Б
86
∑
БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ
134
135
минус 1-ге тең деп есептеледі. Жеке жағдайда атом ядросының бариондық заряды
оның массалық санына тең.
БАРИОНИЯ, квазиядро – ақауы аз (барион массасымен салыстырғанда) не-
месе артық массалы барион-антибарион жұбының квазиядролық байланысқан кү-
йі. Адрондардың кварктік моделі бойынша – көпкварктік күйі (кварктер мен ан-
тикварктерден құралған). Барионияларың болуын қамтамасыз ететін бариондар
мен антибариондардың арасында әсер ететін тартылыс күштерінің табиғаты ядро-
лық күштердікіндей. Бариониялардың радиусы ~10
–13
см. Бариониялар құраушы-
ларының аннигиляциялануы салдарынан тұрақсыз; «өмір сүру» уақыты >10
–23
сек.
Спині бүтін санды, бариондық заряды нөл, яғни мезондардың қасиетіне ие.
БАРКГАУЗЕН ЭФФЕКТІСІ – ферромагнетиктердің сыртқы жағдайлар, мы-
салы, магнит өрісі үздіксіз өзгеретін кездердегі магниттелуінің секірісті өзгерісі.
Бұл эффектіні 1919 ж. неміс физигі Генрих
Баркгаузен (1881 – 1956) ашқан.
Бұл эффекті ферромагнетиктердің домендік құрылымды болатынының тікелей
дәлелдемесі болады, бұл жеке доменнің көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Көпшілік домендер үшін бұл көлем 10
–6
–10
–9
см
3
-ге тең.
БАРН (ағылшын сөзі) – ядролық үрдістердің тиімді көлденең қимасын
өрнектеуге арналған аудан бірлігі; 1б=10
–24
см
2
=10
–28
м
2
.
БАРНЕТТ ЭФФЕКТІСІ – ферромагнетиктердің магниттік өрісінің әсер
етпейтін кезінде өз осінен айналдырғанда магниттелу құбылысы; бұл құбылысты
1915 ж. американ физигі Сэмуел
Барнетт (1873 – 1956) ашқан. Магнетикті
айналдырған кезде
гироскоптық момент пайда болады, осы момент атомдардың
спиндік немесе орбиталық механикалық моменттерін магнетиктің айналу осінің
бағыты бойынша бұруға әрекеттенеді. Атомдардың механикалық моментімен
олардың магниттік моменті байланысқан, сол себепті айналу кезінде айналу өсі
бойымен магниттік моменттің құраушысы пайда болады.
БАРОДИФФУЗИЯ (грекше «барус – ауыр» + латынша «диффузия – таралу,
шашырау, ағу») – қысымның немесе ауырлық күш өрісінің әсерінен туындайтын
диффузия.
БАРОТРОПТЫ ҚҰБЫЛЫС (грекше «барос – ауыр, ауырлық» және «тро-
пе – өзгеру») – жоғары қысымдар және белгілі бір температуралар кезінде сұйық-
сұйық (сұйық-газ немесе газ-газ) жүйлерінде пайда болатын фазалардың орын
ауыстыруы; тығыздығы аз үстіңгі жақта орналасқан (ауырлық өрісінде) фазаның
қалыпты жағдайда ауырлап, төмен (астыңғы жаққа) шөгуі. Бұл құбылыс бойынша,
қысым артқан кезде әуелгі (бастапқы) кезде әртүрлі болған фазалардың меншікті
көлемдері теңеседі; молекулалық массасы ауыр көп компонентті (құраушылы)
болатын фаза ауырлап өзге фазаға батады (шөгеді).
БАҒАН
- БЭР ЗАҢЫ
134
135
Б
86
∑
Осы құбылысты алғаш рет голланд физигі Гейке
Камерлинг-Оннес (1853 –
1936) сутек (сұйық)-гелий (газ) жүйесінде: 20,1 К температурада және 49 атм
қысымда газ фазасы сұйықтың астына шөккенін байқаған. Газ-сұйық жүйесіндегі
баротроптық құбылыс аммиак-азот-сутек жүйелерінде (3500 – 3700 атм қысымда
және 170 К температурада) байқалған.
БАСҚАРЫЛМАЛЫ ТЕРМОЯДРОЛЫҚ СИНТЕЗ (БТС) – жоғары температу-
ра кезінде реттелетін, басқарылатын жағдайларда энергия бөліп шығаратын жеңіл
атом ядроларының бірігу үрдісі. БТС әзірше жүзеге асырылмаған. Синтез (біріктіру)
реакциясының жүзеге асырылуы үшін реакцияға қатысушы ядролардың бір-біріне
10
–11
см аралығына жақындасуы шарт, осыдан соң
туннельдік эффект салдарынан
әлгі атомдардың бірігу ықтималдығы тууы мүмкін. Соқтығысатын протондардың
потенциалдық тосқауылды жеңуі үшін –10 кэВ энергия беру қажет, бұл энергия
–10
8
К температураға тең. Ядроның заряды артқан сайын (Z реттік нөмірі) олардың
кулондық өзара тебілістері күшейеді де, реакция үшін қажет энергия арта
түседі. Әлсіз өзараәсерлесуден туатын (р, р) реакцияларының эффектілік қимасы
өте аз. Сутегінің ауыр изотоптары (дейтерий мен тритийдің) арасындағы реакция
күшті өзараәсерлесуге негізделген және қимасы 22 – 23 реттілікке жоғары. Син-
тез реакциясында энергия бөлуі шамаларының айырмашылығы бір реттіліктен
аспайды. Дейтерий мен тритий ядролары біріккенде бұл 17,6 МэВ энергия бөліп
шығарады. Бұл реакциялардың көп энергия бөлу және үлкен жылдамдығы дейте-
рий мен тритийдің бірдей құраушысы болатын қоспасы – БТС мәселесін шешуге
арналған болашағы мол қоспа. Тритий радиоактивті (жартылай ыдырау уақыты
12,5 жыл) және табиғатта кездеспейді. Сондықтан термоядролық реактордың
жұмысын қамтамасыз ету үшін
ядролық «отын» ретінде қолданылатын тритийді
өндіру қарастырылған. Осы мақсат үшін реактордың жұмыстық белдеуі литийдің
жеңіл изотопымен белдеуленіп қоршалған, осы белдеуде
6
Li+n→
3
H+
4
He+4,8 МэВ
реакциясы өтетін болады.
БАЯУЛАТҚЫШ, н е й т р о н д а р д ы – ядролық реактордағы нейтрон-
дардың кинетикалық энергиясының белгілі бір шамасын кеміту үшін, олар-
ды жұтпайтын атомдардың ядроларымен көптеген рет соқтығыстыру үшін
қолданылатын зат. Баяулатқыш ретінде массалық сандары аз заттар: кәдімгі
ауыр су, гелий, берилий, графит және басқа заттар пайдаланылады.
Сұйық
баяулатқыш көбінесе бір мезгілде жылутасығыш ретінде де пайдаланылады.
БАЯУЛАУ – физикалық кейбір шамалардың өту үрдістерінің табиғи жағ-
дайлардағы үрдістерінен кемуі.
Нейтрондардың баяулауы – нейтрондардың бояулатқыш заттың атомдарының
ядроларымен соқтығысуы салдарынан кинетикалық энергиясының кемуі.