Заңды тұлғаның қызметкерлеріне арналған
жеке кабинетте жұмыс істеу жөніндегі басшылық
2
ҚР ИДМ БААК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК
Мазмұны
ҰҒЫМДАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ................................................................................................................................. 3
1. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРІН ДАЙЫНДАУ ........................................................................ 4
1.1
П
АЙДАЛАНУШЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЕҢ ТӨМЕН ТАЛАПТАР
............................................................................ 4
1.2
J
AVA
-
НЫ ОРНАТУ
.................................................................................................................................................................... 4
1.3
W
INDOWS
ОЖ-
ДЕ
«NCAL
AYER
»
ОРНАТУ
/
ІСКЕ ҚОСУ
............................................................................................................ 5
1.3.1 «NCALayer» орнату ................................................................................................................................................... 5
1.3.2 «NCALayer» іске қосу ................................................................................................................................................. 5
1.4
L
INUX ЖӘНЕ
M
AC
OS
X
ОЖ-
ДЕ
«NCAL
AYER
»
ОРНАТУ
/
ІСКЕ ҚОСУ
...................................................................................... 7
1.4.1 «NCALayer» орнату ................................................................................................................................................... 7
1.4.2 «NCALayer» іске қосу .............................................................................................................................................. 12
2. ЖЕКЕ КАБИНЕТКЕ КІРУ ......................................................................................................................................... 13
3.
ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ................................................................................................................. 16
3.1
«Т
ЕГІ
»
МӘЗІРІ
......................................................................................................................................................................... 16
3.2
«М
ЕНІҢ
ЭЦҚ»
МӘЗІРІ
............................................................................................................................................................ 17
3.2.1 «ЭЦҚ тізімі» бөлімі ................................................................................................................................................. 17
3.2.2 «ЭЦҚ алу» бөлімі .................................................................................................................................................... 21
3.2.3 «Берілген өтінімнің мәртебесі» бөлімі .................................................................................................................. 23
3.2.4 «Парольді ауыстыру» бөлімі ................................................................................................................................. 24
4.
ҚОЛ ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ БАР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖӘНЕ КАДРЛАР БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖЕКЕ
КАБИНЕТІ ........................................................................................................................................................................ 25
4.1.
«ЭЦҚ
АЛУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІМДЕР
»
БӨЛІМІ
...................................................................................................................... 26
4.2
«ЭЦҚ
ТІЗІМІ
»
БӨЛІМІ
............................................................................................................................................................. 28
5. NCALAYER-МЕН МҮМКІН БОЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР
........................................................................................ 30
5.1
W
INDOWS
ОЖ
ОРТАСЫНДА
................................................................................................................................................... 30
5.2
L
INUX ЖӘНЕ
M
AC
OSX
ОЖ
ОРТАСЫНДА
.............................................................................................................................. 30
5.3
П
РОКСИ
-
СЕРВЕР АРҚЫЛЫ ЖҰМЫС
......................................................................................................................................... 31
3
Ұғымдар мен қысқартулар
ҚР ҰКО
«Электрондық үкімет», мемлекеттік және мемлекеттік емес
ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін
Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы
ҚР НКО
Куәландырушы
орталықтардың
электрондық
цифрлық
қолтаңбасының
ашық
кілттерінің
тиесілілігін
және
жарамдылығын
растауды
жүзеге
асыратын
Қазақстан
Республикасының негізгі куәландырушы орталығы
ЭЦҚ
Электрондық-цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық
қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың
дұрыстығын,
оның
тиесілілігін
және
мазмұнының
өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар
жиынтығы
ЖСН
Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын жеке
сәйкестендіру нөмірі
БСН
Заңды тұлғаға, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік түрінде
қызметін
жүзеге
асыратын
дара
кәсіпкер
үшін
қалыптастырылатын бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Тіркеу куәлігі
(Сертификат)
Электрондық цифрлық қолтаңбаның Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілері белгіленген талаптарға сәйкестігін
растау үшін ҚР ҰКО беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе
электрондық құжат
Жабық кілт
ҚР ҰКО жазылушысына белгілі және ЭЦҚ құралдарын пайдалана
отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған
электрондық цифрлық символдардың бірізділігі
Қорғалған тасығыш
Деректердің
шифрлануы
мамандандырылған
контроллерді
пайдаланумен ақпаратты тікелей жинақтауышқа жазған кезде
орындалатын ақпаратты қауіпсіз сақтау құрылғысы. Ақпаратқа
қолжетімділік үшін пайдаланушы жеке паролді көрсетуі тиіс.
ОЖ
Операциялық жүйе – компьютердің ресурстарын басқаруға және
пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруға
арналған өзара байланысқан бағдарламалар кешені
4
1. Пайдаланушының дербес компьютерін дайындау
1.1 Пайдаланушының компьютеріне қойылатын ең төмен талаптар
Браузер: Internet Explorer 10+, Firefox 4+, Opera 10+, Google Chrome 4+, Safari 5+;
Java 1.7+ алдын ала орнатылған нұсқасы;
Операциялық жүйе: Windows XP/7/8/10, Linux, OS X 10.
1.2 Java-ны орнату
Егер Сіздің дербес компьютеріңізде Java жоқ болған жағдайда, оны Java (
http://java.com/ru
)
ресми сайтынан көшіріп, орнатуды ұсынамыз (немесе pki.gov.kz ресми сайтында ұсынылған
сілтемелерді пайдаланыңыз).
Егер Сіздің компьютеріңізде Java-ның алдыңғы нұсқасы орнатылған жағдайда, Java-ның
алдыңғы нұсқасын жою және компьютерге жаңа нұсқасын орнату қажет.
Java-ны дербес компьютердің операциялық жүйесінің түріне (32 немесе 64 разрядты
жүйесі) сәйкес таңдаңыз және көшіріп алыңыз.
Орнату бағдарламасын іске қосу үшін Run (Запустить) батырмасын басыңыз. Файлды кейін
орнату мақсатында сақтау үшін Save (Сохранить) батырмасын басыңыз.
Қажет буманы таңдаңыз және файлды локальдық компьютерде сақтаңыз.
Орнату процесін іске қосу үшін сақталған файлды ашыңыз. Орнату процесі басталады.
Лицензиялық
келісімнің
шарттарын
қабылдау
және
орнатуды
жалғастыру
үшін,
Install (Установить) батырмасын басыңыз. Орнату кезеңдерін растауға сұрау салынған бірнеше
диалогтық терезе пайда болады, соңғы диалогтық терезедегі Close (Закрыть) батырмасын басыңыз.
Ескертпе:
Java-ны
орнату
жөніндегі
нұсқаулықпен
JAVA
(
http://java.com/ru/download/help/windows_manual_download.xml
) ресми порталында таныса
аласыз.
Назар аударыңыз!
Java-ны орнатқаннан кейін компьютерді қайта жүктеу қажет.
Java-ны орнату процедурасы аяқталды.
5
1.3
Windows ОЖ-де «NCALayer» орнату/іске қосу
1.3.1 «NCALayer» орнату
pki.gov.kz ресми сайтынан «NCALayer» жүктеңіз. Мұрағатты шығарып алыңыз да
«Windows» бумасын ашыңыз.
«NCALayer.exe» файлын іске қосыңыз.
Инсталлятордың нұсқаулықтарына еріп, бағдарламаны орнатыңыз. Операциялық жүйені
жүктеген кезде «NCALayer» бағдарламасын автоматты түрде іске қосу үшін қанат белгілерін
қойып шығыңыз (1-сурет).
1- сурет
Бағдарламаның сәтті орнатылғаны туралы сәйкес хабарламаға дейін орнатуды
жалғастырыңыз.
«NCALayer» бағдарламасын орнату аяқталды.
1.3.2 «NCALayer» іске қосу
«NCALayer» қосымшасын іске қосыңыз. Алғашқы іске қосқан кезде бағдарлама жұмысқа
қажетті негізгі тіркеу куәліктерінің орнатуын орындайды. Негізгі тіркеу куәліктерін орнатуға
сұрау салуы бар терезе екі рет шығады. Тіркеу куәліктерін орнату сұрау салуына «Иә» деп жауап
беру керек.
Назар аударыңыз!
Бағдарлама автоматты түрде жүйелік трейге жиырылады. Сіз қол қою
функционалын пайдаланғанда бағдарламаны жабуға болмайды.
«NCALayer» бағдарламасын іске қосу аяқталды.
6
Mozilla Firefox
Егер сіз жұмыс жасауға Mozilla Firefox браузерін пайдалануды жоспарласаңыз, Сізге негізгі
тіркеу куәліктерін (ҚР ҰКО және ҚР НКО) сертификаттардың сенімді қоймасына қосымша орнату
жөн.
Негізгі тіркеу куәліктерін (RSA) Mozilla Firefox браузеріне орнату үшін pki.gov.kz басты
бетін ашыңыз да, «pki_rsa» сілтемесіне басыңыз (2-сурет).
2-сурет
Пайда болған терезеде «Веб-сайттарды сәйкестендірген кезде сенім білдіру» қанат белгісін
қойыңыз және «OK» батырмасын басыңыз (3-сурет). ҚР ҰКО (RSA) негізгі тіркеу куәлігін орнату
аяқталды.
ҚР НКО (RSA) негізгі тіркеу куәлігін орнату процедурасын қайталаңыз. Браузерді қайта
қосыңыз.
7
3-сурет
Негізгі тіркеу куәліктерінің орнатылуы аяқталды.
1.4
Linux және MacOS X ОЖ-де «NCALayer» орнату/іске қосу
1.4.1 «NCALayer» орнату
Linux және MacOS X операциялық жүйелері үшін «NCALayer.zip» мұрағатын Сізге
ыңғайлы кез келген жерге шығарып алып орнатыңыз. Шығарып алынған мұрағаттың «cert»
бумасында «root_rsa.cer» және «pki_rsa.cer» екі негізгі сертификаттары орналасқан, оларды
браузердің сенімді негізгі сертификаттары қоймасына орнату қажет. Браузерге тәуелді негізгі
тіркеу күәліктерін орнату айрықша болады.
8
Google Chrome, Opera
Браузердің күйге келтірулерінде «Қосымша күйге келтірулерді көрсетуді» басыңыз және
«HTTPS/SSL» бөлімінде «Сертификаттарды күйге келтіру…» батырмасын басыңыз.
«Сертификаттау орталықтары» қосымшасында «Импорт…» батырмасын басыңыз. Ашылған
мәзірде «root_rsa.cer» негізгі тіркеу куәлігін таңдаңыз да, орнатуды жалғастырыңыз. Шыққан
терезеде «Веб-сайттарды сәйкестендірген кезде» қанат белгісін қойыңыз да, «OK» батырмасын
басыңыз (4-сурет). Сондай операцияны «pki_rsa.cer» файлымен да жасаңыз. Браузерді қайта іске
қосыңыз.
4-сурет
Негізгі куәліктерінің орнатылуы аяқталды.
Mozilla Firefox
Mozilla Firefox қоймасында негізгі тіркеу куәліктерін орнату үшін 1.3.2 - тармақшаға сәйкес
іс-қимылдарды орындаңыз.
9
Safari
ҚР НКО тіркеу куәлігін орнату үшін, «Кілттер бумасы» стандартты қосымшасын іске
қосыңыз (5-сурет).
5-сурет
«Файл» мәзірінде «Объектілерді импорттауды» таңдаңыз, ашылған терезеде «NCALayer»
мұрағат құрамына кіретін «cert» бумасынан ҚР НКО «root_rsa» тіркеу куәлігін таңдаңыз.
Орнатылған тіркеу куәлігінің «Ерекшеліктері» мәзірін таңдаңыз (6-сурет).
6-сурет
10
Тіркеу куәлігінің ашылған «Ерекшеліктері» терезесінде «X.509 стандартты алгоритм»
параметрін табыңыз да «Үнемі сенім білдіру» мәнін көрсетіңіз (7-сурет).
7-сурет
Пайдаланушының аты мен паролін енгізуге сұрау салуға операциялық жүйедегі Сіздің
есепке алу жазбаңыздың деректерін көрсетіңіз.
Бұдан әрі ҚР ҰКО негізгі тіркеу куәлігін орнатыңыз. «Кілттер бумасы» стандартты
қосымшасын іске қосыңыз (5-сурет).
«Файл» мәзірінде «Объектілерді импорттауды» таңдаңыз, ашылған терезеде «NCALayer»
мұрағат құрамына кіретін «cert» бумасынан ҚР ҰКО тіркеу куәлігін (pki_rsa) таңдаңыз.
Тіркеу куәліктің «Ерекшеліктері» ашылған терезесінде «X.509 стандартты алгоритм»
параметрін табыңыз да, «Үнемі сенім білдіру» мәнін таңдаңыз (8-сурет).
11
8-сурет
Орнатылу аяқталғаннан кейін, «Кілттер бумасы» мәзірінде сенім білдірудің рұқсат етілген
деңгейі бар екі тіркеу куәліктері орнатылады (9-сурет).
9-сурет
Негізгі тіркеу куәлігінің орнатылуы аяқталды.
12
1.4.2 «NCALayer» іске қосу
Linux және MacOSX операциялық жүйенің ортасында шығарып алынған мұрағаттан
«Linux_MacOSX» бумасын ашыңыз да, екі басумен «NCALayer.jar» файлын іске қосыңыз. Егер
Linux немесе MacOSX операциялық жүйенің графикалық ортасында Java Runtime Environment бар
JAR файлдардың ассоциациясы күйге келтірілмеген болса, ассоциацияны графикалық ортасының
сәйкес күйге келтірулері арқылы қолмен күйге келтіру немесе қосымшаны «java -jar
NCALayer.jar» командасымен терминал арқылы іске қосу қажет (мысалы "java -jar
/home/user/Downloads/NCALayer.jar")
.
Назар аударыңыз!
Бағдарлама автоматты түрде жүйелік трейге жиырылады. Сіз қол қою
функционалын пайдаланғанда бағдарламаны жабуға болмайды.
MacOSX кейбір нұсқаларында бағдарламаны ашу ақпарат көзінің белгісіз болуына және
аталған бағдарламаны жүктеу Apple Store жүргізілмегенге байланысты бағдарламаның қауіпті
болу ықтималдығы туралы операциялық жүйенің ескертуімен сүйемелденуі мүмкін.
ОЖ ескертуіне назар аудармай, бағдарламаны күштеп іске қосу үшін мына іс-қимылдарды
орындау қажет:
1. ашу қажет бағдарламаны Finder файл менеджерінен табыңыз. Оны орындау үшін Launchpad
пайдаланбаңыз. Launchpad-те мәнмәтіндік мәзірді пайдалануға болмайды.
2. Control клавишаны басыңыз, содан кейін бағдарлама белгісін басыңыз.
3. Мәнмәтіндік мәзірден «Открыть» мәзірін таңдаңыз.
4. «Открыть» белгісін басыңыз.
Бағдарлама қауіпсіздікті күйге келтірулерге кірмейтін тізімде сақталады және алдағы
уақытта оны кез келген тіркелген бағдарлама ретінде екі рет басумен іске қосуға болады.
13
2. Жеке кабинетке кіру
Браузерді іске қосыңыз және мекенжай жолында
www.pki.gov.kz
теріңіз,
келесі парақ пайда
болады (10-сурет).
10-сурет
«Жеке кабинетке кіру» батырмасын басыңыз.
Ашылған терезедегі тізімнен «Кілттерді сақтау» түрін таңдауыңыз қажет – Файлдық жүйе,
eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken (11-сурет).
11-сурет
14
«Кілттерді сақтау орнына дейінгі жол» жолында Сіздің тіркеу куәліктеріңіз орналасқан
жолды көрсету керек (12-сурет). Аутентификация кілтін таңдаңыз (AUTH_RSA) және «Ашу»
батырмасын басыңыз.
12-сурет
«Кіру» батырмасын басыңыз (13-сурет)
13-сурет
Пайда болған диалогтық терезеге Өзіңіздің кілттерді сақтау орнының паролін енгізіңіз
(14-сурет).
Назар аударыңыз!
Файлдық жүйеге арналған белгіленген пароль: 123456, Казтокен:
12345678, eToken PRO (Java, 72K), JaCarta: 1234567890
14-сурет
15
«Кілттердің тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. Паролді дұрыс енгізген кезде
аутентификация кілті көрсетіледі (15-сурет).
15-сурет
«Қол қою» батырмасын басыңыз.
Пайдаланушының жеке кабинетіне қош келдіңіз (16-сурет).
16-сурет
Қызметкердің жеке кабинетіне кіру орындалды
16
3. Жеке кабинетте жұмыс істеу
3.1 «Тегі» мәзірі
Пайдаланушының «Тегі» мәзірі ҚР ҰКО пайдаланушысы тіркеу куәліктерінің профайлы
туралы ақпаратты қамтиды (17-сурет).
17-сурет
Профайл деректері пайдаланушының жеке ақпаратын қамтиды. Күйге келтірулерде
интерфейс тілін, сондай-ақ электрондық поштаға хабарламалар жіберуді ажырату мүмкіндігін
таңдай аласыз (18-сурет).
18-сурет
17
3.2 «Менің ЭЦҚ» мәзірі
ЭЦҚ-мен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ» қосымша парақ бойынша өтіңіз (19-сурет).
19-сурет
Пайда болатын мәзірден мына тармақшалардың біреуін таңдаңыз:
ЭЦҚ тізімі – барлық бар ЭЦҚ көрсетеді, сондай-ақ ЭЦҚ кері қайтару.
ЭЦҚ алу – Тіркеу орталығында ЭЦҚ растамай, өтінімді онлайн режимде
(қолданыстағы ЭЦҚ болған кезде) беруге мүмкіндік береді.
ЭЦҚ мәртебесін тексеру – берілген өтінімнің мәртебесін тексеруге және тіркеу
куәліктерін орнатуға мүмкіндік береді.
Парольді ауыстыру – ЭЦҚ-ның паролін белгіленуі бойынша ауыстыруға мүмкіндік
береді.
Назар аударыңыз!
ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды. Парольді жоғалтқан
жағдайда ЭЦҚ қалпына келтіруге жатпайды.
3.2.1 «ЭЦҚ тізімі» бөлімі
Пайда болатын тізімнен «ЭЦҚ тізімі» бөлімін таңдаңыз.
ЭЦҚ тізімі (20-сурет) барлық тіркеу куәліктерінің тізімін және олардың ағымдағы
мәртебесін бейнелейді.
18
20-сурет
Тіркеу куәлігін кері қайтару үшін тізімнен қажет тіркеу куәлігін таңдап, «Редакциялау»
батырмасын басыңыз.
Кілттерді сақтау орнын көрсетіңіз (21-сурет).
21-сурет
19
Қол қоюға арналған тіркеу куәлігіне (GOSTNCA) жолды көрсетіңіз және «Ашу»
батырмасын басыңыз (22-сурет).
22-сурет
«Кіру» батырмасын басыңыз (23-сурет).
23-сурет
Парольді енгізіңіз(24-сурет).
24-сурет
Тіркеу куәлігін кері қайтару үшін кері қайтару себебін көрсету талап етіледі.
20
Пайда болған терезеде сіздің себебіңізге сәйкес кері қайтару себебін белгілеңіз (25-сурет).
25-сурет
Орындалған іс-әрекеттермен келісу туралы қанат белгісін қойыңыз және кері қайтару
батырмасын басыңыз (26-сурет).
26-сурет
Қол қоюға арналған тіркеу куәлігіне (GOSTNCA) жолды көрсетіңіз және парольді енгізіңіз.
Тіркеу куәлігін кері қайтару процедурасы аяқталды
21
3.2.2 «ЭЦҚ алу» бөлімі
Бұл бөлімде Тіркеу орталығына растау құжаттарын ұсынуды талап етпейтін жаңа ЭЦҚ
шығаруға болады.
Маңызды!
Осы өтінімді активтеу үшін бірінші басшының растауы қажет. Негізгі жолдар
қолданыстағы тіркеу куәлігіне сәйкес автоматты түрде толтырылады. e-mail, елді мекенді,
кілттерді сақтау орны мен Кілттерді сақтау орнына жолды көрсетіңіз.
Және «Өтінім беру» батырмасын басыңыз (27-сурет).
27-сурет
Жіберілетін өтінімнің дұрыстығын растаудың қанат белгісін қойыңыз және «Растау»
батырмасын басыңыз (28-сурет).
28-сурет
22
Парольді енгізіп, «Қол қою» батырмасын басыңыз (29-сурет).
29-сурет
Өтінімнің нөмірін есте сақтаңыз (30-сурет). Бірінші басшы өтінімді растағаннан кейін
«Берілген өтінімнің мәртебесі» бөлімі арқылы тіркеу куәліктерін орнатыңыз.
30-сурет
23
3.2.3 «Берілген өтінімнің мәртебесі» бөлімі
Өтінімді бірінші басшыда растағаннан кейін «Менің ЭЦҚ» мәзірін ашыңыз, «Берілген
өтінімнің мәртебесі» бөліміне өтіңіз.
Өтінімнің нөмірін енгізіңіз және «Іздеу» батырмасын басыңыз (31-сурет).
31-сурет
«Кілттерді сақтау орнына дейінгі жолды» көрсетіңіз және «Сертификаттарды жүктеу»
батырмасын басыңыз (32-сурет).
32-сурет
24
Тіркеу куәліктері сәтті орнатылатынын хабарлайтын терезе пайда болады (33-сурет).
33-сурет
ЭЦҚ шығару аяқталды.
3.2.4 «Парольді ауыстыру» бөлімі
ЭЦҚ паролін ауыстыру үшін «Менің ЭЦҚ» мәзірінің тармағына, одан кейін «Парольді
ауыстыру» бөліміне өту қажет. Ашылған терезеде «Кілттерді сақтау орны» жолындағы Сіздің
тіркеу куәліктеріңіздің орналасқан орнын көрсетіңіз.
Маңызды!
«Кілттерді сақтау орны» жолындағы қорғалған тасығышты көрсеткен кезде
пароль нақты қорғалған тасығышқа орнатылады. «Кілттерді сақтау орны» жолында файлдық
жүйені көрсеткен кезде пароль нақты тіркеу куәлігіне орнатылады.
«Кілттерді сақтау орнын» көрсетіңіз. Парольді енгізу жолын көрсетіңіз және «Өзгерту»
батырмасын басыңыз (28-сурет). Сақтау орны ретінде файлдық жүйені таңдаған жағдайда,
парольді ауыстыру үшін тіркеу куәлігін көрсетіңіз. Парольді ауыстыру процедурасын әрбір тіркеу
куәлігі үшін жеке орындау қажет.
34-сурет
Назар аударыңыз!
ҚР ҰКО Сіздің парольдеріңізді сақтамайды. Пароль жоғалған
жайдайда, ЭЦҚ қалпына келтірілмейді.
Пароль сәтті өзгертілді.
25
4. Қол қою құқығы бар қызметкердің және кадрлар бөлімі қызметкерінің
жеке кабинеті
Заңды тұлғаның қол қою құқығы бар қызметкері мен кадрлар бөлімінің қызметкері жеке
кабинетінде «Қызметкерлердің ЭЦҚ» қосымша бөлімнің болуымен басқа қызметкерлерден
ерекшеленеді (35-сурет).
35-сурет
«Қызметкерлердің ЭЦҚ» бөлімінде «ЭЦҚ алуға арналған өтінімдер» мен «ЭЦҚ тізімі» ішкі
бөлімдерін таңдау мүмкіндігі ұсынылады (36-сурет).
36-сурет
26
4.1.
«ЭЦҚ алуға арналған өтінімдер» бөлімі
«ЭЦҚ алуға арналған өтінімдер» бөлімінде Сіздің компаниядан берілген ҚР ҰКО тіркеу
куәліктерін алу туралы өтінімдерге қатысты ақпарат ұсынылады (37-сурет).
37-сурет
Бірінші басшы Қол қою құқығы бар қызметкер немесе кадрлар бөлімінің қызметкеріне
өтінімдерді растау құқығын берген жағдайда, ұйымнан берілген өтінімдерді растау немесе бас
тарту мүмкіндігі қолжетімді болады.
Белгілі өтінімді іздегеннен кейін және «Редакциялау» тармағын таңдаған кезде «Кілттерді
сақтау орны» жолында кілтті контейнерге арналған сақтау орнын, ал «Кілттерді сақтау орнына
дейінгі жол» жолында қол қоюға арналған тіркеу куәлігінің орналасуын көрсету, содан кейін
парольді енгізу қажет (38-сурет).
38-сурет
27
Ашылған терезеде берілген өтінім туралы ақпарат бейнеленеді.
Бұл өтінімнің мәртебесін ауыстыру үшін «Өтінімнің мәртебесін таңдаңыз» тармағынан
өтінімнің мәртебесін таңдаңыз (39-сурет)
39-сурет
Өтінімнің мәртебесін таңдағаннан кейін аталған өтінімде көрсетілген деректердің
дұрыстығын растайтыныңыз туралы қанат белгісін қойып, содан кейін қол қоюға арналған тіркеу
куәлігінің орналасуын көрсету және парольді енгізу қажет (40-сурет)
40-сурет
28
Мәртебесін ауыстырғаннан кейін өтінім мынадай болады (41-сурет)
41-сурет
Тіркеу куәліктерін шығаруды растау/бас тарту процедурасы жүзеге асырылды.
4.2 «ЭЦҚ тізімі» бөлімі
«ЭЦҚ тізімі» бөлімінде Бірінші басшының тиісті құқықтары берілген Қол қою құқығы бар
қызметкер немесе кадрлар бөлімінің қызметкеріне ұйым қызметкерлерінің тіркеу куәліктерін іздеу
және кері қайтару мүмкіндігі беріледі.
Компания қызметкерлерінің тіркеу куәліктерін
кері қайтару үшін тіркеу куәліктерін іздеуді
орындау, содан кейін «Редакциялау» батырмасын басу қажет (42-сурет).
42-сурет
29
Келесі парақта керу қайтару үшін өтінімді дұрыс таңдағанға көз жеткізіп, «Кері қайтару
себебі» жолында көрсетілген тіркеу куәлігін кері қайтару себебін белгілеу керек (43-сурет).
43-сурет
Өтінімнің мәртебесін таңдағаннан кейін Сіз өтінімде көрсетілген деректердің дұрыстығын
растайтыныңыз туралы қанат белгісін қойып, содан кейін қол қоюға арналған тіркеу куәлігінің
орналасуын көрсету және парольді енгізу қажет.
Өтінім сәтті кері қайтарылғаннан кейін мынадай болады (44-сурет).
44-сурет
Тіркеу куәлігін кері қайтару аяқталды.
30
5. NCALayer-мен мүмкін болатын мәселелер
5.1 Windows ОЖ ортасында
Егер негізгі тіркеу куәліктер Google Chrome, Opera және Internet Explorer браузерінің
сенімді негізгі сертификаттар қоймасына автоматты түрде орнату тиісінше жүргізілмесе, оны
қолмен орындау керек. Ол үшін командаларды енгізу терезесін жедел іске қосу үшін «WIN+R»
батырмаларын тіркесе басыңыз да, шыққан терезеде «certmgr.msc» командасын теріңіз, одан
кейін «OK» батырмасын басыңыз.
Сертификаттар менеджерінің ашылған терезесінде «Сертификаттаудың сенім білдірілген
негізгі орталықтары» бумасына өтіңіз. « Сертификаттар» кіші буманы белгілеңіз де, « Іс-
қимыл->Барлық міндеттер->Импорт…» мәзірін таңдаңыз. Негізгі сертификаттарды орнату
шеберінің ашылған мәзірінде «root_rsa.cer» негізгі сертификатты таңдаңыз да, орнатуды
жалғастырыңыз. Операциялық жүйеснің негізгі сертификатты орнатуға растауды сұрау салған
кезде «Иә» басыңыз. Сондай-ақ операцияны «pki_rsa.cer» файлдармен орындаңыз. Браузерді қайта
іске қосыңыз.
5.2 Linux және MacOSX ОЖ ортасында
Кейде Linux және MacOSX операциялық жүйелерінің ортасында сыртқы тасығыштармен
жұмыс жасағанда құрылғыны анықтау мәселелері туындауы мүмкін, атап айтқанда мұндай
Kaztoken және KZ ID-Card - электрондық жеке куәлікпен жұмыс жасағанда туындайды. Осы
жағдайда операциялық жүйенің, Java виртуалды машинаның және пайдаланушының ортаның
ауыспалыларын бірқатар қосымша күйге келтірулерін жасау керек.
Егер NCALayer Kaztoken құрылғысын анықтай алмаса, мына әрекеттерді орындау керек:
1) жүйеде pcscd, pcsc-tools, libpcsclite1 пакеттерінің орнатылғанын тексеріңіз.
2) /usr/lib/pcsc/drivers/ifd-ccid.bundle/Contents/Info.plist файлына бар жазбаларына ұқсас
келесі өзгертулерді енгізу керек:
ifdVendorID жазбасын тауып, 0x0A89 жазбасын
қосу;
ifdProductID жазбасын тауып, 0x0035 жазбасын
қосу;
ifdFriendlyName жазбасын тауып, DigiFlow LLP.
KAZTOKEN жазбасын қосу.
3) pcscd сервисінің қайта жүктеуін орындаңыз.
Жоғарыда көрсетілген барлық қадамдарды орындағаннан кейін операциялық жүйеде
құрылғының анықталғанына көз жеткізіңіз. Ол үшін терминалда pcsc_scan сканерлеу
бағдарламасын іске қосу керек. Бұдан әрі Kaztoken құрылғысын жұмыс станциясына қосу керек.
Бұл ретте бағдарлама Kaztoken құрылғысы туралы деректерді, сондай-ақ Info.plist ("DigiFlow LLP.
KAZTOKEN") файлында көрсетілген құрылғының сипаттамасы бар жолды көрсетуі тиіс.
31
Егер NCALayer смарт-картаның ( KZ ID-Card, eToken, JaCarta) форм-факторында
құрылғыны анықтай алмаса, NCALayer қосымшасын
-Dsun.security.smartcardio.library=/usr/lib/x86_64-linux-gnu/libpcsclite.so.1опциясы
бар
командалық жол арқылы іске қосу керек, мұндағы libpcsclite.so.1 кітапхана libpcsclite1 пакетінен.
Мысал:
java -Dsun.security.smartcardio.library=/usr/lib/x86_64-linux-gnu/libpcsclite.so.1 -
jar/home/user/Downloads/NCALayer.jar
.
Кітапханаға дейінгі жол айрықша болуы мүмкін, сондықтан libpcsclite.so.1 кітапхананың дұрыс
орналасқан жерін көрсету маңызды екенін ескеріңіз.
5.3 Прокси-сервер арқылы жұмыс
Егер NCALayer қосылған кезінде Сіз қосымша қосылмаған немесе қолжетімсіздігі туралы
хабарламаны алсаңыз, браузер прокси-серверінің күйге келтірулерінде жою тізімдерінде 127.0.0.1
жазбасының болуын көз жеткізу керек.
Mozilla Firefox
45-сурет
32
Google Chrome
46-сурет
47-сурет
Прокси-сервері мен жоюлар тізімінің (атап айтқанда Google Chrome, Opera браузерлері)
параметрлерін күйге келтірудің графикалық интерфейсі жоқ браузерлер үшін http_proxy,
https_proxy
және no_proxy ауыспалы орталарын пайдалануға болады, мысалы:
http_proxy=http://192.168.1.1, no_proxy=127.0.0.1. Осы жағдайда no_proxy=127.0.0.1 болуы
міндетті!
Тіркеу куәліктерін алған кезде қиындықтар туындаған жағдайда 1414 телефоны
бойынша техникалық қолдауға немесе
support@pki.gov.kz
электрондық поштаға
хабарласуды сұраймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |