселелері бойынша баяндама әзірлейді және қажет болған жағдайда осы мақсатқа басқарманың сәйкес аппаратын қатыстырады. Бірінші басшының басқа да тапсырмаларын орындайды. Бірінші басшының бұйрық, тапсырма және өкімдерінің мезгілінде орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бірінші басшыға ұсынылмас бұрын, ұйымда әзірленетін бұйрықтар мен өкімдер жобаларының жоғары тұрған орган құжатарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді. Бөлім басшыларынан және жауапты орындаушылардан бірінші басшыға қажетті анықтама және басқа да материалдарды, сондай-ақ бұйрық, өкім және бірінші басшының тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты талап етеді. Құжат айналымына оперативтік есеп жүргізеді, бұйрық, өкім және басқа құжаттарға, сондай-ақ орындалуын бақылауды қажет ететін тапсырмаларға бақылау карточкасын толтырады. Құжат айналымын және құжаттардың жүргізілуін бақылау әдісін, техникалық құралдарды басқаруды жетілдіру жүйесі бойынша іс-шаралар әзірлеуге қатысады. Басшылардың шақырылумен өтетін кеңестерді өткізумен мен әзірлеуге қатысады және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Делегацияларды қабылдауды, іскерлік сапарлар мен кездесулер ұйымдастырады. Жоспардың орындалуын бақылау және ұйым жұмысының ырғақтылығын ұйымдастыру жөніндегі комиссия жұмысына, өндірісті басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, экономикалық қызмет түрінің экономикалық және техникалық дамыту бағытын анықтайтын әдістемелік материалдар; өндірісті басқару жедел басқару негіздері, техника-экономикалық жоспарлауды ұйымдастыру және ұйым мен оның бөлімшелерінің жұмыстарын талдау; ұйымның өндірістік құрылымы мен басқару құрылымы; бөлімшелер арасындағы өндірістік және функционалдық байланыс; шаруашылық жүргізу әдісі; менеджмент және маркетинг негіздері; іс-қағаздарын жүргізу жүйесінің негізгі ережесі; бақылауды орындаудың әдістері мен түрлері; ұйымдық-әкімшілік құжаттама жүйесін сәйкестендіру стандарттары; ішкі еңбек тәртібі ережесі; оргтехника мен компьютер; іскерлік қатынас әдебі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және басқару лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.




Психолог

Лауазымдық міндеттері. Ұйым қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту және жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде іс-шаралар әзірлеу мақсатында, олардың еңбек қызметіне өндірістік психологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық факторларының әсерін зерделейді.Жоспар және әлеуметтік даму бағдарламалары жобаларын құрастыру, жұмысшыларға психологиялық факторлардың әсерін анықтау жөнінде жұмыстар жүргізеді. Физиологпен бірігіп қызметкерлердің жеке қасиеттерін, әр түрлі кәсіп пен маман иелері жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қызметтерінің ерекшеліктерін зерттеуді, сондай-ақ кәсіптік іріктеуге байланысты еңбек жағдайларына психологиялық тексеру, мүдделері мен бейімділіктерін, еңбекке қанағаттануларын анықтау жұмыстарын жүргізеді. Жұмысшылардың психикасына еңбек жағдайларының әсерін анықтау жөніндегі эксперименттерге қатысады. Жұмыс кезіндегі жұмысшылардың еңбек үдерісін және психологиялық жағдайларын талдайды. Социолог және басқа да мамандармен әлеуметтік даму мәселелерін анықтауға қатысады. Шешімін қажет ететін ең көкейтесті мәселелер мен проблемаларды (кадрлардың тұрақтамаушылығы, еңбек тәртібінің бұзылуы, нәтижесі аз еңбек) іріктеуді жүзеге асырады, оларды болуына жағдай жасайтын себептердің жолын жоюды анықтайды. Жұмысшылардың жүйке-психикалық шиеленісуіне өндірістік ортаның әсер етуін анықтаумен, қызметшілердің лауазымдары мен жұмысшылардың кәсіптеріне егжей-тегжейлі психологиялық мінездеме және профессиограмма әзірлейді, адамның жеке еңбек мүмкіндігіне қарай оңтайлы пайдалануына, келешекте оның кәсіптік қабілеттілігін дамыту есебімен кепілдеме береді. Жас жүмысшылар мен мамандардың өндірістік және кәсіптік бейімделуі жөніндегі шараны жүзеге асыруға қатысады. Психологиялық зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу жөнінде ұсыныстар мен кепілдемелер, сондай-ақ әлеуметтік дамуды басқаруды жетілдіру нақтылы бағыты бойынша, еңбек үдерістерін оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, еңбек және демалыс тәртіптемесін ұтымды белгілеуге, моральдық - психологиялық ахуалды жақсартуға, еңбек жағдайларын және адамның жұмыс қабілеттілігін арттыруға іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Кадрлардың тұрақтамаушылығы себептерін талдау, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару талаптарын негізге алып, кадрларды іріктеу және оларды орналастыру, кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қызметшілерді бейімделуі бойынша қажетті шара алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Ұйым басшыларына, сондай-ақ кадр және еңбек мәселелерімен айналысатын қызметшілерге өндірісті басқару және ұжымның әлеуметтік дамуының әлеуметтік - психологиялық проблемалары жөнінде кеңес береді, ұжымда торығуды еңсеру, дау-шардың алдын алу, жайдары және басқа параметрлер ұжымда қолайлы әлеуметтік - психологиялық жағдай жасау әдісімен оқуды ұйымдастырады.


Білуге тиіс: психология мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; еңбек және басқару психологиясы, инженерлік және әлеуметтік психология; жұмысшылардың еңбек қызметінің психологиялық ерекшелігін зерделеу әдісі; еңбек жағдайын зерделеу барысында қолданылатын техникалық құралдар; отандық және шетелдік психологтардың озық тәжірибесі; өндірістік технология негізі; экономика негізі, өндіріс, еңбек және басқаруды ұйымдастыру; кәсіптік бағдарлау және кәсіптік бейімделу жұмыстарының негізі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы психолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санаттағы психолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санаттағы психолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз психолог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Психолог: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау