АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет83/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   274

Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



192

193


олардың қоспа тұздарының балқымалары, сулы немесе сусыз ерітінділер) шығатын 

металдардың оң зарядын, иондарын электролит арқылы тұрақты ток жіберілгенде 

катодқа (катод ретіндегі бұйымға немесе матрицаға) шөктірілуі негізінде жүзеге 

асырылады. Гальванитехника тәсілінің гальванипластика саласын 1838 жылы орыс 

физигі Борис 

Якоби (1801 – 1874) ойлап тапқан.

ГАММА (γ) – 1) магниттік өрістің кернеулігінің Эрстедтің жүз мыңдық үлесіне 

тең бірлігі: 1γ = 10

–5

 Э = 7,95775·10



–4

 А/м.  2) Массаның сирек қолданылатын 

бірлігі: 1γ = 10

–9 


кг = 10

–6

 г.



ГАММА-КВАНТ (γ) – жоғары энергиялы фотон (әдетте 100 кэВ-тан жоғары). 

Гамма-квант қарапайым бөлшектердің кейбір түрлендірулерінде мысалы, атом 

ядроларындағы кванттық ауысулары кезінде жоғары энергиялы электрондардың 

тежеулік және синхротрондық сәулелерінде пайда болады.



ГАММА-ЛАЗЕР – γ-диапазондағы когерентті электрмагниттік сәуле шығару 

көзі. Көбінесе қысқаша түрде «гразер» немесе «газер» деп те аталады, бұл атау 

ағылшынша  «Gamma  Ray Amplitication  by  Stimulated  Emission  of  Radiotion» 

(«Еріксіз сәуле шығару арқылы γ-сәуле шығаруды күшейту») деген сөйлемнің бас 

әріптерінен қысқартылған атау. Әзірше еріксіз сәуле шығару γ-диапазонда жүзеге 

асырылмаған. Рентгендік және γ-диапазондарда еріксіз сәуле шығару рентгендік 

құрылымдық талдауда, ядролық физикада (ядролық реакциялардың өтуіне әсер 

ету) жаңа әдістер ашпақшы. Гамма-лазер идеясы оптикалық лазердің шығуына, 



Мессбауэр эффектісінің ашылуына байланысты пайда болған. Бұл идеяны алғаш 

рет 1961 жылы көтерген ғалым Л.А.



Ривлин болды.

ГАММА-СӘУЛЕ  –  қысқа  толқынды  электрмагниттік  сәуле  шығару 

(толқын ұзындығы λ≤10

–8

 м). Өте қысқа 



толқында  гамма-сәуленің  толқындық 

қасиеті әлсіз байқалады. Бірінші орынға 

корпускулалық қасиеті шығады. Гамма-

сәулелер энергиясы 

ࣟ 

γ=ħω (ω – сәуле 



шығару жиілігі) және импульсі р= ħω/c 

фотондар секілді гамма-кванттардың 

ағыны болып табылады.

γ-кванттар  құраушы  ядролар  қоз- 

дырылған күйлерде болатын жағдай- 

лардағы  радиоактивті  ыдыраулармен 

қабаттаса шығарылады. Ядро жоғары 

энергиялы деңгейден төменгі деңгейлер 

a

-, β - және гамма-сәулелерінің магнит өрісінде 



ауытқуы.


193

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

192

193


Г

107

арасындағы ауысулардың Энергия деңгейлерінің айырымына тең болатын  ауысу-



лар кезінде γ-кванттар шығарылады. Қоздырылған күйлердегі ядролардың «өмір 

сүру» уақыты осы күйдегі және γ-кванттар шығаратын ауысулардың болуы мүмкін 

болатын төменгі деңгейдің қасиеттерімен (спинімен, жұптылығымен, энергиясы-

мен) анықталады.

γ-активті ядроның «өмір сүру» уақыты олардың энергиясының кемуіне  байла-

нысты және ядроның бастапқы және соңғы күйлерінің спиндерінің айырымының 

артуына орай кенеттен артатын болады. Осының салдарынан ядроның негізгі 

күйімен қатар оның метатұрақты қоздырылған (изомерлік) күйі салыстырмалы 

түрде ұзақ (кейде жылдар бойы) уақыт сақталатын болады. Ядроның радиоактивті 

ыдырауы кезінде әдетте γ-кванттардың энергиясы ( 

ࣟ 

γ) 10 кэВ-тан 5 МэВ-қа дейін 



байқалады. Жоғары энергиялы гамма-кванттар қарапайым бөлшектердің ыдырауы 

кезінде пайда болады. Бейтарап тыныштықтағы пи-мезон ыдырағанда ~70 МэВ 

энергиялы гамма-сәуле шығады.

Шапшаң электрондардың зат арқылы өтуі кезінде туындайтын гамма-cәуле 

ядроның кулондық өрісінде тежелуінің салдары болып табылады. Үдеткіштердегі 

зарядты  бөлшектер  тежеуіштік  гамма-сәуле  шығарады  (максимал  энергиясы 

бірнеше ондаған ГэВ болады). Гамма-сәуленің өтімділігі жоғары. Гамма-сәуленің 

затпен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын үрдістер: фотоэффект, Комптон 



эффектісі  және  электро  жұбының  –  позитронның  пайда  болуы.  Фотоэффект 

кезінде  атомның  электрондарының  бірі  γ-кванты  жұтады,  γ-квант  энергиясы 

электронның кинетикалық энергиясына түрленеді.

γ-кванттар ядролық реакцияларда және радиоактивті ыдырау, сонымен қатар 

шапшаң қозғалатын зарядты бөлшектердің затпен өзараәсерлесуі кезінде таратыла-

ды. Бұл сәуле ғарыштық сәулелер құрамында да кездеседі. Гамма-сәуле ядролардың 

және қарапайым бөлшектердің қасиеттерін зерттеу кезінде, ауыр әрі үлкен көлемді 

құймаларды және балқытылып біріктірілген жапсырларды сәулелеп тексеретін 



дефектоскопияда

сәулелік терапия мақсатында медицинада, пластмассалар-

ды полимерлеу үшін радиациялық химияда т.б. қолданылады. Гамма-сәулелер 

радиациялық беріктілігі төмен электрондық аспаптарды істен шығаруы немесе 

олардың жұмысын бұзуы мүмкін.



ГАММА-СПЕКТРМЕТР (латынша «спектрум – көрінетін, көріну» + «метр – 

өлшеуіш») – гамма-сәулелердің кванттық энергиясын және оның қарқындылығын 

(1 секундтағы γ-кванттарының санын) өлшеуге арналған аспап. Көпшілік гамма-

спектрметрлерде γ-кванттардың энергиясы – γ-сәуленің заттармен өзара әсерлесуі 

нәтижесінде пайда болатын зарядталған бөлшектердің энергиялары бойынша 



Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



194

195


Магниттік γ-спектрметрдің сұлбалық көрінісі. Су- 

рет  жазықтығына  перпендикуляр  бағытталған 

магниттік өрістегі (Н) радиустары электрондар 

мен өріс (Н) энергияларымен анықталатын шең- 

бер  бойынша  қозғалатын  екінші  реттік  элек- 

трондар.  Өріс  өзгерген  кезде  детектор  әртүрлі 

энергиялы электрондарды тіркейді.  Қорғасыннан 

жасалған қорғаныш штрихталып көрсетілген.

анықталады.  Гамма-спектрметрдің 

тиімділігі  мен  ажыратқыштық  қа- 

сиеттері негізгі сипаттамалар болып 

табылады.  Тиімділігі  екінші  ретті 

бөлшектердің пайда болу және оны 

тіркеу  мүмкіндігімен  анықталады. 

Ажыратқыштық қасиеті энергияла-

ры бойынша жақын γ-сызықтарды 

ажырату  мүмкіндігін  сипаттай-

ды.  Монохроматты  γ-сәулені  өл- 

шеу  кезінде  белгілі  болатын  сы- 

зықтардың  салыстырмалы  ені 

ажыратқыштық  қасиеттің  өлшеуі- 

ші болады, бұл өлшеуіш сан жүзінде 

Δ

ࣟ 



/

ࣟ 

  қатынасымен  анықталады, 



мұндағы Δ

ࣟ 

 – сызықтардың ені, 



ࣟ 

 –  


екінші  реттік  бөлшектердің  энер-

гиясы.


Магниттік гамма-спектрметрдің 

сұлбасындағы радиаторда γ-квант жұтылғанда электрондар немесе позитрон- 



дар  пайда  болады;  бұлардың  энергиясы  магниттік  бета-спектрметрдегідей 

өлшенеді. Радиаторда Комптон эффектісінің нәтижесінде атомдық нөмері (Z) 

кіші заттардан электрондар пайда болады, егер γ-кванттар энергиясы аз болса, 

онда радиаторда фотоэффект салдарынан атомдық нөмірі (Z) үлкен заттардан 

электрондар түзіледі. Энергиясы ħω = 1,02 МэВ-ке тең болғанда электрон-по-

зитрон жұбының пайда болуы мүмкін. Электрон мен позитронның қосынды 

энергиясы γ-квант энергиясын анықтауға мүмкіндік тудырады.



ГАММА-СПЕКТРСКОПИЯ  (спектр  +  грекше  «скопе  –  қарапайым»)  – 

спектроскопияның гамма-сәуленің спектрлерін және гамма-ыдырау кезіндегі атом 

ядроларының қасиеттерін зерттейтін саласы. Гамма-сәуленің спектрін өлшейтін 

аспап гамма-спектрметр деп аталған.



ГАММА-ЫДЫРАУ – гамма-сәуле пайда болатын ядролық үрдіс (процесс).

ГАММА-ЭКВИВАЛЕНТ  (латынша  «эквиваленс  –  бірдей  мәнді,  бірдей 

бағалы») – нүктелік радийлік радиоактивті көздің берілген радиоактивті көздің, 

берілген қашықтықта шығаратын дозасының қуатындай қуат шығаратын шартты 

массасы.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау