АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет249/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   274

қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



572

573


тағы орталардағы таралуы да енген. Қозғалмалы орталардағы электрдинамика 

бойынша ғылыми тәжірибелік мағлұматтар бірнеше ғасырлар бойы жинақталған, 

бірақ та оның толық түсініктемесі тек 1905 жылы Альберт 

Эйнштейннің (1879 – 

1955) арнайы салыстырмалық теориясы пайда болғаннан кейін ғана аян болды.

1908 жылы неміс математигі әрі физигі Герман 

Минковский (1864 – 1909) 

Эйнштейннің салыстырмалық принципімен үйлесімді тыныштықтағы орталарға 

арналған Максвелл теңдеулері электрмагниттік өрісті бірмәнді анықтайтынын 

көрсеткен. Қозғалмалы (тұрақты жылдамдықтағы) ортадағы өрістерге арналған 

теңдеулер тыныштықтағы Максвелл теңдеулерімен үйлеседі, бірақ электр өрісі 

(Е) мен магнит өрісінің (Н) кернеуліктерін қозғалыстағы ортаның электрлік (D

және магниттік (В) индукцияларымен байланыстыратын материалдық теңдеу- 

лері өзгеше болады.



ҚОЗҒАЛЫС – дененің кеңістіктегі белгілі бір санақ жүйесіне қатысты орын 

ауыстыруы. Жалпылама алғанда қозғалыс дененің уақыттың өтуіне байланысты 

кеңістіктегі орнын өзгертуі болып табылады. Философтардың тұжырымдары бой-

ынша қозғалыс материяның маңызды қасиеттерінің бірі – «жасауы» іспеттес ұғым. 

Қозғалыс өзімізді қоршаған материалдық әлемнің бүкіл қасиеттерін білдіретін 

айғақ. Қозғалыс кез келген нысанның, олардың арасында қарапайым бөлшектердің 

де болмысының тәсілі болып табылады. Материяның қозғалыстары көп бейнелі, 

қарапайым механикалық қозғалыстан бастап күрделі биологиялық және әлеуметтік 

үрдістерге дейінгі саналуан түрде кездеседі. 

Ежелгі грек философы біздің заманымыздан бұрынғы ІV ғасырда ғұмыр кеш-

кен 

Аристотель (б.з.б. 384–322) ғылым әлеміне «физика» деген ғылыми атауды 

енгізіп қана қоймай өзінің «Механика» деген трактатында 



«қозғалысты білмеу 

табиғатты білмеуге әкеп соғады» деген. Біздің заманымыздың ХІХ ғасырында 

неміс философы Фридрих 



Энгельс (1820 – 1895) «Қозғалыс дегеніміз материя 

болмысының формасы. Қозғалыссыз материя деген еш жерде ешқашан да болған 

жоқ және болуы мүмкін де емес... Материясыз қозғалыстың мүмкін болмайтыны 

сияқты қозғалысты жасауға, бұзуға келмейтін нәрсе» деген.



Абсолюттік  қозғалыс –  дене  қалпының  шартты  түрде  қозғалмайтын  деп 

қабылданған санақтың инерциялық жүйесіне қатысты уақыттың өтуіне байла- 

нысты өзгерісі.

Айналмалы қозғалыс – қатты дененің онымен байланысқан екі (осьті айна-

ла қозғалатын) немесе бір (нүктені айнала қозғалатыны) нүктесі қозғалмайтын 

кездегі қозғалысы.

Айнымалы қозғалыс – нүктенің жылдамдығының сан мәні уақыт функциясы 

болатын түзусызықты қозғалысы.




қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



572

573


Броундық қозғалыс – сұйықтағы немесе газдағы қалқымалы ұсақ бөлшектердің 

үздіксіз ретсіз қозғалысы.



Бірқалыпты қозғалыс – материалдық нүктенің жылдамдығының сан мәні 

уақытқа байланысты болмайтын қозғалысы.



Бірқалыпты айнымалы қозғалыс – материалдық нүктенің шамасы бойынша 

бірқалыпты үдемелі қозғалысы.



Винттік қозғалыс – қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдық 

векторына параллель түзусызықты ілгерілемелі қозғалысы мен осьтің төңірегін- 

дегі айналмалы қозғалыстан құралған күрделі қозғалысы.

Еркін  қозғалыс  –  дененің  механикалық  байланыстармен  шектелмеген 

қозғалысы.



Жазық қозғалыс – қатты дененің барлық нүктелері кез келген қозғалмайтын 

жазықтыққа қатысты параллель орнын ауыстыратын қозғалысы.



Жылулық қозғалыс – заттардың атомдарының, молекулаларының және басқа 

бөлшектерінің қарқындылығы дененің температурасымен анықталатын ретсіз 

қозғалысы.

Құйынды  қозғалыс  –  сұйықтың  немесе  газдың  кіші  бөліктерінің  тек 

ілгерілемелі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір лездік осьтердің төңірегінде 

айналатын қозғалысы. 

Механикалық қозғалыс – денелердің және олардың бөліктерінің бір-біріне 

қатысты орын ауыстыруы.



Реактивтік қозғалыс – реактивті күштер әсері нәтижесінде пайда болатын 

қозғалыс.



Салыстырмалы қозғалыс – дене қалпының жылжымалы санақ жүйесіне 

қатысты уақыттың өтуіне байланысты өзгеруі.



Тасымалды қозғалыс  берілген сәттегі қарастырылып отырған нүктенің 

жылжымалы санақ жүйесінің кіші аймағы арқылы өтетін абсолюттік қозғалыс. 



Тербелмелі қозғалыс – белгілі бір уақыт бойынша қайталануымен сипатта-

латын қозғалыс.



Тұрақты қозғалыс – сұйық пен газдың кеңістіктегі әрбір нүктесінде олардың 

қозғалыстарының сипаттамалары (жылдамдығы, үдеуі) және қасиеттері (қысымы, 

тығыздығы) уақыттың өтуіне байланысты өзгермейтін қозғалысы.

Ілгерілемелі қозғалыс – қатты дененің онымен байланысқан кез келген түзу 

сызықтың өзіне-өзі параллель орын ауыстыратын қозғалысы.



ҚОЗҒАЛТҚЫШ  –  кез  келген  энергия  түрлерін  механикалық  жұмысқа 

түрлендіретін машина (құрылғы). Қозғалтқыштар 



бірінші текті және екінші текті 


қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



574

575


деп екіге ажыратылған. Бірінші  текті  қозғалтқыш (мысалы, бу, газ, жел) 

табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су энергиясын, ядролық энергияны, 

жел энергиясын, т.б.) тікелей механикалық жұмысқа түрлендіреді; е к і н ш і  т е к 

т і  қ о з ғ а л т қ ы ш бірінші текті қозғалтқыш (мысалы, сағылған ауа энергиясын 

пайдаланатын электрқозғалтқыш, ауа қозғалтқыш) арқылы алынған энергияны 

түрлендіреді.



Бірінші текті мәңгі қозғалтқыш – алғаш рет қозғалтқан соң сырттан ешқандай 

энергия тұтынбастан шексіз ұзақ уақыт жұмыс істей алмақшы деп болжалданған 

қозғалтқыш.

Екінші текті мәңгі қозғалтқыш – қоршаған орта денелері беретін жылуды 

түгелдей жұмысқа түрлендіре алады делінген периодты әрекетті болжалды машина.



ҚОЗҒАЛЫС  – ф и л о с о ф и я л ы қ  ұ ғ ы м бойынша  – материя болмысының 

мәңгілік формасы, материяның жасауы, материялық нысанның (объектінің) кез  

келген  өзараәсерлесуі.  Бір  сөзбен  айтқанда  материясыз  қозғалыс  жоқ  және 

қозғалыссыз материя болмақ емес. Материяның қозғалысы абсолютті, кез келген 

тыныштық салыстырмалы және қозғалыстың бір сәті болып есептеледі (мысалы, 

дене  Жерге  қатысты  тыныштықта  болғанымен,  онымен  бірге  Күнді  айналып 

қозғалады, т.б.).

Қозғалыстың негізгі формалары: механикалық және физикалық (жылулық, 

электрмагниттік, гравитациялық, атомдық және ядролық), химиялық, биологиялық, 

т.б. қозғалыстар болып табылады.



ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ, импульс – механикалық қозғалыстың материал- 

дық  нүкте  үшін  оның  массасының  (m)  жылдамдыққа  (υ)  көбейтіндісіне  тең 

өлшеуіші. Қозғалыс мөлшері  – нүкте жылдамдығының бағытымен бағыттал- 

ған векторлық шама. Нүктенің қозғалыс мөлшері күштер әсерінен, жалпы жағ- 

дайда сан жүзінде де және бағыты бойынша да өзгереді; осы өзгеріс 

динамика- 

ның  екінші  (негізгі)  заңымен  анықталады.  Қозғалыс  мөлшері  кейде  и м - 

пульс деп те аталады. 

Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері (Q) оның барлық нүктелерінің қозға- 

лыс мөлшерлерінің геометриялық қосындысына немесе бүкіл жүйенің масса- 

ларының (М) жүйенің массасы орталығының жылдамдығының (ϑ

ж

) көбейтін- 



дісіне тең: Q=Σm

k

·ϑ



k

=M·ϑ

ж

¸

 



мұндағы k – жүйедегі нүктелер саны. Жүйенің қозға- 

лыс мөлшері тек сыртқы күштердің әсерінен ғана өзгереді. Қозғалыс мөлшерінің 

өзгеру теоремасы бойынша: Q

1

 – Q



о

=ΣЅ


е

k

, мұндағы



 Q

о

 және Q



1

 – жүйенің бел- 

гілі бір уақыт аралығының бастапқы және соңғы кездеріндегі қозғалыс мөлшер- 

лері, Ѕ


е

k

 – осы уақыт аралығындағы сыртқы күштер (F



е

k

) импульсі. 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау