АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет213/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   274

к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



492

493


жатады.  Конденсация  кезінде  конденсацияланған  заттардың  булануы  кезінде 

шығындалған жылу бөлініп шығады. Жаңбыр, қар, шық, қырау –



 атмосферадағы 

будың конденсациялануының салдары  болып табылады. Конденсация тех- 

никада  әдетте  салқындатылатын  беттерде  жүзеге  асырылады.  Беттердегі 

конденсацияның  екі  түрі: 

пленкалы  және  тамшылы  болады.  Конденсация 

бу  (бу-газ  қоспасында)  көлемінің  ішінде  де  пайда  болуы  мүмкін.  Көлемдік 

конденсацияның басталуы үшін будың едәуір қанығуы қажет. Конденсацияның 

ұйытқысы  немесе  орталығы  буда  болатын  электрлік  зарядталған  бөлшектер 

(иондалған атомдар) бола алады. Конденсат жұқпайтын беттерде сұйық фаза  

жеке  тамшы  түрінде  (т  а  м  ш  ы  л  ы  конденсация),  ал  түгелдей  жұғатын 

беттерде – пленка түрінде (п л е н к а л ы конденсация) шөгеді. Көп құраушысы 

(компонентті)  болатын  газ  қоспаларында 



фракцияларға (бөліктерге) немесе 

химиялық  технологияда  таза  құраушыларға  ажырату  үшін  ф  р  а  к  ц  и  я- 

л  ы  қ  конденсация  қолданылады.  Фракциялық  конденсация  газ  қоспаларын 

салқындатқан  кезде  ең  алдымен  жоғары  температурада  қайнайтын  құраушы 

бөліктер, ал конденсацияланбаған қалдықтар төменгі температурада қайнайтын 

құраушылармен байытылады.



КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН ДЕНЕ – қатты денелер мен сұйықтарды жалпы- 

лама біріктіріп, оларды газға қарама-қарсы қойылатын ұғым. Конденсациялан- 

ған денедегі атомдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, иондар) өзара байланыс- 

қан. Бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа энергиясы байланысты өз 

бетінше  үзуге  жетпейді,  сондықтан  конденсацияланған  дене  өзінің  көлемін 

сақтайды.  Атомдық  бөлшектердің  байланысының  өлшеуіші  булану  жылуы 

(сұйықта) және жылулық құрғақ айдау (қатты денеде) болады. 

КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН  КҮЙ  (латынша  «конденсатио  –  қоюлану»), 

қоюланған  күй  –  заттар  бөлшектерінің  біріне-бірінің  тығыз  дерлік  (яғни 

өте  жақын)  орналасқан  күйі.  Қалыпты  жағдайларда  газ  молекулаларының 

арақашықтықтары молекулалардың өлшемдерінен әлденеше есе артық. Газдың 

орналасқан түгел көлемінің оның барлық молекулаларының қосынды көлеміне 

қатынасы 10

3

 еседей, яғни 1-ден едәуір артық (V/V



0

>>1), мұндағы V – газ көлемі, 

V

0

 – молекулалар көлемі. 

Табиғатта V/V



0

 = 1÷ 3 (1-ден 3-ке дейін) болатын өзге заттардың  күйі кездеседі. 

Бөлшектер біріне-бірі өте тығыз орналасқан. Осы күй 



конденсацияланған күй 

деп аталған.

Конденсациялық күйлі жүйелерге сұйықтар мен қатты денелер, оның арасында 

кристалдар, сондай-ақ аморфты денелер және сұйықтар мен кристалдар арасында 




КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

492


493

к

178

болатын – сұйық кристалдар жатады. Қатты денелердің бөлшектері тепе-теңдік 



қалпының  маңында  тербеліс  жасайды.  Қатты  денелер  сыртқы  күштер  ықпал 

етпеген жағдайда пішіндері мен көлемдерін өзгертпей сақтайды. Заттардың  қатты 

және сұйық күйлерінің газ тәрізді күйден айырмашылығы бөлшектері (иондары, 

атомдары, молекулалары) реттілікпен орналасқан. Кристалды қатты денелерге 

жоғары дәрежелі реттілік тән, олардың бөлшектері 

алыс реттілікпен орналасқан. 

Сұйықтардың және аморфты қатты денелердің бөлшектері едәуір ретсіз орналасқан, 

оларға 

жақын реттілік сипаты тән. Заттардың конденсацияланған күйлері оның 

құрылымы мен бөлшектердің өзараәсерлесуімен анықталады.



КОНОСКОПИЯ  (грекше  «konos  –  конус»  және  «скопео  –  қараймын»)  –

кристалдардың оптикалық қасиеттерін полярландырған микроскоп объективінің 

жоғарғы  фокустық  жазықтығында  байқалатын 

интерференциялық пішіндер. Пішіннің әрбір нүктесі 

кристалдан өткен жарықтың белгілі бір бағытына сәйкес 

болады. Коноскопиялық пішіндегі интерференциялық 

бояудың  иілген  жолақ  фонында  бір  немесе  екі 

күңгірт  жолақ  (изогирлер)  көрінеді.  Осы  пішіндер 

бойынша кристалдардың осьтерін, оптикалық осьтер 

аралығындағы бұрыштың шамасын анықтауға болады. 

КОНСЕРВАТИВТІК ЖҮЙЕ (латынша «консерво 

–  сақтаймын»)  –  механикалық  энергияның  сақталу 

заңы орындалатын, яғни жүйенің кинетикалық энергиясы (Т) мен потенциалдық 

энергиясының (П) қосындысы тұрақты: (Т+П = const) болатын 



механикалық жүйе

Сақталудың өзге заңдарының, мысалы, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының 

орындалмауы мүмкін. Консервативтік жүйеге – 

Күн жүйесі мысал бола алады. Жер 

жағдайында механикалық энергияның бір түрден екінші түрге ауысуы ( мысалы, 

жылуға ауысуы ) оның кемуін тудырады. Консервативтік жүйе тек жуық шамамен 

ғана жүзеге асырылады.



КОНТИНУУМ  (латынша  –  үздіксіз)  –  1)  тұтас  орта;  2)  еркін  бөлшектің 

энергиялық деңгейлерінің үздіксіз тізбегі. 



КОНТУР (французша) – 1) бір заттың нобайы, сызығы, пішінін сызу; 2) электр 

тогы өтетін тұйық тізбек.



Байланысқан контурлар – бір контурдағы электр тогының өзгерісі екінші 

контурда электрқозғаушы күштің пайда болуына әкеп соқтыратын қасиеті болатын 

электрлік контур.

Екі  осьті  кристалдағы  ко- 

носкопиялық пішін



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау