АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет81/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   274

187

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

186

187


Г

107

параметрлері әрқилы. Олар газдың құрамы мен қысымына, разрядтық ара- 



лықтың  геометриялық  сипаттамаларына,  түсірілетін  (яғни  ықпал  ететін) 

кернеу шамалары мен жиіліктеріне тәуелді. Толығырақ газдардағы электр 



разрядтары деген мақаладан таныса аласыз.

ГАЗ ТҰРАҚТЫСЫ (R) – 1 моль идеал газ күйінің теңдеуіне енетін әмбебап 

физикалық  тұрақты  шама:  рυ=RT,  мұндағы  р  –  қысым,  υ  –  моль  көлемі,  Т  – 

абсолюттік  температура,  Газ  тұрақтысының  физикалық  мағынасы  –  тұрақты 

қысым түсіп тұрған 1 моль идеал газдың 1 К температураға қыздырылуы кезінде 

көлемді ұлғайту жұмысына тең. Екінші жағынан газ тұрақтысы – тұрақты қысым 

және  тұрақты  көлем  кезіндегі  молярлық  жылусыйымдылықтың  айырымы:  

с

р

  –  с



v

 = R  (асасиретілген  газдар  үшін).  Газ  тұрақтысының  Халықаралық 

бірліктер жүйесіндегі сан мәндері: 8,31441 (26) Дж/моль·К). Өзге бірліктерде  

R=8,314∙10

–7

эрг/(моль∙К)=1,9872кал/(моль∙К)=82,057 см



3

·атм/(моль·К).



ГАЛ (гал, Gal) – бірліктердің СГС жүйесіндегі үдеудің өлшеу бірлігі. Ол грави-

метрияда қолданылады. Гал атауы Галилео 



Галилейдің (1564 – 1642) құрметіне 

аталған. 1 гал = 1 см/сек

2

. Галдың үлестік бірлігі миллигал (1 мгал = 10



–5

 гал = 10

–5

 

м/сек



2

) да қолданылады.



ГАЛИЛЕЙДІҢ  САЛЫСТЫРМАЛЫҚ  ПРИНЦИПІ  –  классикалық 

механикадағы инерциялық санақ жүйелері заңдарының барлық инерциялық санақ 

жүйесінде бірдей болатыны туралы физикалық теңдік принципі. Осы принцип 

бойынша кез келген инерциялық санақ жүйесінің тыныштықта немесе бірқалыпты 

және түзу сызықты қозғалыста болатынын ешқандай механикалық тәжірибемен 

анықтау мүмкін емес. Осы жайтты 1636 ж. итальян физигі әрі астрономы Галилео 



Галилей (1564 – 1642) тұжырымдаған.

Материалдық  нүктенің  қозғалы- 

сының  қалпы,  жылдамдығы,  траек- 

ториясының түрі салыстырмалы түрде 

қандай  инерциялық  санақ  жүйесіне 

қатысты  қарастырылатынына  тәуелді  

болады.  Солай  бола  тұрса  да,  клас- 

сикалық  механиканың  заңдары  бү- 

кіл  инерциялық  санақ  жүйесіне  ор- 

тақ.  Механикалық  қозғалыстың  са- 

лыстырмалылығы  және  әртүрлі  инер- 

циялық санақ жүйесі заңдарының бір- 

дейлігі  Галилейдің  салыстырмалық 



L´ инерциялық санақ жүйесі өзге бір L инер- 

циялық санақ жүйесіне қатысты тұрақты U 

жылдамдықпен х осінің бағытымен қозғалған. 

Координаттар  осі  уақыттың  бастапқы 

сәтінде (t=0) екі жүйедегі координаттар осі 

сәйкес болатындай таңдалған.


Г

107

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ



188

189


принципінің маңызы болады. Галилейдің осы принципі математикалық тұрғыда 

қозғалмалы нүктелер координаттарының бір инерциялық санақ жүйесінен екінші 

инерциялық санақ жүйесіне ауысуы кезінде механика теңдеулерінің қозғалыстағы 

нүкте координаттарының түрлендірулеріне қатысты механиканың теңдеулерінің 



инварианттылығын өрнектейді.

Бұл 


Галилей  түрлендіруі  деп  аталған. 

Классикалық механикада материалдық нүктенің 

қозғалысы  Ньютонның  екінші  заңымен 

анықталады: Ғ = ma, мұндағы Ғ – нүктеге әсер 

ететін барлық күштердің тең әсерлі күші, m – дене 

массасы, а – үдеу. Сонымен бірге күш (және мас-

са) инвариантты (санақтың бір жүйесінен екінші 

жүйесіне  ауысқанда  тұрақты  болады)  болып 

табылады. Сондықтан, Галилейдің түрлендіруі 

кезінде  Ғ = ma  теңдеуі  өзгермейді.  Яғни,  бұл 



Галилейдің  салыстырмалық  принципінің 

математикалық  өрнегі  болады.  Галилейдің 

принципі жарық сәуленің таралу жылдамдығынан 

әлдеқайда  баяу  қозғалыстағы  жағдайдағы  де-

нелер үшін тура болады. v ~ с болған жағдайда 

(яғни  дене  қозғалысы  жарық  сәуленің  таралу 

жылдамдығына  қарайлас  болған  жағдайда)  Лоренц  түрлендіруімен  алмас- 

тырылады.

ГАЛО  (грекше  «һалос  –  дөңгелек»)  –  Күннің  немесе  Айдың  дискісінің 

төңірегінде пайда болатын жарық сақина. Бұл сақина атмосферадағы 



оптикалық 

құбылыстардың бірі. Гало кейдешеңбер, бірнеше доға немесе жарқырауық крест 

(айқасқан) түрінде байқалады. Халық арасында 



Күн мен Айдың құлақтануы 

деп аталатын құбылыс та осы галоның бір түрі. Гало ұсақ 



мұз кристалдарынан 

құралған қауырсын тәрізді ақшыл түсті бұлтты немесе басқадай 



бұлтты күндер 

мен түндерде байқалады. Аязды күні ауада мұздың 

ұсақ кристалдары болса, галоның пайда болуы әбден 

мүмкін.  Гало 

жарықтың  мұз  кристалдарынан 

өтуі кезінде сыну және кристалдардың қырларынан 

шағылысу құбылыстарына ұшырауының нәтижесінде 

пайда болады. Жарықтың сынуы галоға сәл ғана түрлі 

түсті рең береді. Жарықтың шағылысуы кезінде гало 



Галилей түрлендірулері


189

ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ

188

189


Г

107

ақшыл  түске  енеді,  осы  түс  Күннің 



(немесе  Айдың)  дискісінің  түсімен 

үйлесетін болады.

Мұздың ұсақ кристалдары көптеген 

бұлттарда  кездеседі.  Солай  бола 

тұрса  да  гало  сирек  пайда  болады. 

Мұның  себебі  –  бұлттардағы  мұз 

кристалдарының пішіндерінің – дұрыс пішіндер болмауында. Галоның пайда 

болуы үшін мұз кристалдарының дұрыс пішінді болуы қажет, кристалдардың 



алты қырлы призма болуы және кейбір жағдайларда әлгі призмалардың екі 

ұшы  алтыбұрышты  пластинкалы  болуы 

шарт. Галоның симметриялы болып көрінуі мұз 

кристалдарының дұрыс пішінді болуына тәуелді. 

Гало мен кемпірқосақтың пайда болу табиғаты 

жөнінен бір-біріне «туыстас». Кемпірқосақтың жарық сәулесінің жаңбыр тамшы-

ларынан сыну және



 шашыратылу құбылыстарына ұшырауы нәтижесінде пайда 

болса, галоның пайда болуы 



жарықтың 

бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы 

мен  шағылысуына  байланысты  туа-

ды. Бақылаушы



 кемпірқосақты Күнге 

Көлденең  (көкжиектік)  шеңбер  тудыратын 

кристалдар пішіні.

Жарық  бағандарының  пайда  болуы:  а  –  Күннің 

астындағы; б – Күннің үстіндегі бағандар

Мұз  кристалындағы  жарық  сәу- 

ленің жолы

Күннің  (Айдың)  құлақтануы  (гало)  пайда 

болатын  мұз  кристалдарының  түрлері: 

а – алты қырлы призма; б – алты қырлы 

пластинка

Аспан  күмбезіндегі  әрқилы  гало  құбылыста- 

рының орналасуы. S – Күн; Z – зенит; G және 

G' – сәулелік доғалардың жанамалары


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау