АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет205/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   274

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

472


473

к

178



Жанаспалық  кернеулер  –  деформацияланушы  денелер  жанасатын 

аудандарында пайда болатын механикалық кернеулер.

Температуралық кернеулер – денені қоршаған бөліктер немесе өзге заттар 

тарапынан  дененің  әрбір  бөлігіндегі  температуралар  айырмашылығының 

салдарынан  пайда  болатын  және  жылулық  ұлғаю  мүмкіндіктерін  шектейтін 

механикалық кернеулер.



КЕРНЕУЛЕР РЕЗОНАНСЫ (латынша «резоно – үн қосамын»), тізбекті 

резонанс – тізбектеліп жалғанған индуктивтік катушкадан және конденсатордан 

құралған электр тізбегіндегі резонанс. Осындай тізбектегі резонанстық жиіліктегі 



реактивті кедергі нөлге тең, осы тізбектегі ток  фаза бойынша ықпал етуші 

кернеумен үйлесетін болады. Кернеулер резонансы кезінде сыйымдылықтың және 

индуктивтік бөліктердегі кернеулер электрқозғаушы күші электр көзінің ЭҚК-нен 

артық бола алады. Кернеулер резонансы мысалы, импульстік тізбектерде кернеуді 

арттыру үшін пайдаланылады.

КЕРНЕУЛІК – физикалық кейбір өрістің негізгі немесе қосалқы сипаттамасы.

Гравитациялық өрістің кернеулігі – гравитациялық өрістің берілген нүктесіне 

орналастырылған  материалдық  нүктеге  әсер  етуші  күштердің  осы  нүктенің 

массасына қатынасымен анықталатын сипаттамасы.

Магнит өрісінің кернеулігі – магнит өрісінің тұйық контур бойынша айналысы 

(циркуляциясы)  контурды  тесіп  өтетін  тек  өткізгіштік  токтың  алгебралық 

қосындысымен анықталатын қосалқы сипаттамасы.

Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің берілген нүктесіне орналастырылған 

қозғалмайтын электр зарядына әсер ететін күштің осы заряд шамасына қатынасымен 

анықталатын сипаттамасы.

КЕРР ТҰРАҚТЫСЫ – электр өрісі кернеулігінің квадратымен электр өрісі 

индукциялаған  изотропты  орталықтық  симметриялы  ортаның  салыстырмалы 

шамасын  байланыстыратын  пропорционалдық  константы.  Керр  тұрақтысы 

ортаның электрлік қасиеттерін сипаттайды.



КЕРР ҰЯШЫҒЫ – оптикалық жапқыш немесе жарық модуляторы ретінде 

қолданылатын  Керр  эффектісіне  негізделген  электроптикалық  құрылғы; 

жарық ағынының қарқындылығын басқаруға арналған тез әрекетті (іске қосылу  

шапшаңдығы  –  10

–9

–10


–13

  секунд)  құрылғы.  Бұл  ұяшық  жарық  өткізетін  зат 

толтырылған, мысалы, екі электрод матырылған мөлдір сұйық құйылып жазық 

конденсатор түзетін, мөлдір терезелері болатын ыдыс түрінде жасалған. Кейбір 

жағдайларда  Керр  ұяшығында  және  әйнектәрізді  орталар  пайдаланылады. 

Электродтар аралығынан сызықтық полярланған жарық сәулесі өтеді, электр өрісі 




к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



474

475


әсер етпейтін жағдайда сәулені талдауыш (анализатор) А бөгеп қалады (талдауыш 

пен поляризатор айқасқан қалыпта болады). Полярланған жарық тербелістерімен 

45° бұрыш жасайтын электр өрісі іске қосылған кезде сұйықта сәуленің қосарланып 

сынуы пайда болады, жарық толқындары эллипстік полярлануға ұшырайды және де 

талдауыш (анализатор) жарықты ішінара өткізетін болады. Бұл ұяшық оптикалық 



кванттық генераторларды басқару сұлбаларында, ғылыми жұмыстарда, шапшаң 

фото- және кинотүсіруде, оптикалық локацияларда, геодезиялық қашықтық өлшеу 

құрылғыларында қолданылады. 

КЕРР  ЭФФЕКТІСІ  –  оптикалық  изотропиялық  заттарда  (сұйықтарда, 

әйнектерде, симметриялық орталығы болатын кристалдарда) біртекті электр өрісінің 

әсерінен сәуленің қосарланып сынуы байқалатын квадраттық электроптикалық 

құбылыс (эффект). Бұл эффектіні 1875 жылы шотланд физигі Джон 



Керр (1824 –  

1907)  ашқан.  Элект р  өрісіне 

орналастырылған  изотропты  зат  бір 

өсті  кристалл  қасиетіне  ие  болып 

анизотропты затқа айналатын болған, 

оның осі өріс бойымен бағытталған.

Керр құбылысын байқаудың мүмкін 

сұлбасы  1-сызбада  көрсетілген.Айқасқан  поляризатор  (П)  мен  талдауыштың 

(анализатордың)  (А)  аралығында  Керр  ұяшығы  (мөлдір  изотропты  затпен 

толтырылған жазық конденсатор) орнатылған. Электр өрісі жоқ кезде жарық (П) 

призмада сызықтық полярланған жарыққа түрлендіріледі де А призмада толық 

сөнетін болғандықтан бақылаушыға жетпейтін болады. Электр өрісі ықпал еткен 

кезде заттағы сызықтық полярланған жарық толқыны: өріс бойымен полярланған 

(әдеттегідей емес өріске) және өріске перпендикуляр (әдеттегі өріске) бағыты 

екіге  ажыратылады.  Осы  толқындардың  заттардағы  таралу  жылдамдықтары 

әртүрлі болады, осының салдарынан ортадан тысқары шығатын жарық эллипстік 

полярланады және ішінара талдауыш (А) арқылы өтеді. Талдауыштың алдына 

компенсатор  (К)  орналастырып, 

Керр  ұяшығынан  өткен  жарықты 

зерттеуге  болады. 



Сәуленің 

қосарланып  сыну  шамасы Δn 

электр  өрісі  кернеулігінің  (Е) 

квадратына  пропорционал: Δn  = 

nkЕ

2

, мұндағы n – заттың өріс жоқ 



кездегі сыну көрсеткіші, k – Керр 

2-сызба.  Магнитоптикалық  Керр  эффектісі:  а  –  

полярлық,  б  –  меридиандық,  в  –  экваторлық,  j  – 

магниттелушілік вектор, k – толқындық вектор.

1-сызба.  Керр  эффектісін  байқауға  арналған 

қондырғының сұлбасы


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау