АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет204/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   274

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

470


471

к

178



КЕРМА (ағылшынның «kinetic energy released in matter – заттардағы боса- 

тылған кинетикалық энергия» деген сөздің алғашқы әріптері бойынша қысқар- 

тылған  атау)  –  нейтрондардың,  рентгендік  және  γ-кванттардың  заттармен 

өзараәсерлесуі нәтижесінде пайда болатын зарядты бөлшектердің зат массасы 

бірлігіндегі барлық бастапқы кинетикалық энергияларының қосындысы. Керма 



Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ-де) грэймен (Гр) немесе радпен (рад) 

өлшенеді.  Керма  –  зарядталған  бөлшектің  сәулеленетін  көлемінің  белгілі  бір 

нүктесіне берілетін энергиясының өлшеуіші. Себебі бөлшектер энергиясын еркін 

жол бойында шығындайтын болғандықтан, затқа жұтылған дозаның кеңістіктік 

үлестірілуі,  керманың  затта  үлестірілуі,  еркін  жол  ұзындығы  қаншалықты 

үлкен болса, соншалықты артық болады. Керманың уақыт бірлігіндегі өсімшесі 



керманың қуаты деп аталған.

КЕРНЕУ, э л е к т р л і к, электр тізбегінің екі нүктесінің немесе электр 

өрістерінің арасындағы кернеу – электр өрісінің 



бірлік оң зарядын бір нүкте- 

ден екінші нүктеге орын ауыстырылуы кезінде істелетін жұмысына тең. 



Бұл 

жұмыс потенциалдық электр өрісінде (электрстатистикалық өрісте) электр за- 

ряды қозғалатын жолға тәуелді емес.  Осы жағдайда екі нүкте арасындағы  

кернеу әлгі нүктелер арасындағы потенциалдар айырымымен сәйкес болады. 



Егер  өріс  потенциалдық  емес  болса,  онда  кернеу  зарядтың  нүктелер 

арасындағы 



орын ауыстыратын жолына тәуелді болады. Потенциалдық емес 

күштер 


бөгде күштер деп аталған, бұл күштер тұрақты ток көздерінің ішінде  

әсер етеді. Ток көзі қысқыштарының кернеуі, бірлік оң зарядтың ток көзінен 

тысқары  жолмен  орын  ауыстыруы  кезінде  істелген  жұмыспен  өлшенеді;  осы 

жағдайда кернеу ток көзі қысқыштарының потенциалдар айырымына тең және 



Ом заңы бойынша анықталады. U = 

ࣟ 

 – IR



i

 = IR, мұндағы I – ток күші, R

i

 – ток кө- 

зінің  ішкі  кедергісі;  R  –  сыртқы  тізбектің  кедергісі,  ал 

ࣟ 

  –  ток  көзінің 



электрқозғаушысы күші (ЭҚК). Электр тізбегі ажыратылған (I = 0) кезде кернеу 

ток көзінің электр қозғаушы күшіне тең болады. Сондықтан тізбектің ажыратылған 

кезіндегі ток көзінің электр қозғаушы күші оның қысқыштарының кернеуі ре- 

тінде анықталады.

Айнымалы  ток  жағдайында  кернеу  әдетте  әсер  етуші  (эффектілік)  –  бір 

периодтағы орташа квадраттық мәнімен анықталады. Айнымалы ток көзінің не- 

месе индуктивтік катушканың қысқыштарындағы кернеу – электр өрісінің бірлік 

оң  зарядын  ток  көзінен  немесе  катушкадан  тысқары  жолмен  жылжытқанда 

істелетін жұмысымен анықталады. Құйынды (потенциалдық емес) электр өрісі  

іс жүзінде осы жол бойында кездеспейтіндіктен, кернеу потенциалдар айыры- 




к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



472

473


мына тең. Кернеу вольтметрмен өлшенеді. Кернеудің Халықаралық бірліктер 

жүйесіндегі (СИ) бірлігі вольт (В). 1 В = 1 Дж/1 Кл.

Анодтық  кернеу  –  электрондық  шамның  аноды  мен  катоды  аралығына 

түсірілген электр кернеуі.



Жағу кернеуі – дербес емес газ разрядының дербес разрядқа ауысатын ке- 

зіндегі электр кернеуі.



Тесу кернеуі – диэлектриктің қабаты арқылы өткен электр разряды кезінде 

туатын электр кернеуі.



Торлы  кернеу  –  электрондық  шамның  торы  мен  катодының  арасына  тү- 

сірілген электр кернеуі.



Шамның  жабылу  кернеуі  –  анодтық  токтың  толықтай  тоқталатын  ке- 

зіндегі тор кернеуі.



Электр  кернеуі  (электр  өрісінің  немесе  электр  тізбегінің  екі  нүктесінің 

арасындағы) –  электр  зарядының  бір  нүктеден екінші  нүктеге, зарядты орын 

ауыстырғыш  шамаға  қарай,  орын  ауыстырту  кезінде  электр  зарядына  жұмыс 

істететін электр және сыртқы бөгде күштер жұмыстарының қатынасы.



КЕРНЕУ,  м  е  х  а  н  и  к  а  л  ы  қ  –  сыртқы  ықпалдардың  (жүктемелердің, 

температура өзгерісінің, т.б.) әсерінен, денеде (машиналарда және құрылыстық 

бөлшектерде)  пайда  болатын  ішкі  күштердің  өлшеуіші.  Дененің  кез  келген 

нүктесіндегі механикалық кернеуді зерттеу үшін, ойша осы денеде қима жасалады 

да оның бір бөлігінде зерттеу жүргізіліп, екінші бөлігі қажетсіз болғандықтан 

ол  ескерусіз  қалдырылады.  Егер  қимадағы  кіші  бөліктің  dS  ауданына  А  нүк- 

тенің  айналасында  dF  ішкі  күші  әсер  ететін  болса,  онда  dF/dS  қатынасы 

механикалық кернеудің векторы деп аталады. Қимаға перпендикуляр кернеу 

(σ) және қимаға жанама кернеу (τ) сәйкесінше н о р м а л және ж а н а м а кернеу  

деп аталған. Дененің А нүктесіндегі кернеулік күй механикалық кернеулердің 

бүкіл жинақтарымен сипатталады. Механикалық кернеудің Халықаралық бірлік- 



тер жүйесінде бірлігі – паскаль (Па). 1 Па – 1 м

2

 ауданға 1 ньютон (Н) күш түсі- 



ретін қысымға тең.

Жанама кернеу – дене бетіне жанама күштердің ықпалымен пайда болатын 

механикалық кернеу.



Механикалық кернеу – дененің ішінде немесе бетінде таңдап алынған күш 

шамасының  аудан  шамасына  қатынасымен  анықталатын,  деформацияланған  

денеде пайда болатын ішкі күштердің өлшемі.

Нормал кернеу – дене бетіне нормал күштердің ықпалынан пайда болатын 

механикалық кернеу.




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау