Еңбек жөніндегі нормативтік-зерттеу зертханасының бастығы
Лауазымдық міндеттері. Еңбек қызметінің нәтижелерін жақсарту мен еңбек шығындарын қысқарту мақсатында нормативтік-зерттеу жұмыстарын өткізуді, еңбекті нормалау деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен енгізуді және ғылыми негізде оның ұйымдастырылуын жетілдіруге басшылық етеді. Нормалардың күнтізбелік қайта қарау жоспарларын, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыру бойынша техникалық-ұйымдастырушылық шараларын, ұйымдастыру еңбегі бойынша жоспарларды, нормативтік-зерттеушілік жұмыстардың перспективалы және ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауға қатысады. Еңбектің ұйымдастырылу жағдайын зерттейді, еңбек шығындарының қолданыстағы нормаларының сапасын, дұрыс қолданылуын және орындалу деңгейін (сандық нормативтердің, қызмет көрсетудің және уақыт нормалары) тексереді. Еңбек процесстерін зерттеудегі заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы еңбек шығындарының прогрессивті нормаларын жасап шығаруға қажетті соңғы мәліметтердің жинағын, анализі мен өңделуін қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің іскерлігі мен біліктілігінің артуына, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуына, қолданыстағы жабдықтың жаңартылуына және жаңа жабдықтың енгізілуіне, прогрессивті технологиялық процесстердің енгізілуіне байланысты нормаларды қайта қарау бойынша ұсыныстарды дайындайды. Қызметкерлердің еңбегін нормалау салаларын кеңейту, экономикалық қызметтердің барлық түрлерін еңбек бойынша нормативтерін қолдану, ұқсас өндірісте қол жеткізген нәтижелер мен еңбек шығындарын сәйкестендіру негізінде прогрессивті нормаларды жасау мен енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді. Барлық қызметкерлердің еңбек шығындарының бекітілген нормаларын игеруі үшін қажетті шарттарын жасау бойынша ұсыныстарды дайындайды, өндірістік нұсөаудың өткізілуін және еңбектің жаңа әдіс-тәсілдеріне үйретуді қамтамасыз етеді. Жұмыс әдістерін өлшеу жүйесі және басқа да өткінші факторларынан еңбек шығындарының математикалық тәуелділігі түріндегі нормативтерді көрсетудің жаңа формалары секілді микроэлементтік нормалаудың жүйелері мен тәсілдерін қолдану бойынша ұсыныстарды дайындау, қызметкерлердің санын есептеу мен еңбекті нормалаудың жаңартылуының перспективалы бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады. Еңбекті ұйымдастырудың тиімді формаларын дамытуда, материалды және моральдық ынталандыруға, еңбекақы төлеу жүйесін жаңарту бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады. Еңбек өнімділігін арттыру резервтерін анықтауға, жұмыс уақытының тиімсіз қолданылуын жою мен оның қолданысын жақсарту бойынша шараларды жасау мен іске асыруға қатысады. Нормалау бойынша жұмыстардың сапасын арттыру мен еңбекті көп қажет етуін қысқарту мақсатында нормалаушылардың автоматтандырылған жұмыс орындарын, желілер мен жеке компьютерлерін енгізу бойынша ұсынымдарды жасайды. Ғылыми негізде еңбекті нормалауды жаңарту бойынша шараларды жасау мен іске асыруда және олардың енгізілуінің экономикалық тиімділігін анықтауда ұйымның бөлімшелеріне әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді. Зертхана қызметкерлеріне басшылық етеді.
Білуге тиіс: еңбекақы төлеу, еңбекті нормалау мен ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілері, әдістемелік және басқа материалдар; еңбек, басқару мен өндірістің ұйымдастырылуы мен экономика; өндіріс технологиясының негіздері; еңбекті нормалау негіздері; еңбек жөніндегі нормативтерді жасау тәртібі; өндірістің ұқсас түрлерінде қол жеткізген еңбек бойынша көрсеткіштер; еңбекақы төлеудің, материалдық және моральдық ынталандыруың жүйесі мен нысаны; нормативтік-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, нормаларды қайта қарау, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту және оның экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларды әзірлеу тәртібі;нормалардың, еңбек жөніндегі көрсеткіштердің сапасын талдау әдістері; еңбек процестерін жобалау тәртібі; еңбектің ұйымдастырылу деңгейін бағалау әдістері; еңбек процестерін, жұмыс уақытының жұмсалуын өлшеуді және нормалардың есебін зерттеу үшін қолданылатын техникалық құралдар, математикалық әдістер; еңбек социологиясы, психологиясы және физиологиясының негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнама негіздері; еңбектің ұйымдастырылуының, еңбекақы төлеу және өндірісті басқарудың отандық және шетелдік озық тәжірибесі; коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
бөлімінің бастығы
Лауазымдық міндеттерi. Өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, еңбек өнімділігін ұлғайтуға, ауыр қол еңбек шығындарын қысқартуға, өзіндік құнын төмендетуге, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, қолайлы еңбек жағдайлары мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өндіріс процестерін кешенді автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жасау мен енгізуді ұйымдастыру. Өндірістік процестерді автоматтандыру мен механикаландырудың перспективалы және жылдық жоспарын жасауға, өндірістің техникалық дамуының жоспары мен бизнес жоспардың тиісті тарауларын жасауға, ұйымның техникалық қайта жабдықталуы мен қайта жасалуы бойынша ұсыныстарды әзірлеуге басшылық етеді. Автоматтандырылуға және механикаландырылуға тиіс учаскелерді, жұмыстар мен операцияларды анықтау мақсатында өндіріс процесстерін зерттеуді, жобаланатын техника мен технология объектілерін техникалық деңгейінің көрсеткіштерін анықтау және патенттік зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Жасалынатын конструкциялардың техникалық–экономикалық негіздемесімен қоса автоматтандыру мен механизациялау құралдарын жасауға техникалық тапсырмаларды дайындауды ұйымдастырады. Зерттеу, жобалау және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге және кешенді автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жасауға мамандандырылған ұйымдармен келісімшарттардың белгіленген тәртіппен уақытылы рәсімделуін және жасалуын бақылауды іске асырады. Жұмыстардың орындалу кестелерін жасау мен келісуге басшылық етеді, бірлескен орындаушылардың ұйымдарының қажетті техникалық материалдармен қамтамасыз етілуін және олардың жұмысын бақылайды. Онда автоматтандыру және механикаландыру бойынша шаралар тиімділігінің есеп айырылысуын орындайды, қажетті жабдыққа сұраныс жасауды, олардың келу есебін жүргізу немесе осы мақсаттарға бөлінген құралдарды қолданылатын ұйымның сұранысы бойынша жасалынатын жұмыс сызуларды, эскизді және техникалық жобаларды қарастыруға қатысады. Автоматтандыру мен механикаландыру объектілерін пайдалануға алу, жөндеу, монтаждау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, олардың енгізілуін бақылайды. Автоматтандыру мен механикаландыру құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, олардың уақытылы жөнделуі мен пайдалану ережелерінің орындалуын бақылайды. Жасалынып жатқан объектілердің өндірісін автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын жобалаумен, қолданыстағы жабдықты модернизациялаумен, өндірістің зиян процестерін герметизациялаумен және қорғаныш техникасының жаңа конструкциясын жасаумен байланысты техникалық құжаттаманы қарауға қатысады. Өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялауды қамтамасыз ететін ұйымның бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, енгізілген құралдардың техникалық дамуының қазіргі деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қызметтерге автоматтандыру мен механизациялау құралдарының жаңа конструкциясын игеруде көмек көрсету шараларын қабылдайды. Автоматтандыру мен механизациялау құралдарына қызмет көрсету кезінде жұмыстарды қауіпсіз енгізу мен жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулықтар жасауды ұйымдастырады, өндірістің техникалық процестерін ескере отырып реконструкцияланған және модернизацияланған автокөліктердің, механизмдердің және басқа да жабдықтардың дұрыс пайдалануын ұйымдастыру. Өндірісті автоматтандыру мен механизациялау құралдарын жобалау мен конструкциялау кезінде рационализациялаудың дамуына ықпал етеді, олардың ең күрделісіне қорытынды береді. Өндіріс процестерін автоматтандыру мен механизациялаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу, еңбектің жаңа әдіс-тәсілдерін, осы саладағы жаңа жетістіктерді тарату мен енгізуді басқарады. Жасалған жұмыстардың есебін және тізімін жүргізуді қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлеріне басшылық етеді.
Білуге тиіс: өндірісті автоматтандыру және механикаландыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілері, әдістемелік және басқа материалдар; ұйымдар мен экономикалық қызметтер түрлерінің техникалық даму перспективасы, ұйым құрылымының ерекшеліктері мен мамандануы, бейіні; автоматтандыру және механикаландыру құралдарын тағайындау мен құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері; жасалатын құрылымдарға қойылатын негізгі талаптар, автоматтандыру және механикаландыру бойынша жұмыстардың перспективалы және ағымдағы жоспарларын жасау мен бекіту тәртібі, ұйымның өндіріс қуаты, ұйым өнімді өндіру технологиясы; коммуникация, байланыс және есептеу техникасы құралдары; құрастыру жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жобалау әдістері; техникалық құжаттаманы жасау мен ресімдеу тәртібі; басқа ұйымдармен келісімшарт жасау тәртібі, көркемдік құрастыру және техникалық эстетика негіздері; өндіріс процессін автоматтандыру және механикаландыру саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің жетістіктері; еңбек, басқару мен өндірістің ұйымдастырылуы мен экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және өндірісті конструкциялау және технологиялық дайындау бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |