География пәнінен ПИЗА тапсырмалары
1 -тапсырма. «Жылыжай эффектісі»
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
«Жылыжай эффектісі»: Шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?
Тірі организмдерге өмір сүру үшін энергия қажет. Жердегі тіршілікті қамтамасыз ететін энергия Күннен келеді, ол өте ыстық болғандықтан ғарышқа энергия таратады. Бұл энергияның аз ғана бөлігі Жерге жетеді.
Жер атмосферасы планетаның бетін жауып тұратын және оны ауасыз кеңістікте болатын температураның шектен шығуына қарсы қорғаныс жамылғысы қызметін атқарады.
Күн шығаратын энергияның көп бөлігі жер атмосферасы арқылы өтеді. Жер бұл энергияның бір бөлігін сіңіреді, ал бір бөлігі жер бетінен кері шағылысады. Бұл шағылған энергияның бір бөлігі атмосфераға сіңеді. Нәтижесінде жер бетіндегі орташа температура атмосфера болмаған кездегіден жоғары болады. Жер атмосферасы жылыжай қызметін атқарады, сондықтан «жылыжайлық эффект» термині пайда болды. Жылыжайлық эффект ХХ ғасырда күшейе түсті деп саналады.
Жер атмосферасының орташа температурасы жоғарылағаны факт. Газеттер мен басқа мерзімді басылымдарда ХХ ғасырда температураның көтерілуінің негізгі себебі көбінесе атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуының артуы болып табылады. Андрей есімді мектеп оқушысы Жер атмосферасының орташа температурасы мен Жер атмосферасына көмірқышқыл газының шығарылуы арасындағы мүмкін болатын байланысқа қызығушылық танытты. Кітапханада ол келесі екі графикті тапты.
Осы екі графикке сүйене отырып, Андрей Жер атмосферасының орташа температурасының жоғарылауы шын мәнінде шығарылатын көмірқышқыл газының артуына байланысты деген қорытындыға келді.
1 - сұрақ: Вика атты басқа оқушы Андрейдің тұжырымымен келіспейді. Ол екі графикті салыстырады және графиктердің бөліктері оның қорытындысымен сай келмейтінін айтады.
Графиктердің қай бөліктері Андрейдің тұжырымымен сай келмейді? Мысал келтіріп, жауабыңызды түсіндіріңіз.
2 - сұрақ: Андрей Жер атмосферасының орташа температурасының жоғарылауы көмірқышқыл газының шығарылуының ұлғаюынан болады деген қорытындыға келуді талап етеді. Бірақ Вика оның қорытындысын тым асығыс деп ойлайды. Ол: «Соңғы қорытынды жасамас бұрын, жылыжайлық эффектке әсер ететін басқа факторлардың тұрақты болып қалатынына көз жеткізу керек», - дейді. Виканың айтқысы келген факторлардың бірін атаңыз.
2-тапсырма. «Динозаврлардың жойылуы»
Шамамен 65 миллион жыл бұрын болған динозаврлардың жойылуын түсіндіру үшін екі гипотеза ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |