Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Орталық зауыттық зертхананың бастығы



жүктеу 7,88 Mb.
бет44/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126

Орталық зауыттық зертхананың бастығы

Лауазымдық міндеттері. Өндіріске прогрессивті технологияны, бәсекеге қабілетті жаңа технологиялық жабдықты енгізу мақсатында ұйымның ғылыми-техникалық саясаты мен дамудың келешектеріне сәйкес ғылыми-зерттеу және сарап жұмыстарын ұйымдастырады. Бұйымдардың жаңа түрлерін әзірлеу және меңгеру, жобаланатын өнім түрлерінде жаңа материалдарды қолдану, сапаны жақсарту және өнімнің шығарылымын ұлғайту, материалдық-шикізатты ресурстарды үнемді жұмсау бойынша зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ұйымдарға ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін ендіруге ықпал етеді. Жүргізілген зерттеулер негізінде технологиялық нұсқаулар, техникалық шарттар және стандарттарды өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Өнеркәсіп санитариясы, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау салаларында бақылаудың жаңа әдістері, материалдар мен шығарылатын өнімдердің сапасын бағалау мен өлшеудің жаңа әдістерін жетілдіру және енгізу бойынша жұмысты басқарады. Цехтардағы технологиялық тәртіптің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді. Өндіріске келіп түсетін шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар, сондай-ақ дайын өнімнің олардың қолданыстағы өндірістік стандарттар мен техникалық шарттарға, экологиялық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатында сапаларына зертханалық бақылауды жүргізуді ұйымдастырады. Сынамалар нәтижелері бойынша құжаттаманың рәсімделуін қамтамасыз етеді. Ұйым өнімінің сертификациясы мен мемлекеттік аттестациясына қатысады. Өнімдегі пайда болған ақаудың себебін анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың алдын алу және болдырмау жөнінде ұсыныстарды әзірлейді. Зертхана күшімен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын әзірлейді, сондай-ақ ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе оларды белгіленген мерзімде орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Бірлескен жұмыстарды жүргізуге ғылыми-зерттеу ұйымдарымен шарт жасасады. Ұйымның стратегиялық және бизнес-жоспарларын әзірлеуге қатысады. Цехтық зертханаларға әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады, олардың жүргізетін зерттеулері мен сынамаларының қорытындыларына талдау жасау және оларды қорыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жүргізілуіне кететін еңбек шығынын қысқарту мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың ұйымдастырылуын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындайды. Өлшемнің жаңа технологиялары, әдістері мен тәсілдерін жобалау, өндірілетін материал, шикізат және өнімнің сапасына зертханалық бақылау саласында озық отандық және шетел тәжірибесінің зерделенуін ұйымдастырады. Орталық зауыттық зертхана жұмысшыларына басшылық етеді.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; ғылыми-техникалық қызметке қатысы бар әдістемелік материалдар; техникалық даму келешектері; өнімді өндіру технологиясы; зертхана жабдықтарын және оларды пайдалану ережелері; материалдар, шикізаттар мен өнімдердің сапасын бақылау әдістері; өлшемнің заманауи әдістері мен тәсілдері; стандарттар, техникалық шарттар және техникалық құжаттаманы рәсімдеу және әзірлеу бойынша басқа да материалдар; шикізат, материал және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар; экологиялық стандарттар мен нормативтер; өнімнің сертификациясы мен мемлекеттік аттестациясының қолданыстағы жүйесі; ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өнімге зертханалық бақылаудың жүргізілуін ұйымдастыру; әзірлемелердің тиімділігін анықтау әдістері; өндірістің зертханалық бақылауы мен технологиясы саласында озық отандық және шетел тәжірибесі; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру, басқару мен өндіріс; Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнаманың негіздері; коммуникациялар, байланыс және есептеуіш техниканың әдістері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және өндірістің технологиялық дайындығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Цех (учаске) бастығы

Лауазымдық міндеттері. Цехтың (учаскенің) өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Өндірістік тапсырмалардың орындалуын, жоғары сападағы өнім шығару ырғақтылығын, негізгі және айналым құралдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Өндірісті, оның технологиясын ұйымдастыруды, өндірістік процестерді механикаландыруды және автоматтандыруды жетілдіру, ақаудың алдын алу және бұйымдардың сапасын арттыру, ресурстың барлық түрін үнемдеу, еңбекті ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын ендіру, жұмыс орындарын аттестациядан өткізу және рационалдау, еңбек өнімділігін арттыру және өндіріс шығындарын азайту резервтерін пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді. Ағымдағы өндірістік жоспарлауды, есеп жүргізуді, цехтың (учаскенің) өндірістік қызметі туралы есептілікті жасауды және уақтылы беруді, шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарын ендіру, еңбек нормасын жасауды жақсарту, жалақы және материалдық ынталандыру нысандарын және жүйелерін дұрыс пайдалану, алдыңғы қатардағы еңбек тәсілдері мен әдістерін қорыту және тарату, ұқсас өнім өндіруді құрылымдаудың және технологиясының отандық және шетелдік алдыңғы қатардағы тәжірибесін зерделеу және ендіру, рационализациялау және өнертапқыштықты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жабдықтарды және басқа негізгі құрал-жабдықтарды техникалық дұрыс пайдалануды және оларды жөндеу кестелерінің орындалуын, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын, сондай-ақ жұмыс істеушілерге еңбек жағдайлары бойынша жеңілдіктерді уақтылы беруді қамтамасыз етеді. Мастерлер мен цех қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Жұмысшы және қызметші кадрларын іріктеуді, оларды орналастыруды және мақсатты пайдалануды жүзеге асырады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылайды. Цехтың жұмысшылары мен қызметшілерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.



Білуге тиіс: цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты ұйымдық-басқару, нормативтік және әдістемелік материалдар; кәсіпорынның және цехтың техникалық даму перспективасы; цехтың (учаскенің) өніміне, оны өндіру технологиясына қойылатын техникалық талаптар; цехтың жабдығы және оны техникалық пайдалану ережелері; техникалық-экономикалық және ағымдағы өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістері; цехтың (учаскенің) өндірістік-шаруашылық қызметінің нысандары мен әдістері; еңбекке ақы төлеу жөніндегі қолданылып жүрген ережелер және материалдық ынталандыру нысандары; ұқсас өнім өндіру саласындағы алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибе; экономика, өндірісті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері; Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандық лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы немесе тиісті мамандығы (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және маман лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау