199
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
198
199
Г
107
∑
Кварцтық генератор – пьезоэлектрлік эффект пайдаланылған жоғары жиілікті
электрлік тербелістер тудыратын көз.
Магниттік-гидродинамикалық генератор (МГД-генератор) – әсері
электрөткізгіш сұйықтың немесе плазмадағы электрмагниттік индукциялық
құбылыстарға негізделген жылу энергиясын электр энергиясына түрлендіретін
қондырғы.
Молекулалық генератор – молекулалардың еріксіз кванттық ауысулары сал-
дарынан когерентті электрмагниттік тербелістер тудыратын кванттық генератор.
Оптикалық кванттық генератор – лазер дегенмен мағыналас атау.
Параметрлік генератор – жарықтың белгіленген жиіліктегі жарық толқынының
энергиясын едәуір төменгі жиілікке түрлендіретін кванттық генератор.
Электрстатикалық генератор – электр зарядтарын механикалық тасымалдау
арқылы жоғары тұрақты электр кернеуін тудыруға арналған құрылғы. Бұл құрылғы
әдетте Ван де Грааф генераторы деп те аталады.
ГЕНРИ (Гн, Н) – индуктивтіліктің және өзара индуктивтіліктің Халықаралық
бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Американ физигі Джозеф
Генридің (1797 –
1878) құрметіне аталған. 1 Гн – тұрақты ток күші 1 А болған кезде 1 вебер магниттік
ағын қоздырылатын электрлік контурдың индуктивтілігіне тең. Осы анықтамаға
пара-пар анықтама: 1 Гн – электр тізбегіндегі токтың 1 А/секунд жылдамдықпен
бірқалыпты өзгеруі кезінде 1 В өздік индукцияның электрқозғаушы күші пайда
болатын индуктивтілігі. 1 Гн = 1 В·секунд/А = 1 Вб/А = 10
9
см (СГСМ бірлігі) =
1,1·10
–12
СГСЭ өлшем бірлігі.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА – оптиканың жарық сәулелердің таралу
заңдарын жарық сәулелер түсініктері негізінде зерттейтін саласы. Жарық сәуле деп
бойымен
жарық энергиясы ағыны таралатын түзу сызықты түсінеміз. Оптикалық
біркелкі емес орталарда жарықтың дифракциясын елемейтін жағдайларда ғана
сәуле ұғымын пайдалану керек. Бұл жағдайда жарық толқынының ұзындығы
біркелкі емес ортаның өлшемдерінен
кіші болуы тиіс. Геометриялық оптика
жарық сәуле жүйесінің оңайлатылған,
бірақ көпшілік жағдайда дәл теориясын
тұжырымдауға мүмкіншілік туғызады.
Геометриялық оптика негізінен
оптикалық кескіндердің пайда болу-
ын, оптикалық жүйенің аберрациясын
ескеруді және оларды түзету әдістерін
Диафрагма арқылы жарық сәулесін шығару
Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
200
201
жасауды, оптикалық жүйелер арқылы өтетін сәулелер шоғының энергетикалық
қатынастарын түсіндіреді. Дегенмен, геометриялық оптика кескіндердің сапасына,
бүкіл толқындық құбылыстарға (олардың арасында дифракциялық құбылыс та бар)
және оптикалық аспаптардың ажыратқыштық мүмкіндіктеріне әсерін тигізетін
мәселелерді қарастырмайды.
Жарық сәулелердің тәуелсіз таралуы туралы түсінік ежелгі замандарда-ақ пай-
да болған. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда ғұмыр кешкен ежелгі грек
ғалымы
Евклид (б.з.б. 330 – 275) жарық сәуленің түзу сызықты таралуы және жарық
сәуленің айналық шағылысуы туралы заңдарды тұжырымдаған. ХVІІ ғасырда
бірқатар оптикалық құралдардың (
көру түтігінің, телескоптың, микроскоптың,
т.б.) жасалуы және олардың кең қолданылуы нәтижесінде геометриялық оптика
қарқынды дамытылды. 1620 жылы голланд математигі Виллеброрд
Снеллиус
(Снелль) (1580 – 1626) және француз ғалымы Рене
Декарт (1596 – 1650) жарық
сәуленің екі ортаның шекарасындағы тәртібін сипаттайтын (
сынудың Снеллиус
заңы) заңын тәжірибе жүзінде айғақтаған. Геометриялық оптиканың теориялық
негізін ХVІІ ғасырдың ортасына қарай француз математигі Пьер
Ферма (1601–
1665) геометриялық оптиканың негізгі принципін тұжырымдаған. Бұрынырақ
ашылған жарықтың түзу сызықты таралу, айналық шағылысу және сыну заңдары
Ферма принципінің салдарлары болды. ХVІІІ ғасырдан бастап геометриялық
оптика – оптикалық жүйелердің есептеу әдісінің қолданбалық ғылымы ретінде
дамытылды. Классикалық электрдинамика тұжырымдалған соң геометриялық
оптиканың формулалары Максвелл теңдеулерінен шекті жағдай ретінде қорытылып
шығарылатын болды. Оптикалық көптеген құрылғылардың есеп-қисаптары қазіргі
кезге дейін геометриялық оптикаға негізделген.
ГЕОФОН (грекше «гео – Жер» +
«фоно – дыбыс») – жер қыртысының
беткі қабаттарында таралатын дыбыстық
толқындарды қабылдағыш құрылғы;
сейсмикалық барлауда пайдаланылады.
ГЕРЦ (Гц, Нz) – Халықаралық
бірліктер жүйесі мен СГС бірліктер
жүйесінің жиілік бірлігі. Неміс физигі
Генрих
Герцтің (1857 – 1894) құрметіне
аталған. 1 Гц – 1 секундта үрдістің
бір циклі орындалатын периодты (жиі
Жарықтың шағылысу заңы бойынша түсу
бұрышы (a) шағылысу бұрышына ( β ) тең,
яғни a = β .
201
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
200
201
Г
107
∑
қайталанатын) үрдістің жиілігі. 1 кило-
герц = 1000 Гц = 10
3
Гц, 1 мегагерц =
1000000 Гц = 10
6
Гц.
ГЕРЦ ДипольІ (грекше «ди(е) –
екі рет» + «полос – полюс») – радио-
толқындар таратқыш. 1888 жылы неміс
физигі Генрих
Герц (1857 – 1894)
ұсынған, бұл тетік электрмагниттік
толқындардың болатынын дәлелдеген.
Герц дипольі орта шенінде ұшқындық
аралығы бар мыс өткізгіштердің ұш-
тарында металл шарлар немесе жолақтар орнатылған электр тізбегін
индукция-
лық машинаға жалғаған. Герц пайдаланған вибраторлардың ұзындығы l = 26 см
болған, мұндағы тербеліс жиілігі ν=5·10
8
Гц (бұл λ = 60 см толқын ұзындығы).
ГЕТЕРО... (грекше «гетерос – өзге, басқа») – күрделі сөздің «басқа», «өзге»,
«әртүрлі» деген мағына беретін алғашқы қосымшасы.
ГЕТЕРОАУЫСУ – химиялық құрамы бойынша әртүрлі екі жартылай
өткізгіштердің жанасуы. Әдетте, жартылайөткізгіштердің бөліну шекарасында
тыйым салынған жолақтың ені, заряд тасушылардың қозғалғыштығы, олардың
эффектілік массалары және басқа сипаттамалары өзгереді. «Күрт» гетероауысу-
да қасиеттер өзгерістері көлемдік заряд аймағының енімен салыстырғанда оған
қарайлас немесе одан кем қашықтықта жүзеге асады. Гетероауысу бір монокрис-
талды (газ фазалы) эпитаксиялық әдіс бойынша өзге кристалға өсіру негізінде
жүзеге асырылады. Легирлеуге (қоспа қосқанда) тәуелді түрде гетероауысудың екі
жағын р – n = гетероауысуды (анизотипті) және n – n – гетероауысу немесе р – р –
гетероауысуды (изотипті) жасауға болады. Әртүрлі гетероауысу мен моноауысулар
комбинациясы гетероқұрылымдарды құрайды. Бұл ауысулар жартылайөткізгіштік
лазерлерде, жарық таратқыш диодтарда, фотоэлементтерде, оптрондарда пайда-
ланылады.
ГЕТЕРОГЕНДІ ЖҮЙЕ (грекше «гетерогенес – әртекті») – бөліктерінің
(фазаларының) физикалық қасиеттері немесе химиялық құрамы бойынша әртүрлі
болатын біртексіз термодинамикалық жүйе. Бұл жүйенің көршілес фазалары бір-
бірінен бөлу беттерімен ажыратылған, осы беттерде жүйенің бір немесе бірнеше
қасиеттері (құрамдары, тығыздығы, кристалдық құрылымы, электрлік немесе
магниттік моменттері, т.б.) секірісті түрде өзгереді. Мысалы, гетерогенді жүйе:
су және оның бетіндегі бу (екі агрегаттық күйдегі су), көмір және алмас (бір
Бұл сызбада жарықтың сыну заңы бейне-
ленген
Достарыңызбен бөлісу: |