АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет57/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   274

128

МС

шамасы 2·10



–16

 сантиметрдей (күшті өзараәсерлесудің радиусынан мың еседей кіші). 

Осының салдарынан, мысалы, көрші екі атом арасындағы әлсіз өзараәсерлесу 10

–8

 



сантиметрдей қашықтықта өте аз шама. 

Шамасының  аздығына  және  қысқа  мерзімді  әсерлесуіне  қарамастан  әлсіз 

өзараәсерлесудің табиғатта маңызы зор. Егер де әлсіз өзараәсерлесу «жойылатын» 

болса, 


Күн сөніп қалар еді, оған себеп протонның нейтронға, позитронға және 

нейтриноға айналу үрдісі жүзеге аспай қалады, нәтижесінде төрт протон 

4

Не-ге 


айналады. Осы үрдіс Күн және көптеген жұлдыздардың энергиясының көздері бо-

лады. Әлсіз өзараәсерлесудің нейтрино шығарумен өтетін үрдісінің жұлдыздардың 

эволюциясында маңызы бар. Егер де әлсіз өзараәсерлесу болмаса әдеттегі заттар-

да көптеп таралған мюондарπ – мезондарғажайып және «көрікті» бөлшектер 

тұрақты болар еді. Әлсіз өзараәсерлесу зарядталған лептондарды нейтриноға, ал 

кварктердің бір түрін өзге түрге айналдырар еді. 



ӘСЕР – өлшемділігі энергия мен уақыттың көбейтіндісіне тең және жүйе 

қозғалысының  маңызды  сипаттамаларының  бірі  болатын  физикалық  шама. 

Механикалық  жүйелер  үшін  әсердің  мынадай  маңызды  қасиеттері  бар:  егер 

осы жүйенің екі қалпы арасындағы мүмкін болатын қозғалыстардың бірқатар 

жиынтығы қарастырылатын болса, онда жүйенің ақиқат (іс жүзінде жүзеге асатын) 

қозғалысының осы мүмкін болатын қозғалыс арасындағы айырмашылығы оның 

әсер мәні ең аз болатын жағдайға сәйкес болады. Осы жайт механикалық жүйенің 

қозғалыс теңдеулерін анықтауға және қозғалысты зерттеуге мүмкіндік жасайды. 

Әсер ұғымы классикалық механикада қолданылуымен қатар серпімділік теори-

ясында, электрдинамикада, термодинамикада қайтымды үрдістерде (процестерде) 

пайдаланылады. 

Физикалық шамалардың кванттық теориясында әсер өлшемділігі болатын әсер 

тек Планк тұрақтысының бүтіннің жартысына немесе бүтін санға тең дискретті 

мәндерін қабылдайды және сонымен қатар 



әсер кванты деп те аталған. 

ӘСЕР ЖӘНЕ ҚАРСЫ ӘСЕР ЗАҢЫ – механиканың екі материалдық дененің 

бір-біріне тигізетін әсерлері – шамалары бойынша тең және бағыттары бойын-

ша қарама-қарсы болатынын тұжырымдайтын заңы (Ньютонның үшінші заңы). 

Мысалы, жазықтықта жатқан жүктің осы жазықтыққа түсіретін қысым күші – 

жазықтықтың жүкке тигізетін күшіне (реакциясына) тең; Жердің Айды өзіне қарай 

тарту күші – Айдың Жерді өзіне қарай тартатын күшіне тең т.с.с. Әсер және қарсы 

әсер заңы механикалық жүйелер қозғалыстарын зерттеуде маңызды болады. 

ӘСЕР  КВАНТЫ  –  Планк  тұрақтысының  (h  ~  6,626∙10

–34


Дж∙сек)  аталуы, 

физикалық  іргелі  тұрақты  шама,  физикалық  құбылыстардың  кең  аумағын 

анықтайды. Көбінесе ħ h/2π Планк тұрақтысы пайдаланылады. 

Ә

7

ӘДІС - ӘСЕР КВАНТЫ




МС

129


БАҒАН, оң баған – солғын разряд кезіндегі газразрядты түтіктің жарқырауық 

анодтық бөлігі.



БАЗА  (грекше  «базис  –  тұғырық»)  –  эмиттерлік  және  коллекторлық  р–n 

–  ауысу  аралығындағы  аймақпен  электрлік  байланысты  қамтамасыз  етуші 

жартылайөткізгіш тетіктің электроды. 

БАЙЛАНЫС, ф и з и к а д а ғ ы, атомдар, электрондар, иондар т.б. қарапайым 

бөлшектер, үрдістер, құбылыстар, тағы да басқалар арасындағы қатынастарды 

айғақтайды.



Атомдық байланыс – коваленттік байланыс болып табылады.

Әлсіз  байланыс  –  асқынөткізгіштің  екі  аймағын  –  кризистік  тогы  әлгі 

өткізгіштің өзге көлеміндегі токтан аз болатын аймағымен қосу.



Донорлық-акцепторлық байланыс – бір атомның (донордың) ажырамаған 

электрондар жұбы мен өзге атомның (акцептордың) энергиясының бос деңгейі 

есебінен жүзеге асатын химиялық байланыс.

Иондық байланыс – иондар арасындағы электрстатикалық өзараәсерлесу 

нәтижесінен туындайтын химиялық байланыс.



Кері байланыс – кез келген үрдіс нәтижесінің осы үрдістің өзіне қайтарымды 

әсер етуі.



Металдық байланыс – металдық қасиеттері болатын заттардағы оң ион-

дар  мен  электрондық  газдардың  өзараәсерлесуі  себепші  болатын  химиялық 

байланыс. 

Сутектік байланыс – сутек атомы мен бір молекулаға немесе өзге молекулаға 

тиісті әрі ажыратылмаған электрондар жұбы болатын атом арасындағы тартылыс 

күші.

Химиялық байланыс – әртүрлі атомдарға тиісті электрондардың осы атомдар 

үшін ортақ болуы нәтижесінде пайда болатын молекула атомдарының арасындағы 

байланыс.



Б

86

БАҒАН - БЭР ЗАҢЫ



130

131


Идеал байланыстар – жүйенің мүмкін болатын кез келген орын ауыстырула- 

рындағы механикалық байланыстардың реакцияларының қарапайым жұмыста- 

рының қосындысы нөлге тең болатын механикалық байланыс.

Механикалық байланыстар – қарастырылып отырған жүйенің қалпына (ор-

нына) немесе қозғалысына қойылатын шектеулер. 



Тұрақты байланыстар – теңдеулерінде уақыт айқын көрсетілмейтін (болмай-

тын), яғни уақытқа тәуелді болмайтын механикалық байланыстар.



БАЙЛАНЫСҚАН  КҮЙ  –  жүйенің  бөлшектер  жүйесінің  берілген  пе-

риодты  жүйеге  арналған  сипаттамасымен  салыстырғанда  ұзақ  уақыт  бойы 

кеңістіктің шектелген аймағында (шектеулі болатын) әлгі жүйенің салыстырмалы 

қозғалысының жүзеге асырылуы кезіндегі күйі. Табиғатта жұлдыздық шоғырлар 

мен  макроскопиялық  денелерден  бастап  микронысандарға  –  молекулаларға, 

атомдарға, атом ядроларына дейін байланысқан күйлер молшылық. Көптеген 

қарапайым бөлшектердің (а д р о н д а р д ы ң) материяның едәуір іргелі бөлшекте- 

рі – кварктер болып табылуы мүмкін.

Байланысқан күйдің құрылуы үшін, ең болмағанда жүйе бөлшектерінің ара-

сында белгілі қашықтықтықтардағы тартылыс күшінің болуы қажет. Тұрақты 

байланысқан күйлер үшін жүйе массасы оларды құраушы бөлшектердің қосынды 

массасынан кем болады; олардың арасындағы осы айырым ∆m жүйенің байланыс 

энергиясын анықтайды: 

ࣟ 

бк



=∆mc

2

.



Байланысқан  күй 

классикалық  механикада  жүйе,  мысалы,  (немесе 

ғаламшарлар) бірін-бірі тартатын екі бөлшек әрқашан байланысқан күй түзеді.

К в а н т т ы қ  м е х а н и к а д а ғ ы  байланысқан күйдің құрылуы үшін 

классикалық  механикадағыдан  айырмашылығы,  тартылыстық  потенциалдық 

энергия мен тартылыс күшінің әсер ету радиусының жеткілікті үлкен болуы қажет.

БАЙЛАНЫС ЭНЕРГИЯСЫ (грекше «энергия – әсер, қызмет») – кез келген 

бөлшектер жүйесін (мысалы, атомның ядродан және электрондардан құралған 

жүйесі  ретіндегі)  оны  құраушы  бөлшектерге  ажырату  үшін  шығындалатын 

жұмысқа тең және олардың бір-бірімен өзараәсерлесулері ескерілмейтіндей алыс 

қашықтатуға шығындалатын жұмысқа тең болатын байланыс энергиясы. Егер 

бөлшектер жиынтығы молекула құрайтын атомдар болса, байланыс энергиясы 

ретінде химиялық байланыстың, ал ядро құрайтын нуклондар (протондар мен 



нейтрондар) болса, ядролық байланыстың энергиясы қарастырылады. Байланыс 

энергиясы бөлшектердің өзараәсерлесуімен анықталады және 



теріс шама болады, 

себебі жүйе байланысықан кезде энергия бөлінеді. Байланыс энергиясының аб-

солют шамасы байланыстың беріктігін және жүйенің тұрақтылығын сипаттайды. 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау