Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2014



жүктеу 4,24 Mb.
бет2/6
Дата27.02.2018
өлшемі4,24 Mb.
#10856
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6
Қарағанды

2014


Жалпы редакциясын басқарған заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Қ. Көбеев

Анықтамалық-көрсеткіш оқу үдерісін оқытудың инновациялық технологиялары бойынша ұйымдастыруды түсіндіреді. Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары, ішкі тәртіп ережелері, студенттерге көмек көрсету қызметі, студенттерге қойылатын жалпы талаптар, олардың құқығы мен міндеттері бойынша негізгі ұғымдар ұсынылған.

Анықтамалық Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенттеріне арналған.


Студенттерге арналған анықтамалық-көрсеткіш / Құрастырғандар Каргин С.Т., Гаголина С.В., Ақыбаева Г.С., Альмагамбетова Д.Р. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014, 90 б.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2014

Мазмұны


ҚарМУ ректорының құттықтау сөзі ............................................

4

Кіріспе..............................................................................................

6

Оқытудың технологияларына байланысты негізгі ұғымдар............................................................................................

8


Оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері .........................................

15

Кітапхананың студентке көмегі....................................................

18

Студенттерге қолдау көрсету қызметтері....................................

23

Факультеттер жөніндегі ақпарат ………………………….

27

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп ережелері........................................

35


Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру тетігі..................

52

Оқу төлемақысы.............................................................................

54

Студенттерді несиелеу...................................................................

54

Оқытудағы бақылау түрлері .........................................................

57

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқитын студенттерге арналған жадынама.................................................

66


Қосымша..........................................................................................

84

ЖОО құрылымы.......................................................................

85

ҚарМУ нысандарының орналасу сызбасы............................

86

Студенттердің өтініш үлгілері................................................

87

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың әнұраны......................

89

Қорытынды......................................................................................

90


Қымбатты студенттер!


ҚарМУ аймақтағы ғылыми-білім беру орталығы бола отырып, білім беру және ғылым саласындағы әлемдік ағымдарды жүзеге асыру бойынша озық тәжірибелерді таратады.

Біздің университет әлемдік стандарттарға сәйкес кредиттік технология бойынша оқытуды республикадағы алғашқылардың бірі болып бастады. Университетте көптілді білім беру бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама үш тілді жетік меңгерген, халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең алдымен қазақстандықтардың «жарқын болашақ пен үздік білім» алуда жаңа мүмкіншіліктерін атап өтті. Қазақстанда «зияткер ұлт» қалыптастыру идеясын дамыта отырып, Елбасы мемлекет алдына қойылған тарихи мәселелрді шешу үшін «қазақстандықтардың жоғары білімді ұлт болуы керектігін» атап көрсетеді. Ол үшін ерекше жауапкершілік, Елбасының ойынша, Қазақстанның жас ұрпағына түседі.

ҚарМУ-дың профессорлық-оқытушы ұжымы Сіздерді болашақ кәсіби қызметке даярлау үшін барлық мүмкіндікті жасайды деп сенім білдіремін.

Студенттер қоғамдағы озық ойлы, қабілетті, зиялы жастардың көшбасшы тобына жатады. Сіздерге еліміздің ірі жоғары оқу орындарының бірінде жоғары білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Сіздерге шығармашылық табыс, оқу-білімде үздік нәтижелер және қызықты студенттік өмір тілеймін.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қ. Көбеев



Кіріспе
Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның өзгеруі және әлемдік еңбек нарығының түлектерге деген талаптарының өсуі жағдайында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі жоғары сапалы білімді қамтамасыз ету және жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

Бұл міндетті Қазақстан Республикасында 2005-2010 жж. арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізінде шешу ЖОО-да инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл жағдайда ЖОО-ның білім беру стратегиясы студенттің инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім траекториясын таңдауға бағытталған.

Кредиттік технология мен қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру интеграциялық процестер үшін қолайлы жағдай тудырады.

Бүгінгі таңда студенттердің мыңдаған ұжымы 13 факультетте оқиды. Кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясы бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үдерісінде қолданылады.

Бүгінде инновациялық технологияның сәтті жүзеге асырылуын жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Университеттің материалдық-техникалық базасы оқу үдерісін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ҚарМУ-дың инфрақұрылымына 12 оқу ғимараты, 12 оқу залы, 4 электронды ресурстар залы, баспахана, студенттердің сарайы, 3 мұражай, 6 жатақхана, санаторий – профилакторий, студенттік кафе, студенттік тұрмыстық кешен кіреді.



Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың миссиясы: заманауи сапа стандарттарын, үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі үлгісін, ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік іскерлігі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы көпсалалы классикалық білім саласындағы аймақтық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың жетістіктері

- Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі (АРТА) өткізген Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ның тәуелсіз рейтингісіне сай, ҚарМУ Қазақстанның білім қоғамдастығында алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі және ТОП-20-ға енетін ЖОО-ның арасында 3 орынға ие;

- Тәуелсіз рейтингте мамандарды дайындау мен бейімдеу бойынша (АРТА) ҚарМУ-дың 48 білім беру бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды;

- ҚарМУ «SGS» беделді швейцариялық компаниясында ішкі менеджмент сапасының жүйесін сертификаттады;

- ҚарМУ әлемдегі жетекші университеттерді біріктіретін халықаралық қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болып табылады;

- ҚарМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына (Болонья қаласы, Италия) қол қойып, өзінің классикалық білім беру қағидаларына берік екенін дәлелдеді;

- ҚарМУ Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі (АРТА) институтиционалды аккредиттеуінен табысты өтті;

- ҚарМУ-дың білім беру бағдарламалары ACQUIN халықаралық агенттігінде аккредиттелді.






Оқытудың технологияларына байланысты негізгі ұғымдар


Internet-тің ақпараттық ресурстары – электронды пошта, телеконференциялар, алшақтатылған оқу каталогтары, виртуалды (желілік-электрондық) кітапханалар, онлайн журналдары, ақпараттық базалар, білім базалары және т.б.

Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім алушылардың тиісті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.

Академиялық еркіндік – білім беру үдерісі субъектілерінің білім алушылар мен оқытушылардың шығармашылығын дамыту және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға негізделген білім беру мазмұнын құрайтын таңдау компоненті пәндерін, оқытудың қосымша түрлері мен білім беру қызметін ұйымдастыруды өз еркімен анықтау үшін берілетін құзырлық жиынтығы.

Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған семестр, триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі теориялық оқу кезеңі.

Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы барысындағы демалыс күндері (демалыс және мерекелер) көрсетілген оқу және бақылау шараларын, іс-тәжірибелерді өткізу күнтізбесі.

Академиялық мобильділік – студенттер немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алу және зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне сәйкес белгілі академиялық кезеңге, әдетте бір семестрге не оқу жылына (оқу немесе өндірістік іс-тәжірибе кезінде де) басқа жоғарғы оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) үшін ауысуы.

Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50 минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75 минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100 минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50 минут), педагогикалық практиканың барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100 минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250 минут) тең.

Активті таратушы материалдар ( АТМ ) (Hands –outs ) – сабақ барысында білім алушыға тақырыпты жетік түсінуі үшін берілетін көрнекі иллюстрациялық материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарий, өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар) және т.б..

Ақпараттық технология (АТ) – өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жинақталу, өңделу, сақталу, таралу және ақпаратты қолдану тәсілдерінің жүйесі.

Аппарат кешенінің орталық бөлігі (сервер) – Интернет желісінің көмегімен контентті, мәліметтер базасын реттелген түрде орналастыруды және онда орналастырылған ақпаратқа білім үдерісінің барлық қатысушыларының қол жеткізуін қамтамасыз ететін компьютер немесе компьютерлер жиынтығы.

Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor, Associate Professor, Professor) – ЖОО-ғы профессорлық-оқытушылар құрамының қызметкерлері.

Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым-қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.

Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының кейбір сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған көзқарастары жазылады.

Аудиолекция – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.

Бакалавр, магистр, доктор (Bachelor, Master, Doctor) – бұл аталған білім беру бағдарламаларын игерген тұлғаларға берілетін академиялық дәрежелер.

Бейнедәріс – интерактивті бейнеқатар ретінде көрсетілетін оқу материалдарының бір түрі.

Бейнеконференция – телекоммуникациялық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) электронды интерактивті өзара қарым-қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.

Браузер – гиперсілтеме көмегімен Web–кеңістіктің визуализациясына арналған клиенттік бағдарламалық қамтамасыз ету.

Білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру деңгейіне сәйкес стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны жайлы құжат беріледі (диплом).

Білім алушылардың оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде алған білім алушылардың білімі, іскерліктері, жаңалықтары және жеке тұлғаның даму деңгейінің жетістіктері.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау – әр түрлі бақылау жұмыстарының (жазба жұмыстары, тестер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және т.б.) негізінде белгілі бір пән бойынша білім алушылардың жетістіктерін тексеру; ол ағымдық бақылауға, аралық бақылауға, қорытынды бақылауға бөлінеді.

Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың оқу пәндерін қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық аттестаттау (қорытынды бақылау) нәтижелері бойынша құрастырылатын білім алушының бағдарламалық материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – белгілі бір тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және есеп беру түрінде бақыланатын өздік жұмыстары.

Білімнің электронды банкісі – оқу үдерісін және құжат айналымын автоматтандырылған басқару жүйесімен байланысты оқу және ғылыми негіздегі бағдарламалар мен дидактикалық құралдардың жиынтығы.

Виртуалды сабақтар – онлайндық және офлайндық технологиялармен қамтамасыз ететін оқу сабақтарының бір түрі.

Гипермәтін – интерактивті мәтін сияқты электронды формада көрсетілген, гиперсілтемемен байланысты ақпарат.

Гипермедиа – гипермәтін ретінде электронды формада көрсетілген оқу материалдарының бір түрі.

Екі дипломдық білім беру – екі тең диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major-Minor) алу мақсатымен екі оқу жоспары (білім беру бағдарламасы) бойынша қатар (параллель) оқыту мүмкіндігі.




Жалпы білім беру пәндері ЖБП (General Education Requirement – GER) – әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми пәндердің циклы.

Желілік оқу материалдары – Интернетте бар материалдар, мультимедиа курстарының желілік нұсқалары.

Интерактивті электронды немесе мультимедиялық курс (оқулық) – осы курс бойынша және навигация жүйесімен қамтамасыз етілген ақпараттық технологияның барлық түрлері, яғни мультимедиа, гипермәтін енгізілген оқу материалы.

Интернет (Internet) – компьютер желісінің жаһандық жүйесі.

Интранет (Intranet) – Internet стандарттарын, хаттамаларын және технологияларын қолданатын корпоративті желі.

Компьютерлік анимация – түрлі динамикалық визуалды эффектілерді қолдануға негізделген динамикалық графика (қозғалмалы суреттер, ерекшеленген түс, т.с.с.); дисплей экранында қозғалыс иллюзиясын тудыратын динамикалық бейнелердің синтезі.

Контент (ақпараттық толықтыру) – мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтырулар. Ақпараттық толықтырудың елеулі көрсеткіші болып оның көлемі, маңыздылығы және релеванттылығы табылады.

Конференция, пікірталас топтары – пікірталас енгізу және жаңалықтармен бөлісуге ұйымдастырылған қолданушылардың желілік форумы.

Кредит (Credit, Credit – hour) – білім берушінің / оқытушының оқу жұмысы көлемінің унифицирленген өлшем бірлігі.

Қашықтықтан білім беру технологиясы – оқуды ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қашықтықтан қолданумен жүзеге асыру немесе білім алушы мен педагогтың жартылай қашықтықтан өзара әрекет етуін жүзеге асыру.

Қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау администраторы – ЭЕМ-ге арналған «Факел – 1 қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған қолдау» бағдарламасының мәліметтер базасын толықтыруды және оның қызмет етуін бақылауды жүзеге асыратын маман.

Локальды оқу материалдары – магниттік лентадағы аудио және бейнежазбалар, тасымалдағыштардағы (дискеттер, қатты және лазерлік дисктер) ақпараттар.

Міндетті компонент – студенттердің оқу бағдарламасының барысында міндетті түрде оқитын пәндері.

Оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің көлемі мен санын реттейтін негізгі құжат.

Оқу пәніне жазылу – білім беруші ұйым бекіткен тәртіп бойынша білім алушылардың алдын-ала оқу пәндеріне жазылуы.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – курс бойынша оқу әдістемелік материалдары және пәндердің бағдарламасы енгізілген басылым түрі.

Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы (ОЖБӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы.

Онлайндық технологиялар (on-line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың синхронды алмасуын көрсетеді.

Офлайндық технологиялар (off-line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың асинхронды алмасуын көрсетеді.

Пән бағдарламасы (Syllabus) – оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы.

Пән сипаттамасы (Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (әдетте 5-8 сөйлемнен тұрады).

Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы.

Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Таңдау компоненті (Electives) – кез келген академиялық кезеңде білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні.

Транскрипт (Transcript) – оқу кезеңіне сәйкес өтілген пәндер тізімі мен кредит саны және бағалардың әріптік және сандық көрсеткіштерімен берілген құжат.

Трансферт (аудару) пен кредит жинақтаудың еуропалық жүйесі (ECTS) – білім алушының білім беру траекториясын, оқу орнын және елін ауыстырған жағдайда оқу пәндері бойынша алған білімін (кредиттері мен бағалары бойынша) салыстыру және қайтадан сынақтау үшін жалпы білім беру бағдарламалары компоненттеріне (пәндерге, курстарға, модульдерге) сынақтық бірліктерді (кредиттерді) беру түрі.

Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өздік жұмыстарына жетекшілік ететін, сонымен қатар оқу материалдарын меңгеру және жеке оқу жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын оқытушы.

Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және басқа да ақпараттық-коммуникативтік құралдармен қамтылған және тьюторлардың желілік тәртіпте білім беру үдерісіне арналған сынып.

Үлгерімнің аралық бақылауы (Midterm Examination) – білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру, ол оқытушының бекітілген академиялық күнтізбесіне сәйкес жүзеге асады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауы – білім беруші оқытушымен жүргізілетін оқу пәнінің әр тақырыбы мен бөлімі бойынша жүргізілетін жүйелік тексеріс.

Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average – GPA) – білім алушының бір жыл ішіндегі таңдалған бағдарлама бойынша оқу жетістіктерінің орташа салмақтандырылған бағасы.

Форум – қатысушылардың барлығына немесе бір бөлігіне талқылау үшін Интернет желісінде ұсынылған тақырып.

Чат – бұл араласу түрі, әдетте «мәтіндік» болады, шынайы уақыт тәртібінде қолданушылар өздерінің хабарламаларын барлығына түсінікті тілде, яғни «виртуалды тақтада» көрсетеді.

Эдвайзер (Advisor) – белгілі мамандық бойынша оқу траекториясын таңдау (жеке оқу жоспарын құрастыруда) көмектесетін және білім беру бағдарламасын оқу кезеңінде меңгертуді қамтамасыз ететін, академиялық жетекші қызметін атқаратын оқытушы.

ЭЕМ-ге арналған «Факел – 1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасы – қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісіндегі автоматтандырылған жүйе.



оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері


  1. Бір кредиттің академиялық көлемі 50 минут дәрісханалық уақытты құрайды.

  2. Бакалавриатта әрбір дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтар міндетті түрде 2 сағаттық студенттің өзіндік жұмысымен (СӨЖ) қамтылады.

  3. Бір оқу семестрінің академиялық көлемі 15 аптаны құрайды.

  4. Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін бір оқу жылының академиялық көлемі 30 апта теориялық оқуды құрайды (немесе 2 семестр), 4 апта – студенттің қорытынды бақылауына, 7 апта – демалыс уақытына арналған.

  5. Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинарлық) сабақтардың 1 контактілік сағатына (50 минут) тең, немесе студиялық сабақтардың 1,5 контактілік сағатына тең (75 минут), немесе лабораториялық және дене тәрбиесі сабағының 2 контактілік сағатына (100 минут) тең, сонымен қатар барлық оқу іс-тәжірибелері түрлерінің 1 контактілік сағатына (50 минут), педагогикалық іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 2 контактілік сағатына (100 минут), өндірістік іс-тәжірибенің барлық түрлерінің 5 контактілік сағатына (250 минут) тең.

  6. Оқу жылының академиялық көлемі жазғы семестрдің есебінен 6 аптаға ұзартылуы мүмкін.

  7. Жазғы семестр студенттің жеке қалауы бойынша қосымша оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру үшін ұйымдастырылады.

  8. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді.

  9. Оқу траекториясы және пәндер реестрін демалыс уақытында студенттің өзі анықтайды.

  10. Оқу траекториясы және пәндер реестрі ағымдық семестрдің аяғына дейін бекітілетін студенттің жеке жұмыс жоспарында (жоғарғы курс студенттері үшін), 1 қыркүйекке дейін (І курс студенттері үшін) көрсетіледі. Жеке жұмыс жоспарында өзгерістер оқу жылы кезінде жасалмайды.

  11. Жеке жұмыс жоспарын декан немесе деканның оқу ісі жөніндегі көмекшісі бекітеді және ол деканатта сақталады.

  12. Жеке оқу жоспары эдвайзердің, яғни шығарушы кафедра оқытушыларының арасынан академиялық ұстаздың жетекшілігімен жүзеге асырылады.

  13. Оқу үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуі шығарушы және қызмет көрсетуші кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:

  • пән бойынша оқу-әдістемелік кшен;

  • оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша дәрісханалық жұмысқа арналған материалдар, оның ішінде дәріс тезистері, семинарлық сабақтардың жоспары, т.с.с.;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, жаттығушы тестер, бақылау тапсырмалары, әрбір пән бойынша емтихан сұрақтары;

  • іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, сонымен қатар іс-тәжірибенің барлық түріне арналған жоспарлар мен бағдарламалар;

  • дәрістердің элективті курсы.

14. Студенттерді бір курстан екінші курсқа академиялық ауыстыру бекітілген орташа өту балымен жүзеге асырылады (GPA).

15. Қайта оқу курсы қажетті кредит санын жинамаған студенттерге ұсынылады.

16. Қайта оқу курсын қаржыландыру тек студенттердің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

17. Сырттай оқу бөлім студенттері кредиттік технология және қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқиды.

18. Академиялық кезеңдер академиялық күнтізбемен бекітіледі.

19. Сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған виртуалды сабақтар желілік кеңес беру мен виртуалды сабақтар кестесімен бекітіледі.

20. Сырттай оқу бөлімінің студенттері мен тьюторлары виртуалды сабақтарда ЭЕМ-ге арналған «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» бағдарламасымен жұмыс істейді.

21. «Факел–1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасына кіру үшін дербес логиндерді қолдану және білім беру үдерісіне қатысушылардың паролі арқылы жүзеге асырылады.




КІТАПХАНАНЫҢ СТУДЕНТКЕ КӨМЕГІ


Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасы университеттің мәдени және ақпараттық орталығы болып есептеледі және жоғары оқу орнының ғылыми және білім беру жұмысына көмек беру үшін ашылған. Профессорлық-оқытушы құрамды (ПОҚ), PhD докторанттарды, магистранттар мен студенттерді оқыту бейініне, ғылыми-зерттеу жұмысының бағытына және рухани сұраныстарына сәйкес ақпараттармен қамтамасыз ету кітапхананың негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар кітапхана студенттерге тәрбие беру жұмысына да ықпал етеді. Осы мақсатта кітапхана кітап қорын қалыптастырады, электрондық кітапхана және машина оқитын каталогтарды құрады, ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы жүйесін дамытады, Ғаламтор арқылы ғылым мен білім берудің өзекті ресурстарына қол жеткізуге жағдай жасайды.

Кітапханаға жазылу қызметкерлер басқармасының (ПОҚ және қызметкерлер үшін) берген мәліметтері бойынша және оқуға қабылдау бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Қолданушыға барлық оқу залдарына және ғылыми кітапхананың электрондық ресурстар залдарына кіруге рұқсат беретін бірыңғай оқырман билеті беріледі.

Университеттің кітапханалық қызмет көрсету жүйесі:


  • оқу залы (12 зал, 1000-нан аса орын);

  • электрондық ресурстар залы (1,3,4,8,10- ғимараттардағы 5 зал);

  • мультимедиялық зал;

  • абонементтер (11);

  • каталогтар залы;

  • құжаттарды Ғаламтор арқылы жеткізу.

Залдар мен абонементтер үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін кесте бойынша жұмыс жасайды. Жексенбі күні бас ғимараттың кітапханасы- оқу залы мен электрондық ресурстар кітапханасы жұмыс істейді. Кітапхана қорын пайдалану ережесі мен жұмыс тәртібі туралы мәліметтер кітапхананың веб-сайтында (http://library.ksu.kz) орналастырылған. Студенттердің ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында кітапхана экскурсия, дәрістер, кураторлық сағаттар және т.б. сияқты ақпараттық шараларды ұйымдастырып, өткізеді.

Электрондық ресурстар залында Ғаламторды тегін пайдалануға мүмкіндік берілген, сонымен қатар бұнда білім беру телехабарларын, кітапхана қорынан фильмдер көру, аудиоматериалдарды тыңдау, ақпараттарды көшіру, құжаттарды ламинаттау, түптеу қызметтері көрсетіледі. Проекторлармен және интерактивті панельдермен жабдықталған залдарда стационарлық және веб- семинарлар, электрондық ресурстардың тұсаукесерлері және Ғаламтор-конференциялар өткізіледі.

Оқу залдарында кітапханада бар міндетті баспалар нұсқаларына және басқа да кітап қорларына еркін қолжетімділік мүмкіндігі ұсынылады. Жатақханаларда негізгі оқу әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен жұмыс істеу үшін оқу залдары ұйымдастырылған.

Оқу залдарында жаңа кітаптар көрмелері, кітаптардың тақырыптық көрмелері, мерейтой және мерекелік күндерге арналған кітапхана қоры баспаларының ашық көрмелері безендіріледі.

Кітапханада жаңа түсімдердің бюллетеньдері, электронды ресурстардың баспа каталогы, жедел-ақпараттар, жаңа ақпараттарды бақылауға арналған ақпараттық парақшалар, сонымен қатар пайдаланушыларға көмек көрсететін әдістемелік материалдар басылып шығарылады.

Қызмет көрсетудің барлық орындарында кітапханалық-библиографиялық анықтамалар және кеңестер беріледі. Профессорлық-оқытушы құрам, магистранттар, студенттер үшін ақпарат күні, бірінші курс студенттерінің күні, кафедралар күні, диплом алушылар күні, ғылым күні, кітаптар мен электрондық оқулықтар күні өткізіледі.

Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасының кітап қоры университеттің маңызды ақпараттық ресурсы болып табылады. Оның көлемі қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, поляк және әлемнің басқа тілдерінде шығарылған 1 млн.700 мың дана кітаптан астам. Қор бакалавриат, магистратура, PhD докторантураның бағдарламаларына, ғылыми-зерттеу жұмыстары жобаларына, сонымен қатар пайдаланушылардың рухани сұраныстарына сәйкес қалыптасады.

Кітапхана қорынан ғылымның барлық бағыттары бойынша әдебиеттерді қағаз және электронды тасымалдағыштарда табуға болады. Бұған ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, анықтамалық және мерзімдік және жарияланбаған материалдар жатады.

Кітапхана қоры факультеттердің бейініне сәйкес оқу кітапханалары бойынша орналастырылған және кітап сөрелерінде ғылымды жіктеудің халықаралық кестесі бойынша қойылған. Әр басылымның міндетті даналары, сонымен қатар жалғыз, таралымы аз және құнды құжаттар кітапхананың оқу залдарында беріледі.

Кітапханалық каталогтар кітапхана қорында бар кітаптар және де өзге де құжаттар тізімінен тұрады, кітаптарды іздеуге және алуға ыңғайлы болу үшін жүргізіледі. Каталогтар екі түрлі болады: карталық (дәстүрлі) және электрондық (машина оқитын). Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті кітапханасына 1996 жылдан бастап электрондық технологияның енгізілуіне байланысты ИРБИС- кітапханалық-ақпараттық кіріктірілген жүйе бағдарламасымен қамсыздандырылған электрондық каталог (ЭК) жүргізіледі.

ЭК кітапты, мақалаларды, оқу-әдістемелік кешендерді және басқа да құжаттарды келесі іздестіру элементтері: авторы, тақырыбы (кітап, мақала немесе басқа құжаттар атауы) жылы және баспа орны, басылым редакторы, кілт сөздер, құрастырушы, тақырыбы, пәні бойынша іздеуге, таңдауға арналған. ЭК ақпараттық массиві қолдануға ыңғайлы болу үшін «Кітаптар», «Мақалалар», «Оқу-әдістемелік кешендер», «Типтік бағдарламалар», «Эдектрондық кітапхана» және т.б. бірнеше каталогтарда берілген.

Каталогқа тікелей оқу залдарындағы, электрондық ресурстар залдарындағы, абонементтердегі, деканаттардағы, кафедралардағы және университеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі дербес компьютерлерден корпоративтік желі бойынша, сондай-ақ, Ғаламтор бойынша кітапхана сайты арқылы (http//www.library.ksu.kz) қосылуға болады

Электрондық кітапхана (ЭК) толық мәтінді, мазмұны бойынша әмбебап оқу және ғылыми материалдардың мәліметтер базасы болып табылады. Оқыту үдерісін электрондық ақпараттармен жедел қамтамасыз ету мақсатында құрылған. ЭК университетте 2005 жылы бекітілген арнайы жобаға сәйкес жасалған. ЭК құруға университеттің профессорлық- оқытушы құрамы, кітапхана, тіркеуші кеңсесі ат салысады.

ЭК-ға профессорлық-оқытушы құрам дәрістерінің көшірмелері, оқу-әдістемелік кешендер, оқу презентациялары, «Қарағанды университеті хабаршысы» барлық сериялары (2000 жылдан бастап), «Жастар әлемі» газеті (1996 жылдан бастап), университет профессорлық-оқытушы құрамының ғылыми мақалаларының көшірмелері, сирек кітаптардың электрондық нұсқалары енгізілген. ЭК-да профессорлық-оқытушы құрам әзірлеген электрондық оқулықтары мен өзге де сырттан алынған электрондық оқулықтар (отандық және шетелдік) бар. Оқыту бағдарламалары, тест тапсырмалары, электрондық анықтамалық жүйе, жол көрсеткіш бар.

ЭК-ға кіруге электрондық ресурстар залында және кітапхананың сайты (http//www.library.ksu.kz) арқылы авторизация режимінде электрондық каталог аясында (тіркелген қолданушылар, яғни студенттер мен оқытушылар логин және пароль арқылы) мүмкіндік алады. ЭК күн сайын жаңартылып, іздеу мүмкіндіктері артып отырады (контент-іздеу, автор, тақырып, тірек сөз, пән, мамандық бойынша іздеу).

Кітапхананың Ғаламторда http//www.library.ksu.kz сайты жұмыс істейді. Онда толық мәтіндік және кітапханалық ақпараттар, қолданушы сұранысына орай материалдар, кітапхананың қызмет көрсету түрлері берілген.



Ғаламтор қорына қолжетімділік. Кітапханада жоғары жылдамдықты ғаламторға тегін қол жеткізуге мүмкіндік берілген. Оның аясында сайттар мен интернет-порталдарда орналастырылған әлемнің жоғары оқу орындарының, ұлттық, университеттік кітапханалардың және ірі ақпараттық ортылықтар мен компаниялардың, жеке ұйымдардың, шығармашылық ұжымдардың, ғылыми қоғамдастықтардың, желілік басылымдардың, ғалымдардың жеке қорларының білім беру, ғылыми және фактографиялық ақпараттарын алуға болады.

Университетке белгілі аралыққа жасалған шартқа сәйкес тегін және ақылы негізде электронды қор залдары және кафедраларға мәліметтер базасы (бұдан әрі- МБ) жазылысына қолжетімділік беріледі. МБ жазылысы- бұл белгілі мақсаттағы арнайы арнайы мәтіндік және басқа ақпараттар базасы, соған сәйкес библиографиялық немесе толықмәтінді, онлайн-журналдар, анықтама-іздеуші, ғылыми, нормативт-құқықтық болып бөлінеді.

Кітапханада келесі жазылым МБ қол жеткізуге мүмкіндік берілген:

-«Заң», «Параграф», «Республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана», ЕBSCO Publishing, Е-library, Science, Elsevier, Springerlink, Thomson Reuters, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы БЭБ .



Ғаламтордың ашық қоры электронды қор залдарында, оқу залдарында, Wi-Fi сымсыз байланыс арналары бойынша кафедраларда, ғылыми зертханаларда, компьютер сыныптарында тегін болады. Студенттер үшін заманауи маңызды білім беру порталдары материалдарымен және пайдалы сайттар каталогы құрылады. Катологтар оқырмандарға қызмет ету орындарында болады. Желілік ақпаратты іздеу әдісі мен анықтама-ізденуші жүйені үйретуде Ғаламтор пайдаланушыларына көмек көрсетіледі. Пайдаланушыларға «жеке кабинет» құруға мүмкіндік бар.



СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Студенттерге қолдау көрсету қызметтері (бас оқу ғимаратында орналасқан, жұмыс тәртібі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін):

Оқу-әдістемелік басқарма (ОӘБ): 219 кабинет, телефон 8(7212)77-04-23, 77-03-97, е-mail: umu.kargu@ksu.kz. ОӘБ университеттің оқу үдерісін жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды, оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді жүзеге асырады.

Көптілді білім беруді дамыту орталығы (КБДО): 204 кабинет, телефон 8(7212)77-04-13, e-mail: foreign_lang@ksu.kz. КБДО Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да көптілді білім беру үдерісін басқаруды жүзеге асырады.

Тіркеуші Кеңсесі: 214, 221 кабинеттер, телефон 8(7212)77-03-69 (ішкі 1040), е-mail: ied@ksu.kz, idl@ksu.kz. Білім алуышлардың барлық білім алу кезеңіндегі оқу жетістіктерінің тарихын тіркеуді жүзеге асырады. Оқу үдерісін кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша іске асырады.

Студенттік бөлім: 215, 217 кабинет, телефон 8(7212)77-04-18, е-mail: stdep@ksu.kz. Студенттер контингентінің қозғалысын есепке алады және бақылайды (ауысулар мен қайта қабылдау). Студенттік бөлім қажеттілігіне қарай академиялық анықтама, дипломдардың, аттестаттардың, сертификаттардың мемлекеттік білім грантын беру, жөніндегі куәліктердің, анықтамалардың көшірмелерін, дипломдардың, сынақ кітапшаларының, студенттік билеттердің төлқұжаттарын береді, сұрау бойынша студенттердің жеке істерін жібереді.

Білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімі (БСБМБ): 220 кабинет, телефон 8(7212)77-01-26, e-mail: monitoring@ksu.kz. Мемлекеттік аралық бақылауға (МАБ) дайындықты және оны өткізуді жүзеге асырады, студенттер үлгеріміне талдау және мониторинг жүргізеді, студенттерге әлеуметтік сауалнама ұйымдастырады.

Научная библиотека: телефон 8(7212)77-04-16, е-mail: rootlib@ksu.kz. Жоғары оқу орнының ғылыми және білім беру қызметіне көмек көрсетеді. Ақпараттық қызмет көрсету жүйесін дамытады және Ғаламтор арқылы өзекті электронды қорларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кітапхана жұмысы туралы негізгі ақпарат Web-сайтта (www.library.ksu.kz) берілген, онда электронды каталог, мерзімді басылымдар бюллетені және студенттерге қажетті басқа да ақпараттар ұсынылған.

Инновациялық-технологиялық орталық: 233 кабинет, телефон 8(7212)77-04-25, e-mail: itc@ksu.kz, aldaberge@mail.ru. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды, ғылыми конференциялар, көрмелер, конкурстар, олимпиадалар дайындығы мен өткізуді, ғылыми мақалалар жинақтарын шығаруды жүзеге асырады.

Стратегиялық даму, сапа менеджменті жүйесі және аккредитация орталығы (СДО, СМЖа): 231 кабинет, телефон 8(7212)77-04-22 e-mail: sdicc@ksu.kz. Университет қызметін стратегиялық жоспарлаудың қолайлы жүйесін құруға, университетте білім беру бағдарламаларының халықаралық және ұлттық аккредитациясын өткізуге, ҚарМУ сапа менеджменті жүйесінің қызметін толық іске асыруға ықпал етеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы (ЖОКБХББ): № 234 кабинет, телефон 8(7212)77-01-36, e_mail: upo@ksu.kz. Магистратура, докторантура аясындағы оқу үдерісін ұйымдастыруды үйлестіреді. Халықаралық бағдармаларды жүзеге асыруға көмектеседі.

Жастар ісі жөніндегі комитет (ЖІК): 103 кабинет, телефон 8(7212)77-03-90, ішкі 1110, e-mail: kdm@ksu.kz. a_s_artakwinova@mail.ru. Жатақханалардың студенттік кеңестерінің, факультеттердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің, клубтардың, студенттік қоғамдық бірлестіктердің, үйірмелердің жұмысын басқарады. ЖІК жанында студенттік парламент, ұлтаралық мәдени орталық, баспасөз клубы, «Қауымдасқан студенттер» атты пікірталас клубы, пікірсайыс клубы, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық клуб, «СҚЖ» студенттік құрылыс жасақтары, еңбек биржасы қызмет етеді.

Студенттер сарайы (СС): бас ғимарат, телефон 8(7212)77-03-93, ішкі 10-97,. e-mail: kira.garkusha@mail.ru. Студенттердің бос уақыттарын ұйымдастырады. СС негізінде 20-дан астам шығармашылық ұжым қызмет жасайды. Оның құрамында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары, би, вокал, театр және басқа да шығармашылық түрлерін ұнататын студент жастар бар. Олардың ішінде «Жарқын» халық би ансамблін, «Сарын» фольклорлық ансамблін, «Шабыт» ақындар клубын, «Әуен» вокалдық тобын, эстрадалық ән айту студиясын, студенттік драма театрын және т.б. атап айтуға болады. СС – бұл ресми және салтанатты кездесулерді, студенттер қатарына қабылдау, дипломдарды тапсыру рәсімдерін, студенттік акцияларды, презентациялар мен шоу-бағдарламаларды, шығармашылық конкурстарды, КТК фестивалдерін өткізу орны болып табылады.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы (МЖОО): 113 кабинет, телефон 8(7212)77-03-85, e-mail: zentr_kit@ksu.kz. Түлектерге түйін құрастыру бойынша, жұмыс берушілермен әңгімелесуден өту бойынша ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетеді, түлектердің Мансап күнін өткізеді, кәсіпорындардың, фирмалар мен ұйымдардың тұсаукесерін ұйымдастырады, «Түлектер» мәліметтер банкін құрады.

Студенттер жұмыс жөніндегі бухгалтерия: 211 кабинет, телефон 8(7212)77-03-94. Студенттердің оқу ақысы үшін ақшалай қаражаттың келіп түсуі мен қозғалысы бойынша есептік қызметті, сонымен қатар стипендия төлеуді жүзеге асырады.

Құқықтық қамтамасыз ету және ішкі аудит бөлімі (ҚҚжІАБ): 226 кабинет, телефон 8(7212)77-03-65. университеттің қызметін реттейтін заңнаманы қолдану, ҚР азаматтары және шетелдік азаматтар үшін білім қызметтерін көрсету шарттарын жасау мәселелері бойынша кеңестік қызметтер көрсетеді, университетке түсушілермен және білім алушылармен кездесулер өткізу арқылы студенттердің құқықтық санасын қалыптастырады. Сенім телефондары: 8(7212)77-03-65, 77-04-07. Білім алушылардың құқықтары туралы ақпарат оқу орнының ksu.kz сайтында pravо.ksu.kz. құқықтық порталы аясында ұсынылған.

Тұрғын үй-тұрмыстық кешені:

Университетте 6 студенттік жатақхана қызмет етеді:

- №1, 2 жатақханалар – телефон: 8(7212)77-00-10, мекен-жайы: Университет к-сі, 14/1;

- №3, 4 жатақханалар – телефон: 8(7212)77-00-58, мекен-жайы: Университет к-сі, 16/1;

- №5 жатақхана – телефон: 8(7212)77-04-41, мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1;

- №6 жатақхана – телефон: 8(7212)77-04-43, мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1;

Университеттің студенттік емханасы, санаторий-профилакторийі бар. Телефон: 8(7212)77-04-29 (бас дәрігер), 8(7212)77-04-29 (вахта), мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1б.

Барлық оқу ғимараттарында медициналық пункттер, буфеттер, асханалар (1, 4, 6 оқу ғимараттары) бар; «Университет» асханасы қызмет етеді (мекен-жайы: Мұқанов к-сі, 1).

ҚарМУ-дың студенттік тұрмыстық кешені бар, онда монша, кір жуатын жер, сауна, телефон: 8(7212)77-00-22, сонымен қатар кондитерлік цех жұмыс істейді, телефон 8(7212)77-04-06.

Студенттерді қолдау қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады:

Ректор – Көбеев Еркин Қиноятұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212) 77-03-89, e-mail: rector@ksu.kz (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Бірінші проректор – Жұмашев Рымбек Мұратұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212)77-03-86, e-mail: zhumashev@ksu.kz (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Оқу ісі жөніндегі проректор – Каргин Серғали Төлеубекұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212)77-00-54, e-mail: kargin@ksu.kz, (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, 222 кабинет).

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор – Омаров Халыш Бейсенұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, телефон 8(7212)77-00-32, e-mail: omarov_hb@ksu.kz, (1 оқу ғимараты, Университет к-сі, 28, ректорат).

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор – Кентбек Салауат Қамшыбайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, телефон 8(7212)77-04-07, e-mail: kentbekov@ksu.kz, (1 оқу ғиамараты, Университет к-сі, 28, 223 кабинет).


ФАКУЛЬТЕТТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ
Биология-география факультетіҚарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 3 оқу ғимараты.

ДеканАйтқұлов Айдар Мұратұлы, биология ғылымдарының кандидаты; телефон 8(7212)77-00-69, e-mail: fiziokar@ yandex.ru, № 311 кабинет.

Кафедрлары:

– физиология (№ 211 дәрісхана);

– география (№ 413 дәрісхана);

– ботаника (№ 301 дәрісхана);

– зоология (№ 408 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісіКунева Перизат Болатовна, телефон: 8(7212)77-00-69, 87003108892, № 311 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

5В011300 – Биология;

5В060700 – Биология;

5В011600 – География;

5В060900 – География;

5В060800 – Экология;

5В070100 – Биотехнология.
Шетел тілдері факультетіҚарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 9 оқу ғимараты.

ДеканЖетпісбаева Бахытгүл Асылбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; телефон 8(7212)77-04-13, e-mail: injaz@mail.ru, № 301 кабинет,

Кафедрлары:

– ағылшын тілі және лингводидактика (№ 218 дәрісхана);

– еуропа және шығыс тілдері (№ 316 дәрісхана);

– шетел филологиясы және аударма ісі (№ 322 дәрісханасы);

– шетел тілдері (№ 320 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі Кусаинова Гулжанат Амановна; телефон: 8(7212)77-04-13, е-mail: injaz@mail.ru, № 304 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі;

5В021000 – Шетел филологиясы (ағылшын, неміс, француз);

5В021600 – Шетел филологиясы (қытай);

5В020700 – Аударма ісі.
Тарих факультетіҚарағанды қ., Университет к-сі, 28, №3 оқу ғимараты.

ДеканСмагулова Гульнара Муратбековна, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон 8(7212)77-04-09, e-mail: istorik@ksu.kz, № 508 кабинет.

Кафедрлары:

– археология, этнология және отан тарихы (№ 514 дәрісхана);

– бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар (№505 дәрісхана);

– Қазақстан тарихы (№ 507 дәрісхана).



Кеңсетіркеушісі Назаров Естай Жайлаубайұлы, телефон 8(7212)770409, e-mail: yesnaz@mail.ru, № 508 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B011400 – Тарих;

5B020200 – Халықаралық қатынастар;

5B020800 – Археология және этнология.

5В020300 – Тарих;


Математика және ақпараттық технологиялар факультеті – Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №2 оқу ғимараты.

ДеканАлибиев Даулет Будешович, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон 8(7212)77-03-95, e-mail: www.math.ksu.kz, № 404, 408 кабинет.

Кафедралары:

  • математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер (№ 309 дәрісхана);

  • профессор Т.Г.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия (№ 305 дәрісхана);

  • қолданбалы математика және информатика (№ 321 дәрісхана);

  • математика және информатиканы оқыту әдістемесі (№ 304 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Баяндина Қаламқас Амантаевна, телефон 8(7212)77-03-95, e-mail: kalama64@mail.ru.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B060100 Математика;

5B010900 Математика;

5B060200 Информатика;

5B011100 Информатика;

5B060300 Механика;

5B070300 Ақпараттық жүйелер;

5B070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу.


Кәсіптік-көркем өнер факультеті – Қарағанды қ., Карбышев к-сі, 7, № 11 оқу ғимараты.

ДеканМагавин Сәбит Шамилұлы, техникалық ғылымдар кандидаты, доцент; телефон: 8(7212)77-03-53, e-mail: SabitMagavin@wf.ksu.kz, № 301 кабинет.

Кафедрлары:

– транспорт және кәсіптік оқыту (№ 116 дәрісхана);

– бейнелеу өнері және дизайн (№ 306 дәрісхана);

Кеңсе-тіркеушісіМастеева Қарлығаш Адылханқызы, телефон 8(7212)77-03-53, e-mail: karlamasteeva@mail.ru, № 209 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу;

5В012000 – Кәсіптік білім;

5В042100 – Дизайн;

5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар;

5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.


Педагогикалық факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, №10 оқу ғимараттары.

ДеканИманбеков Мирлан Мейрамбекович, философия ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон: 8(7212)77-04-33, 8(7212)77-04-30, e-mail: ymanbekov@rambler.ru, № 301 кабинет.

Кафедрлары:

  • мектепке дейінгі және психология-педагогикалық дайындық (№ 202 дәрісхана);

  • бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (№ 204 дәрісхана);

  • дефектология (№ 304 дәрісхана);

Кеңсе-тіркеушісіКасимова Жанар Кылышбековна, телефон: 8(7212)77-04-33, e-mail: janara 8278@mail.ru, аудитория № 301.

Кеңсе-тіркеушісіМусина Венера Тлетаевна, телефон: 8(7212)77-04-33, e-mail: venerah_m_81@mail.ru, аудитория № 302.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту жән тәрбиелеу;

5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

5В010300 – Педагогика және психология;

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

5В010500 – Дефектология;

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс;

5В090600 – Мәдени-бос уақыт жұмысы.


Физика-техникалық факультеті – Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 2 оқу ғимараты.

ДеканНусупбеков Бекболат Рахышұлы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент; телефон 8(7212)77-04-03, e-mail: physics@ksu.kz, № 201 кабинет.

Кафедрлары:

– жалпы және теориялық физика (№ 202 дәрісхана);

– профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы (№ 316 дәрісхана);

– аспап жасау және нанотехнологиялар (№ 418 дәрісхана);

– радиофизика және электроника (№ 522 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісіКутум Баян Байсұлтанқызы, телефон: 8(7212)77-04-03, e-mail: physics@ksu.kz, № 201 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В011000 – Физика (жалпы білім беретін);

5В060400 – Физика (жаратылыстану);

5В071600 – Құрал жасау;

5В071700 – Жылу энергетикасы;

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

5В072300 – Техникалық физика;

5В073100 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.


Дене мәдениеті және спорт факультеті –Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 7 оқу ғимараты.

ДеканРамашов Нұрманбек Рамашұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор; телефон 8(7212)77-04-34, е-mail: nurmambek-ramash@mail.ru, № 202 кабинет.

Кафедралары:

– дене мәдениеті мен спорттық медицинаның теориясы мен әдістемесі (№ 200 дәрісхана, № 7 оқу ғимараты);

– бастапқы әскери дайындық (109 дәрісхана, № 7 оқу ғимараты);

– спорттың циклдық түрлері және спорттық ойындар (№ 12 оқу ғимараты);

– дене тәрбиесі (№ 1 ғимараты).

Кеңсе-тіркеушісіАхметжанова Ұлмекен Андинәбиқызы; телефон: 8(7212)77-04-34, е-mail: ulmeken_58@ mail.ru., № 103 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5B010800 – Дене шынықтыру және спорт;

5B010400 – Бастапқы әскери дайындық.
Филология факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, №8 оқу ғимараты.

Декан Әбдуов Мұхамметқали Ілиясұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212)77-04-32, е-mail: abduov_m@mail.ru, № 210 кабинет.

Кафедрлары:

– қазақ тіл білімі (№ 209 дәрісхана);

– қазақ әдебиеті (№ 217 дәрісхана);

– журналистика (№ 220 дәрісхана);

– классикалық және орыс филологиясы (№ 221 дәрісхана);

– қазақ тілінің практикалық курсы (№ 224 дәрісхана);

– орыс тілі мен әдебиетінің әдістемесі және практикасы (№ 407 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісіНұрмұханова Гүлшат Сағынтайқызы, телефон: 8(7212)77-04-34, е-mail: gulshat1504@mail.ru, № 215 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В011700 –- Қазақ тілі мен әдебиеті;

5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті;

5В121000 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;

5B012200-Орыс тілінде оқытылмайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

5В020500 – Филология (қазақ, орыс тілдері);

5В050400 – Журналистика;

5В051400 – Қоғаммен байланыс.


Философия және психология факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 1, № 8 оқу ғимараты.

ДеканКәріпбаев Байжол Ысқақұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212)77-03-88, е-mail: karipbaev@mail.ru, № 312 кабинет.

Кафедрлары:

– психология (№ 317 дәрісхана); телефон 8(7212)77-03-59).

– философия және мәдениет теориясы (№315 дәрісхана); телефон 8(7212)74-77-23).

– саясаттану және әлеуметтану (№ 313 дәрісхана, телефон 8(7212)77-03-73).



  • әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика (№321 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісіБакирова Гаухар Кабыловна, телефон 8(7212)77-03-88, е-mail: bakir72@mti.ru, № 312 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В050300 – Психология;

5В050200 – Саясаттану;

5В050100 – Әлеуметтану;

5В020100 – Философия;

5В020400 – Мәдениеттану;

5В020600 – Дінтану;

5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану;

5В090500 – Әлеуметтік жұмыс;

5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы.


Химия факультеті – Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 4, № 6 оқу ғимараты.

Декан – Тажбаев Еркебұлан Мұратұлы, химия ғылымдарының докторы, доцент, телефон: 8(7212) 77-03-74, e-mail: tazhbaev@mail.ru, № 307 кабинет.

Кафедралары:

  • органикалық химия және полимерлер (№ 20 дәрісхана);

  • химиялық технология және мұнай-химиясы (№ 210 дәрісхана);

  • бейорганикалық және техникалық химия (№ 310 дәрісхана);

  • физикалық және аналитикалық химия (№ 410 дәрісхана).

Кеңсе-тіркеушісі – Садыкова Меруерт Амангазиевна, телефон: 8(7212) 34-19-40, № 307 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

5В011200 – Химия;

5В060600 – Химия;

5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

5В074800 – Фармацевтикалық өндірістің технологиясы.


Экономика факультетіҚарағанды қ., Университет к-сі, 28, № 1 оқу ғимараты.

ДеканЕсенгельдин Бауыржан Сатыбалдыұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212)77-03-58, е-mail: yessen_baur@inbox.ru, № 308 кабинет.

Кафедрлар:

– бухгалтерлік есеп және аудит (№ 303 дәрісхана);

– маркетинг (№ 317 дәрісхана);

– менеджмент (№ 314 дәрісхана);

– қаржы (№ 320 дәрісхана);

– экономика және халықаралық бизнес (№ 448 дәрісхана);



Кеңсе-тіркеушісі Жақбекова Айгүл Аманбекқызы, экономика ғылымдарының магистрі, телефон: 8(7212)77-03-58, е-mail: aigul_5373@mail.ru, № 310 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің бакалавриат мамандықтары:

5В011500 – Құқық және экономика негіздері;

5В050600 – Экономика;

5В050700 – Менеджмент;

5В050800 – Есеп және аудит;

5В050900 – Қаржы;

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;

5В051100 – Маркетинг;

5В051300 – Әлемдік экономика;

5В090200 – Туризм;

5В090400 – Әлеуметтік-мәдени сервис;

5В090800 – Бағалау


Заң факультеті Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, №1 оқу ғимараты.

ДеканҚожахметов Ғалым Зейнекенұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор; телефон: 8(7212)77-03-91; № 332 кабинет.

Кафедрлары:

– мемлекет және құқық теориясы мен тарихы (№ 324 дәрісхана);

– азаматтық және еңбек құқығы (№ 326 дәрісхана);

– қылмыстық іс жүргізу және криминалистика (№ 327 дәрісхана);

– қылмыстық құқық және криминология (аудитория № 427);

– конституциялық және халықаралық құқық (№ 333 дәрісхана).



Кеңсе-тіркеушісіТұрғанбаева Сәуле Маратқызы, телефон: 8(7212)77-03-91, е-mail: sturganbaeva@mail.ru, № 329 дәрісхана.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің бакалавриат мамандықтары:

5В030100 - Құқықтану;

5В030200 - Халықаралық құқық;

5B030200 – Кеден ісі



Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕЛЕРІ 1

жүктеу 4,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау