АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет176/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   274

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



408

409


Табиғатта  тапжылмай  орнынан  қозғалмайтын  дене  жоқ  (дене  Жерге  қа- 

тысты  қозғалмайтын  болғанымен,  Күнге  және  жұлдыздарға  қатысты  үдемелі 

қозғалыста  болады).  Сондықтан  кез  келген  нақты  санақ  жүйесі  жуықтап 

қарастырылғанда инерциялық санақ жүйесі ретінде қарастырылады. 

Бір инерциялық санақ жүйеден Ньютонның классикалық механикасынан өзге 

бір жүйеге ауысқан кезде кеңістіктік координаттар мен уақыт үшін 



Галилейдің 

түрлендірулері, релятивтік механикада Лоренцтің түрлендірулері тура болады. 

 

ИНЕРЦИЯ МОМЕНТІ (латынша «моментум – қозғалту») – денедегі массаның 

үлестірілуін сипаттайтын және массамен қатар ілгерілемелі емес қозғалыс кезінде 

дененің инерттілігінің өлшемі болатын шама.



ИНЕРЦИЯ ОРТАСЫ, м а с с а  о р т а с ы – қалпы денедегі немесе механика- 

лық жүйедегі массаның үлестірілуімен сипатталатын геометриялық нүкте. Инер-

ция ортасы мен ауырлық ортасы ұғымдарының айырмашылығы мынада: дененің 

ауырлық ортасы біртекті ауырлық өрісіндегі тек қатты заттар үшін ғана мағыналы 

болады; инерция ортасы туралы ұғымның ешқандай күштік өріспен байланысы 

жоқ, кез келген механикалық жүйе үшін ғана мағынасы болады. 



Қатты дененің 

инерция ортасы мен ауырлық ортасының қалпы бірімен-бірі үйлеседі.

ИНЕРЦИЯ РАДИУСЫ – ұзындық өлшемі  r шамасы болатын, ол арқылы 

дененің  инерция  моменті  берілген  оське  қатысты  I  =  Mr



2

  формуласымен 

өрнектеледі, мұндағы М – дененің массасы. Мысалы, біртекті шар үшін инерция 

радиусы шардың орталығы арқылы өтетін өске қатысты 

ͲǡͶܴ


 

 ≈ 0,632R, мұндағы 



R – шардың радиусы.

ИНЖЕКЦИЯ (латынша – ендіру) – 1) бөлшектерді әрі қарай үдету немесе 

жинақтау  үшін  зарядталған  бөлшектердің  шоғын  үдеткішке  енгізу;  2)  электр 

өрісінің  әсерімен  тепе-теңсіз  заряд  тасушылардың  жартылайөткізгішке  енуі; 

3) сыртқы электр өрісінің әсерімен ток тасығыштардың шоғырлануы жоғары 

аймақтан жартылайөткізгішке немесе диэлектрикке тасымалдау нәтижесінде заряд 

тасушылардың шоғырын арттыру. 



ИНЖЕКЦИЯзаряд тасығыштардың инжекциясы – тепе-теңсіз (артық) 

заряд тасушылардың электр өрісінің әсерімен жартылайөткізгішке немесе диэлек- 

трикке  енуі.  Артық  заряд  тасушылардың  көзі  ретінде  жанасатын  жартылай- 

өткізгіш немесе металл, жарық (



фотоинжекция), электр өрісінің өзі (тасқындық 

инжекция), т.б. бола алады. Жанаспалық инжекция кезінде сыртқы электр өрісі 

заряд тасушылардың тепе-теңдігін шығу жұмысы (Ф) әртүрлі қатты екі дененің 

жанаспалы (жапсары) арқылы бұзады. Қатты денені жанаспаға жанастырған кезде 

жанасатын аймақ маңайында бір дененің оң зарядталуына, ал екіншісінің – теріс 



И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



408

409


зарядталуына әкеп соқтыратын заряд тасушылардың диффузиялық ағынын ту-

дырады. Жанаспаның маңайында диффузиялық ағындарды компенсациялайтын 

(есесін қайтаратын) ағындар тудыратын электр өрісі пайда болады. Егер сыртқы 

өріс жанаспалық өріске қарсы бағытта болса, онда шығу жұмысы (Ф) аз денеден 

шығу жұмысы (Ф) көп денеге қарай артық электрондардың ағыны және кері 

бағытта артық кемтіктердің ағыны пайда болады.



ИНТЕГРАЛДЫҚ СҰЛБА, интегралдық  микросұлба (латынша «инте- 

гер – бүтін») – электрондық техниканың өзара байланысқан транзисторлардан  

және  басқа  бөліктерден  құралған  және  технологиялық  ортақ  цикл  бойынша 

жасалған құрылғы. Интегралдық сұлба идеясын алғаш болып 1952 жылы ағылшын 

инженері Г.У.

Даммер ұсынған. 1959 жылы Джек Килби резистор мен конденса-

торды Джон 



Бардин (1908 – 1991), Уильям Шокли (1910 – 1989) және Уолтер 

Браттейндердің (1902 – 1987) транзисторды жасаған тәсіліне ұқсас бүкіл құраушы 

бөліктерді ортақ бір тұғырға орналастырып бәрін бір мезгілде жасауды жүзеге 

асырған. Осылайша 

1959 жылы дүниежүзіндегі ең алғашқы интегралдық сұлба 

жасалған. 

 

ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ [латынша «интер – арасы» және «ференс (ферентис) – 

тасушы»] – кеңістіктің кейбір нүктелерінде когерентті (жарықтың, дыбыстың, 

т.б.) толқындардың қабаттасуы кезінде толқындардың фазаларының айырымына 

тәуелді түрде осы толқындардың кейбір нүктелерінде күшеюі, кейбір нүктелерінде 

толқындардың әлсіреуі байқалатын құбылыс.

Интерференциялық құбылыстың мысалына жұқа пленкалардың (асфальтқа 

төгілген бензин дақтарының, сабын пленкасының) түрлі түсті болып байқалуы 

жатады). Осы жағдайда 

пленканың  сыртқы  жә- 

не  ішкі  беттерінен  ша- 

ғылған  сәулелердің  ин-

терференциясы  жүзеге 

асады.  Егер  пленканың 

қалыңдығы,  мысалы,  

жарық  толқыны  ұзын- 

дығының  жартысына  

тең  болса,  онда  сәуле  

жолдарының  ұзындық- 

тарының айырымы тол- 

қын  ұзындығына  тең 



Толқындар  интерференциясы.  Екі  саңылау  арқылы  өткен 

толқындардың  бір-бірінің  үстіне  қабаттасуы  нәтижесінде 

интерференциялық  жолақтар  пайда  болады,  оларды  біраз 

қашықтықта орналасқан экраннан байқауға болады


жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау