Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2014


Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша



жүктеу 4,24 Mb.
бет4/6
Дата27.02.2018
өлшемі4,24 Mb.
#10856
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша

білім алатын студентке арналған

ЖАДЫНАМА
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Сіз Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға түсіп, тілдік бөлімге сәйкес мамандық бойынша электронды оқу-әдістемелік кешенге (курстық кейс) (CD-дискіде), сонымен қоса «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламадағы Сіздің дербес Web-бетіңізді ашуға мүмкіндік беретін логин мен парольге ие боласыз. Курстық кейсті, логин мен парольді алу үшін Сіз өз факультетіңіздің қашықтықтан оқыту үйлестірушісіне жолығуыңыз қажет.

Білім алу үшін Сізге компьютер және Интернет желісі қажет. Егер Сізде компьютер болмаса, Сіз ҚарМУ-дың Интернет-залын, мультимедиалық залдарын және компьютерлік сыныптарын пайдалана аласыз. «Факел-1» ЭЕМ-ге арналған бағдарламасында жұмыс істеу дағдыларын үйрену үшін сессия уақытында міндетті түрде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қашықтықтан оқыту» атты үйрету семинарына қатысыңыз, оны Сіз үшін тіркеуші кеңсесінің қызметкерлері өткізеді.




Қашықтықтан оқыту технологиясы

бойынша табысты білім алу үшін

Сіз білуіңіз қажет:
Курстық кейстің мазмұнына не кіреді?

Курстық кейстің құрылымына мыналар кіреді:



  • Білім алушыға арналған анықтамалық-көрсеткіш.

  • Мамандықтың жұмыс оқу жоспары.

  • Sillabus (меңгеру курсы оқу бағдарламасының сипаттамасы).

  • Курстың тақырыптық жоспары.

  • Дәріс сабақтарының тезистері.

  • Семинар және зертханалық сабақтардың жоспарлары.

  • СӨЖ және СОӨЖ жоспарлары.

  • Жазбаша жұмыстардың тақырыптары.

  • Оқыту белсенді әдістер мен оқытудың мультимедиалық технологияларын қолдануды жоспарлайтын оқу тақырыптарының тізімі.

  • Курс бойынша білімді өз бетінше бақылауға арналған тест тапсырмалары.

  • Емтихан сұрақтарының тізімі.


Курстық кейспен қалай жұмыс жасау керек

Сіздің дербес Web-парағыңыздағы ЭЕМ «Факел-2 Қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған ілестірмесі» бағдарламасында «Оқу-әдістемелік материал» сілтемесін қосыңыз.



  1. Студенттің жеке парағындағы «Оқу-әдістемелік материалдар» гиперсілтемесі мамандық бойынша тілдік бөлімді ескере отырып, электронды оқу-әдістемелік кешенді (курстық кейс) қарауға мүмкіндік береді. Курстық кейстің бас бетінің үлгісі 1 суретте көрсетілген.

1- сурет. Курстық кейстің бас беті

Сол жағындағы «Курс бойынша пәндер» бөлімінде гиперсілтеме түрінде оқытылатын пәндердің тізім берілген. Гиперсілтемені қосу пән бойынша тиісті оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) pdf форматында (pdf форматы Adobe Reader, STDU Viewer, PDF-XChange, Foxit Reader бағдарламаларымен ашылады) ашуға мүмкіндік береді.

Оқу-әдістемелік кешен нақты бір курстың тұжырымдамасын анықтайтын құжат болып табылады.

ОӘК құрылымына төмендегілер кіреді:

1. титул беті.

2. SYLLABUS, оқытылатын курстың оқу бағдарламасын сипаттайды.

3. Сабақтың әр түрін өткізуді және курс бойынша рейтингтік тапсырмаларды орындауды реттеуге мүмікіндік беретін оқу-әдістемелік материалдар.

3.1 Курстың тақырыптары берілген және жұмыс оқу жоспарында қарастырылған әр сабақ түрінің көлемін анықтайтын курстың тақырыптық жоспары.

3.2 Дәріс сабақтарының тезистары. Дәріс сабақтарының тезистарында ұсынылған әдебиеттерге сілтеме жасалған. Сілтемелер деректің реттік нөмірі түрінде беріледі.

3.3, 3.4 Семинар және зертханалық сабақтардың жоспары, оларға берілетін тапсырмалар, оларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Семинар және зертханалық сабақтардың жоспарында ұсынылған әдебиеттерге сілтеме жасалған. Сілтемелер деректің реттік нөмірі түрінде беріледі.

3.5, 3.6 Аудиторияды (СОӨЖ) және аудиториядан тыс (СӨЖ) уақытта студенттердің өзіндік жұмыс өткізу жоспары.

3.7 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында орындалатын жазбаша жұмыстардың тақырыптары (рефераттар, курстық және бақылау жұмыстары).

3.8 Белсенді әдістер мен оқытудың мультимедиялық технологияларын қолдануды болжайтын оқу тақырыптарының тізімі.

3.9 Курс бойынша студенттердің білімдерін өз бетінше тексеруге арналған жабық түрдегі тест тапсырмалары.

3.10 Студенттердің қорытынды аттестаттауына қажет емтихан сұрақтарының тізімі.



Курстық кейстың бастапқы бетінің орта жағында мамандық, оқыту түрі, технологиясы, оқу мерзімі, курсы және түскен жылы көрсетілген.
Сол жағында келесі гиперсілтемелер ұсынылған:

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ сайты (www.ksu.kz) – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ғаламтордағы ресми өкілдігі.

Білім беру порталы (www.znanie.ksu.kz) – тақырыптық Ғаламтор-қорларының жиынтығы, олардың негізгі қызметі пайдаланушыларды ҚарМУ-дың ғылыми және білім беру қорларына қол жеткізулерін қамтамасыз етеді.

Қашықтықтан оқыту сайты (www.idl.ksu.kz) – қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және «Факел-2 Қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған ілестірмесі» ЭЕМ арналған бағдарламасы туралы мәлімет беретін Ғаламтор-қоры.

Электронды кітапхана (www.webirbis.ksu.kz) – электронды оқулықтар, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарының пәндері бойынша профессорлық-оқытушы құрам дәрістері, сирек кездеетін монографиялар мен оқу құралдарының электронды көшірмесі, статистикалық ақпараттардың электронды нұсқасы, сыртқы мәліметтер базасы (Заң, Юрист, EBSCO Publishing, ИНИОН, Рубрикон и др.), сонымен қатар жеке генерациядағы мәліметтер базасы («Alma mater ҚарМУ», «Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов», «Орталық Қазақстанның экологиясы) сияқты түрлі құжаттардың электронды нұсқасын ұсынатын Ғаламтор-қоры.

Анықтамалық-көрсеткіш– кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша түсінік беретін студенттерге арналған анықтамалық басылым. Анықтамада ішкі тәртіп ережелері, барлық қызмет түрлерінің жұмыс тәртібі, телефон анықтамалығы, әкімішілік және профессорлық-оқытушы құрамның есімдері, ғылыми атақтары мен дәрежелері, оқу ақысын төлеу тәрітібі, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат, ПОҚ электронды мекенжайлары, студенттердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Жұмыс оқу жоспары – мамандықтың үлгілік оқу жоспары және білім алушылардың жеке оқу жоспарлары негізінде ҚарМУ-дың өзі жеке әзірлейтін құжат.

Академиялық күнтізбе – демалыс күндері (демалыс және мереке күндері) көрсетілген оқу жылы ағымындағы оқу және бақылау шараларын, кәсіби іс-тәжірибелерді өткізудің күнтізбесі.

«Факел-2» бағдарламасында жұмыс жасау бойынша нұсқаулық – осы бағдарламаны орындауға қажет әрекеттердің толық сипаттамасы берілген құжат.

Курстық кейспен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық – курстық кейсті пайдалану тәртібі мен әдісі туралы нұсқау беретін құжат.
ОӘК материалдарын өзбетінше оқығанда келесілер ұсынылады:

  • Қандай болмасын пән бойынша бақылау түрін (реферат, курстық жұмыс, сынақ, емтихан, дипломдық жұмыс) және бақылау тапсырмаларының тапсыру мерзімін нақтылау қажет, сонымен қатар пәнді оқып, үйрену бойынша әдістемелік нұсқауларымен танысу керек;

  • ОӘК материалдарын жүйелі оқып, үйреніп, бұнымен бір уақытта пәнге кіретін ұсынылған әдебиеттерді, нормативтік құжаттармен жұмыс жасау керек;

  • сұрақтар бойынша және кеңес алу үшін электронды пошта арқылы, «Факел-2 Қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған ілестірмесі» ЭЕМ арналған бағдарламасы форумында тьюторға (курсты оқитын оқытушыға) өтініш ету қажет;

  • алған білімді өзіндік тексеруге арналған бақылау сұрақтары, тест сұрақтарына жауап беру, жағдаятты есептерді шешу, жаттығуларды орындау арқылы өтілген оқу материалдарын бекіту керек.


«Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламада қалай жұмыс істеу керек?
Браузер (Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera или др) адрес терезесінде www.idl.ksu.kz. қашықтықтан оқыту серверінің адресін көрсетіңіз.

«Тіркелген қолданушыға арналған кіру» сілтемесін активтендіріңіз.

Енгізу терезесінде өзіңіздің жеке логиніңіз бен пароліңізді көрсетіңіз.

Студенттің жеке парағында мәзірді көресіз




жүктеу 4,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау