АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет63/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   274

БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ

142


143

Б

86



БЕТТІК ЭНЕРГИЯ – екі фазадағы молекулааралық өзараәсерлесулердің фаза 

айырмашылықтарының (денедегі заттар энергиясымен салыстырғанда) болуы 

себепті ажыратылу шекарасындағы беттік қабаттың артық энергиясы. Ажыра-

тылу бетінің артуы кезінде, яғни (атомдар) молекулаларын беттік қабатқа ауыстыру 

кезінде ажыратылу шекарасында молекулааралық өзараәсерлесу күшінің меншікті 

еркін беттік энергиясына (ν) тең есесі қайтарылмаған күшке қарсы жұмыс жаса-

лады (сұйық беттер үшін бұл энергия беттік керілуге пара-пар). 

Беттік еркін энергия Т артқанда сызықтық тәуелділік бойынша кемитін болады, 

толық беттік энергия температуралық инвариант (өзгермейтін) болып табылады, 

бірақ полярланған сұйықтар үшін әлгі энергия диссоциация (ыдырау) есебінен біраз 

артады. Кризистік температура Т

кр

 маңайында көршілес көлемдік фазалардың 



қасиеттерінің айырмашылығы беттік еркін энергия температурасы мен кризистік 

температура өзара тең болған кезде жойылатын болады. 



БИО ЗАҢЫ – табиғи оптикалық активтілігі болатын кристалл емес заттар 

(активті  емес  сұйықтар  немесе  ерітінділер)  қабаты  арқылы  өтетін  сызықтық 

полярланған жарық сәуленің полярлану жазықтығының айналу бұрышы (φ-ді) 

анықтайды: φ = [α], мұндағы l – зат қабатының қалыңдығы, с – сұйық (ерітінді) 

шоғырлану қоюлығы, [α] – айналу тұрақтысы. Бұл заңды 1815 ж. француз физигі 

Жан 


Био (1774 – 1862) ашқан. Био заңы φ бұрыштың жарық сәуле жолындағы 

молекулалардың оптикалық активтілік санына пропорцияналдығын өрнектейді. 



БИОЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ (грекше «био... – өмір...» + латынша «люмен –  

жарық + «есцент – әлсіз әсер»)



 – организмдердің «өмір сүру» үрдістеріне байла- 

нысты  олардан  байқалатын  люминесценция.  Бактериялардан,  зеңдерден, 

қарапайымдардан,  жәндіктерден,  балықтардан  байқалады.  Хемилюминесцен-

ция  биолюминесценцияның  дербес  жағдайы  болып  табылады.  Люцефераз 

ферменттерінің қатысуымен ауаның оттегімен арнайы 

люцефириндік заттардың тотықтандырылуы кезінде 

пайда болады. Тотықтану кезінде бөлінетін энергия 

есебінен  люцефирин  молекулаларының  бір  бөлігі 

.......: 1 – ??????????; 2 – ??????????; 3 – ????????; 



Б

86

БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ



144

145


қозған күйге көшеді, олар негізгі күйге ауысқанда қарқынды сәуле шығарады – 

флуоресценцияланады.



БИПРИЗМА (латын-

ша  «би  –  екі»  +  грекше 

«призма – сөзбе-сөз «ке- 

сілген») – сәулені сынды-

ру бұрышы аз, тұғырлары 

өзара  біріктірілген  қос  

призма. Бипризма нүкте- 

лік жарық көзінен тарал- 

ған  жарықты  когерентті 

екі жарық шоғына ажыратып тарататын аспап.



БИО-САВАР ЗАҢЫ, электр тогы тудыратын магнит өрісі кернеулігін анықтайды, 

бұл заңды 1820 ж. француз физиктері Жан 



Био (1774 – 1862) мен Феликс Савар (1791 – 

1841) тәжірибе жүзінде ашқан, ал Пьер 



Лаплас (1749 – 1827) осы заңды жал-

пылама түрде тұжырымдаған. Сол себепті кейде Био-Савар-Лаплас заңы деп те 

аталады. Бұл заң бойынша, бойымен электр тогы (ток күші – І) өтетін өткізгіш Δl 

кесіндісінің (сызба) өзінен r қашықта орналасқан М нүктесіндегі магнит өрісінің 

кернеулігі мына өрнекпен анықталады: ΔН 

ൌ ݇


І ൉ Δ൉ ݏ ݅ ݊ Ԃ

ݎ



 , мұндағы 

Ԃ 

 – өткізгіш 



кесіндісіндегі (Δl) ток бағыты мен М нүктесінен Δl кесіндісіне жүргізілген r 

радиус-векторының арасындағы бұрыш, k – бірліктер жүйесінің таңдап алыну-

ына тәуелді анықталатын пропорционалдық коэффициент. СГС жүйесінде k=1/с

мұндағы с=3·10

10

 см/сек – жарықтың вакуумдағы жылдамдығы, СИ жүйесінде 



k=1/4 π. 

Магнит  өрісінің  кернеулігі  (ΔН) Δl  мен  r  жатқан  Р  жазықтығына  перпен-

дикуляр болады және оның бағыты 

бұранда ережесімен анықталады: егерде 

бұранда тұтқасы Δl-ден r-ге қарай айналдырылса, онда бұранданың ілгерілемелі 

қозғалысының бағыты ΔН-ның бағытына сәйкес болады. 

Био-Савар  заңын  магнит  индукциясын  (ΔВ)  анықтайтын  заң  ретінде  де 

қарастыруға болады. Ол үшін СГС жүйесінде ΔН-ты анықтайтын өрнекті ортаның 

магниттік өтімділігіне (μ), яғни ΔВ=μΔН, ал СИ жүйесінде ΔН өрнегін ортаның 

магниттік өтімділігімен қатар вакуумның магниттік өтімділігіне (μ

о

=4π·10



–7

 Гн/м) 


де көбейту керек, яғни ΔВ=μμ

о

ΔН



БЛОХ  ЗАҢЫ,  3/2  заңы  –  ферромагнетиктердің  өздігінен  магниттелуінің 

(J

s



) температураға (Т) [Кюри нүктесінен (Ө) едәуір төменгі температура үшін] 

Әйнектен жасалған бипризма жарық көзін екі жарық шоғына 

ажыратады,  нәтижесінде  жарықтық  интерференциалдық 

жолақтар түзіледі.


БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ

144


145

Б

86

тәуелділігін анықтайтын заң. Мұны 1930 ж. американ физигі Феликс 



Блох (1905 – 

1983) теория жүзінде анықтаған. 



БОЗЕ-ГАЗЫ – спині нөл немесе бүтін санды микробөлшектерден құралған, 

Бозе-Эйнштейн  статикасына  бағынышты  кванттық  газ;  Бозе-газына,  мыса- 

лы, 


4

Не (гелий 4) атомында жұп санды нуклондар және фотондар газы (электр- 

магниттік өрістер кванттары) және бірқатар квазибөлшектер, мысалы, фонон-

дар  (кристалдық  тордың  қарапайым  қоздырушылары).  Өзараәсерлеспейтін 

бөлшектердің Бозе-газы  – 

идеал газ деп аталған. Үнді физигі Чандра Бозенің 

(1858 – 1937) есімімен аталған. 



БОЗЕ-СҰЙЫҒЫ – қарапайым қоздырылуы (квазибөлшектердің) спині нөл 

немес бүтін сан болатын, Бозе-Эйнштейн статикасына бағынышты кванттық 



сұйық. Бозе-сұйықтығына, мысалы, төменгі температурада асқынаққыштық күйге 

ауыса алатын арнайы кванттық қасиет тән сұйық 

4

Не жатады. Басқа мысал – пайда 



болуы асқынөткізгіштікке әкеп соғатын электрондардың куперлік жұбы болатын 

сұйық жатады.



БОЗЕ  –  ЭЙНШТЕЙН  СТАТИКАСЫ    –  спині  нөл  немесе  бүтін  санды 

 (0,1,2,... h бірлігімен) бөлшектер жүйесіне қолданылатын кванттық статика. 1924 ж. 

үнді физигі Шатьендранат 

Бозе (1894 – 1974) жарық кванты – фотондар үшін 

ұсынған, мұны сол ж. Альберт 



Эйнштейн (1879 – 1955) идеал газ молекулала-

рына қолдану үшін дамытқан. Бұл статиканың ерекшелік сипаттамасына сәйкес 



бір кванттық күйде кез келген санды бөлшектер бола алады. Осы статикаға 

жұп нуклондары болатын ядролар, фонондарпи-мезондарбозондар бағынышты. 

Спині бүтіннің жартсына тең бөлшектер жүйесі (электрондарнуклондар, тақ 

санды нуклондары болатын ядролар, фермиондар



Ферми – Дирак статикасына 

бағынышты. Осы статиканың ерекшелігі әрбір кванттық күйде бір бөлшектен 

артық бөлшек бола алмайды. 

БОЗОН,  Бозе-бөлшек  –  спині  нөл  немесе  бүтін  санды  бөлшек  немесе 

квазибөлшек.  Бозе-Эйнштейн  статикасына  бағынышты.  Бозонға  фотондар 

(спині 1), гравитондар (спині 2), мезондар және бозондық резонанстар, жұп сан-

ды фермиондардан құралған құрама бөлшектер (спині бүтіннің жартысына тең), 

мысалы, қосынды саны жұп протондар мен нейтрондардан (дейтрон

4

Не ядросы 



т.б.) құралған атом ядросы, газ молекулалары, осылармен бірге қатты денелердегі 

фонондар және сұйық 

4

Не, жартылайөткізгіштер мен диэлектриктердегі экситон-



дар жатады. 

БОЙЛЬ – МАРИОТТ ЗАҢЫ – тұрақты температура (Т) кезінде берілген масса-

лы газ көлемі (V) оның қысымына (р), кері пропорционал болады (рV=const), яғни 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау