АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет84/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   274

195

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

194

195


Г

107



ГАНН ЭФФЕКТІСІ – жартылайөткізгіште N тәрізді вольт-амперлік сипат-



тамалы жоғары жиілікті электр тогы тербелістерінің тууы. Бұл эффектіні 1963 ж. 

американ физигі Джон 



Ганн (1928 – 2.12.2008) айғақтаған.

Бұл


 эффекті өткізгіштік зонасы бір төменгі алапты және бірнеше жоғарғы алапта 

құралған екі алапты жартылайөткізгіштерден байқалады. Мұндағы алап өткізгіштік 

зонадағы минимум энергиялы аймақтың әрбір минимумының қасындағы аймақ. 

Жоғарғы алаптағы электрондардың жылжымалығы төменгі алаптағыдан едәуір кем 

болады. Электрондар күшті электр өрістерінде (Е)  қызады, осы электрондардың 

бір бөлігі төменгі алаптан жоғарғы алапқа ауысады, нәтижесінде электрондардың 

орташа жылжымалылығы, яғни электрөткізгіштігі төмендейді. Осы жайт Е>Е

1

 

өрістерінде электр өрісінің кернеулігі артқанда ток тығыздығының кемуіне әкеп 



соғады.

Ганн эффектісі үлгіде 



Ганн домені деп аталатын күшті электр өрісінің аймағы 

периодты түрде пайда болып, әлгі өрісте орын ауыстыруына (қозғалады) және 

жойылуына байланысты туындайды.

ГАРМОНИКА  (грекше  «гармо-

никос  –  тәртіптелген,  өлшемдес»)  – 

күрделі тербелістердің негізгі жиілігіне 

еселі тербелістер. Тербелмелі жүйенің 

өздік жиіліктерінің біреуі.

ГАРМОНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІС- 

ТЕР  –  физикалық  (немесе  кез  кел-

ген  басқа)  шамалардың  уақыттың 

өтуіне  байланысты  синусоидалық 

заң  (х = Аsin(ωt+φ)  бойынша  өзге- 

ретін  тербелістер.  Формуладағы  х  –  

тербелетін  шаманың  дәл  осы  уақыт 

(t)  сәтіндегі  мәні  (механикалық  гар- 

моникалық тербелістер үшін, мысалы, 

ығысу немесе жылдамдық, электрлік 

тербелістер  үшін  –  кернеу  немесе 

ток  күші), А  –  тербелістер  амплиту-

дасы,  ω  –  тербелістердің  бұрыштық 

жиілігі, (ωt+φ) – тербелістер фазасы, 

φ – тербелістердің бастапқы фазасы.

Бүкіл  периодты  қозғалыстар  кинетикалық 

және  потенциалдық  энергиялардың  үздіксіз 

өзара  түрленуімен  қабаттасады  (А).  Гар- 

мониялық  қозғалыс  –  синусоидамен  сипат-

талатын  периодты  қозғалыстардың  бірі 

(Б). Шеңбері бойынша N нүктесі қозғалатын 

дөңгелектің  диаметріндегі  р  нүктесінің 

ығысуы –  қарапайым гармониялық қозғалыс- 

тың  мысалы.  Серіппедегі  жүктің  (В)  қозға- 

лысы  сызықтық  гармониялық  қозғалыс,  ал 

маятниктің  (Г)  тербелісі  –    бұрыштық  гар- 

мониялық қозғалыс болып табылады.



Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



196

197


Радиоактивті  сәулені  анықтауға  қолданыла- 

тын Гейгер санауышы (А). Камера (1) төменгі  

қысымды  неонмен  (Б)  толтырылған.  Камера- 

дағы  неонның  атомдары  радиоактивті  бөл- 

шектер түскенде иондалады да оң иондар пай- 

да  болады.  Электр  өрісі  (2)  зарядталған  бөл- 

шектерді  үдетеді,  бұлар  неонның  (Г)  өзге 

атомдарымен соқтығысып жаңа зарядталған 

бөлшектер тудырады

Гармоникалық тербелістер барлық тербелістер арасында ерекше орын ала-

ды, оның себебі бұл тербеліс кез келген сызықтық жүйеден өткен кезде пішінін 

өзгертпейтін (бұзбайтын) бірден-бір тербеліс болып табылады. Сонымен қатар 

кез келген гармоникалық емес тербелістерді әртүрлі гармоникалық тербелістердің 

«қосындысы» ретінде өрнектеп көрсетуге болады.



ГАУСС (Гс, Gs) – СГС және СГСМ бірліктер жүйесіндегі (симметриялы не-

месе Гаусстық) магниттік индукцияның бірлігі. Неміс математигі Карл 



Гаусстың 

(1777–1855) құрметіне аталған. 1 Гс = 10

-4

 тесла (Тл).



ГЕЙГЕР-МЮЛЛЕР  САНАУЫШЫ  –  аспап  көлемінен  зарядталған 

бөлшектердің  [радиактивті  және  басқа  иондауыш  бөлшектердің  (α-  және 



β-бөлшектердің), γ-кванттардың, жарық және рентгендік кванттардың, ғарыштық 

сәулелер  бөлшектерінің]  өтуі  кезінде  іске  қосылатын  газразрядты  детектор

Сигналдың  шамасы  (ток  импульсі)  бөлшектердің  энергиясына  тәуелді  емес 

(аспап дербес разрядталу бойынша жұмыс істейді). Бұл санауышты 1908 жылы 

неміс физигі Ханс 

Гейгер (1882–1945) және ағылшын физигі Эрнест Резерфорд 

(1871 – 1937) ойлап тапқан, 1928 жылы Гейгер неміс физигі Вильгельм 



Мюл-

лермен (1905 – 1979) біріге отырып, 

жетілдірген. Гейгер-Мюллер санауы-

шы герметикалық резервуар түрінде 

(әйнек түтік, екі ұшы дәнекерленген) 

жасалған, ішіне 13–26 кПа қысымды 

газ  толтырылған.  Аспаптың  әйнек 

түтігінің ішкі бетіне жұқа мыс қабатты 

цилиндр  жапсырылған  (сұлба). 

Баллонның  осі  бойынша  керілген 

жіңішке металл сым (4) цилиндрмен 

(2) бірге конденсатор ретінде пайда-

ланылады. Металл сым үлкен кедергі 

арқылы  ток  көзінің  оң  полюсіне 

(4),  ал  цилиндр  теріс  полюсіне  (3) 

жалғанған.  Резервуардың  өзегіне 

орнатылған  өткізгіш  бар  (сыртқы 

цилиндр  –  катод,  керілген  жіңішке 

металл  өткізгіш  анод  болады),  ка-

тод пен анодқа бірнеше жүздеген В 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау