АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет65/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   274

Б

86

БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ



148

149


БОР ПОСТУЛАТТАРЫ (латынша «постулатум – талап 

етілетін»)  –  тұрақты  күйдің  және  сәуле  шығару  арқылы 

кванттық ауысуы туралы 1913 ж. дат физигі Нильс 

Бордың 

(1885 – 1962) атомның кванттық теориясына енгізген негіз- 

гі тұжырымдары. Бордың атомдық кванттық теориясының 

негізін екі постулат құрайды: 1 – постулат бойынша атом- 

ның тұрақты күйі болады, атом бұл күйде сәуле таратпайды 

(шығармайды) тұрақты күйдің белгілі бір энергия қоры бо-

лады, жалпыжағдайда дискретті (үзік-үзік), бір күйден өзге 

күйге кванттық 

секірістік  ауы-

су  арқылы  өте 

алады;  2  –  по-

стулат сәуле тарату (шығару) арқылы 

өтетін  кванттық  ауысу 

ࣟ 

і



ࣟ 

k



=hν

мұндағы  ν  –  жұтылатын  немесе 

таратылатын (шығарылатын) моно-

хроматты электрмагниттік сәуленің 

жиілігі, 

ࣟ 

і



 және 

ࣟ 

k

 – арасында ауысу 

өтетін  тұрақты  күйлердің  энерги-

ялары.  Бор  постулаттары  ғылыми 

тәжірибе жүзінде расталған, басқадай 

микрожүйелер (молекула, атом ядро-

лары) үшін де қолданыла алады және 



кванттық механика мен кванттық 

электрдинамикада  теория  жүзінде 

негізделген. 



БОР РАДИУСЫ, Нильс Бордың 

сутегі  атомы  теориясындағы  –  яд- 

роға  (протонға)  жақын  электрон 

орбитасының радиусы. Бор радиусы 



а

о

=ħ



2

/me



2

=5,2917706(44)·10

–11

  м, 


мұндағы  m  және  е  –  электронның 

массасы  және  заряды.  Кванттық 



механикада бор радиусы сутегінің 

қоздырылмаған  атомдағы  элек- 



Атом ядросын айнала- 

тын электрондар үне- 

мі энергиясын шығын- 

дайтын болса, ол энер- 

гиясы  таусылған  кез- 

де  ядроға  құлап  түс- 

пек,  олай  болса  атом 

бүлінбек,  бірақ  ондай 

құбылыс байқалмайды.


БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ

148


149

Б

86

тронның  ядродан  қашықтығын  жоғары  ықтималдықпен  анықтауға  мүмкіндік 



береді. 

БОР–ван–ЛЕВАН ТЕОРЕМАСЫ – статистикалық физиканың электрондар 

жүйесінің магниттелушілігі тұрақты сыртқы магнит өрісінде статикалық тепе-

теңдік жағдайда нөлге тең; 1911 ж. дат физигі 

Бор (1885 – 1962) дәлелдеген 

және 1919 ж. голланд физигі Иоханной ван 



Леван жалпылаған. Бор–ван Леван 

теоремасы  классикалық статикалық  механика аясында зарядты  бөлшектердің 



ферромагнетизмінпарамагнетизмін және диамагнетизмін түсіндіруге болмайты-

нын көрсеткен. Кейін заттардың магнетизміне заттарды құраушылардың кванттық 

қасиеттерінің себепші болатыны анықталған.

БӨЛШЕКТЕНУ – бір нәрсенің бірнеше бөлікке ажырауы.

Атом  ядросының  бөлшектенуі  –  атом  ядросының  бірнеше  едәуір  жеңіл 

ядролық-кесектерге ыдырау үрдісі.



Зеемандық  бөлшектену  –  затқа  сыртқы  магнит  өрісінің  әсер  етуінің 

нәтижесінде осы заттың электрмагниттік сәуле шығару немесе жұту спектрлік 

сызықтарының бөлшектенуі. Бұл құбылысты 1896 ж. нидерланд физигі Питер 

Зееман (1865 – 1943) ашқан. 

Спектрлік сызықтардың бөлшектенуі – энергия деңгейлерінің бөлшектенуінің 

нәтижесінде спектрлік сызықтар компоненттері санының артуы.



Спин-орбиталық бөлшектену – атомдардың спин-орбиталық өзараәсерлесуі 

тудыратын энергия деңгейлері  мен спектрлік сызықтарының бөлшектенуі.



Штарк  бөлшектенуі  –  затқа  электр  өрісінің  әсер  етуінің  нәтижесінде 

заттың  электрмагниттік  сәуле  шығару  немесе  жұту  спектрлік  сызықтарының 

бөлшектенуі. Бұл құбылысты 1913 ж. неміс физигі Иоганн 

Штарк (1874 – 1957) 

ашқан.


Энергия деңгейлерінің бөлшектенуі – сыртқы немесе ішкі электрлік, немесе 

магниттік ықпалдардың нәтижесінде атомның, немесе атом ядросының әрбір 

энергия деңгейлерінен бірнеше кіші деңгейлер құруы.

БӨЛШЕКТЕР, қ а р а п а й ы м – атомның құрамында (электрон, нейтрон, 

протон)  болатын  және  алуан  түрлі  ядролық  реакциялар  кезінде  туындайтын, 

ғарыштық сәулелердің құрамында кездесетін қарапайым бөлшектер (фотон, ней-



трино, позитрон, π

+

 және π



, мезондар ғажап бөлшектер, антибөлшектер т.с.с.). 

Қазіргі кезге дейін белгілі болған тұрақты және пайда бола сала жойылып кететін 

тұрақсыз бөлшектердің жалпы саны 350-ден астам.



Ақиқат бейтарап бөлшек – өзінің антибөлшегіне теңбе-тең болатын қарапайым 

бөлшек.



Б

86

БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ



150

151


Виртуал бөлшек – өрістің кванттық теориясы сипаттайтын өзараәсерлесулер 

үрдісінің аралық кезеңдерінде туындайтын, сонан соң жұтылатын бөлшек.



Ғажап бөлшек – ғажаптылығы нөлден өзге мән болатын адрон.

Зарядты бөлшек – электр заряды болатын бөлшек.

Қарапайым бөлшек – заттардың атом, атом ядросы (сутек атом ядросы – протоннан 

басқа) немесе атомдардан құралған кез келген құрылымы болмайтын ұсақ бөлшек.



Теңбе-тең бөлшектер – орындары ауыстырылғанымен кванттық жүйе күйлері 

өзгермейтін, сипаттамалары бірдей болатын бөлшектер.



БӨЛШЕКТЕР ДЕТЕКТОРЫ (латынша «детектор – ашқыш; табушы») – 

қарапайым бөлшектерді (протондарды, нейтрондарды, электрондарды, мезондар-

ды т.б.), атом ядроларын (дейтрондарды, α-бөлшектерді т.б.), сондай-ақ рентгендік 

және γ-кванттарды (гамма-кванттарды) тіркеуге арналған аспап. Электрондардың 

бөлшектер детекторының аумағына (көлеміне) түскен кезінде электр импульсін 

тудыратын электрондық-бөлшектер детекторына және бөлшектердің немесе сәуле 

квантының бөлшектер детекторының аумағынан өтуі кезінде олардың тек өту 

сәтін тіркеп қана қоймай, сонымен қатар траекториялары (тректерін) байқалатын 

–  тректік-бөлшектер  детекторына  ажыратылған.  Бөлшектер  детекторларына 

электрондық – электрондық-иондық камералар, 

сцинтилляциялық-санауыш, 

ядролық сәулелердің жартылайөткізгіштік детекторы, тректік 



– Вильсон каме-

расы, көпіршікті камера жатады.

БӨЛШЕКТЕР ДИФРАКЦИЯСЫ (латынша «дифрактус – сынған») – мик- 

робөлшектердің (электрондардың т.б.) толқындық қасиеттерінің болуы себебінен 



Электрондар  шоғының  әртүрлі  заттардың  жұқа  қабаттарынан  өтуі  кезінде  байқалған 

дифракциялық  суреттерінің  көріністері:  1  –  Күміс;  2  –  Темір  тотығы;  3  –  Сурьма;  4  – 

Хлорлы натрий; 5 – Бағдарланған темір тотығы; 6 – Аморфты сурьма


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау