к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
466
467
жылулық энергияға ауысар кезінде электр энергиясын шашыратуға әкеп соқты-
рады (Джоуль – Ленц заңы).
Айнымалы ток тізбегінде шекті өлшемді кез келген өткізгіш активті электрлік
кедергіге қоса индуктивтілік және сыйымдылықтық кедергіге ие, кернеу (U) мен
ток күшінің (І) әсер ететін шамаларының U/І қатынасы электрлік кедергі R-мен
дәл тең болмайды. Айнымалы электр өрісінде жиілік (ν) артқанда металдардың
электрлік кедергісі де өсетін болады. Бұл жайт өткізгіштің көлденең қимасындағы
ток тығыздығының бірқалыпты болмауынан туады; жиілік (ν) қаншалықты
үлкен болса, ток өткізгіштің бетінде соншалықты көп шоғырланатын болады
(скин-эффектісі). Электрлік кедергі
омметрмен өлшенеді. Электрлік кедергінің
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ)
бірлігі Ом. 1 Ом = 1,11∙10
–12
СГСЭ бірлігі
=10
9
СГСМ бірлігі. 2) Электрлік кедергі ток күшін шектеу немесе реттеу үшін
электр тізбегіне қосылатын электр тізбегінің құрылымдық бөлшегі.
Активті электрлік кедергі – ток өтіп тұрған денелерден жылу бөлуге әкеп
соқтыратын электрлік кедергі.
Акустикалық кедергі – дыбыстық қысымның дыбыстық толқынның өтуі
кезінде тепе-теңдік қалыптың маңайында тербелетін орта бөлшектерінің қозғалыс
жылдамдығына қатынасы.
Аэродинамикалық кедергі – газда қозғалатын денеге осы газ тарапынан әсер
ететін күш.
Гидродинамикалық кедергі – 1) дене қозғалысына оны орап ағатын сұйық
тарапынан жасалатын кедергі; 2) сұйықтың қозғалысына құбыр немесе арналар
қабырғаларының ықпалын тудыратын кедергі.
Индуктивтік кедергі – 1) қанаттан сырғитын құйындар себепші болатын
аэродинамикалық кедергінің бір бөлігі; 2) индуктивтілігі болатын тізбектің
реактивті электрлік кедергі.
Магниттік кедергі – магниттік тізбектегі магниттік қозғаушы күштің осы
тізбектің көлденең қимасы арқылы өтетін магниттік ағынға қатынасы.
Меншікті электрлік кедергі – заттың электрлік қасиеттерінің берілген заттан
жасалған цилиндрлік өткізгіштің көлденең қимасының ауданының осы өткізгіштің
кедергісінің ұзындығына қатынасының көбейтіндісіне тең сипаттамасы.
Ортаның кедергісі – ортада қозғалатын денеге осы орта тарапынан тежеулік
көрсету қасиеті.
Реактивті электрлік кедергі – денелерде айнымалы электр тогының болуы
жылу бөліп шығаруға әкеп соқтырмайтын электрлік кедергі.
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
466
467
к
178
∑
Сыйымдылықтық кедергі – электрлік сыйымдылығы болатын тізбектің
реактивті электрлік кедергісі.
Термиялық кедергі – жазық қабаттан өтетін жылулық ағынның қабат ауданы
мен оның беттері температураларының айырымына қатынасы.
Теріс электрлік кедергі – электр тізбектері арқылы өтетін электр тогы күшінің
артқан кезіндегі тізбекке түсетін кернеудің кемуін өрнектейтін электр тізбегінің
кейбір бөліктерінің қасиеті.
Толқындық кедергі – 1) газдың асқындыбыстық жылдамдығы кезіндегі
аэродинамикалық кедергі; 2) гидродинамикалық кедергінің сұйықтың бетінде онда
қозғалатын дене тудыратын толқындардың пайда болуына байланысты құраушысы;
3) электр ток күшінің толқындар таралатын желісіндегі кернеуге қатынасы.
Электрлік кедергі – өткізгіштің электрлік қасиеттерінің өткізгіштің ұштары
аралығындағы тұрақты кернеудің осы өткізгіштен өтетін электр тогының күшіне
қатынасымен анықталатын сипаттамасы.
КЕЛЬВИН (К) – термодинамикалық температураның судың үштік нүктесінің
термодинамикалық температурасының 1/273,16 үлесіне тең, Халықаралық
бірліктер жүйесінің (СИ-дің) бірлігі. Ағылшын физигі Уильям
Томсонның
(Кельвин) (1824–1907) құрметіне аталған. 1968 жылға дейін «Кельвин градусы»
деп аталып, «°К» болып белгіленіп келген болатын, қазір «Кельвин» деп аталып
«К» белгісімен белгіленетін болған. Халықаралық қолданбалық температуралық
меже (шкала) бірлігі ретінде қолданылады. 1 К = 1°С.
КЕЛЬВИН МЕЖЕСІ, Кельвин шкаласы – термодинамикалық температуралық
меженің жиірек қолданылатын атауы. 1848 жылы термодинамиканың екінші
бастамасы негізінде температуралық меже жасау принципін ұсынғаны үшін
ағылшын физигі Уильян
Томсонның (К е л ь в и н) құрметіне аталған.
КЕМПІРҚОСАҚ – атмосферада түрлі түсті бір немесе бірнеше доға түрінде
аспан күмбезінде жаңбыр пердесінің бүркеуінде, Күнге қарама-қарсы тұста пайда
болатын оптикалық құбылыс. Ол көбінесе аспан күмбезінің бір жағында жаңбыр
жауып, ал қарама-қарсы жағы ашық болып, Күн көзі жарқырап тұрған кезде
байқалады. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан
және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциясы
мен интерференциясының нәтижесінде пайда болады. Оның айқындығы мен
жарықтылығы жаңбыр тамшыларының өлшемдеріне байланысты өзгереді.
Тамшының өлшемі неғұрлым ірі болса, кемпірқосақ та солғұрлым айқын жарқырап
көрінеді. Кейде негізгі кемпірқосақпен қабаттасқан екінші кемпірқосақ байқалады.
Бұлар
қосарланған кемпірқосақ делінеді. Кемпірқосақ күн сәулесі тамшыға белгілі