АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет178/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   274

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



412

413


жоғарыдағы r

1

 мен r

2

 арақашықтықтар D арақашықтығынан көптеген есе ұзын 

болуы шарт. 

Дыбыстық, электрмагниттік (жарық) және басқа толқындар да интерференциялық 

құбылысқа ұшырайды.

ИНТЕРФЕРОМЕТР [интерфер(енция) + метр] – толқындардың интерферен-

циясына негізделген өлшеуіш аспап. Дыбыстық толқындарға және электрмагниттік 

толқындарға арналған интерферометрлер бар. Оптикалық интерферометр спектрлік 

сызықтрадың толқын ұзындықтарын, мөлдір орталардың сыну көрсеткіштерін, 

нысандардың (объектілердің) абсолюттік және салыстырмалы ұзындықтарын, 

жұлдыздардың, т.б. бұрыштық өлшемдерін анықтауға, оптикалық бөлшектердің 

және олардың беттерінің сапаларын бақылауға арналған.

 Барлық интерферометрдің әрекет принциптері бірдей, олардың бір – бірінен 

айырмашылығы  тек  когерентті  толқын  шығарып  алуда  ғана  және  де  тікелей 

қандай шамалардың өлшенетіндігіне тәуелді. Жарық шоғы әйтеуір бір құрылғы 

арқылы кеңістіктік түрде екі немесе одан көп когерентті шоқтарға ажыратылады, 

бұлар оптикалық әр түрлі жол жүріп, соңынан бәрі бірге тоғысады және олардың 

интерференцияларының нәтижелері бақыланады. 

Жамен интерферометрі – газдардың және сұйықтардың сыну көрсеткіштерін 

өлшеу үшін қолданылатын оптикалық қоссәулелік интерферометр. Бұл аспапты 

1856 жылы француз физигі Жюль 

Жамен (1818 – 1896) жасаған.

Майкельсон  интерферометрі  –  жарық  толқынының  ұзындығын  өлшеуге 

арналған оптикалық екісәулелік оптикалық аспап. Бұл аспапты американ физигі 

Альберт 

Майкельсон (1852 – 1931) ойлап тапқан.

Фабри-Перо интерферометрі – көрінетін, инфрақызыл және сантиметрлік 

диапазондардағы  электрмагниттік  сәулелерді  зерттеу  үшін  қолданылатын 

көпсәулелі интерферометр. Мұны 1899 жылы француз физиктері: Шарль 

Фабри 

(1867 – 1943) мен Альфред 



Перо (1863 – 1925) жасаған.

 Рэлей интерферометрі – жарық дифракциясына негізделген сыну көрсеткішті 

өлшеуге арналған. Мұны ағылшын физигі Джон 



Рэлей (Стретт) (1842 – 1919) 

жасаған.


ИНТРОСКОП (латынша «интро – ішінде» + грекше «...скопео – қараймын») 

– мөлдір емес денелер және құрылғылар ішінде өтіп жатқан үрдістерді рентген 

аппараты  немесе  ультрадыбыстық  аспаптар  арқылы  сәулелендіру  тәсілімен 

байқауға арналған аспап. «Интроскоп» – 



дыбысвизия, жылувизия, радиовизия 

аспаптарының жалпылама атауы болып есептеледі.



ИНФРАДЫБЫС (латынша «инфра – асты, төмен» + дыбыс) – адам еститін 


И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



412

413


Астұзынан  (NaCl)  жасалған  призма  толқын  ұзындығы 

λ=13,5 мкм инфрақызыл сәулені ешқандай жұтусыз өткізеді. 

Экранда спектрдің қызыл түсінен кейінгі тұстағы термометр 

температураның артқанын көрсетеді, оның себебі осы тұсқа 

түскен сәуленің қуатының көп болатындығынан.

жиіліктен төмен жиілікті аймақта жататын серпімді тербелістер мен толқындар. 

Инфрадыбыстың жоғарғы жиілік шекарасына 15 – 40 Гц жиілік қабылданған. 

Төменгі жиілік шекарасы анықталмаған; қазіргі кезде оның төменгі жиілік шека-

расы 0,001 Гц-ке дейін зерттелген. Инфрадыбыстық толқындар ауада, суда және 

жер қыртысында (бұл жағдайда ол 



сейсмикалық толқын деп аталған) таралады.

Инфрадыбыстың ерекшелігі, оның төменгі жиілікті болуы: аз жұтылады, терең 

теңізде және атмосферада, жер деңгейінде 10 – 20 Гц жиілікті инфрадыбыстық 

толқындар  1000  км  қашықтыққа  дейін  таралып,  бірнеше  децибелдей  ғана 

әлсірейді. Бұл дыбыс аз жұтылатын болғандықтан, өте алыс қашықтыққа тарала 

алады. Жанартаулардың атқылау кезіндегі ядролық жарылыстан таралатын ды-

быстар Жер шарын бірнеше рет айналып шығып сөнеді. Сейсмикалық толқындар 

Жердің қалыңдығынан өте алады. Сол себепті инфрадыбысты оқшаулау мүмкін 

емес. Инфрадыбыстың табиғи көздеріне метеорологиялық, сейсмикалық және 

жанартаулық құбылыстар жатады. Қарқындылығы 120 децибелден (дБ) артық 

деңгейдегі инфрадыбыс адамның денсаулығына қауіпті әсер етеді. Қуатты ин-

фрадыбыстар құрылыстың, құрылымдардың, жабдықтардың қирауына себепші 

де болады. 

 

ИНФРАҚЫЗЫЛ  СӘУЛЕ  –  көрінетін  спектрлік  аймақтың  қызыл  сәуле  

шетімен [толқын ұзындығы λ ≈ 0,74 мкм (микрометр 10

-6

 м)] және радиосәу- 



ленің қысқа толқыны (ҚТ) [λ ~ 1 – 2 мм] аралығындағы электрмагниттік сәуле. 

Спектрдің  инфрақызыл  (ИҚ)  аймағы  шартты  түрде  жақын  (таяу)  (0,74  –  2,5 

мкм), орта (2,5 – 50 мкм) және алыс (50 – 2000 мкм) аймақтарға ажыратылған. 

Инфрақызыл сәулені 1800 жылы ағылшын астрономы әрі оптигі Вильям 



Гер- 

шель (1738 – 1822) ашқан.

  Инфрақызыл  сәуле- 

нің  спектрлері  (көріне- 

тін  сәуле  ретінде)  сы- 

зықтық  (қозған  атом- 

дардың  немесе  иондар- 

дың  сәулелері,  яғни 

атомдық  спектрлер), 

үздіксіз  (қызған  қатты 

және  сұйық  денелердің 

спектрлері)  және  жолақ 

(қозған молекулалардың, 

яғни  м о л е к у л а л ы қ 



И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



414

415


спектрлер)  бола  алады.  Көрінетін  сәуледе  мөлдір  болатын  көптеген  заттар 

инфрақызыл сәуленің бірқатар аймағында мөлдір емес және де керісінше болады. 

Толқын ұзындығы λ > 1 мкм инфрақызыл сәуле үшін қалыңдығы бірнеше санти-

метр су мөлдір болмайды, яғни ол сәулені өткізбейді, сол себепті су көп жағдайда 

жылудан қорғаныш сүзгі ретінде қолданылады. Gе (германий) және Sі (силиций) 

пластинкалары көзге көрінетін сәуле аймағында мөлдір емес, ал инфрақызыл сәуле 

(λ >1,8 мкм) Gе үшін, (λ >1,0 мкм) Sі үшін мөлдір; қара қағаз алыс инфрақызыл 

сәуле үшін мөлдір. Осы оптикалық қасиеттері инфрақызыл сәулені ажырату кезінде 

жарық сүзгілері ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. 

  Инфрақызыл  сәуле  арқылы  түсірілген  суретте  әдеттегі  фотосуреттерде 

көрінбейтін нәрселер  айқын  көрінетін  болады. 

Инфрақызыл сәулеге сезгіш 

фотокатодтар арқылы (толқын ұзындығы λ<1,3 мкм) электрондық- оптикалық 

түрлендіргіштер жасалған, олар көзге көрінбейтін нысандардың бейнесін 

фотокатодта көрінетін кескінге айналдырады. Осы принцип бойынша қараңғыда 

(түнде) көру [(биноклдер және көздеуіштер (прицелдер)] аспаптары жасалған.

  Төменгі  температуралардағы  (800  К-тан  төмен)  қатты  дене  негізінен 

инфрақызыл сәуле шығаратындықтан, оның суреті қара болып көрінеді. Тем-

пература жоғарылаған сайын көрінетін аймақтағы сәуленің мөлшері артады да, 

дене біртіндеп күрең қызыл қызыл түске боялады. Одан әрі ол қызыл, сары түске 

ауысып, соңында жоғары температурада (5000 К – тан аса) ақ түске айналады. 

Сол кезде сәуленің толық энергиясымен қатар инфрақызыл сәуленің де энер-

гиясы артады. 

Инфрақызыл сәуленің ең қуатты көзі – Күн. Күн сәулесінің 

50%-ға жуығы инфрақызыл сәуле аймағында жатады. Инфрақызыл сәуле түскен 

заттардың оптикалық кейбір қасиеттері (мөлдірлігі, шағылысу коэффициенті, 

сыну  коэффициенті)  өзгереді.  Инфрақызыл  сәуленің  металдардан  шағылысу 

коэффициенті көрінетін сәуленің шағылысу коэффициентінен артық. Инфрақызыл 

сәуле аймағындағы сәуле шығару және жұту спектрлері бойынша – 



атомдардың 

электрондық бұлтының құрылымын зерттеуге, молекулалардың құрылымын 

анықтауға және жанармай секілді кейбір күрделі молекулалы құрамды сұйықтарға 

сандық және сапалық талдау жасауға болады. 

ИОН  (грекше  –  жүретін,  қозғалғыш)  –  атомдардың,  молекулалардың, 

радикалдардың,  т.б. 



электрондарынан  айырылған  немесе  электрондар 

қосып алған кезінде пайда болатын электрлік зарядталған бөлшек. Иондар 

сәйкес түрде 



оң зарядты (электрондарынан айырылған кездері) және теріс 

зарядталған (электрондар қосып алған кездері) бола алады. Ионның заряды 

электронның зарядына еселі болады. Иондар молекулалардың құрамына ене 


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау